|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 1 маусымдағы № 604 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 24.11.03 ж. № 1172; 26.11.03 ж. № 1180 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн: 1) "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 сәуiрдегі № 499 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 16, 163-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiндегi: "Басқа ұйымдар" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 55-2-жол алынып тасталсын; 2) "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 500 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 16, 164-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң Мәдениет комитетiне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың тiзбесiндегi: "Мұражайлар" бөлiмiндегi реттiк нөмiрi 19 "Алтын және қымбат бағалы металдар мұражайы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Алтын және қымбат бағалы металдар мемлекеттік мұражайы"; 3) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына: көрсетiлген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiндегi: 6 "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі" бөлiмi мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Алтын және қымбат бағалы металдар мемлекеттік мұражайы 25". 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |