|
|
|
Қазақстан Республикасында салалық (секторалдық) және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыру ережесi туралы (2006.12.10. берілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында салалық (секторалдық) және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекітілсiн. 2. "Қазақстан Республикасында Бағдарламаларды әзiрлеудiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 25 мамырдағы № 789 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 24, 275-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2004 жылғы 26 ақпандағы № 231 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасында салалық (секторалдық) және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыру ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасында салалық (секторалдық) және өңiрлiк бағдарламаларды (бұдан әрi - бағдарламалар) әзiрлеу мен iске асыруға бiрыңғай көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында әзiрлендi әрi бағдарламалардың жобаларын қалыптастырудың ұғымдарын, ұйымдастырушылық-әдiснамалық негiздерiн, жалпы қағидаттарын, оларды әзiрлеу, келiсу және бекіту, сондай-ақ олардың iске асырылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды. 2. Осы Ереже әзiрлеу мен iске асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын мемлекеттік бағдарламаларға қолданылмайды. 3. Бағдарламалар маңызды экономикалық, әлеуметтiк және басқа да мiндеттердi шешуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, қаржылық және техникалық өзара байланысты шаралар кешенiн айқындайды, мақсатты жiтi айқындауға негiзделедi және Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейiнгi кезеңге арналған даму Стратегиясында айқындалған экономикалық дамудың ұзақ мерзiмдi стратегиялық басымдықтарын ескере отырып, алға қойған мақсатқа қол жеткiзудi қамтамасыз ететiн күтілетiн нәтижелер көрсетілiп, мерзiмдерi, ресурстары мен орындаушылары бойынша келiсілген iс-шаралардың жүйесiн қамтиды. 4. Бағдарламаларды Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi атқарушы органдары және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар стратегиялық және индикативтiк жоспарларға сәйкес өмiрдiң экономикалық, әлеуметтiк және басқа да салаларының маңызды проблемаларын шешу үшiн әзiрлейдi. Бағдарламалар, тек, егер онда баяндалған проблемаларды шешудi тиiстi мемлекеттік әзiрлеушi органның құзыретi шеңберiнде жүзеге асыру мүмкiн болмаған жағдайда ғана әзiрленедi. 1) iске асыру мерзiмдерi бойынша: қысқа мерзiмдi (2 жылға дейiн), орта мерзiмдi (3 жылға дейiн) және үш жылдық кезеңдердi мiндеттi түрде бөле отырып ұзақ мерзiмдi (10 жылға дейiн). Ұзақ мерзімдi бағдарламаларды iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары тиiсті орта мерзiмдi кезеңдерге әзiрленедi; 2) проблемалары бойынша: әлеуметтiк, экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық және басқалар болып бөлiнедi. 6. Бағдарламаларда бағдарламалық iс-шараларды iске асыруға көзделген шығыстардың жалпы көлемi республикалық және жергілiктi бюджеттердiң үш жылдық кезеңге арналған болжамдық көрсеткiштерi шеңберiнде айқындалады. 7. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бағдарламалар жөніндегі уәкiлеттi орган болып табылады, оның құзыретiне: бағдарламаларды әзiрлеу жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметiне әдiснамалық басшылықты жүзеге асыру; Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы әрi әзiрленетiн мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар тiзбесiн қалыптастыру мен одан әрi жүргiзудi жүзеге асыру; бағдарламалардың iске асырылу барысын жалпы бақылауды жүзеге асыру; бағдарламаларды iске асырудың тиiмдiлiгiн (нәтижелілiгiн) бағалауды жүргiзу енедi. 2. Салалық (секторалдық) бағдарлама 8. Салалық (секторалдық) бағдарлама салалық (секторалдық) маңызы бар неғұрлым маңызды мiндеттердi шешуге бағытталған өзара байланысты шаралар кешенiн айқындайды. ҚР Үкіметінің 2006.12.10. № 982 қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 9. Салалық (секторалдық) бағдарламаны ұлттық холдингпен, акционері ұлттық холдинг болып табылатын ұлттық компанияларды қоспағанда, ұлттық компаниялармен және экономиканың тиісті салаларында (секторларында) жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдармен бірлесіп, тиісті орталық атқарушы органдар әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 10. Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы әрi әзiрленетiн мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар тiзбесi Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарының құрамында бекітіледi. 11. Өңiрлiк бағдарлама өңiрдiң (аумақтың) әлеуметтiк-экономикалық даму мiндеттерiн шешуге бағытталған өзара байланысты шаралар кешенiн айқындайды. 12. Өңiрлiк бағдарламаны облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкiмдiктерi әзiрлейдi. Қазақстан Республикасы Конституциясының 86-бабына сәйкес өңiрлiк бағдарламаларды жергілiктi өкiлдi органдар бекiтедi. 13. Қолданыстағы әрі әзірленетін өңірлік бағдарламалар тізбесі бағдарламалар жөніндегі Уәкілетті органмен келісіледі және облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларының құрамында бекітіледі. 4. Бағдарламаларға қойылатын негізгі талаптар 14. Бағдарламалар мынадай негізгі белгілерге ие болуға тиіс: 1) бағдарламаның нақты мақсаттарын, оларды іске асыру жолдары мен тетігін жіті айқындауы; 2) бағдарламалық іс-шаралар мен тапсырмалардың атаулығы, оларды іске асыру мерзімдерінің жіті айқындалуы мен дәйектілігі, орындаушылар қызметінің бағдарламалық мақсаттарға қол жеткізуге қатаң бағдарлануы; 3) басқа бағдарламалармен үйлесуіне қол жеткізу; 4) қаржы, еңбек әрі техникалық ресурстармен және оларды қамтамасыз ету көздерінің теңдестірілуі. 1) негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге пайыздық арақатынаста көрсетілген шығыстар көлемін регламенттейтін; 2) олар мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылған жағдайда тиісті бюджет комиссияларының қаржыландыру көздері мен мерзімдері бөлінісінде бағдарламалық іс-шараларды қаржыландыру көлемі бойынша оң қорытындысы жоқ; 3) қолданыстағы бағдарламалардың мақсаты мен міндеттерін, сондай-ақ бұл бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шараларды қайталайтын; 4) тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттер қабылданғаннан кейін олардың кірістерін кемітуге және (немесе) шығыстарын ұлғайтуға әкеп соғатын; 5) осы Ереженің 4 және 14-тармақтарында белгіленген талаптарға сай келмейтін бағдарламалардың бекітілуіне жол берілмейді. 16. Іске асырылуы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен бірнеше жыл бойы қаржыландыруды талап ететін бағдарламалар үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштеріне сәйкес оларды іске асырудың іс-шаралары, мерзімдері және қаржыландыру көздері бойынша ұйғарымды қаржыландыру көлемдері туралы мәліметтерді қамтуы тиіс. 17. Бағдарламаның құрылымы мынадай бөлімдерді қамтиды: 1) паспорт (бағдарламаның негізгі параметрлері); 2) кіріспе; 3) проблеманың қазіргі жай-күйін талдау; 4) бағдарламаның мақсаты мен міндеттері; 5) бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі; 6) қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері; 7) бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже; 8) бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары. 18. Паспортта: атауын, әзiрлеу негiздемесiн, бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттік органның көрсетілуiн, мақсаты мен мiндеттерiн, iске асыру мерзiмдерiн (кезеңдерiн), қаржыландыру көлемдерi мен көздерiн, күтiлетiн нәтижелердi қамтитын бағдарламаның негiзгi параметрлерi сипатталады. 19. Кiрiспеде бағдарламаны әзiрлеу негiздемесi, оны әзiрлеу алдындағы жәйттер көрсетiледi. 20. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау сандық және сапалық сипаттамаларды, күштi және әлсiз тұстарын, орын алып отырған проблемаларды, өткен бiрнеше жылдағы негiзгi көрсеткiштердiң серпiнiн көрсетуге, сондай-ақ осы проблеманы шешу жөніндегі Қазақстан Республикасының жағдайларына бейiмделуi мүмкiн шетелдiк оң тәжiрибенi шолуды қамтуға тиiс. Қажет болған жағдайда бағдарламаларды әзiрлеу кезiнде маркетингтiк зерттеулер жүргiзiлуi мүмкiн, олардың қорытындылары "Мәселенiң қазiргi жағдайын талдау" бөлiмiнде көрсетiледi. 21. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi жiтi, нақты, бақыланатын және тексерілетiн болуы тиiс. Бағдарламаның мақсаты елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының стратегиялық және индикативтiк жоспарларына негiзделе отырып қалыптасады. Мiндеттер алға қойылған мақсатқа неғұрлым тиiмдi әдiстермен қол жеткiзу жолдарын айқындайды. 22. Бағдарламаның негiзгi бағыттары мен оны iске асыру тетiктерiнде орын алып отырған проблемаларды шешу жөніндегі жұмыстардың негiзгi бағыттары мен құралдардың тiзбесi, сондай-ақ алға қойылған мақсат пен мiндеттерге қол жеткiзу жөніндегі тетiктер көрсетіледi. Iске асырылуы экологиялық қауiпсiздiкке қатер төндiруi мүмкiн бағдарламаларда қоршаған ортаға ықтимал әсердi бағалау (ҚЫӘБ) жүргiзiледi. 23. Бағдарламаны қаржыландыру көздерi республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты, мемлекеттік қарыздар, мемлекет кепiлдiгiмен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар, тiкелей шетелдiк және отандық инвестициялар, халықаралық қаржы экономикалық ұйымдардың немесе донор елдердiң гранттары, екiншi деңгейдегi банктердiң кредиттерi, ұйымдардың өз қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер болуы мүмкiн. Бағдарламаға мемлекеттік бюджеттен мемлекеттік қолдау жүзеге асырылған жағдайда үш жылдық кезеңге арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң болжамды көрсеткiштерiне сәйкес қаржыландырудың жылдар бойынша нақты көлемдерi, iс-шаралары және қаржыландыру көздерi көрсетiлуi тиiс. 24. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже: бағдарламаны тұтас алғанда және кезең-кезеңiмен iске асыру нәтижесiнде қол жеткiзiлуi мүмкiн материалдық және материалдық емес өзгерістерде; бағдарлама қол жеткiзуге бағытталған сапалық және сандық параметрлердi сипаттайтын индикаторларда (болжамды көрсеткiштерде) көрiнiс табады. Индикаторлар бақыланатын және тексерiлетiн, бағдарламаны iске асыру жылдары бойынша анықталатын болуға тиiс. 25. Бағдарламаның алға қойылған мақсаттарына қол жеткiзу үшiн оны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары әзiрленуi тиiс. Iс-шаралар жоспары бағдарламаның құрамдас бөлiгi болып табылады және ресурстары, жауапты орындаушылары мен жүзеге асыру мерзiмдерi (айы немесе тоқсаны және жылы) бойынша ұштастырылған бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары келiсілген ұйымдастырушылық, экономикалық, ғылыми-техникалық және басқа да iс-қимылдар кешенiн білдiредi және осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзiрленедi. 6. Бағдарламаларды әзiрлеу және бекіту тәртібі 26. Бағдарламаны әзiрлеу мен бекіту мынадай кезеңдерге бөлiнедi: 1) ұйымдастырушылық; 2) бағдарлама жобасын әзiрлеу; 3) бағдарламаны келiсу және бекіту. 27. Бағдарлама жобасын әзiрлеудiң ұйымдастырушылық кезеңi мыналарды қамтиды: 1) бағдарламаның жобасын тiзбеге енгізу үшiн (салалық (секторалдық) бағдарламалар үшiн) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарының жобасын қалыптастыратын жылдың алдындағы жылдың 5 желтоқсанынан кешiктiрмей ұсыныстарды жолдау; 2) бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттік органды белгiлеу. Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шешiмiмен мүдделi мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың өкiлдерiнен құралған бағдарламаны әзiрлеу жөніндегі комиссия (жұмыс тобы) құрылады; 3) бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттік орган басшысының құжаттарды (бағдарлама әзiрлеудi үйлестiру жоспары, бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi, оның тұжырымдамалық ұстанымдары, бағдарламаның негiзгi бөлiмдерiнiң құрылымы) оларды кейiннен мүдделi мемлекеттік органдарға және бiрлесiп орындаушы ұйымдарға жолдай отырып бекітуi. 28. Бағдарлама жобасын әзiрлеу кезеңi: 1) бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттік органның сұратулары негiзiнде мүдделi мемлекеттік органдар мен бағдарламаны бiрлесiп орындаушы ұйымдардың әзiрленiп жатқан бағдарламаға, оның iшiнде оның бөлiмдерiне, мақсаттарына, мiндеттерiне және оны iске асыру жөніндегі Iс-шаралар жоспарына оның тұжырымдамалық ұстанымдары бойынша ұсыныстар берудi; 2) мүдделi мемлекеттік органдардың және бiрлесiп орындаушы ұйымдардың ұсыныстары негiзiнде бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттік органның бағдарламаның жобасын әзiрлеуiн көздейдi. 29. Бағдарламаны келiсу кезеңi: 1) бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттік органның бағдарлама жобасын барлық мүдделi орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға келiсуге жолдауын; 2) бағдарлама жобасын қаржыландыру көздерi мен мерзiмдерi бөлiнiсiнде бағдарламалық iс-шараларды қаржыландыру көлемi бойынша келiсуге тиiстi бюджет комиссияларға жолдауын қамтиды. Егер бағдарламаның жобасы республикалық және жергілiктi бюджеттерден қаржыландыруды талап ететiн жағдайда, ол осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпарат берiле отырып, бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнiң бюджеттік өтiнiмдерiн қарау кезеңiнде тиiстi бюджет комиссияларына енгiзiледi. Республикалық және жергілiктi бюджеттен қаржыландыру ұйғарылатын бағдарлама жобасында көзделген iс-шаралар тиiстi бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттік өтiнiмiнде ұсынылатын бюджеттік бағдарламалармен ұштастырылуға тиiс. 30. Бағдарламаны бекіту кезеңi: 1) бағдарламаны бекіту туралы шешiмнiң келісілген жобасын белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе жергілiктi өкілдi органға ұсынуды; 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергілiктi өкiлдi органның бағдарламаны бекітуiн қамтиды. 31. Бағдарламаларды әзiрлеу процесiн бюджеттік процеспен үйлестiру мақсатында бағдарламалардың жобаларын әзiрлеудiң, келiсудiң және бекітудiң мынадай мерзiмдерi белгіленедi: І тоқсанда - әзiрлеу; II-III тоқсандарда - алдағы қаржы жылына арналған тиiстi бюджеттi қалыптастыру кезiнде негiзделген қаржылық есептеулердi бере отырып, бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi бюджеттік өтiнiмдерiнiң құрамында тиiстi бюджет комиссиясымен келiсу және оның қарауына енгізу; IV тоқсанда - бекітуге енгізу. 7. Бағдарламаны iске асыру, оның мониторингін жүзеге асыру және iске асырудың тиiмдiлiгiн бағалау тәртібі 32. Бағдарламаны iске асыру мынадай кезеңдерге бөлiнедi: 1) бағдарламаны iске асыру; 2) тұрақты мониторинг жүргiзу; 3) бағдарламаны iске асырудың тиiмдiлiгiн бағалауды жүзеге асыру; 4) бағдарламаны аяқтау (жалғастыру) туралы шешiм қабылдау. 33. Бағдарламаны iске асыру процесi: 1) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң немесе жергілiктi өкiлдi органның бағдарламаларды бекіту туралы шешiмдерiн тиiстi орталық және жергілiктi атқарушы органдардың назарына жеткiзуден; 2) бағдарламаның iске асырылуына жауапты мемлекеттік органның бағдарламаны бiрлесiп орындаушы ұйымдармен бiрге iске асыруынан; 3) қажет болған жағдайда, тиiстi бюджет комиссияларымен келісім бойынша бағдарламаны iске асыруға қатысушы орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың ұсыныстары бойынша бағдарламаға жылына екi реттен жиiлетпей түзетулер енгізуден тұрады. 34. Бағдарламаның iске асырылуына мониторингтi жүзеге асыру процесi: 1) бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттік органның бағдарламаны iске асыру барысына тұрақты мониторингті жүргiзуiнен; 2) бiрлесiп орындаушы ұйымдардың бағдарламаның өздерiне бекiтілген бөлiмдерiн және iс-шаралар жоспарының тармақтарын орындау жөніндегі есептерiн бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттік органға белгiленген мерзiмдерде ұсынуынан; 3) бағдарламаны iске асыруға жауапты мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының Үкіметіне, уәкілеттi органға немесе жергілiктi уәкiлеттi органға бағдарламаны iске асыру жөніндегі есептердi кезең-кезеңiмен ұсынуынан әрi қажет болған кезде оған өзгерістер енгізу жөнiнде ұсыныстар дайындаудан тұрады. 35. Бағдарламаны iске асырудың тиiмділiгiн бағалауды бағдарламаны iске асыруға жауапты мемлекеттік орган (iшкi бағалау) және уәкілеттi орган (сыртқы бағалау) жүргiзедi. Бағалауды жүргiзу процесi: 1) бағдарлама мен iс-шаралар жоспарын iске асыру барысын; 2) материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдаланудың тиiмділiгiн; 3) жоспарланған мiндеттер мен индикаторларға қол жеткiзу дәрежесiн; 4) бағдарламаны iске асырудың елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына әсерiн талдаудан тұрады. Уәкілеттi орган бағдарламаны iске асыруға жауапты мемлекеттік орган ұсынатын бағдарламаны iске асыру барысы туралы есептердi талдайды және қажет болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметіне бағдарламаны одан әрi iске асырудың орындылығы туралы қорытынды бередi. Уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сыртқы бағалауды жүзеге асыру үшiн шарт негiзiнде ғылыми-зерттеушілiк және басқа да ұйымдарды тартуға құқығы бар. 36. Бағдарламаны аяқтау (жалғастыру) туралы шешiм қабылдау кезеңi: 1) бағдарламаны iске асыруға жауапты мемлекеттік органның бiрлесiп орындаушылармен бiрге бағдарламаның iске асырылу нәтижелерi туралы түпкiлiктi есеп дайындауын, онда: бағдарламаны iске асыру барысында қол жеткiзілген нәтижелер; бағдарламаның жоспарланған мiндеттерi мен индикаторларына қол жеткiзу дәрежесi; бағдарламаны iске асырудың елдегi әлеуметтiк-экономикалық жағдайға мультипликативтiк әсерi көрсетілуi тиiс; 2) бағдарламаны iске асыруға жауапты мемлекеттік органның оны аяқтау немесе iске асыруды жалғастыру қажеттiгi туралы ұсыныспен бiрге бағдарламаны iске асыру нәтижелерi туралы түпкілiктi есептi немесе жаңа бағдарлама әзiрлеу қажеттілiгi туралы ұсынысын Қазақстан Республикасының Үкіметіне, уәкiлеттi органға немесе жергілiктi уәкiлеттi органға беруiн; 3) бағдарламаны iске асыру туралы түпкiлiктi есептi Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілеттi органның немесе жергілiктi өкiлдi органның қарауын; 4) бағдарламаның аяқталғаны және оны бақылаудан алу туралы немесе оны iске асыруды жалғастыру не жаңа бағдарлама әзiрлеу туралы шешiм қабылдауды қамтиды. салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру 1-қосымша Бағдарламаны іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының нысаны
Қазақстан Республикасында салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру 2-қосымша Бағдарлама жобасы туралы ақпаратты бюджет комиссиясына ұсыну нысаны Салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаның атауы ____________ Әзірлеуші (жауапты орындаушы) _____________________________________
таблицаның жалғасы
Ескерту:* - осы бағандарда өткен жылы бағдарламаны іске асырудың ақпараты көрсетіледі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |