|
|
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекітілсін. 2. Осы қаулы 2002 жылғы 4 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 44 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бюджеттік бағдарлама әкімшісі Паспорт Зейнетақы бағдарламасы (бюджеттік бағдарламаның атауы) 2002 жылға арналған 1. Құны: 120432800 мың теңге (жүз жиырма миллиард төрт жүз отыз екі миллион сегіз жүз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-1 Заңы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2001 жылғы 25 наурыздағы № 17-11 бұйрығымен бекітілген Зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен Орталықтан төленетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды тағайындауды және төлеуді ұйымдастырудың тәртібі туралы Нұсқаулық 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: Республикалық бюджет. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мемлекет кепілдік берген жасына байланысты әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты міндеттемелерді орындау. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тағайындалған зейнетақы төлемдерін жыл сайын зейнетақылар мөлшерлерін арттыруды ескере отырып уақытылы төлеу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Зейнеткерлік жасына жеткен адамдарды ай сайынғы табыспен қамтамасыз ету, бұл ретте олардың күтілетін орташа жылдық саны 1726869 адамды құрайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 44 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Паспорт Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар (бюджеттік бағдарламаның атауы) 2002 жылға арналған 1. Құны: 34167235 мың теңге (отыз төрт миллиард жүз алпыс жеті миллион екі жүз отыз бес мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы № 126-1 Заңы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2001 жылғы 25 наурыздағы № 17-б бұйрығымен бекітілген Зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды және мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды Орталықтан тағайындауды және төлеуді ұйымдастырудың тәртібі туралы нұсқаулық. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: Республикалық бюджет. 4. Бюджеттік бағдарламаның міндеті: Мемлекет кепілдік берген жасына байланысты, мүгедектігі, асыраушысынан айрылуы бойынша әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты міндеттемелерді Заңда белгілеген мөлшерлерде қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды уақытылы төлеу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Мүгедектігі, асыраушысынан айрылып қалған отбасыларды және қартаң жастағы азаматтарды ай сайынғы табыспен қамтамасыз ету. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушылардың күтіліп отырған орташа жылдық саны 684873 адамды құрайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 44 қаулысына 3-қосымша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бюджеттік бағдарлама әкімшісі Паспорт Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (бюджеттік бағдарламаның атауы) 2002 жылға арналған 1. Құны: 5819542 мың теңге (бес миллиард сегіз жүз он тоғыз миллион бес жүз қырық екі мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі № 365 Заңы, "Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: Республикалық бюджет. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қорғау. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды уақытылы төлеу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Азаматтардың жекелеген санаттарын қосымша ай сайынғы табыспен қамтамасыз ету. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды алушылардың күтіліп отырған орташа жылдық саны 147297 адамды құрайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 44 қаулысына 4-қосымша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бюджеттік бағдарлама әкімшісі Паспорт Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы (бюджеттік бағдарламаның атауы) 2002 жылға арналған 1. Құны: 567300 мың теңге (бес жүз алпыс жеті миллион үш жүз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: "Жерасты және ашық кен жұмыстарында істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі № 414-1 Заңы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2001 жылғы 25 наурыздағы № 17-б бұйрығымен бекітілген Орталықтан төленетін Зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді ұйымдастырудың тәртібі туралы нұсқаулық. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: Республикалық бюджет. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мемлекеттік кепілдікті міндеттерін Заңда белгілеген мөлшерде қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарында істеген стажы бар және жәрдемақы алуға құқығы бар адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды уақытылы төлеу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарында белгіленген стажы бар адамдарды ай сайын кіріспен қамтамасыз ету. Жәрдемақылар алушылардың күтіліп отырған орташа жылдық саны 7180 адамды құрайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 44 қаулысына 5-қосымша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Паспорт Жерлеуге арналған жәрдемақы (бюджеттік бағдарламаның атауы) 2002 жылға арналған 1. Құны: 1827745 мың теңге (бір миллиард сегіз жүз жиырма жеті миллион жеті жүз қырық бес мың теңге). ҚР Үкіметінің 02.11.02 ж. № 1161 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің "Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заң күші бар Жарлығы, 32-бабы; "Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы № 136-1 Заңы, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-1 Заңы, 8-бабы; Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңы, 7-бабы; Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2001 жылғы 25 наурыздағы № 17-11 бұйрығымен бекітілген Зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен Орталықтан төленетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды тағайындауды және төлеуді ұйымдастырудың тәртібі туралы Нұсқаулық. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: Республикалық бюджет. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қосымша әлеуметтік көмек. ҚР Үкіметінің 02.11.02 ж. № 1161 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларды жерлеуге арналған жәрдемақыларды және жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды уақытылы төлеу. ҚР Үкіметінің 02.11.02 ж. № 1161 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 02.11.02 ж. № 1161 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді 7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қайтыс болуына байланысты зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қолдау. Жерлеуге арналған жәрдемақы және жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақылар алушылардың күтіліп отырған орташа жылдық саны 131760 адамды құрайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 44 қаулысына 6-қосымша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бюджеттік бағдарлама әкімшісі Паспорт Біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы (бюджеттік бағдарламаның атауы) 2002 жылға арналған 1. Құны: 601000 мың теңге (алты жүз бір миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 1788 Заңы, 12-бап. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: Республикалық бюджет. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қосымша әлеуметтік қорғау. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен, мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алушы зейнеткерлерге ақшалай өтемақы төлеу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау. Біржолғы ақшалай өтемақыларды алушылардың күтіліп отырған орташа жылдық саны 46666 адамды құрайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 44 қаулысына 7-қосымша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бюджеттік бағдарлама әкімшісі Паспорт Заңды тұлға қызметін тоқтатқан жағдайда мемлекетке сотпен жүктелген адам өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу ______________________________________________ (бюджеттік бағдарламаның атауы) 2002 жылға арналған 1. Құны: 567000 мың теңге (бес жүз алпыс жеті миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: 1999 жылғы 1 шілдедегі № 409-1 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім, 945-бап, 3-тармақ). 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: Республикалық бюджет. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мемлекеттің міндеттемелерін орындау. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Заңды тұлға қызметін тоқтатқан жағдайда мемлекетке сотпен жүктелген адам өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер - заңды тұлға қызметін тоқтатқан жағдайда адам өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі мемлекеттің міндеттемелерін орындау.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |