Қазақстан Республикасының (2019.11.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 25 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: ҚР 2019.03.07. № 262-VІ Заңын қараңыз (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); ҚР 2019.26.11. № 273-VІ Заңын қараңыз (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 3-бап. Құқықтық актілерге қойылатын жалпы талаптар. Құқықтық актілердің түрлері 2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫ 4-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының жүйесі, оның тұтастығын қамтамасыз ету 6-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары 2-БӨЛІМ. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР 3-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 7-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi және туынды түрлерi 8-бап. Қазақстан Республикасының кодекстерiмен реттелетiн қоғамдық қатынастар 9-бап. Шоғырландырылған заңдармен реттелетін қатынастар 10-бап. Нормативтік құқықтық актілер сатысы 11-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң тiкелей қолданылуы 12-бап. Әртүрлi нормативтiк құқықтық актiлердiң құқық нормаларының қайшылықтары 13-бап. Заң ұқсастығы мен құқық ұқсастығын пайдалану тәртібі 4-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫН ДАЙЫНДАУДЫ ЖОСПАРЛАУ 15-бап. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау жоспарлары 16-бап. Заңнамалық актiлердің жобаларын дайындауды жоспарлау 5-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫН ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ РЕСІМДЕУ 17-бап. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеушілер 18-бап. Нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу тәртібі 21-бап. Нормативтік құқықтық актінің жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісу 22-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң деректемелері 23-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымы 24-бап. Нормативтiк құқықтық акт мәтiнiнiң мазмұнына және жазылу стилiне қойылатын талаптар 25-бап. Нормативтiк құқықтық актiлерде сiлтеме жасау және жазып келтіру 28-бап. Нормативтік құқықтық актілерге қосымшаларды ресімдеу 6-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ЖОБАЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ САРАПТАМАСЫ 30-бап. Ғылыми сараптаманың міндеттері 31-бап. Сараптаманы жүзеге асыратын адамдар мен ұйымдар 32-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын сараптамаға жiберу кезiндегi бастамашылық 33-бап. Нормативтік құқықтық актілердің ғылыми лингвистикалық сараптамасы 7-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІНІ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ 34-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау тәртiбiн айқындау 35-бап. Нормативтiк құқықтық актiлерге қол қоюға уәкiлеттік берілген адамдар 8-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ЖАРИЯЛАУ 37-бап. Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау міндеттілігі 40-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердің мәтіндерін толық жарияламауға жол бермеу 42-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң күшiне ену және оларды қолданысқа енгізу уақыты 43-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң керi күшi 45-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң қолданылу мерзiмi 46-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату 47-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң кеңiстiк жағынан қолданылуы 48-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң тұлғалар тобы бойынша қолданылуы 49-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылығын қамтамасыз ету шаралары 51-бап. Нормативтік құқықтық актілердің қоғамдық мониторингі 11-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ЖҮЙЕЛЕУ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУ 52-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi жүйелеу 53-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк есепке алу 54-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердің жариялылығы 3-бөлім. НОРМАТИВТІК ЕМЕС ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР 12-тарау. НОРМАТИВТІК ЕМЕС ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 55-бап. Нормативтік емес құқықтық актілердің түрлері 56-бап. Нормативтік емес құқықтық актілерді қабылдау шарттары 57-бап. Нормативтік емес құқықтық актілерге шағым жасау және наразылық білдіру 13-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРГЕ РЕСМИ ТҮСІНДІРМЕ БЕРУ АКТІЛЕРІ 58-бап. Нормативтiк құқықтық актiлерге ресми түсiндiрме беру актілері туралы жалпы ережелер 59-бап. Нормативтiк құқықтық актiлерге ресми түсiндiрме берудің шарттары 61-бап. Нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндірме беру актілерінің құрылымы 62-бап. Нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндірме беру актілерін жариялау 14-тарау. ЖЕКЕ-ДАРА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР 63-бап. Жеке-дара қолданылатын құқықтық актілер туралы жалпы ережелер 64-бап. Жеке-дара қолданылатын құқықтық актілерге және оларды ресімдеуге қойылатын талаптар 65-бап. Жеке-дара қолданылатын құқықтық актілердің күшіне енуі және қолданылуын тоқтатуы 15-тарау. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 67-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Осы Заң Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, қабылдау, тіркеу, қолданысқа енгізу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданысын тоқтату, тоқтата тұру және оларды жариялау тәртібіне байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) әзірлеуші орган - Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда және басқа да нормативтік құқықтық актілерде белгіленген құзыретіне сәйкес нормативтік құқықтық актілерді әзірлейтін мемлекеттік органдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар; 2) ереже - қандай да бір мемлекеттік органның мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайтын нормативтік құқықтық акт; 3) жеке-дара қолданылатын құқықтық акт - жеке-дара айқындалған тұлғалар тобына (жеке және (немесе) заңды тұлғаларға) қолданылатын, олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын және құқық нормаларын қамтымайтын, белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат; 4) заң - аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген негізге алынатын қағидаттар мен нормаларды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт; 5) заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлер - заңнамалық және сатысы бойынша өзге де жоғары тұрған нормативтiк құқықтық актiлердің негiзiнде және (немесе) оларды орындау үшін және (немесе) одан әрі іске асыру үшін шығарылатын, заңнамалық актілер болып табылмайтын өзге де нормативтiк құқықтық актiлер; 6) заң жобасының тұжырымдамасы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасы бойынша заң жобасын әзірлеу қажеттігінің негіздемесін, оны қабылдау мақсаттарын және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де ережелерді қамтитын құжат; 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7) заңнамалық акт - Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң, конституциялық заң, кодекс, шоғырландырылған заң, заң, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Мәжiлiсiнің қаулылары; 8) заң сараптамасы - нормативтік құқықтық актінің жобасын не қабылданған нормативтік құқықтық актіні Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға сәйкестігі тұрғысынан тексеру; 9) заң техникасы - құқықтық актілерді ресімдеу тәсілдерінің, талаптары мен қағидаларының жиынтығы; 10) заң ұқсастығы - ұқсас қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдардың нормаларын реттелмеген қоғамдық қатынастарға қолдану; 11) кодекс - осы Заңның 8-бабында көзделген бiртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқық нормалары бiрiктiрiлген және жүйеге келтiрiлген заң; 12) конституциялық заң - Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 4-тармағында белгiленген тәртiппен, Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген мәселелер бойынша қабылданатын заң; 13) қағидалар - қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт; 14) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi - нормативтiк құқықтық актiлердiң деректемелерiн және осы актiлер туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы басқа да мәлiметтердi қамтитын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк есепке алудың бiрыңғай жүйесi; 15) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкi - Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне олар туралы мәлiметтер енгiзiлген, қағаз жеткізгіштегі нормативтік құқықтық актілер жиынтығы және электрондық құжат нысанындағы нормативтік құқықтық актілердің электрондық жүйесі; 16) Қазақстан Республикасының заңнамасы - белгіленген тәртіппен қабылданған нормативтiк құқықтық актiлер жиынтығы; 17) Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн заң - Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 3-тармағында және 91-бабының 1-тармағында бел гiленген тәртiппен қабылданатын заң; 18) құқық нормасы - реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберiнде көп мәрте қолдануға арналған, жеке-дара айқындалмаған тұлғалар тобына қолданылатын, тұрақты немесе уақытша сипаттағы жалпыға мiндеттi мінез-құлық қағидасы; 19) құқықтық акт - республикалық референдумда қабылданған не уәкілетті органдар қабылдаған, құқық нормаларын немесе жеке-дара билік ететін құқықтық нұсқамаларды қамтитын, белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат; 20) құқықтық мониторинг - осы Заңның 50 және 51-баптарына сәйкес жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасы заңнамасының жай-күйі және оны қолдану практикасы туралы ақпаратты үнемі бақылау, жинау, талдау жүйесі; 21) құқық ұқсастығы - заңнаманың мәнін, құқықтың жалпы қағидаттарын және құқықтың нақты салаларының қағидаттарын реттелмеген қоғамдық қатынастарға қолдану; 22) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын сақтау жөніндегі талапты белгілейтін және көрсетілетін қызметті берушілердің қызмет ету тәртібін, оның ішінде өзге де көрсетілетін қызметтерді берушілермен, халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт; 23) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты - мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын нормативтік құқықтық акт; 24) нормативтік емес құқықтық акт - құқық нормаларын қамтымайтын, уәкілетті орган өз құзыреті шегінде шығарған (қабылдаған), жеке-дара айқындалған тұлғалардың заңнамада белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын не нормативтік құқықтық актіде қамтылған нормаларға түсіндірме беретін жазбаша ресми құжат, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілер; 25) нормативтiк құқықтық акт - республикалық референдумда қабылданған не уәкiлеттi орган қабылдаған, құқық нормаларын белгiлейтiн, өзгертетiн, толықтыратын, олардың қолданысын тоқтататын немесе тоқтата тұратын, белгiленген нысандағы, қағаз жеткізгіштегі жазбаша ресми құжат және сонымен бірдей электрондық құжат; 26) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 27) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімі - осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу нөмірі мен деректемелері қамтылған жазбаша тізбе; 28) нормативтiк құқықтық актiнiң деңгейi - нормативтiк құқықтық актiнiң нормативтiк құқықтық актiлер сатысында өзiнiң заңдық күшiне қарай алатын орны; 29) нормативтік құқықтық актінің заңдық күші - нормативтік құқықтық актінің тиісті қоғамдық қатынастарға қолданылу міндеттілігін, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерге қатысты басымдығын немесе қоса бағыныстылығын айқындайтын сипаттамасы; 30) нормативтік құқықтық актіні ресми жариялау - осы Заңда көзделген жағдайларда, нормативтiк құқықтық актiнiң толық мәтінін жалпыға бірдей мәлімет үшін электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде, ресми баспасөз басылымдарында, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялау; 31) нормативтік құқықтық актіге ресми түсіндірме беру актісі - осы Заңның 13-тарауында көрсетілген талаптар мен шарттарға сай келетін, нормативтік құқықтық актіде қамтылған нормаларға түсіндірме беретін белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат; 32) нұсқаулық - қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында заңнаманың қолданылуын тиянақтайтын нормативтік құқықтық акт; 33) техникалық регламент - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын, өнімге және (немесе) олардың өмірлік циклі процестеріне қойылатын міндетті талаптар белгіленетін нормативтік құқықтық акт; 34) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, сондай-ақ осы мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық мәртебесiн айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өздерінің құзыретiне сәйкес құқықтық актiлерді қабылдауға құқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен лауазымды адамдары (Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Парламентi, Парламент Палаталары, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, орталық атқарушы органдар, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, әкімдер, өзге де мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар); 35) 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 36) шоғырландырылған заң - осы Заңның 9-бабында көзделген салалардағы (аядағы) сипаты жағынан кешенді қоғамдық қатынастарды реттейтін заң.
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 1. Осы Заң Қазақстан Республикасының құқықтық актілері жүйесін айқындайды, нормативтік құқықтық актілердің және нормативтік емес құқықтық актілердің құқықтық мәртебесінің аражігін ажыратады. 1) Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдау, өзгерту, толықтыру және оның қолданылуын тоқтату тәртібін; 2) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын қабылдау, өзгерту, толықтыру және олардың қолданылуын тоқтату тәртібін; 3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту, толықтыру және тоқтату тәртібін; 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында, Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік және азаматтық процестік заңнамасында белгіленген жеке-дара қолданылатын құқықтық актілерді қабылдау, өзгерту, толықтыру және олардың қолданылуын тоқтату тәртібін; 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) 5) Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында белгіленген стандарттау жөніндегі құжаттарды жоспарлау, әзірлеу, бекіту, тіркеу, есепке алу, жариялау, мониторингілеу және жаңартып отыру тәртібін реттемейді.
3-бап. Құқықтық актілерге қойылатын жалпы талаптар. Құқықтық актілердің түрлері 1. Құқықтық актілер мынадай жалпы талаптарға сай келуге: 1) нормативтік немесе жеке-дара билік ететін құқықтық нұсқамаларды қамтуға; 2) республикалық референдумда не осы Заңда және өзге де заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен қабылдануға; 3) айқындалмаған тұлғалар тобына немесе жеке-дара айқындалған тұлғаларға арналуға; 4) қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталуға; 5) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерінің туындауына, оларды өзгертуге, толықтыруға немесе тоқтатуға бағытталуға тиіс. 2. Құқықтық актілер мынадай түрлерге: 1) нормативтік құқықтық актілерге; 2) нормативтік емес құқықтық актілерге бөлінеді.
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫ
4-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының жүйесі, оның тұтастығын қамтамасыз ету 1. Қазақстан Республикасы заңнамасының жүйесін Қазақстан Республикасының Конституциясы, оған сәйкес келетін заңнамалық актілер, өзге де нормативтiк құқықтық актiлер, оның ішінде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары құрайды. 2. Қазақстан Республикасы заңнамасы жүйесінің тұтастығы: 1) нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібін сақтау; 2) Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Заңда бекітілген нормативтік құқықтық актілер сатысын сақтау; 3) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау арқылы қамтамасыз етіледі.
5-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары 1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана негізделеді және барлық өзге де нормативтік құқықтық актілер оларға қайшы келе алмайды. 2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары оларды қабылдауға негіз болған Қазақстан Республикасы Конституциясы нормаларының заңдық күшіне ие болады. 3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысында сот практикасы мәселелері бойынша түсіндірмелер қамтылады.
6-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары 1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту, толықтыру және тоқтату тәртібі арнайы заңмен айқындалады. 2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар оның заңдары алдында басым болады және халықаралық шартта оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде тікелей қолданылады.
2-БӨЛІМ. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР
7-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi және туынды түрлерi 1. Нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi және туынды болып бөлiнедi. 2. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi түрлерiне мыналар жатады: 1) Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары, Қазақстан Республикасының кодекстері, Қазақстан Республикасының шоғырландырылған заңдары, Қазақстан Республикасының заңдары; 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлықтары; 2018.05.07. № 179-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының нормативтік құқықтық актілері; 3) Қазақстан Республикасы Парламентiнің және оның Палаталарының нормативтiк құқықтық қаулылары; 4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулылары; 5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары; 6) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық қаулылары; 7) Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары; 8) орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары; |
Содержание 1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы3-бап. Құқықтық актілерге қойылатын жалпы талаптар. Құқықтық актілердің түрлері 2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫ4-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының жүйесі, оның тұтастығын қамтамасыз ету5-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары6-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары 2-БӨЛІМ. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР3-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР7-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi және туынды түрлерi8-бап. Қазақстан Республикасының кодекстерiмен реттелетiн қоғамдық қатынастар9-бап. Шоғырландырылған заңдармен реттелетін қатынастар10-бап. Нормативтік құқықтық актілер сатысы11-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң тiкелей қолданылуы12-бап. Әртүрлi нормативтiк құқықтық актiлердiң құқық нормаларының қайшылықтары13-бап. Заң ұқсастығы мен құқық ұқсастығын пайдалану тәртібі14-бап. Мерзімдерді есептеу 4-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫН ДАЙЫНДАУДЫ ЖОСПАРЛАУ15-бап. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау жоспарлары16-бап. Заңнамалық актiлердің жобаларын дайындауды жоспарлау 5-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫН ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ РЕСІМДЕУ17-бап. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеушілер18-бап. Нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу тәртібі19-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен қабылдау ерекшеліктері20-бап. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен қабылдау ерекшеліктері21-бап. Нормативтік құқықтық актінің жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісу22-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң деректемелері23-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымы24-бап. Нормативтiк құқықтық акт мәтiнiнiң мазмұнына және жазылу стилiне қойылатын талаптар25-бап. Нормативтiк құқықтық актiлерде сiлтеме жасау және жазып келтіру26-бап. Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу27-бап. Нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу28-бап. Нормативтік құқықтық актілерге қосымшаларды ресімдеу29-бап. Заңнамалық актінің жобасын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне енгiзу және кері қайтарып алу 6-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ЖОБАЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ САРАПТАМАСЫ30-бап. Ғылыми сараптаманың міндеттері31-бап. Сараптаманы жүзеге асыратын адамдар мен ұйымдар32-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын сараптамаға жiберу кезiндегi бастамашылық33-бап. Нормативтік құқықтық актілердің ғылыми лингвистикалық сараптамасы 7-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІНІ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ34-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау тәртiбiн айқындау35-бап. Нормативтiк құқықтық актiлерге қол қоюға уәкiлеттік берілген адамдар36-бап. Уәкілетті орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кезде нормативтік құқықтық актілерді өзгерту, толықтыру, олардың қолданысын тоқтату және тоқтата тұру жөніндегі құқықтар 8-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ЖАРИЯЛАУ37-бап. Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау міндеттілігі38-бап. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік-құқықтық актілерін ресми жариялау39-бап. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларын, тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулыларын және әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау40-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердің мәтіндерін толық жарияламауға жол бермеу41-бап. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің ресми жариялануын бақылау 9-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ УАҚЫТ, КЕҢІСТІК ЖАҒЫНАН ЖӘНЕ ТҰЛҒАЛАР ТОБЫ БОЙЫНША ҚОЛДАНЫЛУЫ42-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң күшiне ену және оларды қолданысқа енгізу уақыты43-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң керi күшi44-бап. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволарының, сондай-ақ, мәслихаттардың, әкімдіктердің және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiн олардың күшiне енуінің шарты ретiнде мемлекеттiк тiркеу45-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң қолданылу мерзiмi46-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату47-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң кеңiстiк жағынан қолданылуы48-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң тұлғалар тобы бойынша қолданылуы49-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылығын қамтамасыз ету шаралары 10-тарау. МОНИТОРИНГ11-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ЖҮЙЕЛЕУ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУ52-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi жүйелеу53-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк есепке алу54-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердің жариялылығы 3-бөлім. НОРМАТИВТІК ЕМЕС ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР12-тарау. НОРМАТИВТІК ЕМЕС ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР55-бап. Нормативтік емес құқықтық актілердің түрлері56-бап. Нормативтік емес құқықтық актілерді қабылдау шарттары57-бап. Нормативтік емес құқықтық актілерге шағым жасау және наразылық білдіру 13-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРГЕ РЕСМИ ТҮСІНДІРМЕ БЕРУ АКТІЛЕРІ58-бап. Нормативтiк құқықтық актiлерге ресми түсiндiрме беру актілері туралы жалпы ережелер59-бап. Нормативтiк құқықтық актiлерге ресми түсiндiрме берудің шарттары60-бап. Нормативтiк құқықтық актiлерге ресми түсiндiрме беруді жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, лауазымды адамдар61-бап. Нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндірме беру актілерінің құрылымы62-бап. Нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндірме беру актілерін жариялау 14-тарау. ЖЕКЕ-ДАРА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР63-бап. Жеке-дара қолданылатын құқықтық актілер туралы жалпы ережелер64-бап. Жеке-дара қолданылатын құқықтық актілерге және оларды ресімдеуге қойылатын талаптар65-бап. Жеке-дара қолданылатын құқықтық актілердің күшіне енуі және қолданылуын тоқтатуы 15-тарау. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР |