|
|
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгінiң «С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы
«2000-2001 жылдары жекешелендiруге жататын республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 17 маусымдағы № 912 қаулысы мен «Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етiп қайта ұйымдастырудың тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 18 тамыздағы № 1191 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң «С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен «С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетi» жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен: 1) Қоғам жарғысын бекіту кезiнде оның қызметiнiң негiзгi мәнi: аграрлық сектор мен экономиканың басқа салалары үшiн жоғары біліктi мамандар даярлау және қайта даярлау; аграрлық сектор мен экономиканың басқа салаларында iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу деп айқындасын; 2) Қоғамды мемлекеттік тiркеуден өткiзгеннен кейiн белгіленген тәртiппен шығарылған жарғылық капиталдың жалпы мөлшерiнің 25 пайызынан аспайтын сомаға акциялардың келесi эмиссиясын шығару жолымен оның жарғылық капиталын ұлғайту шараларын қабылдасын. Акциялардың келесi эмиссиясын орналастыруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы № 1191 қаулысымен бекітілген Республикалық меншіктегі жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етiп қайта ұйымдастырудың тәртібіне сәйкес жүргізсін; ҚР Үкіметінің 03.08.04 ж. № 829 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред. қара) 4) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігіне берсiн; 5) осы қаулыны iске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын. 3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Yкіметінiң 2001 жылғы 15 маусымдағы № 821 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерiне енгiзілетiн өзгерістер мен толықтырулар 1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiндегi: «Астана қаласы» бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-13-жолмен толықтырылсын: «21-13. «С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетi» ЖАҚ». 3. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына: көрсетілген қаулымен бекітілген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесіндегі: «Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігіне» бөлiмi мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-13-жолмен толықтырылсын: «222-13. С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетi» ЖАҚ». 4. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |