Ауыл және орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттарға оларды пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы және орман алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу нормативтерiн және Алқаптарды қалпына келтiруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы (2011.07.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 16 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2011.07.04. № 402 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2011.07.04. № 402 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексiне 2003 жылгы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2011.07.04. № 402 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Мыналар: 1) 1-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттарға оларды пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу нормативтерi; 2) 2-қосымшаға сәйкес орман және ауыл шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттарға оларды пайдалану үшін орман алқаптарын алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу нормативтерi; 3) қоса беріліп отырған Алқаптарды қалпына келтiруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндірiсiнiң шығындарын өтеу, сондай-ақ орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарын өтеу ережесi бекiтілсiн. 2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) «Ауыл және орман шаруашылығын жүргізуге қатысы жоқ мақсаттарға пайдалану үшін ауыл шаруашылығы және орманды жерлердi алған кезде ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндiрiсiне келтiрілген зиянды және меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға келтірiлген, өтеуге жататын шығындарды айқындау тәртібі туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 наурыздағы № 299 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 11, 75-құжат); 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және олардың күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 7 маусымдағы № 708 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар тiзбесiнiң 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 26, 243-құжат); 3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 наурыздағы № 299 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 23 қазандағы № 1352 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 36-37, 470-құжат). 3. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Yкіметінiң 2003 жылғы 8іқазандағы № 1037 қаулысына 1-қосымша
Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға оларды пайдалану үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу Нормативтері бiр гектар үшiн мың теңге
Кестенің жалғасы |