Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы (2024.15.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2024.28.06. № 165 бұйрығын қараңыз (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Білім және ғылым министрінің м. а. 2016.29.12. № 726 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.29.06. № 186 бұйрығымен (2023 ж. 14 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 4-тармағына және 5-бабының 94) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасы бекітілсін. 2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын. 3. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева), Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков), Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н. Жақыпова) және Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Р.П. Шер) осы бұйрықты білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.А. Әбеновке жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|