|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1180 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 499 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 16, 163-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде: "Бұқаралық ақпарат құралдарының ұйымдары" деген бөліміндегі реттік нөмірі 45-жол алынып тасталсын; 2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына: көрсетілген қаулыға қосымшада: мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 269-жолмен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты 269. "Заң" акционерлік компаниясы ААҚ". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |