|
|
|
Байланыс туралы
2004 жылғы 5 шілдедегі № 567-II Қазақстан Республикасының Заңымен күші жойылды Бұрынғы редакциясын қара І-тарау. Жалпы ережелер (1-4 баптар) 2-тарау. Байланыс саласындағы қызметті реттеу (5-13 баптар) 3-тарау. Байланыс желілері (14-17 баптар) 4-тарау. Байланыс құралдарын, ғимараттарын, радиожиілік (18-19 баптар) спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын қорғау мен күзету 5-тарау. Байланыс желілерін дамыту (20-22 баптар) 6-тарау. Байланыс қызметтерін пайдаланушылардың (23-24 баптар) құқықтары 7-тарау. Байланыс қызметтерін көрсету ерекшеліктері (25-26 баптар) 8-тарау. Байланыс саласында қызметті жүзеге (27-бап) асыру кезіндегі жауапкершілік 9-тарау. Халықаралық ынтымақтастық (28-бап) Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында байланыс саласындағы қызметтің құқықтық негіздерін белгілейді, мемлекеттік органдардың аталған қызметті реттеу жөніндегі өкілеттігін, байланыс қызметін көрсететін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін анықтайды. І-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Байланыстың мақсаты 1. Байланыс Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымының ажырағысыз бөлігі болып табылады және оның аумағында қауіпсіздіктің, қорғаныстың, құқық тәртібін қорғаудың, мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың байланыс қызметіне деген қажеттігін қанағаттандыруға арналып өзара үйлестірілген өндірістік-шаруашылық кешен ретінде жұмыс істейді. 2. Байланыс құралдары мен есептеу техникасы ақпаратты жинау, сұрыптау, жинақтау және тарату процесін қамтамасыз етудің техникалық базасын құрайды. ҚР 2003 ж. 8 қаңтардағы № 379-II Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара) 2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) телефон жалғау қызметіне ақы төлеудін абоненттік белгіленген жүйесі (бұдан әрі - қызметке ақы төлеудің абоненттік жүйесі) - байланысты пайдаланушының белгілі бір уақыт кезеңіндегі төлемдер сомасы абоненттік желіні, оның түріне қарамастан, абонентке тұрақты пайдалануға беру ақысын және бір абонентке шаққанда оның орташа ұзақтығына қарай жергілікті телефон жалғау ақысын қамтитын қызметке ақы төлеу жүйесі; 2) байланыстың ведомстволық желілері - телекоммуникациялардың өндірістік және арнайы мұқтаждарды қамтамасыз ету үшін құрылатын, жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желісіне шыға алатын желілері; 3) телекоммуникациялардың өзара үйлестірілген желісі - Қазақстан Республикасының аумағындағы телекоммуникациялардың технологиялық жағынан септестірілген, орталықтандырылған басқарумен қамтамасыз етілген желілерінің кешені; 4) байланыстың бөлектелген желілері - жеке және заңды тұлғалардың пайдаланушылар шеңберін сол желінің иесі белгілейтін, жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желісіне шыға алмайтын, телекоммуникациялар желілері; 5) жалпы қолжетімді қызметтер - кез келген пайдаланушыға көрсетілетін, сапасы қанағаттандырарлық бірінші кезекте кажетті байланыс қызметтері; 6) байланыс операторы - байланыс кызметтерін көрсетуге құқығы бар жеке немесе заңды тұлға; 7) телекоммуникациялар желілерінің күзетілетін аймағы - ондағы өсімдіктерімен және құрылыстарымен қоса алғанда, байланыс желісін бойлай және байланыс объектілерінің айналасына орналасқан жер учаскесі; 8) телефон жалғау қызметіне уақытына қарай ақы төлеу жүйесі (бұдан әрі қызметке уақытына қарай ақы төлеу жүйесі) - байланысты пайдаланушының белгілі бір уақыт кезеңіндегі төлемдер сомасы тұрақты құрамдас бөліктен - абоненттік желіні, оның түріне қарамастан, абонентке тұрақты пайдалануға бергені үшін төленетін ақыдан және уақытына қарай құрамдас бөліктен тарифтеу бірлігінің іс жүзіндегі ұзақтығына қарай жергілікті телефон жалғау ақысынан тұратын ақы төлеу жүйесі; 9) байланысты пайдаланушы - байланыс қызметін тұтынушы, соның ішінде байланыс операторларымен жасасатын шарттар негізінде тұтынушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға (абонент); 10) почта байланысы - почта жөнелтілімдерін қабылдау, сұрыптау, тасымалдау және жеткізу, сондай-ақ ақша аудару; 11) почта жөнелтілімдері - хаттар, почта карточкалары, бандерольдер, пакеттер, посылкалар, почта контейнерлері, сондай-ақ тиісінше буылып-түйілген баспа басылымдары; 12) трафикті өткізу - байланысты пайдаланушылар (байланыс желілері) арасында жалғауды жолға қою мен ақпарат беру процесін жүзеге асыру; 13) радиожиілік спектрі - радиожиіліктердің белгілі бір жиынтығы; 14) байланыс - ақпарат пен почта жөнелтілімдерін қабылдау, жинау, сұрыптау, жинақтау, беру, жеткізу және тарату; 15) телекоммуникациялар желісі - хабар берудін бір немесе бірнеше түрін: телефон, телеграф, факсимиле түрлерін, деректер мен құжаттық хабардың басқа да түрлерін беруді, телевизиялық, дыбыстық және радио мен сым-өткізгіш арқылы хабар таратудың өзге де түрлерін қамтамасыз ететін технологиялық жүйелер; 16) жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желісі - телекоммуникациялардың өзара үйлестірілген желісінің барлық жеке және заңды тұлғалардың пайдалануы үшін ашық құрамдас бөлігі; 17) жергілікті телефон жалғау құнын уақытына қарай есептеу жүйесі (бұдан әрі - жергілікті телефон жалғауды уақытына қарай есептеу) - жергілікті телефон жалғауды есептеудің жергілікті телекоммуникациялар желісі қызметін пайдаланғаны үшін төлемдер сомасының есебін қамтамасыз ететін технологиялар мен тәсілдер жиынтығы; 18) байланыс құралдары - телекоммуникациялар хабарламаларын не почта жөнелтілімдерін қалыптастыру, сұрыптау, беру немесе қабылдау үшін пайдаланылатын техникалық құралдар; 19) телекоммуникация - көмегімен сым-өткізгіш, оптика, радио және басқа электромагниттік жүйелер бойынша белгілер, сигналдар, мәтіндер, бейнелер, дыбыстар беру немесе қабылдау жүргізілетін құралдар жиынтығы; 20) трафик - телекоммуникациялар желілері арқылы берілетін хабарламалар жиынтығы; 21) байланыс қызметтері - почта жөнелтілімдерін немесе телекоммуникациялар хабарламаларын қабылдау, сұрыптау, сақтау, беру және жеткізу жөніндегі қызмет. 3-бап. Байланыс саласындағы заңдар Байланыс саласындағы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың нормаларына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 4-бап. Байланыс саласындағы қызметтің негізгі принциптері Байланыс саласындағы қызмет: 1) байланыс қызметін пайдаланушылардың құқықтары мен мүдделерін сақтау; 2) телекоммуникациялар желілері мен құралдары арқылы хабарламалар беру еркіндігі, почта жөнелтімдерін қабылдау, жеткізу және транзиттеу еркіндігі; 3) жеке және заңды тұлғалардың байланыс саласындағы қызметке қатысу және оның нәтижелерін пайдалану құқықтарының теңдігі; 4) адал бәсеке; 5) Қазақстан Республикасының аумағындағы бірыңғай стандарттардың негізінде желілік технологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, байланыстың сенімділігі мен басқарылуын қамтамасыз ету; 6) байланыс саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, дүниежүзілік байланыс жүйесіне интеграциялануға жәрдемдесу негізінде жүзеге асырылады. 2-тарау. Байланыс саласындағы қызметті реттеу 5-бап. Байланыс саласындағы уәкілетті орган 1. Байланыс саласындағы қызметті реттеуді мемлекеттік орган жүзеге асырады. Уәкілетті мемлекеттік орган шығаратын нормативтiк құқықтық актiлер және оның өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдайтын шешiмдерi байланыс қызметiн көрсететiн немесе оны пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар үшiн олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан мiндеттi болып табылады. 2. Уәкiлеттi мемлекеттік органның негiзгi мiндеттерi мыналар: 1) байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және оның iске асырылуын қамтамасыз ету, байланыс саласындағы жалпы реттеу; 2) телекоммуникациялардың жұмыс iстеуi мен дамуын алқалық негiзде салааралық үйлестiрiп отыру; 3) байланыс саласындағы қызметке мемлекеттік техникалық қадағалау мен бақылау жасауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету; 4) радиожиiлiк спектрiн бөлу мен пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу және оның iске асырылуын қамтамасыз ету; 5) байланыс саласындағы қызметтi лицензиялау және радиожиiлiк спектрiн пайдалану; 6) байланыс қызметiн көрсету кезiнде адал бәсекелестiктi қолдау; 7) почта төлемiнiң мемлекеттік таңбаларын (почта маркалары, блоктар, маркалы конверттер мен карточкалар) шығару; 8) байланыс саласындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және жобалау жұмыстарына, сондай-ақ кадрларды оқытуға, даярлауға және олардың біліктілігiн арттыруға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру. ҚР 24.12.01 ж. № 276-II Заңымен 6-бап өзгертілді 6-бап. Радиожиiлiк спектрi мен байланыс жерсерiктерiнiң орбиталық позицияларын пайдалануды реттеу 1. Радиожиiлiк спектрi мен жерсерiктерiнiң орбиталық позицияларын пайдалануды реттеу мемлекеттiң ерекше құзыретiнде болады. 2. Радиожиiлiк спектрiн бөлу, сондай-ақ радиожиiлiк пен байланыс жерсерiктерiнiң орбиталық позицияларын мемлекет мүдделерiне тиiмдi пайдалану саласындағы саясатты жасау мен iске асыруды Қазақстан Республикасының Үкіметі қамтамасыз етедi. 3. Шектеулi табиғи ресурс болып табылатын радиожиiлiк спектрiн пайдалану ақылы негiзде жүзеге асырылады. Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн мемлекеттік бюджетке ақы төлеудiң жылдық ставкалары, оны есептеу және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес белгiленедi. 4. Қазақстан Республикасының аумағында радиожиiлiк спектрiн бөлу мен тиiмдi пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру мақсатында байланыс саласындағы уәкiлеттi орган: 1) радиоэлектрондық құралдар мен жиiлiгi жоғары қондырғыларды жобалау, салу, пайдалану және шетелдерден әкелу тәртібі жөніндегі; 2) байланыс құралдарын, соның iшiнде телерадиохабарын тарату мақсаты үшiн пайдаланылатын құралдарды және электромагниттiк сәулелену көзi болып табылатын өзге де техникалық құралдарды мiндеттi түрде тiркеу жөніндегі; 3) радио бақылауын және радио қабылдауын индустриялық кедергiлерден қорғауды жүргiзу жөніндегі, радиожиiлiк спектрiн пайдалануды мемлекеттік техникалық қадағалау мен бақылау жөніндегі; 4) Халықаралық электр байланысы одағының Радио байланысы регламентiне сәйкес радиожиiлiктi халықаралық үйлестiру жөніндегі рәсiмдердiң әзiрленуiн және орындалуын қамтамасыз етедi. 5. Байланыс құралдары, соның iшiнде телерадиохабарын тарату үшiн пайдаланылатындары, электромагниттiк сәулелену көздерi болып табылатын өзге де техникалық құралдар Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн тәртiппен мемлекеттік тiркелуге тиiс. Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды мемлекеттік тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен алым алынады.
7-бап. Ұлттық байланыс операторы 1. Кез келген елді мекенде кез келген пайдаланушыға жалпы жұртқа ыңғайлы байланыс қызметінің көрсетілуін қамтамасыз етуді өз міндетіне алған жалпы пайдаланыстағы байланыс желісінің операторы ұлттық байланыс операторы болып табылады. 2. Ұлттық оператор туралы ережені Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 8-бап. Төтенше жағдайлар кезiнде байланыс желiлерiн басқару 1. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде байланыс желiлерiн басқаруды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Үкiмет анықтайтын тiзбе бойынша мемлекеттік органдардың байланысты басқару орталықтарымен және Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органымен, сондай-ақ қарауында ведомстволық байланыс желiлерi бар атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасай отырып, байланыс саласындағы уәкiлетті орган жүзеге асырады. 2. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар, карантиндер, өзге де төтенше жағдайлар кезiнде мемлекеттік органдардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан, кез келген байланыс желiлерi мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметiн тоқтата тұруға құқығы бар. 3. Байланыс желілерi мен құралдарының иелерi теңiздегi, жердегі, әуедегi, ғарыш кеңiстiгіндегі адам өмiрiнiң қауiпсiздiгіне, Қазақстан Республикасында қорғаныс, қауiпсiздiк пен құқық тәртібін қорғау саласында шұғыл шаралар жүргізуге қатысты барлық хабарламаларға, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы хабарламаларға толық басымдық беруге тиiс. 4. Төтенше жағдайларда пайдалануға арналған байланыс пен хабарландырудың арнаулы жүйелерiн Ұстауға байланысты шараларды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi. 9-бап. Байланыс операторларының жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдармен өзара іс-қимылы 1. Меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында iс-қимыл жасайтын байланыс операторлары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеделiздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдарға барлық байланыс желiлерiнде жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге ұйымдық және техникалық мүмкiндiктер берiлуiн қамтамасыз етуге, аталған шараларды жүргiзудiң нысандары мен әдiстерiнiң ашылуына жол бермеу жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi. 2. Байланыс құралдары жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiне нұқсан келтiретiн қылмыстық мақсаттарда пайдаланылған жағдайда мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан, кез келген байланыс желiлерi мен құралдарының қызметiн тоқтата тұруға құқығы бар. 10-бап. Байланыстың техникалық құралдарын сертификаттау 1. Қазақстан Республикасының өзара үйлестiрiлген желісінде пайдаланылатын барлық техникалық байланыс құралдары, электромагниттiк сәулелену көздерi болып табылатын радиоэлектрондық құралдар мен жиiлiгi жоғары құрылғылар, почта байланысының техникалық құралдары белгiленген стандарттарға, өзге де нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгi жөнiнен мiндеттi түрде сертификатталуға тиiс. 2. Техникалық байланыс құралдарын сертификаттау сынақтары (сертификаттау) олардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нормативтiк актiлердiң талаптарына сәйкестiгiн анықтау мақсатымен жүзеге асырылады. 3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесiнде тiркелген техникалық байланыс құралдарын сертификаттау жөніндегі органдар сертификаттау орталықтарының немесе зертханаларының сол органдар бекiтетiн бағдарламалар мен әдiстемелер бойынша жүргiзiлетiн сертификаттау рәсiмдерi аяқталғаннан кейiн белгiленген үлгiдегi сертификаттар бередi. 4. Байланыс саласындағы сертификаттауды жүргiзу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. 11-бап. Байланыс, радиожиiлiк спектрiн пайдалану саласындағы қызметтi лицензиялау 1. Жеке және заңды тұлғалардың, соның iшiнде шетелдiк тұлғалардың байланыс қызметiн көрсетуге және (немесе) радиожиiлiк спектрiн пайдалануға байланысты қызметi лицензиялар негiзiнде жүзеге асырылады. 2. Лицензиялардың түрлерi мен қолданылу мерзiмдерi, оларды беру, олардың қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату шарттары, лицензия берудiң өзге де мәселелерi Қазақстан Республикасының заңдарымен регламенттеледi. ҚР 24.12.01 ж. № 276-II Заңымен 12-бап өзгертілді 12-бап. Радиожиiлiк спектрiн пайдалануды лицензиялау ерекшелiктерi 1. Радиожиiлiктi - ұялы, дербес байланысты пайдаланатын қызметтердi, ғаламдық жылжымалы дербес жерсерiктiк байланыс жүйесiнiң қызметтерiн, эфирлiк-кабельдiк теледидар жүйелерiн пайдаланатын теледидар бағдарламаларын бөлу бойынша қызметтердi көрсету жөніндегі кәсiпкерлiк қызметке лицензиялар тек конкурстық негiзде ғана берiледi. 2. Радиотелефон немесе радио байланысының жылжымалы желiлерiн, телекоммуникациялардың бекітілген желiлерiне радионың қосылуын, деректер беру желiлерiн ұйымдастыру үшiн радиожиiлiк спектрiнiң жолдарын (номиналдарын) бөлу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес конкурстық негiзде жүргiзiлуi мүмкiн. Байланыс саласындағы уәкiлеттi орган өткiзген конкурс қорытындылары бойынша радиожиiлiк спектрiнiң жолдарын (номиналдарын) пайдалануға алған кезде жеңiмпаз Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен мөлшерлерде мемлекеттік бюджетке бiржолғы төлем енгiзедi. Конкурс қорытындылары бойынша анықталған мемлекеттік бюджетке бiржолғы төлемдi енгізу тәртібін конкурстық комиссия белгiлейдi. 3. Конкурс немесе аукцион өткізу туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Радиожиiлiк жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясының шешiмдерiн негiзге ала отырып, байланыс саласындағы уәкiлеттi орган қабылдайды. Конкурстарға немесе аукциондарға қатысуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға және конкурс немесе аукцион өткізу ережелерiне сәйкес келетiн, соның iшiнде тиiстi лицензиялары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар жiберiледi. 4. Теледидар және дыбыс (радио хабарлары) бағдарламаларын тарату (радиожиiлiк спектрiнiң хабар беретiн техникалық құралдары мен номиналдарын пайдалану) құқығына лицензиялар жеке және заңды тұлғаларға баспасөз iстерi мен бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі уәкiлеттi органмен келiсе отырып берiледi. Эфирлiк-кабельдiк теледидар жүйелерiн қоспағанда, радиожиiлiк номиналдарын (арналарын) теледидар мен радио хабарларының мақсатына бөлу тәртібін баспасөз iстерi және бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлейдi, соның өтiнiмi бойынша есеп айырысу, радиожиiлiктi халықаралық үйлестiру мен беру жүргiзiледi. 4-1. Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен байланыс саласындағы уәкiлеттi орган беретiн рұқсаттық құжаттармен расталады. Бұл ретте телевизия және радио хабарларын тарататын ұйымдарға рұқсат бергенi үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен алым алынады. Конкурс өткізу арқылы радиожиiлiк спектрiнiң жолдарын (номиналдарын) бөлу кезiнде радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсатты аталған соманы мемлекеттік бюджетке толық көлемде енгiзгенiн растайтын құжатты төлемшi табыс еткеннен кейiн байланыс саласындағы уәкiлеттi орган бередi. 5. Радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат лицензиялардың иелерiне өтiнiш пен есеп айырысуды жүргiзу үшiн қажеттi деректер берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей берiледi. Басқа да негiзгi пайдаланушылармен немесе шектес мемлекеттермен (Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аймақтарында) Халықаралық электр байланысы одағының Радио байланыс регламентiне сәйкес үйлестiру жүргiзiлген жағдайда өтiнiштi қарау мерзiмi ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол бiр айдан аспауы керек, ол жөнiнде өтiнiш берушiге алдың ала жазбаша түрде хабарлануға тиiс. 6. Лицензиардың: 1) радиожиiлiк тиiстi рұқсаттарды ресiмдемей пайдаланылған; 2) радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеудi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген күннен бастап бiр айдан астам мерзiмге кешiктiрген; 3) лицензиат өзiне бекiтіліп берiлген радиожиiлiктi басқа пайдаланушыға уақытша немесе тұрақты пайдалануға берген; 4) лицензиат радиоэлектрондық жабдықтарды пайдалану ережелерiн бұзып, ол кедергiлер жасауға, электромагниттiк жүйелердiң жұмыс iстеуiнiң белгiленген нормаларын бұзуға әкеп соққан жағдайларда лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға құқығы бар. 7. Егер лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы хабар алған кезден бастап отыз күн iшiнде оның иесi тәртiп бұзушылықты жоймаса, лицензиардың лицензиатты заңдарға сәйкес жауапқа тартуға құқығы бар. 13-бап. Байланыс қызметiне тарифтер 1. Байланыс қызметiне тарифтердi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес байланыс операторлары белгiлейдi және оператор белгiлi бiр байланыс қызметтерi рыногында басым жағдайға ие болып отырса, табиғи монополияларды реттеу мен бәсекелестiктi қорғау жөніндегі уәкiлеттi орган реттейдi. 2. Уәкiлеттi органның тізбесі бойынша шұғыл көрсетілетін жедел қызметтерді шақыруды барлық байланыс операторлары пайдаланушылар үшін тегін жүргізеді. 3. Байланыс қызметiн пайдалануға арналған жеңiлдiктердi белгiлеу кезiнде толық алынбаған кiрiстi өтеудi тиiстi жеңiлдiктi белгiлеген орган жүзеге асырады. 3-тарау. Байланыс желілері 14-бап. Өзара үйлестiрiлген телекоммуникациялар желiлерi 1. Қазақстан Республикасының өзара үйлестiрiлген телекоммуникациялар желісін дамыту мен жетiлдiру оларды кешендi пайдалану, тиiмдiлiгiн арттыру мен тұрақты жұмыс iстеу мүддесiнде телекоммуникациялардың барлық желiлерi мен құралдарының технологиялық бiртұтастығы ескерiлiп, саланы және Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту стратегиясы негiзiнде жүзеге асырылады. 2. Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желісі телекоммуникациялардың өзара үйлестiрiлген желісінiң құрамдас бөлiгi ретiнде Қазақстан Республикасының аумағында барлық жеке және заңды тұлғаларға байланыс қызметiн көрсетуге арналған, сондай-ақ бөлектелген және ведомстволық желiлердi қоспағанда, бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан Қазақстан Республикасы телекоммуникацияларының бүкiл желісін қамтиды. 3. Байланыс саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының өзара үйлестiрiлген телекоммуникациялар желісінiң тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мен оны тұрақсыздандырушы факторлардың ықпалынан қорғау мақсатымен байланыс операторлары мен желiлердi жедел-техникалық басқару жүйелерiнiң өзара iс-қимыл тәртібін белгiлейдi. 4. Байланыстың ведомстволық желiлерi тиiстi мемлекеттік органдардың өндiрiстiк және арнайы мұқтаждарын қамтамасыз ету үшiн құрылып, жұмыс iстейдi, солардың қарауында және пайдалануында болады. Байланыстың ведомстволық желiлерiн жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желісімен септестiру байланыстың ведомстволық желiлерiнiң техникалық құралдары мен байланыс ғимараттарының жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желісі үшiн белгiленген талаптар мен техникалық нормаларға сәйкестiгi қамтамасыз етiлген жағдайда шарт негiзiнде жүргiзiледi. Осы Заңның 11, 12-баптарына сәйкес кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялардың иелерi оларды алған жағдайда байланыстың ведомстволық желiлерi халыққа және басқа да телекоммуникацияларды пайдаланушыларға байланыс қызметтерiн көрсету үшін пайдаланылуы мүмкiн. 5. Қазақстан Республикасының аумағында байланыстың бөлектелген желiлерiн кез келген жеке және заңды тұлғалар құра алады. Бөлектелген байланыс желiлерi операторларының байланыс қызметтерiн көрсету жөніндегі қызметiне осы Заңның 11, 12-баптарына сәйкес лицензиялау туралы талап қолданылады. 6. Байланыстың бөлектелген желiлерi жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желісіне септестiрiлген жағдайда аталған желiлер жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желісі санатына өтедi. 7. Өз мұқтаждарын, iшкi өндiрiстiк мақсаттарын қанағаттандыру, халыққа қызмет көрсету үшiн жеке және заңды тұлғалар жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желісіне шығу жолы бар өзге де телекоммуникациялар желiлерiн құра алады. Әртүрлi операторлардың телекоммуникациялар желісін жалпы пайдаланыстағы телекоммуникация желiлерiмен қосу, трафик өткізудi реттеу және желiге қосқаны үшiн өзара есеп айырысуды жүргiзу мен желiлiк ресурстарды өзара пайдалану тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi. 8. Радио және теледидар хабарларының желiлерi өзара үйлестiрiлген телекоммуникациялар желісінiң құрамдас бөлiгi болып табылады және Қазақстан Республикасының аумағы мен шет елдерге теледидар және дыбыс (радиохабар) бағдарламаларын тарату мен көрсету үшiн пайдаланылатын жер бетіндегі және жерсерiктiк хабар тарату жүйелерiнiң бiртұтас өндiрiстiктехнологиялық кешенiн құрайды. Жер бетіндегі жүйелер радиорелелi және кабелдi байланыс желiлерiн, қуаты әртүрлi радиотаратқыштар мен мемлекеттік және коммерциялық бағдарламаларды беруге арналған басқа да құралдарды қамтиды. Жерсерiктiк жүйелер халықаралық жерсерiктiк ұйымдарға, жекелеген мемлекеттерге тиесiлi орбиталық жерсерiктiк байланыспен жер бетіндегі хабар берушi және қабылдаушы станцияларды қамтиды. 9. Мемлекеттік телерадио бағдарламаларын тарату және көрсету үшiн байланыс операторларының техникалық құралдары мен арналарын пайдалана отырып, өзара үйлестiрiлген телекоммуникациялар желiлерiне негiзделетiн республикалық және аймақтық радио және телехабарлар тарату желiлерi құрылады. Коммерциялық телерадио хабарларын таратушы ұйымдар өз бағдарламаларын тарату және көрсету үшiн өз желiлерiн де, сондай-ақ шарттық жағдайлармен телекоммуникациялардың басқа желiлерiн де пайдалана алады. 10. Бағдарламаларды тарату мен көрсетуден басқа, меншiк нысандарына қарамастан, радио және теледидар хабарларын тарату желісі қорғаныс, мемлекеттік қауiпсiздiк және құқық тәртібін қорғау мүдделерiнде, бейбiт уақыттағы төтенше жағдайлар мен ерекше кезеңде, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру кезiнде хабарлау белгiлерiн беру үшiн пайдаланылады. 15-бап. Арнаулы және фельдъегерлiк байланыс 1. Арнаулы және фельдъегерлiк байланыс ұйымдары мемлекеттік органдардың ерекше маңызды хат-хабарларын және бағалы металдар, зергерлiк бұйымдар, аспаптар, аппаратуралар мен қорғаныс өнеркәсiбiнiң құрастырушы бұйымдары бар арнаулы жөнелтiмдердi, сондай-ақ мемлекеттік құпияны құрайтын мәлiметтер мен олардың көздерiн қабылдап алуды, сақтауды, тасымалдау мен жеткiзiп берудi қамтамасыз етедi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |