|
|
|
Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң мәселелерi Қазақстан ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1130 қаулысымен күші жойылды Бұрынғы редакцияларды қара Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы" 2003 жылғы 13 қыркүйектегi № 1189 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi; 3) Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң мемлекеттік мекемелерi - аумақтық органдарының тiзбесi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігіне екi вице-министр, оның iшiнде бiреу бiрiншi вице-министр болуға рұқсат етiлсiн. 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң мемлекеттік мекемелерi - аумақтық органдары Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң мемлекеттік мекемелерi аумақтық органдары болып қайта ұйымдастырылсын. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгі қаулының осы тармағын iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн: 1) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде: реттiк нөмiрлерi 409-1, 409-4, 415-жолдар алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрлерi 416-1 және 416-2-жолдармен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі 416-1. "Жалын" республикалық әдеби-көркем журналы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны 416-2. "Елорда" баспасы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны"; 2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына: көрсетiлген қаулыға қосымшада: "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне" деген бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігіне". 5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1180 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі (бұдан әрi Министрлiк) басшылықты және заңнамада көзделген шекте ақпарат, iшкi саяси тұрақтылық салаларындағы мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. 2. Министрлiктiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары бар. 3. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Министрлiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде шоттары болады. Министрлiк өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi. Министрлiк мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға егер осыған заңнамаға сәйкес өкiметтi болса, құқылы. 5. Министрлiк өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Министрдiң бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды. 6. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. ҚР Үкіметінің 24.08.04 ж. № 891 қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 7. Министрлiктің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, "Transport tower" ғимараты. 8. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі" мемлекеттік мекемесi. 9. Министрлiктiң құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы" 2003 жылғы 13 қыркүйектегi № 1189 Жарлығы және осы Ереже болып табылады. 10. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады. Министрлiкке Министрлiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi. 2. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары 11. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi: 1) Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiгiн өз құзыретi шегiнде қамтамасыз ету және қорғау; 2) бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi қалыптастыру және мемлекеттік ақпараттық саясатты iске асыру; 3) отандық бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына көмек көрсету; 4) республиканың қоғамдық процестерiн демократияландыру қоғамдық-саяси күштерiн топтастыру жөніндегі тұжырымдамалық негiздердi әзiрлеу; 5) кiтап шығару және полиграфия саласындағы мемлекеттік саясатты жүргiзу. 12. Министрлiк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысады; 2) бұқаралық ақпарат құралдары, кiтап шығару және полиграфия саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырады; 3) мемлекет меншiгіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының қызметiн үйлестірeдi; 4) өз құзыретiнiң шегiнде әдебиеттiң әлеуметтiк маңызды түрлерi бойынша баспа бағдарламаларын, сондай-ақ қоғамдық маңызы бар iс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды қалыптастырады және бақылайды; 5) бұқаралық ақпарат құралдарын, оның iшiнде шетел аудиториясына арналғандарды да есепке алуды жүзеге асырады; 6) бұқаралық ақпарат құралдары өнiмiнiң Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтауы мәнiне мониторингтi жүзеге асырады; 7) Жерүстi телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастырады; 8) лицензиаттың теледидар және/немесе радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметiне лицензияда көрсетiлген шарттардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады; 9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою туралы куәлiктiң күшi жойылды деп тану, сондай-ақ теледидар және/немесе радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке берiлген лицензияның қызметiн тоқтата тұру туралы шешiм қабылдайды; 10) өз құзыретiне жататын салаларда Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады; 11) бұқаралық ақпарат құралдарында республиканың жалпыұлттық мемлекеттік даму стратегиясын түсiндiру мен насихаттауды қамтамасыз етедi; 12) газет-журналдық, дыбыс-бейне және өзге де отандық және шетелдiк ақпарат өнiмдерiне талдауды жүзеге асырады; 13) теледидар және радиохабарларын таратудың мемлекеттік желісін басқару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; 14) телекоммуникациялар саласында ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру үшiн техникалық құралдарды дамыту және тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа қатысады; 15) Қазақстан Республикасының аумағында таралатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алуды жүзеге асырады және олардың бiрыңғай Тiзiлiмiн жүргiзедi; 16) Министрлiк құзыретiне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бiрлестiктермен, үкiметтiк емес ұйымдармен, кәсiби одақтармен және өзгелерiмен өзара iс-қимыл жасайды; 17) Мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органының функциясын орындайды; 18) республикада болып жатқан қоғамдық-саяси процестерді жан-жақты әрi шынайы зерделеудi, қорытуды және талдауды жүргiзедi; 19) Министрлiк құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдау материалдарын, сараптама және болжамды бағаларды дайындауды жүзеге асырады; 20) әлеуметтiк, ақпараттық және коммуникативтік технологияларды әзiрлеудi және оларды мемлекет қызметiнiң әлеуметтiк маңызы бар салаларына енгізуді жүзеге асырады; 21) iшкi саяси тұрақтылықты, азаматтық бейбiтшiлiк пен келісімдi нығайтуға, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған ғылыми-практикалық iс-шараларды (конференциялар, семинарлар, мәжілістер, дөңгелек үстелдер, симпозиумдар және т.б.) өткiзедi; 22) қазақстандық ерекшелiктердi есепке ала отырып, қоғамдық пiкiрдi талдау мен модельдеудiң инновациялық әдiстерiн зерделеудi, бейiмдеудi жүргізеді; 23) баспа-полиграфия саласының жағдайын талдайды және дамуын болжайды, аталған салада маркетингтiк зерттеулер жүргiзедi; 24) отандық кiтап шығару, кiтап маркетингiнiң кәсiби деңгейiн және баспа-полиграфия өнiмдерiнiң сапасын арттыру және баспа-полиграфия саласын дамыту жөніндегі шараларды қабылдайды; 25) республикалық кiтап және полиграфия көрмелері мен жәрмеңкелерiн жүргiзудi ұйымдастырады, сондай-ақ халықаралық конференциялар, симпозиумдар мен семинарларға қатысады; 26) бұқаралық ақпарат құралдары, баспа және полиграфия ұйымдары саласындағы салалық стандарттар, техникалық шарттар мен нормативтiк-техникалық құжаттама әзiрлейдi және оларды енгізудi қамтамасыз етедi; 27) заңнамада белгiленген тәртiппен Министрлiк құзыретiне жататын салалардағы қатынастарды реттейтiн халықаралық шарттарды жасасу, орындау және олардың күшiн жою жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; 28) Министрлiк құзыретiне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 29) Министрлiктiң құзыретiне жататын қызмет саласындағы заңнаманы қолдану практикасын талдайды және қорытады, заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларын дайындауға қатысады және оларды Үкiметке енгізудi қамтамасыз етедi; 30) өз құзыретiнiң мәселелерi жөніндегі нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлейдi және бекiтедi; 31) Министрлiктiң қызметiне жататын салаларда салалық бағдарламаларды әзiрлейдi және олардың iске асырылуын қамтамасыз етедi; 32) Министрлiктiң қарамағындағы ұйымдардың қызметiн үйлестiредi; 33) Министрлiкке заңнамамен жүктелген өзге де функциялар. 13. Министрлiктiң негiзгi мiндеттер мен функцияларды iске асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан Министрлiктiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпарат сұратуға; 2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік ақпарат саясатының негiзгi бағыттары, қоғамдық-саяси процестер, кiтап шығару мен полиграфияны дамыту және жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге; 3) Министрлiктiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ведомствоаралық үйлестiрудi және бақылауды жүзеге асыруға; 4) өзіне берiлген мүлiктi пайдалану және иелену құқығын жүзеге асыруға; 5) лицензиялауды және лицензиаттардың лицензиялық мiндеттемелердi сақтау жөніндегі қызметiн бақылауды жүзеге асыруға; 6) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, тарату мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгізуге; 7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мерзiмді баспасөз басылымдарының бақылау даналарын тегiн алуға; 8) заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 14. Министрлiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. Министрлiктiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Министрлiктiң теңгерiмiнде көрсетiлген өзге де мүлiктен тұрады. 15. Министрлiкке бекітілген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 16. Министрлiктiң өзiне бекітілген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзге де тәсiлмен иелiк етуiне құқығы жоқ. Министрлiкке республика заңнамасында белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке иелiк ету құқығы берiлуi мүмкiн. 4. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру 17. Министрлiк, оның аумақтық органдары және ведомстволық бағыныстағы ұйымдары Ақпарат министрлігінiң бiрыңғай жүйесiн құрады. 18. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады. Министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министрдiң екi вице-министр - орынбасарлары оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министрi болады. 19. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады әрi оған басшылық жасайды, Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi. 1) өзiнiң орынбасарлары мен Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi; 2) заңнамаға сәйкес және өз құзыретi шегiнде Министрлiктiң қызметкерлерiн, аумақтық органдар мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 3) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Министрлiктi бiлдiредi; 4) заңнамада белгiленген тәртiппен Министрлiк қызметкерлерiн және аумақтық органдар басшыларын көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету және тәртiптiк жаза қолдану мәселелерiн шешедi; 5) Министрлiктiң мемлекеттік кәсiпорындарды қоспағанда, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық бөлiмшелерi туралы жарғыларын және/немесе ережелерiн бекiтедi; 6) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен штат санының лимитi шегiнде Министрлiктiң және оның аумақтық органдарының құрылымы мен штат санын белгiлейдi; 7) Министрлiктiң аумақтық органдарының басшылары кесiмдерiнiң күшiн толығымен не ішінара жояды немесе тоқтата тұрады; 8) өз құзыретi шегiнде бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi; 9) Министрлiктiң жұмыс регламентiн бекiтедi; 10) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 21. Министрлiктiң Министр жанындағы консультативтiк-кеңесшi органы болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Министр бекiтедi. 5. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату 22. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1180 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi ҚР Үкіметінің 16.02.04 ж. № 179; 24.08.04 ж. № 891 (бұр. ред. қара) қаулыларымен тізбе өзгертілді Полиграфия ұйымдары "Мектеп" баспасы ЖШС "Алатау" баспа-полиграфия корпорациясы" ААҚ "Қарағанды полиграфиясы" ААҚ "Қазақ энциклопедиясы" ЖАҚ "Елорда" баспасы" РМК "Баспалар үйi" АҚ "Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кiтап палатасы" MM Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ұйымдар "Қазақстан" Республикалық Телерадиокорпорациясы" АҚ "Хабар" агенттiгi" АҚ "Егемен Қазақстан" республикалық газетi" ААҚ "Казахстанская правда" республикалық газетi" ЖАҚ "Қазақ газеттерi" ЖАҚ "Жас өркен" ААҚ "Жалын" республикалық әдеби-көркем журналы" РМҚК "Қазбаспасөз" ААҚ "Қазақ ақпарат агенттiгi" ұлттық компаниясы" ААҚ Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1180 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi Ақмола облысы 1. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң Ақмола облысы бойынша Ақпарат басқармасы Ақтөбе облысы 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң Ақтөбе облысы бойынша Ақпарат басқармасы Алматы облысы 3. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң Алматы облысы бойынша Ақпарат басқармасы Атырау облысы 4. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң Атырау облысы бойынша Ақпарат басқармасы Шығыс Қазақстан облысы 5. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ақпарат басқармасы Жамбыл облысы 6. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң Жамбыл облысы бойынша Ақпарат басқармасы Батыс Қазақстан облысы 7. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң Батыс Қазақстан облысы бойынша Ақпарат басқармасы Қарағанды облысы 8. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң Қарағанды облысы бойынша Ақпарат басқармасы Қызылорда облысы 9. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң Қызылорда облысы бойынша Ақпарат басқармасы Қостанай облысы 10. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң Қостанай облысы бойынша Ақпарат басқармасы Маңғыстау облысы 11. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң Маңғыстау облысы бойынша Ақпарат басқармасы Павлодар облысы 12. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң Павлодар облысы бойынша Ақпарат басқармасы Солтүстiк Қазақстан облысы 13. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ақпарат басқармасы Оңтүстiк Қазақстан облысы 14. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша Ақпарат басқармасы Астана қаласы 15. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң Астана қаласы бойынша Ақпарат басқармасы Алматы қаласы 16. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң Алматы қаласы бойынша Ақпарат басқармасы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1180 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Yкіметінiң күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi 1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 499 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 16, 163-құжат). 2. "Жедел басу баспаханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 18 маусымдағы № 803 қаулысы 3-тармағының 2) тармақшасы. 3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 2 тамыздағы № 1093 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлген өзгерістер мен толықтырулардың 21-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 40, 343-құжат). 4. "Өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 наурыздағы № 351 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 13-14, 135-құжат). 5. "Қазақстан халқы тарихи-мәдени мұрасының кейбір объектiлерiн сақтау жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 24 мамырдағы № 779 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 23, 271-құжат). 6. "Жас өркен" ашық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 26 шiлдедегi № 1110 қаулысы 3-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 30, 374-құжат). 7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 28 қазандағы № 1626 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 44-45, 531-құжат). 8. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң "Рауан" республикалық баспасы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1701 қаулысы 3-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 47-48, 558-құжат). 9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 499 және 2000 жылғы 31 тамыздағы № 1328 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1807 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 54, 594-құжат). 10. "Ғылым" ғылыми-баспа орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 20 қаңтардағы № 88 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлген өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 1-2, 23-құжат). 11. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 499 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 18 мамырдағы № 656 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 18, 231-құжат). 12. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 28 қазандағы № 1366 қаулысы. 13. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң "Мектеп" ашық акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 қазандағы № 1383 қаулысы 3-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 36-37, 486-құжат). 14. "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң Қазақ ақпарат агенттiгi (ҚазААГ)" республикалық қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 8 қарашадағы № 1186 қаулысы 3-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 39, 402-құжат). 15. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1441 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 49, 489-құжат). 16. "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң "Елорда" Ақмола мемлекеттік баспасы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 35 қаулысы 3-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 1, 13-құжат). 17. "Жалын" республикалық әдеби-көркем журналы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 9 сәуірдегі № 341 қаулысы 5-тармағының 2-тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 16, 163-құжат). 18. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 27 тамыздағы № 872 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы. 19. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң "Өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 8 қыркүйектегi № 906 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |