|
|
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 30 шілдедегі № 853 қаулысымен осы қаулының күші жойылды "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкімет қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі туралы ереже; 2) алынып тасталды 3) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін. ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093; 18.05.01 ж. № 656; 28.10.01 ж. № 1366 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне үш вице-министр, соның ішінде бір бірінші болуға рұқсат етілсін. ҚР Үкіметінің 28.10.01 ж. № 1366 қаулысымен 3-тармақ алып тасталды 3. алынып тасталды 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті бір ай мерзімде заңдарда белгіленген тәртіппен "Казахстанская правда" республикалық газеті" ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарының Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне берілуін қамтамасыз етсін. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдерінің күші жойылған деп танылсын: 1)"Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің (АҚКМ) Ережесі мен құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 31 қазандағы № 1474 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 47, 441-құжат); 2) "Казахстанская правда" республикалық мемлекеттік газеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнын акционерлік қоғамға айналдыру және акцияларының мемлекеттік пакетінің бір бөлігін жекешелендіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 қазандағы № 1050 қаулысының 5-тармағы; 3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 қарашадағы № 1403 қаулысының күші жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 желтоқсандағы № 1348 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 49, 457-құжат). 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 499 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі туралы Ереже 1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 1-тармақ толықтырылды; ҚР Үкіметінің 27.08.03 ж. № 872 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара) 1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім аясында басшылықты жүзеге асыратын, мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің орталық атқарушы органы болып табылады. Министрлiктiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық бөлiмшелерi және мынадай ведомстволары болады: Мәдениет комитетi, Мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару жөніндегі комитетi. 2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның заңдарға сәйкес өз балансында мүлкі, банкте шоттары, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері болады. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Егер Министрлікке заңдарға сәйкес уәкілеттік берілген болса, онда ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқылы. 4. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен Министрдің бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды. ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда 5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының ?кіметi бекiтедi. 6. Министрліктің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 22. ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда 7. Министрлiктiң толық атауы - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлiгі" мемлекеттік мекемесi. 8. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады. 9. Министрліктің қызметі тек мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Министрлікке Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Министрлікке табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған табыс республикалық бюджеттің кірісіне аударылады. 2. Министрліктің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары ҚР Үкіметінің 27.08.03 ж. № 872 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара) 10. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 1) қазақтың ұлттық мәдениетін өркендету, сақтау, дамыту мен оның таралуын қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа ұлттық мәдениеттерді сақтау, дамыту және олардың таралуына қамқорлық жасау; 2) Қазақстанның мәдени-рухани дамуының үздік жетістіктері мен үлгілерін насихаттауға бағытталған кең ауқымды мәдени акциялар өткізу; 3) қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасының даму стратегиясын түсіндіру және насихаттау; 4) елімізде болып жатқан қоғамдық-саяси процестер мен олардың даму тенденцияларын жан-жақты әрі жете зерттеу, қорыту және талдау; 5) мемлекеттік органдардың мұрағат ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі мен құжаттаудың бір ізді жүйесін дамыту саласындағы қызметін үйлестіру. ҚР Үкіметінің 05.12.00 ж. № 1807; 27.08.03 ж. № 872 қаулыларымен 11-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара) 11. Министрлік өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) елді дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтарына сәйкес мәдениет және өнер, бұқаралық ақпарат, тілдерді дамыту, сондай-ақ мемлекеттік жастар, ұлттық саясатты жүзеге асырады; 2) мемлекет меншігіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіреді; 3) мәдени-тарихи мұралардың сақталуын қамтамасыз етеді; 4) тарихи, материалдық және рухани мәдениеттің ескерткіштерін есепке алу, қорғау, қалпына келтіру, пайдалану және насихаттау бойынша басшылық жасайды; 5) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді және тереңдетеді; 6) Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша таяу және алыс шетелдердегі қазақ диаспорасына көмек көрсетеді; 7) газеттер, журналдар және телерадио хабарлары үшін, сондай-ақ өнер туындыларын, әдебиеттің әлеуметтік маңызы бар түрлері бойынша баспа бағдарламаларын жасауға мемлекеттік тапсырыстарды, сондай-ақ қоғамдық маңызды шараларды қалыптастырады және өз құзыретінің шегінде олардың орындалуын бақылайды; 8) өз құзыретіндегі мәселелер жөніндегі заңдарды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді; 9) газет-журнал, аудио-бейне кітап және басқа отандық және шетел ақпарат өнімдерін талдайды; 10) теледидар мен радио хабарларын таратудың мемлекеттік желісін басқару жұмысын ұйымдастырады, телекоммуникация тарапынан көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін техникалық құралдарды дамыту мен тиісті пайдалануды қамтамасыз ету жұмысына қатысады; 11) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарын, оның iшiнде шетел аудиториясына арналғандарды да есепке алуды жүзеге асырады; 12) Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуын жүзеге асырады; 13) ұлтаралық қатынастарды үйлестіруге, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған шараларды жүзеге асырады; 14) алынып тасталды 15) Қазақстан Республикасындағы ономастикалық және терминологиялық жұмысты үйлестіреді; 16) министрліктердің, агенттіктердің, ведомстволардың және жергілікті атқарушы органдардың Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер жөніндегі қызметін үйлестіреді; 17) мәдениет саласындағы отандық өнімдер мен қызмет көрсетулердің рыногын зерттеу, талдау және болжау жөнінде жұмыс жүргізеді; 18) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру, сақтау, жабдықтау, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; 18-1) жер үстi телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткізу жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастырады; 18-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бұқаралық ақпарат құралдардың есепке алу туралы куәлiктiң күшi жойылды деп тану туралы шешiм қабылдайды; 18-3) Мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органының функциясын орындайды; 18-4) Қазақстан Республикасының аумағына тарайтын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алуды жүзеге асырады және олардың бiрыңғай Тiзiлiмiн жүргiзедi; 19) өзіне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 12. Негізгі міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін Министрлік заңдарда белгіленген тәртіппен: 1) мемлекеттік органдардан, басқа ұйымдардан және азаматтардан Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат сұратуға; 2) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға, сондай-ақ өз құзыретінің шегінде өз құзыретіндегі мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және бекітуге; 3) ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, тарату жөнінде ұсыныстар жасауға; 4) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тегін баспасөз басылымдарының бақылау даналарын алуға; 5) мәдени құндылықтардың заңсыз шетке әкетілуіне және оларға меншік құқығын басқаға беруге тосқауыл жасауға, сондай-ақ заңдарда белгіленген жағдайларда мәдениет саласындағы қызметті шектеуге; 6) мемлекеттік ведомстволық, жеке меншік мұрағаттарда мұрағат ісі жөніндегі заңдардың сақталуына мемлекеттік тексеріс жасауға; 7) өзіне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 13. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшау мүлкі болады. Министрліктің мүлкі өзіне мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Министрліктің балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады. 14. Министрлікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады. 15. Министрлікке бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. Министрлікке республика заңдарында белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін. 4. Министрліктің қызметін ұйымдастыру ҚР Үкіметінің 28.10.01 ж. № 1366 қаулысымен 16-тармақ өзгертілді 16. Министрліктің Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады. Министрдің Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары - үш вице-министрлері, соның ішінде бір бірінші болады. 17. Министр Министрліктің жұмысын ұйымдастырады әрі оған басшылық жасайды және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді. ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093; 28.10.01 ж. № 1366; 27.08.03 ж. № 872 (бұрынғы ред. қара) қаулыларымен 18-тармақ өзгертілді 18. Министр осы мақсатта: 1) вице-министрлердің және Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді; 2) заңдарға сәйкес және өз құзыретінің шегінде Министрліктің қызметкерлерін, аумақтық бөлiмшелердiң және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 3) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Министрлікті білдіреді; 4) заңдарда белгіленген тәртіппен Министрліктің қызметкерлеріне және Министрлiктiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдарының басшыларына тәртіптік жаза қолданады; 5) Министрлiктiң мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерi туралы жарғыларын және/немесе ережелерiн бекітедi; 6) Қазақстан Республикасының ?кіметi бекiткен штат санының лимитi шегінде Министрлiк пен оның аумақтық органдарының құрылымы мен штат санын белгiлейдi; 7) өз құзыретінің шегінде бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді; 7-1) Министрлiктiң аумақтық органдары басшылары кесiмдерiнiң күшiн жояды не оларды толығымен немесе олардың бiр бөлiгiн тоқтата тұрады; 8) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 19-тармақ жаңа редакцияда 19. Министрлiкте Министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Министр бекiтедi. 5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату 20. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің құрылымы күшін жойды Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 499 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің қарауындағы ұйымдардың Тізбесі ҚР Үкіметінің 18.06.99 ж. № 803; 03.03.00 ж. № 351; 24.05.00 ж. № 779; 26.07.00 ж. № 1110; 28.10.00 ж. № 1626; 13.11.00 ж. № 1701; 20.01.01 ж. № 88; 31.10.01 ж. № 1383; 08.11.02 ж. № 1186; 29.12.02 ж. № 1441; 17.01.03 ж. № 35; 09.04.03 ж. № 341 қаулыларымен тізбе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 27.08.03 ж. № 872 қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара); ҚР Үкіметінің 08.09.03 ж. № 906 қаулысымен тізбе өзгертілді 1. Полиграфия ұйымдары "Мектеп" баспасы. "Алатау" БПК. Қарағанды полиграфиясы. Қазақ энциклопедиясы. "Елорда" баспасы. 2. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ұйымдар "Қазақстан" Республикалық Телерадиокорпорациясы" ЖАҚ. "Хабар" Агенттігi" ЖАҚ. "Егемен Қазақстан" Республикалық газетi" ААҚ. "Казахстанская правда" Республикалық газетi" AAҚ. "Қазақ газеттерi" ЖАҚ. "Жас өркен" ААҚ. "Қазақ ақпараттық агенттiгi" Ұлттық компаниясы ААҚ. "Қазбаспасөз" ААҚ. "Абай" журналы" РМК. "Жалын" республикалық әдеби-көркем журналы" РМҚК. 3. Мәдениет саласындағы ұйымдар Театрлар Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры. Күләш Байсейiтова атындағы ұлттық опера және балет театры. М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры. Ю.М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры. Ғ.Мүсiрепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспiрiмдер драма театры. Н.Сац атындағы академиялық орыс балалар мен жасөспiрiмдер театры. Республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры. Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры. Республикалық немiс драма театры. Мемлекеттік қуыршақ театры. Концерттік ұйымдар Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы. "Қазақконцерт" мемлекеттік гастрольдiк-концерттiк бiрлестiгi. Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi. Қазақстан Республикасының "Салтанат" мемлекеттік би ансамблi. "Қазақстан камератасы" мемлекеттік классикалық музыка ансамблi. Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры. "Гүлдер" ансамблi. Мұражайлар Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық мұражайы. Әбiлхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайы. Мемлекеттік алтын және бағалы металдар мұражайы. Ықылас атындағы республикалық музыкалық халық аспаптар мұражайы. Бiрегей музыкалық шектi аспаптар мемлекеттік коллекциясы. Республикалық кiтап мұражайы. Көркем көрмелер дирекциясы. Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсiреповтың мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражай кешенi. Қазақстан Республикасының Президенттiк мәдени орталығы. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы. Кино Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық компаниясы. Тарихи-мәдени қорықтар Отырар мемлекеттік археологиялық қорығы. "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығы. "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғат қорығы. "Әзiрет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы. Абай атындағы мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорығы. "Көне Тараз ескерткiштерi" мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы. Кiтапханалар Қазақстан Республикасының ұлттық кiтапханасы. Жамбыл атындағы мемлекеттік республикалық жасөспiрiмдер кiтапханасы. С.Бегалин атындағы мемлекеттік республикалық балалар кiтапханасы. Республикалық зағип және нашар көретiн азаматтар кiтапханасы. 4. Мұрағаттар Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағаты 5. Өзге де ұйымдар Республика Сарайы. Республикалық мемлекеттік жөндеу-құрылыс және қайта қалпына келтiру басқармасы. Материалдық мәдениет ескерткiштерiнiң ғылыми-зерттеу және жобалау институты. Қазақстан Республикасында мәдениет пен өнердi мемлекеттік қолдау қоры. Мәдениет пен өнертану қазақ ғылыми-зерттеу институты. Республикалық және халықаралық мәдени бағдарламаларының дирекциясы. "Баспалар үйi" АҚ Республикалық мемлекеттік тiлдi жылдамдатып оқыту орталығы. Мемлекеттік кiтап баспасы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |