|
|
|
Қазақстан Республикасының мерзiмдi әскери қызметке шақырудан кейiнге
ҚР Үкіметінің 2006.17.04. № 289 Қаулысымен күші жойылды
"Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының мерзiмдi әскери қызметке шақырудан кейiнге қалдырылатын әскерге шақыру жасындағы азаматтарының жекелеген санаттарының осыған қосылған тiзбесi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі осыған қосылған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын мерзiмдi әскери қызметке шақырудан кейiнге қалдыратын болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қазандағы № 1011 қаулысымен Бекiтiлген Қазақстан Республикасының әскерге шақыру жасындағы, бiрақ әскери қызметке шақырудан кейiнге қалдырылатын санаттағы азаматтарының Тiзбесi ҚР Үкіметінің 04.09.96 ж. № 1085 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Кәсiптiк-техникалық мектептердiң және кәсiптiк-техникалық лицейлердiң оқушылары - оқу кезеңiне, ал осы оқу орындарын жұмысшы кәсiбi бойынша тәмамдап, тау-кен өнеркәсiбiнде, жерасты жұмыстарында, металлургия өнеркәсiбiнiң ыстық цехтарында, химия, мұнай-химиясы және мұнай өңдеу өнеркәсiбiнiң өте зиянды цехтарында iстеп жүрген түлектерi - оқуын аяқтағаннан кейiн мынадай мамандықтар бойынша жұмыс iстеуi үшiн - 1 жылға әскерге шақырудан кейiнге қалдырылады: Көмiр өнеркәсiбiнде тазарту забойының кен жұмысшысы тiк түсетiн қабаттарда шойын балғамен жұмыс iстейтiн забойшы жөндеу iсiндегi бекiтушi жерасты бұрғылау станогының машинисi кен қазып шығаратын машиналардың машинисi жерасты электровоздарының машинисi проходкашы жер астында iстейтiн электрослесарь гидромониторшы Тау-кен және металлургия өнеркәсiбiнде скважина бұрғылаушы шурфты бұрғылаушы тазарту забойының кен жұмысшысы бекiтушi тау комбайндарының машинисi жүк тиейтiн машиналардың машинисi скреперлiк шығырдың машинисi жер асты кен жұмысшысы электровоз машинисi проходкашы автоматика және бақылау-өлшеу приборларының слесары электр жабдықтарына күтiм жасайтын электр монтерi жабдықтарды жөндейтiн кезекшi электр слесары (слесарь) жөндеушi слесарь қалқан машинисi қара металл өндiрiсiнiң бақылаушысы металлургия өндiрiсiнiң кран машинисi бiр жерге жинайтын машина машинисi домна пешiнiң газшысы болатты үзбей құйып тұратын қондырғының операторы мартен пешiнiң болат қорытушысының көмекшiсi электрпешiнiң болат қорытушысының көмекшiсi конвертор болат қорытушысының көмекшiсi ыстық немесе электр құйма әдiсiнiң қалайышысы ыстық прокаткалау станогын басқару постының операторы ыстық прокаткалау станогының қақтаушысы құбырды ыстық прокаткалау станогының қақтаушысы ферроқорытпа балқытушысы престеушi кокс-химия өндiрiсiнiң аппаратшысы кокс пешiнiң газшысы тас қалаушы шойын құюшы балқытушы титан және сирек металдар өндiрiсiнiң аппаратшысы Мұнай өңдеу, мұнай-химия, химия өнеркәсiбiнде химия өндiрiсiнiң кең профильдi аппаратшысы компрессор қондырғысының машинисi (насос қондырғысында жұмыс iстей алатын) үзбей шыны талшығын алатын оператор (тарқату жұмыстарын iстей алатын) химия талшығын иiрушi мұнай-химия өндiрiсiнiң кең профильдi аппаратшысы технологиялық қондырғыларды жөндейтiн және күтiм жасайтын слесарь автоматика және бақылау-өлшеу приборларының слесары каландр машинисi шина қабын жинаушы протекторлы агрегат машинисi резина араластырып, балқыту машинисi пресшi-вулканизаторшы технология қондырғысының операторы аппаратура жабдықтарын жөндейтiн слесарь ҚР Министрлер Кабинетінің 23.05.94 ж. № 553; ҚР Үкіметінің 04.09.96 ж. № 1085 қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді 2. Өзен және теңiз флотының, азаматтық авиацияның жұмысшылары мен орта буын мамандарын даярлайтын кәсiптiк-техникалық лицейлердiң және колледждердiң оқушылары - оқу кезеңiне, ал осы оқу орындарын тәмамдаған түлектерi - 1 жылға. ҚР Үкіметінің 04.09.96 ж. № 1085 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Кәсiптiк-техникалық мектептерi мен кәсiптiк-техникалық лицейлерiнiң тепловоздар мен электровоздар машинисiнiң көмекшi профилi бойынша оқып жатқан оқушылары - оқу кезеңiне, ал осы оқу тәмамдаған орындарын түлектерi - 1 жылға. ҚР Үкіметінің 04.09.96 ж. № 1085 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді 4. Спорт колледждерiнiң оқушыларын оқу аяқталғанға дейiн, бiрақ жасы 20-дан аспауы керек. 5. Европа, Азия, Әлемдiк және Олимпиялық ойындарға қатынасу үшiн Қазақстан Республикасының негiзгi және жастар командаларына кандидат болып енгiзiлген 25 жасқа дейiнгi жекелеген әскерге шақырылатын спортшылар. ҚР Үкіметінің 04.09.96 ж. № 1085 қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда 6. Толық орта білімi бар, 17 жасқа дейiн жоғары білім жүйесiнде жұмыс iстейтiн әскерлерде қызмет атқаратын мамандарды даярлайтын колледждерге қабылданған әскерге шақырылушылар - оқуын бiтiргенге дейiн, бiрақ жасы 20-дан аспауы керек. ҚР Министрлер Кабинетінің 24.07.95 ж. № 1017 қаулысымен 7-тармақ толықтырылды; ҚР Үкіметінің 19.08.03 ж. № 829 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді 7. Қазатомөнеркәсіп - Маңғыстау атом энергетика комбинаты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмыс iстейтiн әскери қызметке шақырылған азаматтар осындағы жұмыс iстеу кезеңiнде мынадай мамандықтар бойынша: аккумуляторшы (барлық атаудағы) аппаратшы, аға аппаратшы (барлық атаудағы) ақау бақылаушы (барлық атаудағы) мөлшер өлшеушi (барлық атаудағы) айырушы (барлық атаудағы) баллондар сынақшысы газ кесушi газ-электр пiсiрушi кабельшi-дәнекерлеушi кварц үрлеушi лаборант, аға лаборант (барлық атаудағы) машинист, аға машинист (барлық атаудағы) металдандырушы оператор, аға оператор (барлық атаудағы) әйнек үрлеушi жылу берушi электр-газ пiсiрушi (барлық атаудағы) электр механигi (барлық атаудағы) электр монтерi (барлық атаудағы) электр слесары (барлық атаудағы) электрмен ерiтiп құюшы участке бастығы ауысым бастығы (ауысым бастығының көмекшiсi) бөлiм бастығы (бөлiм бастығының орынбасары) бөлiмше бастығы(бөлiмше бастығының орынбасары) лаборатория бастығы (лаборатория бастығының орынбасары) бюро бастығы ауысымның аға бастығы мастер (аға мастер, мастердiң көмекшiсi) жетекшi маман инженер (аға инженер) механик технолог энергетик техник (аға техник) энергетика диспетчерi (аға энергетика диспетчерi) токарь (негiзгi өндiрiстiң) слесарь (негiзгi өндiрiстiң) ҚР Министрлер Кабинетінің 24.07.95 ж. № 1017 қаулысымен 8-тармақпен толықтырылды 8. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында жұмыс iстейтiн әскерге шақырылатын азаматтар - онда мамандық бойынша жұмыс iстеген кезеңге: реакторды пайдалану мен сынақтар қызметiнiң инженерi сынақ бөлiмiнiң инженерi технологиялық бақылау қызметiнiң инженерi радиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң инженерi сынақ бөлiмiнiң инженерi реактордың технологиялық жүйелерi және эксперименттiк қондырғылар қызметiнiң инженерi электржылуэнергетика қызметiнiң инженерi ҚР Үкіметінің 06.01.01 ж. № 9 қаулысымен 9-тармақпен толықтырылды 9. "Үлбі металлургия зауыты" ашық тұрпатты акционерлік қоғамында жұмыс істейтін шақырылушылар мына мамандықтар бойынша: аппаратшы (барлық атаудағы); зертханашы (барлық атаудағы); бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика слесарі(реттеуші); жөндеуші-слесарь; токарь (жұмыстың барлық түрінің); электр монтері; зерттеуші-инженер; технолог-инженер; физик-инженер; химик-инженер; бағдарламашы-инженер; электрик-инженер; технологиялық процесті басқару автоматтандырылған жүйесінің инженері; топ жетекшісі; шебер (аға шебер); ҚР Үкіметінің 15.05.01 ж. № 642 қаулысымен 10-тармақпен толықтырылды 10. "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" жабық акционерлік қоғамының филиалдарында жұмыс істейтін әскерге шақырылатындар - оларда: аппаратшы (барлық атаудағы); оператор (барлық атаудағы); машинист (барлық атаудағы); бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика бойынша слесарь; слесарь-жөндеуші; каротажды станциялар моторшысы; геофизикалық аппаратура реттеушісі; электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр монтері; жабдық жөндеу жөніндегі электр слесары; электргаз дәнекерлеушісі; механик; электр механигі; технолог; геотехнолог; инженер-механик; инженер-геолог; инженер-гидрогеолог; инженер-геофизик мамандығы бойынша жұмыс істейтін кезеңге. ҚР Үкіметінің 29.06.01 ж. № 896 қаулысымен 11-тармақпен толықтырылды 11. Репатрианттар (оралмандар) арасынан Қазақстан Республикасының шақырылу жасындағы азаматтары Қазақстан Республикасының аумағына келгеннен кейін үш жыл бойы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |