|
|
|
«Ғылым» ғылыми-баспа орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны туралы (2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Ғылым және ғылыми еңбектер мен ғылыми әдебиеттi басып шығаруды қамтамасыз ету саласындағы баспа базасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiмет ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Ғылым» ғылыми-баспа орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң қарамағынан Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң қарамағына берiлсiн. 2. Кәсiпорынға қатысты мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі: 1) Кәсiпорынның жарғысына тиiстi өзгерістер енгiзсiн және оның мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн. 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2001 жылғы 20 қаңтардағы № 88 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізілетiн өзгерістер мен толықтырулар 1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншiк объектiлерiн жекешелендiру мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 10 желтоқсандағы № 1271 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 48, 426-құжат): 1) Республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға жатқызылған кәсiпорындардың тiзбесiндегi реттiк нөмiрi 8-жол алынып тасталсын; 2) көрсетiлген қаулымен бекітілген 1998-1999 жылдары жекешелендiруге жататын республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiндегi реттiк нөмiрi 21-жол алынып тасталсын. 3. ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1180 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 4. ҚР Үкіметінің 28.11.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |