|
|
|
Қазақстан Республикасында Бағдарламаларды әзірлеудің ережесін ҚР Үкіметінің 26.02.04 ж. № 231 қаулысымен күші жойылды Бағдарламаларды әзірлеуге бірыңғай көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында Бағдарламаларды әзірлеудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары бағдарламаларды әзірлеу кезінде осы Ережені басшылыққа алсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 25 мамырдағы № 789 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында Бағдарламаларды әзiрлеудің ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасында бағдарламаларды әзiрлеуге бiрыңғай көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында әзiрлендi және бағдарламалардың жобаларын қалыптастыру ұғымдарын, ұйымдық-методологиялық негiздерiн, жалпы қағидаттарын, оларды әзiрлеудiң, келiсудiң және бекітудiң, сондай-ақ олардың iске асырылуын бақылауды жүзеге асырудың тәртібін белгiлейдi. ҚР Үкіметінің 12.04.02 ж. № 426 қаулысымен 2-тармақ өзгерді 2. Бағдарламаларды Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi атқарушы органдары және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар стратегиялық және индикативтiк жоспарларға сәйкес өмірдiң экономикалық, әлеуметтiк және басқа да салаларының неғұрлым маңызды проблемаларын шешу үшiн әзiрлейдi. Бағдарламалар, тек, егер онда баяндалған проблемаларды шешу тиісті мемлекеттік орган - әзірлеушінің құзыреті шеңберінде жүзеге асыру мүмкін емес жағдайда әзірленеді. ҚР Үкіметінің 12.04.02 ж. № 426 қаулысымен 3-тармақ өзгерді 3. Бағдарламалар: 1) өздерiнiң мәртебесi мен маңызы бойынша: мемлекеттік, салалық(секторалдық) және аймақтық; 2) іске асыру мерзімдері бойынша: қысқа мерзімді (2 жылға дейін) және орта мерзімді (3 жылға дейін); 3) проблемалары бойынша: әлеуметтiк, экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық және тағы сол сияқты болып бөлiнедi. ҚР Үкіметінің 12.04.02 ж. № 426 қаулысымен 4-тармақ өзгерді 4. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) ҚР Үкіметінің 12.04.02 ж. № 426 қаулысымен алынып тасталды 2) индикативтiк жоспар - мемлекеттік әлеуметтiк-экономикалық даму саясатының негiзгi бағыттарын, жоспарланатын кезеңге арналған оларды iске асыру жөніндегі iс-шараларды, елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының мақсатты көрсеткiштерiн (индикаторларын) және мемлекеттік экономикалық реттегiштердiң тiзбесiн қамтитын құжат. Индикативтiк жоспарлар орын алып отырған проблемаларды кешендi түрде шешуге және стратегиялық мақсаттарға кезең-кезеңiмен қол жеткiзуге бағытталған, орта мерзiмдi және ағымдағы перспективаға арналған мемлекеттік әлеуметтiк-экономикалық саясатты айқындайды; 3) бағдарлама - стратегиялық және индикативтік жоспарларға сәйкес елдiң, салалардың, аймақтардың экономикасын дамытудың және жекелеген қызмет салаларының нақты мақсаттарына қол жеткізуге, нақты проблемаларын шешуге бағытталған өзара байланысты ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтiк, қаржылық және техникалық шаралардың жиынтығы; 4) мемлекеттік бағдарлама - Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен және республиканың бүкiл аумағында немесе басым бөлiгiнде iске асырылатын бағдарлама; 5) салалық (секторалдық) бағдарлама - экономиканың жекелеген салаларының, олардың кiшi салаларының және секторларының даму проблемаларымен байланысты Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiткен бағдарлама; 6) аймақтық бағдарлама - аймақтық (аумақтық) маңызы бар проблемаларды шешуге бағытталған, мәслихаттар бекiткен бағдарлама; 7) iс-шаралар жоспары - мерзiмдерiн, орындаушыларын, аяқтау нысандарын белгілеу арқылы бағдарламалық құжаттарды iске асыруға бағытталған нақты iс-қимылдардың жиынтығы. ҚР Үкіметінің 12.04.02 ж. № 426 қаулысымен 5-тармақ өзгерді 5. Қазақстан Республикасында бағдарламалардың мынадай сатылары белгiленедi: 1) мемлекеттік бағдарлама; 2) салалық(секторалдық) бағдарлама; 3) аймақтық бағдарлама. ҚР Үкіметінің 12.04.02 ж. № 426 қаулысымен 5-1 тармақпен толықтырылды 5-1. Бағдарламалық іс-шараларды іске асыруға арналған, мемлекеттік, салалық (секторалдық) және аймақтық бағдарламаларда көзделген шығыстардың жалпы көлемі республикалық және жергілікті бюджеттердің үш жылдық кезеңге арналған болжамдық көрсеткіштері шеңберінде айқындалады. ҚР Үкіметінің 12.04.02 ж. № 426 қаулысымен 6-тармақ өзгерді 6. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың бағдарламалар әзiрлеу жөніндегі қызметiне әдiстемелiк басшылықты Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 12.04.02 ж. № 426 қаулысымен 2-бөлім алынып тасталды 2. Тұжырымдама әзiрлеудiң негізгі қағидаттары 3. Мемлекеттік бағдарлама 11. Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабына сәйкес мемлекеттік бағдарламаларды Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. ҚР Үкіметінің 12.04.02 ж. № 426 қаулысымен 12-тармақ өзгерді 12. Қазақстан Республикасының Үкіметі, егер ол жалпыұлттық сипаттағы неғұрлым маңызды мiндеттердi шешуге бағытталған жағдайда, салалық бағдарламаға мемлекеттік мәртебесiн беру туралы Мемлекет басшысына ұсыныс енгiзе алады. 13. Мемлекеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 4. Салалық (секторлық) бағдарлама ҚР Үкіметінің 12.04.02 ж. № 426 қаулысымен 14-тармақ өзгерді 14. Салалық (секторлық) бағдарлама салалық (секторлық) маңызы бар неғұрлым маңызды мiндеттердi шешуге бағытталған өзара байланысты шаралардың кешенiн айқындайды. ҚР Үкіметінің 12.04.02 ж. № 426 қаулысымен 15-тармақ өзгерді 15. Салалық(секторалдық) бағдарламаны орталық атқарушы органдар ұлттық компаниялармен және экономиканың тиiстi секторларында жұмыс iстеп тұрған мемлекеттік ұйымдармен бiрлесiп әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi. 5. Аймақтық бағдарлама 16. Аймақтық бағдарлама аймақтық (аумақтық) әлеуметтiк-экономикалық даму міндеттерiн шешуге бағытталған өзара байланысты шаралар кешенiн айқындайды. ҚР Үкіметінің 12.04.02 ж. № 426 қаулысымен 17-тармақ өзгерді 17. Аймақтық бағдарламаны облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімияттары әзiрлейдi. Қазақстан Республикасы Конституциясының 86-бабына сәйкес аймақтық бағдарламаларды жергiлiктi өкiлдi органдар бекiтедi. 6. Мемлекеттік, салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламаларға қойылатын негізгі талаптар ҚР Үкіметінің 12.04.02 ж. № 426 қаулысымен 18-тармақ өзгерді 18. Бағдарламалар неғұрлым маңызды экономикалық, әлеуметтiк және басқа да мiндеттердi шешуге бағытталған өзара байланысты шаралар кешенiн айқындайды, мақсатты жiтi анықтауға негiзделедi және Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейiнгi кезеңге арналған даму Стратегиясында белгiленген экономикалық дамудың ұзақ мерзiмдi стратегиялық басымдықтарын ескере отырып, республикада тиiмдiлiгi жоғары ұлттық экономика жасау үшiн қойылған мақсатқа қол жеткiзудi қамтамасыз ететiн, күтiлетiн нәтижелердi көрсету арқылы мерзімдері, ресурстары және орындаушылары бойынша келісілген iс-шаралардың жүйесiн қамтиды. 19. Бағдарламалар: 1) бағдарламаның нақты мақсаттарын, оларды iске асыру жолдарын жiтi айқындауға; 2) бағдарламалық iс-шаралар мен тапсырмалардың атаулылығына, мерзiмдердi нақты белгiлеуге және оларды iске асырудың дәйектілiгiне, орындаушылар қызметiнiң бағдарламалық мақсаттарға қол жеткiзуге қатаң бағдарлануына; 3) ұқсас бағдарламалармен келiсушiлiкке қол жеткiзуге; 4) қаржы, адам және техникалық ресурстар мен оларды қамтамасыз ету көздерiнiң теңгерiмдiлiгiне негiзделген негiзгi нышандары болуы тиiс. ҚР Үкіметінің 12.04.02 ж. № 426 қаулысымен 20-тармақ өзгерді 20. Мынадай: 1) негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштермен пайыздық қатынаста алынған шығындардың көлемiн күнi бұрын реттейтiн; 2) тиiстi қаржы жылына бюджет қабылданғаннан кейiн оның кiрiстерiнiң азаюына және шығыстарының ұлғаюына әкелетiн бағдарламалардың қабылдануына; 3) олар мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылған жағдайда, қаржыландыру көздері мен мерзімдері бөлігінде бағдарламалық іс-шараларды қаржыландыру көлемі бойынша тиісті бюджеттік комиссиялардың оң қорытындысынсыз; 4) қолданыстағы бағдарламалардың мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ осы бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шараларды қайталайтын. ҚР Үкіметінің 12.04.02 ж. № 426 қаулысымен 21-тармақ өзгерді 21. Олардың iске асырылуы мемлекеттік бюджет қаражаттарының есебiнен бiрнеше жыл бойы қаржыландыруды талап ететiн бағдарламалар, үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамдық көрсеткіштеріне сәйкес іс-шаралар, оларды іске асыру мерзімдері және қаржыландыру көздері бойынша қаржыландырудың болжамды көлемдерi туралы мәлiметтердi қамтуы тиiс. 7. Бағдарламаның құрылымы 22. Бағдарламаның құрылымы мынадай бөлiмдердi қамтиды: 1) паспорт (бағдарламаның негiзгi параметрлерi); 2) кiрiспе; 3) проблеманың қазiргі жай-күйiн талдау; 4) Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi; 5) Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi; 6) қажеттi ресурстар мен оларды қаржыландырудың көздерi; 7) Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже; 8) Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары. 23. Паспортта iске асыру мерзiмiн көрсету арқылы осы Бағдарламаның атауы мен қысқаша мазмұнын қамтитын, Бағдарламаның негiзгi параметрлерi сипатталады. 24. Кiрiспеде Бағдарламаны әзiрлеу үшiн негiздеменi, оны әзiрлеу алдындағы жәйттерiн көрсету қажет. 25. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау мәселенiң сандық және сапалық сипаттамаларын, негiзгi экономикалық көрсеткiштерiн динамикада көрсетуi тиiс. Бұл ретте, осы проблеманың негiзгi параметрлерiн (күштi және әлсiз жақтарын) баса көрсету, оны шешудiң мүмкiн жолдарын, қаржыландыру көздерiнiң бар-жоғын көрсету қажет. Салалық ғылыми-техникалық бағдарламалар үшiн маркетингтiк зерттеулер жүргiзiлуi мүмкiн. 26. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi айқын, нақты, бақыланатын және тексерiлетiн болулары тиiс. Бағдарламаның басты мақсаты елдiң ұзақ мерзiмдi даму Стратегиясына және елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспары басшылыққа алынып қалыптастырылады. Бағдарламаның басты мақсаты кезеңдер бойынша жекелеген бағдарламалық мақсаттар мен мiндеттерге бөлiнедi (басты мақсатты проблемаларды құрылымдау және шағын бағдарламаларды бөлiп көрсету жолымен неғұрлым жекелеген мақсаттарға тәптiштеп бөлу арқылы). 27. Дамудың негiзгi бағыттары мен құралдар тiзбесiмен, сондай-ақ қойылған мақсаттарға қол жеткiзу және алда тұрған мiндеттердi шешу жөніндегі шаралармен, алдын ала қабылданған iс-әрекеттердiң iске асырылу дәрежесiн сипаттайтын индикативтiк көрсеткiштер бiрге жүредi. ҚР Үкіметінің 12.04.02 ж. № 426 қаулысымен 28-тармақ өзгерді 28. Бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттары, мемлекеттік займдар, мемлекеттік кепiлдiк арқылы тартылатын мемлекеттік емес займдар, тiкелей шетелдiк және отандық инвестициялар, халықаралық қаржы ұйымдарының немесе донор елдердiң гранттары болуы мүмкiн. Бағдарламаға мемлекеттік бюджеттен мемлекеттік қолдау жүзеге асырылған жағдайда қаржыландырудың жылдар бойынша нақты көлемдерi, үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамдық көрсеткіштеріне сәйкес іс-шаралар және қаржыландыру көздері көрсетiлуi тиiс. Салалық және аймақтық бағдарламалар бойынша несиелер және меншiктiң барлық нысандарындағы ұйымдардың өз қаражаты қаржыландыру көздерi ретiнде көзделуi мүмкiн. 29. Бағдарламаны енгiзудегi күтіліп отырған нәтиже проблеманы сипаттайтын бiрқатар маңызды көрсеткiштердiң болжамды есептерiнен және Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде қол жеткiзiлуi мүмкiн оң өзгерiстерден көрiнедi. ҚР Үкіметінің 12.04.02 ж. № 426 қаулысымен 30-тармақ өзгерді 30. Бағдарламаның қойылған мақсаттарына қол жеткiзу үшiн оны iске асыру жөнiнде iс-шаралар жоспары әзiрленуге тиiс. Осы Ереженің 13-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, Іс-шаралар жоспары Бағдарламаның құрамдас бөлігі болып табылады және ресурстары, жауапты орындаушылары және жүзеге асыру мерзімдері (айы немесе тоқсаны және жылы) бойынша ұштастырылған Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттарымен келісілген ұйымдастыру, экономикалық, ғылыми-техникалық және басқа да іс-қимылдар кешенін білдіреді және 1-қосымшаға сәйкес нысанда әзірленеді. 8. Бағдарламаларды әзiрлеудiң және бекітудiң тәртібі 31. Бағдарламаны әзiрлеудiң және бекітудiң келесi кезеңдерi бөлiп көрсетiледi: 1) ұйымдастырылуы; 2) ұсыныстар дайындау және Бағдарламаның жобасын қалыптастыру; 3) Бағдарламаны келiсу және бекіту. 32. Бағдарлама жобасын әзiрлеудiң ұйымдастыру кезеңiне: 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органның тиiстi шешiмiмен белгiленетiн, Бағдарламаны әзiрлеуге жауапты орталық немесе жергiлiктi атқарушы органды айқындау. Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Yкіметінiң немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кесiмiмен мүдделi мемлекеттік органдардың және мемлекеттік емес ұйымдардың өкiлдерiнен құралған Бағдарламаны әзiрлеу жөніндегі комиссия (жұмыс тобы) құрылады; 2) орталық немесе жергiлiктi атқарушы орган басшысының, оларды кейiннен тең атқарушы-мемлекеттік органдарға және ұйымдарға жiбере отырып, Құжаттар бағдарламасын (Бағдарламаны әзiрлеуді үйлестiру жоспарын, Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерiн, оның тұжырымдамалық көзқарастарын, Бағдарламаның негiзгi бөлiмдерiнiң құрылымын) әзiрлеу жөніндегі жауапты орындаушыны бекітуi кiредi. ҚР Үкіметінің 12.04.02 ж. № 426 қаулысымен 33-тармақ өзгерді 33. Ұсыныстар дайындау және Бағдарламаны қалыптастыру кезеңi: 1) Бағдарламаны тең атқарушы-ұйымдардың, жауапты орындаушының сұратуларының негiзiнде әзiрленетiн Бағдарламаға тұжырымдамалық көзқарас және жекелеген бөлімдерi бойынша, оның мақсаттары мен мiндеттерi бойынша, сондай-ақ оны iске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарына ұсыныстар тапсыруын; 1-1) тиісті бюджеттік комиссия анықтаған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстардың лимиттерін алуы; 2) Бағдарламалардың және оларды іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарларының жауапты орындаушыларының бірлесіп орындаушылардың ұсыныстары және алынған шығыстардың лимиттері негізінде әзірлеуді көздейді. ҚР Үкіметінің 12.04.02 ж. № 426 қаулысымен 34-тармақ жаңа редакцияда 34. Бағдарламаны келісу кезеңі өзіне: 1) жауапты орындаушының Бағдарлама жобасын барлық мүдделі орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға келісуге жіберуді; 2) қаржыландыру көздері және мерзімдері бөлігінде бағдарламалық іс-шараларды қаржыландыру көлемі бойынша тиісті бюджеттік комиссияларға Бағдарламаның жобасын келісуге жіберуді қамтиды. Егер Бағдарламаның жобасы мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды талап еткен жағдайда, ол 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпарат беріле отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау кезеңінде бюджеттік комиссияға енгізіледі. Бағдарламаның жобасында көзделген іс-шаралар бюджеттік өтінімде ұсынылатын бюджеттік бағдарламаларға ұштастырылуы тиіс. ҚР Үкіметінің 12.04.02 ж. № 426 қаулысымен 34-1 тармақпен толықтырылды 34-1. Бағдарламаны бекіту кезеңі өзіне мыналарды қамтиды: 1) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе жергілікті өкілді органға Бағдарламаны бекіту туралы шешімдердің келісілген жобаларын ұсыну; 2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті өкілді органның Бағдарламаны бекітуі. 9. Бағдарламаны iске асырудың және оның iске асырылуын бақылауды жүзеге асырудың тәртібі 35. Бағдарламаны iске асырудың және оның iске асырылуын бақылауды жүзеге асырудың мынадай кезеңдерi бөлiп көрсетiледi: 1) Бағдарламаның iске асырылуы; 2) Бағдарламаның iске асырылуын бақылау; 3) Бағдарламаны аяқтау туралы шешiм қабылдау. ҚР Үкіметінің 12.04.02 ж. № 426 қаулысымен 36-тармақ өзгерді 36. Бағдарламаның iске асырылуы: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң немесе жергiлiктi өкiлдi органның бекітілген Бағдарлама жөніндегі шешiмдерiн тиiстi орталық және жергілікті атқарушы органдарға жеткізуден; 2) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергiлiктi өкiлдi органның шешiмдерiнде айқындалған Бағдарламаның жауапты орындаушысына тең орындаушы - орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, өздерiне бекітілген Бағдарламаның тармақтарын және iс-шаралар жоспарын iс жүзiне асыру жөнiнде, кемiнде жылына екi рет есептер тапсыруынан; 3) жауапты орындаушының Бағдарламаны және iс-шаралар жоспарының жүзеге асырылуын бақылауды жүзеге асыруынан және Қазақстан Республикасының Президентiне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе жергiлiктi өкiлдi органға кемiнде жылына екi рет есептер беруiнен; 4) қажет болған жағдайларда, тиісті бюджеттік комиссиялардың Бағдарламаны iске асыруға қатысушы орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың ұсыныстары бойынша Бағдарламаға және оны iс жүзiне асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарына жылына екi реттен асырмай түзетулер енгiзуден тұрады. 37. Бағдарламаны аяқтау туралы шешiм қабылдау кезеңiне: жауапты орындаушының тең орындаушылармен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Президентiне, Қазақстан Республикасының Yкіметіне немесе жергілiктi өкiлдi органға одан әрi ұсына отырып, Бағдарламаны iске асыру нәтижелерi бойынша түпкiлiктi есептi дайындауы; Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергiлiктi өкiлдi органның Бағдарламаның iске асырылуы жөнiнде есептi қарауы және бағдарламаны аяқтау және оны бақылаудан алу туралы шешiмдер қабылдауы кiредi. ҚР Үкіметінің 12.04.02 ж. № 426 қаулысымен 1-қосымшамен толықтырылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 мамырдағы № 789 қаулысына 1-қосымша Іс-шаралар жоспарының нысаны
ҚР Үкіметінің 12.04.02 ж. № 426 қаулысымен 2-қосымшамен толықтырылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 мамырдағы № 789 қаулысына 2-қосымша Мемлекеттік, салалық (секторалдық), аймақтық бағдарламалардың жобалары туралы ақпаратты бюджеттік комиссияға ұсыну нысаны Мемлекеттік, салалық (секторалдық) аймақтық бағдарламаның атауы _______________________________ Әзірлеуші (жауапты орындаушы) ______________________________
* осы бағанда алдағы жылдан бастап Бағдарламаны іске асыру жылы көрсетіледі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |