|
|
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері ҚР Үкіметінің 2002 ж. 11 қыркүйектегі № 993 қаулысымен осы қаулының күші жойылды «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі туралы ереже; 2) ҚР Үкіметінің 1999.09.09. № 1645 қаулысымен күші жойылды 3) ҚР Үкіметінің 2000.10.07. № 1039 қаулысымен күші жойылды 2. ҚР Үкіметінің 1999.09.09. № 1645 қаулысымен күші жойылды 3. Мынадай лимит белгіленсін: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің штат саны 272 адам; ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың 3 абзацының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.03. № 1301 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың 2 абзацы өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.08. № 1878 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.06. № 683 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.01.17. № 58 қаулысымен. 4. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы № 592 қаулысымен Бекітілген
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі (бұдан әрі - Премьер-Министрінің Кеңсесі) мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді және бақылау функцияларын орындауға уәкілеттік берілген мемлекеттік орган болып табылады. 2. Премьер-Министрдің Кеңсесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Премьер-Министрдің Кеңсесі заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады. Премьер-Министрдің Кеңсесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді. Егер Премьер-Министрдің Кеңсесіне заңдарға сәйкес уәкілеттік берілсе, онда ол азаматтық-құқықтық қатынастарға мемлекет атынан кіруге құқылы. 4. Премьер-Министрдің Кеңсесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен бұйрықтар шығарады. 5. Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымы мен шекті штат санын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 6. Премьер-Министр Кеңсесінің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11. 7. Республикалық мемлекеттік органның толық атауы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі. 8. Премьер-Министр Кеңсесінің құрылтайшысы мемлекет болып табылады. Премьер-Министрдің Кеңсесі туралы ереже оның құрылтай құжаты болып табылады. 9. Премьер-Министр Кеңсесінің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады. Егер Премьер-Министрдің Кеңсесіне заң актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне аударылады.
2. Премьер-Министр Кеңсесінің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
ҚР Үкіметінің 2000.02.03. № 345 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді 10. Премьер-Министрдің Кеңсесі заңдарға сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) Премьер-Министр мен Үкіметті ақпараттық-талдамалық, құқықтық, ұйымдастырушылық, хаттамалық консультативтік, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету; 2) Қазақстан Республикасының Үкіметі Регламентінің сақталуын қамтамасыз ету өз құзыретiнiң шегiнде; 3) Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Премьер-Министрінің мүдделерін соттарда білдіру және қорғау, прокурорлық жауап беру актілерін қарау, сондай-ақ мемлекеттік органдар дайындаған, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынылатын талап-арыздық өтiнiштер мен қарсылықтарға пiкiрлердiң жобаларына сараптама жүргiзу; 4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс қағаздарын жүргізу және хат-хабарларды өңдеу; 5) мемлекеттік тілде іс жүргізуді кезең-кезеңмен енгізу; 6) Үкімет мүшелерінің, агенттiктер басшыларының және акционерлік қоғамдар (ұлттық компаниялар) басшыларының кезекті тоқсанға дейін кемінде 15 күн бұрын енгізілген ұсыныстары бойынша Үкімет мәжілістерінде қарауға арналған мәселелердің тоқсан сайынғы тізбесін әзiрлеудi ұйымдастыру; 7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілістерінде күн тәртібін жасау, материалдар әзірлеу, Қазақстан Республикасының Үкіметі мәжілістерінің материалдарын, хаттамаларын ресімдеу және жөнелту; 7-1) Премьер-Министрде, оның орынбасарларында, Премьер-Министр Кеңсесiнiң басшылығында кеңестер өткiзудi ұйымдастыру кеңестердiң материалдарын, хаттамаларын ресiмдеу және жөнелту; 8) Қаржы, Әдiлет министрлiктерiнiң және басқа да мүдделi мемлекеттік органдардың тиiстi қорытындыларын ескере отырып қаржы-экономикалық және құқықтық сараптама жүргізу, Қазақстан Республикасының Үкіметі енгiзетiн заңдар мен Қазақстан Республикасының Президентi актілерінiң жобалары бойынша, сондай-ақ Үкiмет, Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы қабылдайтын шешiмдер бойынша қорытындылар мен анықтамалар дайындау; 9) Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының тапсырмасы бойынша Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын дайындау; 10) Үкiметтiң қаулылары мен Премьер-Министрдiң өкiмдерiн шығару, оларды жөнелту және сақтау; 11) сараптама жасау барысында келіспеушілік туындаған және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіне сәйкес оларды жою жөнінде тапсырма берілген жағдайларда Үкімет қаулыларының жобаларын пысықтау; 11-1) Үкiмет пен Премьер-Министр шешiмдерiнiң жобаларын жедел пысықтау және қол қоюға дайындау мақсатында оларға мемлекеттік органдардың вице-министрден (агенттiктер төрағаларының орынбасарларынан) төмен емес қызмет атқаратын лауазымды тұлғаларын шақыру арқылы Премьер-Министрдiң орынбасарларында, Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысында хаттамалық кеңестер өткiзудi ұйымдастыру. 12) Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларының, Үкімет актілерінің, Премьер-Министр мен оның орынбасарлары тапсырмаларының, Үкімет мәжілістерінің хаттамалық шешімдерінің атқарылуына бақылау жасау, аталған мәселелер жөнінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін хабардар ету; 13) мемлекеттік органдардың Үкіметтің тиісті жылға арналған Іс-қимыл бағдарламасы бойынша іс-шаралардың және Заң жобалары жұмысы жоспарының орындалуы жөніндегі қызметін үйлестіру және Премьер-Министрді ол туралы хабардар ету; 13-1) Үкiметтiң iс-қимыл бағдарламасының орындалу барысы туралы Үкiметтiң Қазақстан Республикасының Президентiне тоқсан сайынғы баяндамасын дайындауға қатысу. 14) Мемлекет басшысы актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының Президентіне және оның Әкімшілігіне ақпарат дайындауды ұйымдастыру; 15) Премьер-Министрдің және оның орынбасарларының, Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының тапсырмасы бойынша заңдар, Үкіметтің қаулылары және Премьер-Министрдің өкімдері жобаларының тиісті мемлекеттік органдарда келісілуінің мерзімдеріне бақылау жасауды жүзеге асыру; 16) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Премьер-Министрдің Парламентпен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету; 16-1) Премьер-Министрдiң немесе оның орынбасарларының тапсырмасы бойынша ?кіметтiң Қазақстан Республикасының Парламентiнде қаралатын мәселелер бойынша ресми позициясын Парламент депутаттарының назарына жеткiзу. 17) Премьер-Министрді Үкімет мүшелерінің атына түскен депутаттық сұрау салулармен жұмыс туралы хабардар ету; 18) Премьер-Министр мен оның орынбасарлары үшін тұтастай алғандағы және аймақтар бойынша Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен дамуын сипаттайтын материалдар дайындау сондай-ақ, Премьер-Министрдiң тапсырмасы бойынша өзге де ақпараттарды; 19) Премьер-Министрдің бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысын қамтамасыз ету; 19-1) халықаралық қатынастар мен Қазақстан Республикасының Үкіметі мүшелерiнiң халықаралық ынтымақтастығын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қатысу. 20) Қазақстан Республикасының заңдарын сақтау, жүйелендіру және кодтау; 21) Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе оның келісімі бойынша тағайындалатын лауазымдардың тізбесіне кіретін кадрлар бойынша жұмыстар жүргізуге қатысу; 22) Премьер-Министрдiң Кеңсесi кадрларының оқуын ұйымдастыру; 23) Премьер-Министр мен ?кіметтiң, қажет болған жағдайларда ?кіметтiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдардың қызметiн құжаттамалық қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету; 24) ?кімет мүшелерiнiң, Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы орынбасарларының азаматтарды қабылдауының тоқсан сайынғы Kecтeciн дайындау, сондай-ақ Премьер-Министрдiң Кеңсесiнде азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру; 25) азаматтар мен заңды тұлғалардың жазбаша өтiнiштерiн қарау; 26) өзiне заңдарда жүктелген өзге дe функциялар. ҚР Үкіметінің 2000.02.03. № 345 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді 11. Премьер-Министр Кеңсесiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады: 1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және Үкіметінiң қызметiн ақпараттық-талдамалық және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету; 2) Үкiмет пен Премьер-Министрдiң актілерін дайындау және орындау процесiнде мемлекеттік органдардың қызметiн үйлестіру; 3) жобаларды келiсудiң және ?кімет пен Премьер-Министр шешiмдерiнiң орындалуының мерзiмдерiне бақылау жасау. 4) Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы үшiн, олар тиiстi құжаттарға қол қою не оларды келiсу туралы шешiм қабылдауы кезiнде, ақпараттық-ұсынымдық сипаты болатын материалдарға қаржы-экономикалық және құқықтық сараптама жүргiзу. ҚР Үкіметінің 2000.02.03. № 345 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді 12. Негiзгi мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Премьер-Министрдiң Кеңсесі өз құзыретiнiң шегiнде мыналарға қақылы: 1) Қазақстан Республикасының Парламентiнде және оның Палаталарында ?кіметтiң мүддесiн бiлдiру; 2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік органдардың қарауындағы кез келген ақпараттық деректер банкiн, оның iшiнде құпиялыларын пайдалану; 3) Премьер-Министр Кеңсесiнiң қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қызметтiк, оның iшiнде құпия хат-хабар алысу; 4) мемлекеттік органдар дайындаған заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентi актілерінiң, ?кімет қаулыларының және Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары бойынша сараптаманы жүзеге асыру және қорытындылар дайындау; 5) Премьер-Министрдiң және оның орынбасарларының тапсырмасы бойынша Үкiметтiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын дайындау; 6) заңдарда белгiленген жағдайларда ?кіметтiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын оларды әзiрлеушiлерге қайтару; 6-1) мүдделi мемлекеттік органдармен бiрге нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын келiсудiң бар-жоғын бақылау және ол болмаған жағдайда тиiстi жобаны келiсу үшiн қайтару. 7) Үкiмет шешiмдерiн талап етпейтiн мәселелер жөніндегі хат-хабарларды тиiстi министрлiктерге, агенттіктерге және өзге де мемлекеттік органдарға жолдау және қайтару; 8) мемлекеттік органдардың Мемлекет басшысы, ?кімет және Премьер-Министр актілерінiң жобалары жөніндегі, сондай-ақ қабылданған нормативтік құқықтық актiлердiң атқарылуы мәселелерi жөніндегі келiспеушiліктерiн қарау бойынша кеңестер шақыру; 8-1) Премьер-Министр Кеңсесiнiң нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша ескертпелерiн жою мақсатында кеңестер өткiзген жағдайларда оларға мемлекеттік органдардың вице-министрлерден (агенттiктер төрағаларының орынбасарларынан) төмен емес қызмет атқаратын лауазымды тұлғаларын шақыру. 9) әзiрлеушi сараптамалар жүргізу барысында айтылған ескертпелердi жоюға келiскен жағдайларда мемлекеттік органдармен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеушiлермен бiрлесiп жұмыс тәртібімен Үкiметтiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын пысықтау; 10) Президенттiң, Үкiметтiң, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының және Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының актілері мен тапсырмаларының атқарылуына тексеру жүргiзудi ұйымдастыру мен оған қатысу және олардың атқарылу мерзiмдерiн бақылауды жүзеге асыру. 11) мемлекеттік органдарда iс қағаздарын жүргiзу, оның iшiнде қорғаныштық құралдарды пайдалану талаптарының орындалуы бойынша тексерулер жүргізу; 12) Үкiмет мүшелерiнiң атына келiп түскен депутаттық сауалдарға жауап берудiң мерзiмдерiн бақылауды жүзеге асыру. 13) Үкiметтiң, Премьер-Министр мен оның орынбасарлары тапсырмаларының атқарылмағаны немесе тиiстi емес түрде атқарылғаны үшiн министрлiктердiң, агенттiктердiң және ведомстволардың басшыларын жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу; 14) мемлекеттік органдар алқаларының мәжілістерiне қатысу; 14-1) қаралатын мәселелер бойынша түсiндiрулер үшiн мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың лауазымды тұлғаларын шақыру. 15) отандық және шетелдiк ұйымдарға елдiң экономикасын реформалау мәселелерi бойынша ғылыми-зерттеу тақырыптары мен ақпараттық-талдау сипатындағы жұмыстарды әзiрлеуге осы мақсаттарға көзделген қаржы қаражатының шегiнде тапсырыстар беру; 16) отандық және шетелдiк сарапшылар мен консультанттардың Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қызметiне қатысты мәселелер бойынша қызмет көрсетулерiн белгiленген тәртiппен пайдалану; 17) заңдарға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру. 13. Премьер-Министр Кеңсесiнiң жауапты қызметкерлерi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы консультативтiк кеңесшi органдардың жұмысына, сондай-ақ тиiсiнше Үкiметтiң және Премьер-Министрдiң шешiмдерi бойынша құрылатын комиссиялар мен жұмыс топтарына қатыса алады. 14. Премьер-Министр Кеңсесiнiң мемлекеттік органдардың қажеттi материалдар, мәлiметтер беруi жөніндегі, сондай-ақ Үкiмет пен Премьер-Министр шешiмдерiнiң жобаларын пысықтау жөніндегі талаптары тапсырмада басқа атқару мерзiмдерi көрсетiлмеген болса, заңдарда белгiленген мерзiмдерде орындалуға тиiс. ҚР Үкіметінің 2000.02.03. № 345 қаулысымен 14-1-тармақпен толықтырылды 14-1. Премьер-Министр Кеңсесiнiң өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша шешiмi мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың атқаруы үшiн мiндеттi.
3. Премьер-Министр Кеңсесiнiң мүлкi
15. Премьер-Министр Кеңсесiнiң жедел басқару құқығында оқшау мүлкі болады. Премьер-Министр Кеңсесiнiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Премьер-Министр Кеңсесiнiң балансында көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады. 16. Премьер-Министрдiң Кеңсесiне бекітілiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 17. Премьер-Министр Кеңсесiнiң өзiне бекітілiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен алуға немесе оған өзге тәсiлмен билiк жүргізуге құқығы жоқ. Премьер-Министрдiң Кеңсесiне мүлiкке билiк жасау құқығы берiлген жағдайда ол мүлiкке заңдарда белгiленген жағдайлар мен шекте билiк жасайды.
4. Премьер-Министр Кеңсесiнiң қызметiн ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 1999.11.06. № 1667 қаулысымен 18-тармақ өзгертілді 18. Премьер-Министрдiң Кеңсесiн Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы басқарады. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі Премьер-Министр Кеңсесінің мына қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады: 1) Кеңсе Басшысының орынбасарлары; 2) құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері; 3) Премьер-Министрдің көмекшілері мен кеңесшілері; 4) құрылымдық бөлімше жетекшілерінің орынбасарлары; 5) бас инспекторлары. Премьер-Министр Кеңсесінің басқа қызметкерлерін Кеңсенің Басшысы заңдарға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 19. Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы Премьер-Министр Кеңсесiнiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Премьер-Министрдiң Кеңсесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi. 20. Осы мақсатта Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы: 1) өз орынбасарларының және Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді; 2) ҚР Үкіметінің 1999.11.06. № 1667 қаулысымен алып тасталды 2) заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын адамдарды қоспағанда, Премьер-Министр Кеңсесiнiң қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 3) заңдарда белгіленген тәртіппен және өз құзыретінің шегінде Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкерлерiн көтермелейдi және оларға тәртіптік жаза қолданады; 4) бұйрықтар шығарады; 5) Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді олардың арасындағы мемлекеттік органдар енгiзетiн мәселелердi қарау жөніндегі функционалдық мiндеттердi нақты бөле отырып; 5-1) құрылымдық бөлiмшелердiң өзара iс-қимылын үйлестiредi. 6) Премьер-Министрдің Кеңсесін мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда білдіреді; 7) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
5. Премьер-Министрдің Кеңсесін қайта ұйымдастыру және тарату
21. Премьер-Министрдің Кеңсесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы № 592 қаулысымен Бекітілген ҚР Үкіметінің 1999.09.09. № 1353 қаулысымен құрылым өзгертілді
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Құрылымы
Басшылық Үкіметтік ақпарат бөлімі Премьер-Министрдің Хатшылығы Премьер-Министрдің Баспасөз қызметі Үкіметтің Парламенттегі Өкілдігі Экономикалық бөлім Өндірістік сала бөлімі Заң бөлімі Ақпараттық-талдау бөлімі Аймақтық даму және кадр бөлімі Сыртқы экономикалық байланыстар және хаттама бөлімі Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Қаржы-шаруашылық бөлімі Қазақстан Республикасы Министрінің - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының Хатшылығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы № 592 қаулысымен Бекітілген ҚР Үкіметінің 2000.02.03. № 345 қаулысымен тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің қарауындағы ұйымдардың Тізбесі
1. "Қазарнаулыэкспорт (Қазспецэкспорт)" республикалық мемлекеттік кәсiпорны.
Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы № 592 қаулысына Қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің Тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің Кеңсесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 қарашадағы № 1449 қаулысы. 2. "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы № 1732 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, № 53, 484-құжат). 3. "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің штат санының лимитін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 ақпандағы № 87 қаулысы. 4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы № 1732 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 7 сәуірдегі № 295 қаулысы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |