|
|
|
Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөніндегі кеңестiң ережесi мен құрамын бекіту туралы (2016.18.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 552 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөніндегі кеңестiң ережесi мен құрамы бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 27 шiлдедегi № 1140 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөніндегі кеңес туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөніндегі кеңес (бұдан әрi Кеңес) Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. 2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметінiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерді, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 3. Кеңес өз қызметiн республиканың мемлекеттік органдарымен, дiни, өзге де қоғамдық бiрлестiктерiмен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылда жүзеге асырады. 4. Кеңестiң шешімдерi ұсынымдық сипатқа ие.
2. Кеңестiң мақсаты, мiндеттерi мен функциялары ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1109 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Кеңестің мақсаты діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру және іске асыру, қоғамдағы діни келісімді нығайту және конфессияаралық қатынастарды үйлестіру мәселелері жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады. ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1109 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi мыналар: 1) елдегi дiни жағдайды және оның даму тенденцияларын жан-жақты және әдiл зерттеу, жинақтап қорыту және талдау; 2) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу; 3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын республикадағы діни ахуалдың жай-күйі және Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасының сақталуы туралы хабардар ету; 4) дiни бiрлестiктермен байланыстар жөніндегі аймақтық кеңестер жұмысын үйлестiру; 5) ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6) дiни бiрлестiктер арасындағы өзара түсiнiстiк пен төзiмдiлiктi нығайту және оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес консультативтiк көмек көрсету болып табылады. ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1109 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруға қатысады; 2) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлейді; 3) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша консультативтік жұмыс жүргізеді; 4) шет мемлекеттердің тиісті ұйымдарымен халықаралық байланыстар орнатады және оны жолға қояды.
3. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру және жұмыс тәртібі ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.17.01. № 86 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.04.09. № 970 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.18.10. № 594 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда 8. Кеңесті Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі басқарады. ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 9. Кеңестiң мәжілістерi жарты жылда кемiнде бiр мәрте өткiзіледi. Кеңестiң кезектен тыс мәжілісi Кеңес төрағасының жеке бастамасы бойынша немесе Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен бiрiнiң өтiнiшi бойынша шақырылады. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10. Егер Кеңес мәжілісiнің жұмысына Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, ол заңды болып есептеледi. Кеңестiң шешiмдерi мәжіліске қатысып отырған Кеңес мүшелерiнің жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады. 11. Мәселелердi пысықтау, мәжілістердi дайындау, сараптау және талдау жұмыстарын жүргiзу үшiн Кеңес өз мүшелерi бiрiнiң жетекшiлiгiмен iс-қимыл жасайтын жұмыс топтарын құра алады. ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.18.10. № 1109 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 12-тармақ өзгертілді 12. Кеңес өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарға: 1) мемлекеттік органдардан, дiни ұйымдар мен жеке адамдардан Кеңес құзыретiне жататын мәселелер бойынша қажеттi ақпарат сұратуға; 2) орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдардың Кеңес құзыретіне қатысты ақпараттық деректер банкiн пайдалануға; 3) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдерін Кеңестің отырыстарына шақыруға; 4) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын қарауға; 5) Кеңес құзыретіндегі мәселелерге қатысты нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларын әзiрлеуге қатысуға; 6) ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 7) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.
4. Кеңестiң қызметiн қамтамасыз ету
ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13. Кеңес төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдердің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған кезде оның функциялары төрағаның орынбасарына жүктеледі. ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.17.01. № 86 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.04.09. № 970 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2016.18.10. № 594 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 14. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті Кеңестің жұмыс органы болып табылады. Кеңестің жұмыс органы Кеңес жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Кеңес отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Кеңес отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Кеңес мүшелеріне жіберілуі тиіс. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 14-1-тармақпен толықтырылды 14-1. Кеңес отырысы өткізілгеннен кейін Кеңес хатшысы хаттама ресімдейді. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 14-2-тармақпен толықтырылды 14-2. Кеңес шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға қатысып отырған Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Кеңес отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі - Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Кеңес мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген Кеңестің есеп-хатына қоса берілуі тиіс. Кеңес отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды. Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Кеңес хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Кеңес мүшелеріне келісу үшін жібереді. Кеңес мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 14-3-тармақпен толықтырылды 14-3. Дауыс беру парақтарымен қоса, Кеңес материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады. 15. ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 16. Кеңес Қазақстан Республикасының жетекшi конфессиялар басшылары, дiнтанушы ғалымдар, мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлерi және қоғамдық қайраткерлер қатарынан жасақталады. Кеңес мүшелерi өз мiндеттерiн қоғамдық негiзде жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 17. Кеңестің құзыретіне қатысты қажетті материалдарды әзірлеу үшін ұйымдар, сондай-ақ ғалымдар мен жоғары білікті мамандар тартылуы мүмкін. 18. ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Кеңестiң қызметiн тоқтату тәртібі
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 19-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 19. Кеңес өз қызметiн Нұсқаулыққа сәйкес тоқтатады.
ҚР Үкіметінің 28.02.01 ж. № 292; 03.04.02 ж. № 397 қаулыларымен құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 22.09.03 ж. № 961 қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 27.08.04 ж. № 905 қаулысымен құрам өзгерді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 871 қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2007.05.10. № 905 қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.12.11 № 1047 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.21.05. № 752 қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.17.01. № 86 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.12.04. № 449 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.04.09. № 970 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2016.18.10. № 594 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі № 1140 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің құрамы
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі, төраға Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы, төрағаның орынбасары Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті құрылымдық бөлімшесінің басшысы, хатшы Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті бастығының орынбасары (келісім бойынша) Астана қаласы әкімінің орынбасары Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға көмекшісі (келісім бойынша) Бас мүфти, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасындағы Орыс шіркеуі Митрополиттік округ басшысы, Астаналық және Қазақстандық Митрополит (келісім бойынша) «Нұр-Мүбарак» Мысыр ислам Мәдениеті университеті» жеке мекемесінің проректоры (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» Теріс пиғылды діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталықтары қауымдастығының директоры (келісім бойынша) «Қазақ гуманитарлық заң университеті» акционерлік қоғамының әлеуметтік-психологиялық пәндер кафедрасының профессоры (келісім бойынша) «Еуропа құқығы және Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары институты» қоғамдық бірлестігінің директоры (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының оку жұмысы жөніндегі вице-ректоры (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының доценті
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |