Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000-2002
жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі
іс-шаралардың жоспары туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 ж. 31 шілдедегі № 1164 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 23.05.02 ж. № 563 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
"Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған бағдарлама туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 маусымдағы № 833 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралардың жоспары) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары Іс-шаралардың жоспарын іске асыруды қамтамасыз етсін және тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей, оның орындалу барысы туралы ақпарат және Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламаны іске асырудың барысы туралы талдамалық анықтама ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы жиынтық ақпарат және Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламаны іске асырудың барысы туралы жиынтықты талдау баяндама ұсынсын.
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі аймақтық бағдарламалардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә. Өтембаевқа жүктелсін.
6. "Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 сәуірдегі № 635 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 31 шілдедегі
№ 1164 қаулысымен бекітілген
Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000-2002
жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың
Жоспары
ҚР Үкіметінің 23.05.02 ж. № 563 қаулысымен жоспар өзгертілді
Р/с N | Іс-шара | Аяқтау нысаны | Орындау үшін жауапты | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1. Кедейлікпен күрес 1.1. Кедейлік деңгейін бағалау |
1 | Аз қамтамасыз етілген азаматтардың құрамын көрсете отырып, әлеуметтік қамсыздандыруға және әлеуметтік көмек көрсетуге арналған шығыстар туралы есептер ұсыну | | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Тоқсан сайын |
1.2. Халықтың әлеуметтік осал жіктерін мемлекеттік қолдау шаралары |
2 | Аз қамтамасыз етілген азаматтардың ауыл шаруашылығы өндірісі мен кәсіпкерлікті ұйымдастыру үшін жеке қосалқы шаруашылығын, бағбандық және баубақшалық жұмыстарын жүргізуге арналған жер учаскелерін алуына жәрдемдесу | | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2000 жылдың IV тоқсаны |
3 | Атаулы ізгілік көмектерді: аз қамтамасыз етілген азаматтарға (отбасыларға); мектептерге, балалар үйлеріне, интернаттарға; белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталықтарына бөлу жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | -//- |
4 | Аз қамтамасыз етілген азаматтар (отбасылар) үшін: шаруашылық жүргізуші субъектілердің, қоғамдық және конфессионалдық ұйымдардың қайырмалдығы есебінен қайырымдылық түстік асын өткізуді; халықтан киім-кешектер мен аяқкиімдер қабылдау пункттерінің желісін ұйымдастыру | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Тоқсан сайын |
5 | "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу | Заң жобасы | ЕХҚМ | 2000 жылдың ІІІ тоқсаны |
6 | Репатрианттарды (оралмандарды) жұмысқа орналастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу | Бірлескен бұйрық | КДА, ЕХҚМ | -//- |
7 | Зейнетақылар мен жәрдемақыларды дер уақытында төлеуді жүзеге асыру | | ЕХҚМ, ҚарМ | |
8 | Мүгедектерді оңалту бағдарламасын әзірлеу | Үкімет қаулысының жобасы | ЕХҚМ | 2000 жылдың ІІІ тоқсаны |
9 | Мамандандырылған емдеу-алдын алу ұйымдары жанындағы емдеу -өндірістік шеберханаларында мүгедектердің еңбек терапиясын кеңейту жөніндегі іс-шараларды өткізу. Медициналық-әлеуметтік сараптау негізінде айқындалатын мүгедектерді медициналық, кәсіптік және әлеуметтік оңалту жүйесін жетілдіру | Үкіметке есеп | ДСА, ЕХҚМ | 2000 жылдың IV тоқсаны |
10 | | Үкімет қаулысының жобасы | ЕХҚМ | 2000 жылдың ІІ тоқсаны |
11 | Еңбекминіне ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2000-2001 жылдар |
12 | Белгіленген тәртіппен жасы он сегізге - кәмелетке толмаған адамдарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарын құру | | ІІМ, облыс. тардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | |
13 | Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан балаларды жалпы білім беру мектебінде оқыту кезеңінде Жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қорының қаражаты есебінен күніне бір рет тегін тамақтандыруды қамтамасыз етуді ұйымдастыру | | Жыл сайын |
1.4. Кедейлік шегі және мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек |
14 | | Заң жобасы | ЕХҚМ | 2000 жылдың ІІ тоқсаны |
2. Жұмыссыздықпен күрес - кедейлікті жеңудің негізгі шарты 2.1. Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі шаралар 2.2. Өнеркәсіпте жаңа жұмыс орындарын құру |
15 | | Үкіметке есеп | ЭИСМ, облыс. тардың, Астана және Алматы қала. ларының әкімдері | Тоқсан сайын |
2.3. Ауыл шаруашылығы |
16 | Жұмыс істемей тұрған ауыл шаруашылығы құрамаларының қызметін қалпына келтіру, ішкі және сыртқы займдар мен шағын несиелерді игеру, ауылшаруашылық ақылы қызмет көрсетулер рыногын дамыту есебінен аграрлық секторда қосымша жұмыс орындарын құру | | АШМ, облыс. тардың әкімдері | -//- |
2.4. Шағын бизнес және кәсіпкерлік |
17 | | Үкіметке есеп | СІМ ИК | Тоқсан сайын |
18 | Инвесторлармен жасалған келісім-шарттардың жағдайларына сәйкес ішкі және сыртқы займдар есебінен Қазақстан Республикасының азаматтары үшін шағын және кәсіпкерлік саласында қосымша жұмыс орындарын құру және бұрыннан бар жұмыс орындарын сақтап қалу | | ИА, облыс. тардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Тоқсан сайын |
3. Халықты жұмыспен қамтудың аймақтық саясаты |
19 | Отбасының еңбекке жарамды жастағы жұмыс істейтін бірде бір мүшесі жоқ аз қамтылған отбасыларын, оларды одан әрі жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында есепке алуды ұйымдастыру | | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Жыл сайын |
20 | Кәсіптер және оқу-курсы желілері бойынша аймақтық деректер банкін құру | Еңбекминіне ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары (департамент- тері) | 2000 жылдың IV тоқсаны |
| Ұйымдардағы бос жұмыс орны туралы деректер жинауды ұйымдастыру | Еңбекминіне ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары (департамент- тері) | |
Жұмыспен қамту мәселелері бойынша ақпараттық деректер базасын құру, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар мен еңбек рыногы жөніндегі республикалық деректер базасы арасында ақпараттар алмасуды ұйымдастыру, аумақтық органдарға жұмыспен қамту жөніндегі ақпараттық технологияларды енгізу | Нормативтік құқықтық кесімнің жобасы | ЕХҚМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
23 | Мемлекеттік білім тапсырысы бойынша оқыған оқу бітірушілерді жұмысқа орналастыру жөнінде бағдарлама әзірлеу | |
24 | | Үкіметке ақпарат | ЕХҚМ, облыстар дың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
25 | Жұмыссыздарды кәсіби оқытуды және қайта даярлауды ұйымдастыру | Еңбекминіне ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Тоқсан сайын |
4. Ішкі еңбек рыногын қорғау |
| Нормативтік құқықтық кесімнің жобасы | ЕХҚМ | 2000 жылдың ІІІ тоқсаны |
| Республика аумағында жұмыс істеу үшін жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден жалдайтын жұмыс күшін тартуға квота белгілеу | Үкімет қаулысының жобасы | ЕХҚМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Жыл сайын І тоқсанда |
5. Шағын несиелер |
28 | | Үкімет қаулысының жобасы | ЕХҚМ, "Шағын несие" ҮЕҮ (келісім бойынша) | 2000 жылдың ІІІ тоқсаны |
29 | Жол салуды және жөндеуді, ағаш отырғызуды, аймақтардың инфрақұрылымын дамытуды басымдықты бағыттар ретінде көздей отырып, қоғамдық жұмыстардың түрлерін кеңейту | Үкіметке ақпарат | ЕХҚМ, ККМ, ТОҚМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | |
30 | Жұмыспен қамтылмаған халықты қоғамдық жұмыстарға тартуды қамтамасыз ету | Үкіметке есеп | МХҚМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | -//- |
7. Бағдарламаны атқаруды құқықтық қамтамасыз ету |
31 | Республикада жұмыспен қамтудың бірыңғай мемлекеттік қызметін құру мақсатында "Мемлекеттік қызметті ұйымдастыру туралы" ХЕҰ 1948 жылғы № 88 Конвенциясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу | Заң жобасы | ЕХҚМ | 2001-2002 жылдар |
32 | | Үкіметке ұсыныс енгізу | ЕХҚМ, ИА, ӘдМ | 2000 жылдың IV тоқсаны |
33 | "Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық кесімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу | Заң жобасы | МСА, ЕХҚМ | 2000 жылдың ІІ тоқсаны |
* Орындалды
** Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан
Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді