|
|
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң «Өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң «Өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Баспалар үйi» акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігімен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) Жарғыны бекіту кезiнде Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi бұқаралық ақпарат құралдары, баспа және полиграфия саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру деп айқындасын; 2) Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 3) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын. 3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі № 906 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде: «Алматы қаласы» деген бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-84-жолмен толықтырылсын: «123-84. «Баспалар үйi» АҚ». 3. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына: көрсетiлген қаулыға қоса берiлген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерiнiң тiзбесiнде: «Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 224-23-жолмен толықтырылсын: «224-23. «Баспалар үйi» АҚ». ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1180 қаулысымен 4-тармақтың күші жойылды 4. «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 499 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 16, 163-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде: «Басқа ұйымдар» деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 55-1-жол мынадай редакцияда жазылсын: «55-1. «Баспалар үйi» АҚ».
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |