|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысына: көрсетiлген қаулының қосымшасында: IV "Шығындар" бөлiмiнде: 12 "Көлiк және байланыс" функционалдық тобында: 1 "Автомобиль көлiгi" iшкi функциясында: 215 "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі" әкiмшiсi бойынша: 036 "Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы және қайта жаңарту" бағдарламасында: 035 "Астана - Бурабай автомобиль жолының учаскесiн қайта жаңарту" кiшi бағдарламасында "3 400 000" деген сан "3 320 000" деген санмен ауыстырылсын; 040 "Лениногорск қаласы - Алтай Республикасы шекарасы автомобиль жолының құрылысы" кiшi бағдарламасында "300 000" деген сан "240 000" деген санмен ауыстырылсын; 044 "Қызылорда қаласы маңындағы Сырдария өзенi арқылы өтетiн көпiр" кiшi бағдарламасында "293 000" деген сан "253 000" деген санмен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 059 және 048-кiшi бағдарламалармен толықтырылсын: "059 Оңтүстiк Қазақстан облысындағы Бағыс ауылына автожол салу 150 000; 048 Бейнеу - Ақжiгiт - Өзбекстан шекарасы автомобиль жолын қайта жаңарту 30 000"; 060 "Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңарту жөніндегі жобалау-iздестiру жұмыстары" бағдарламасында: 030 "Ресей Федерациясының шекарасы - Орал - Ақтөбе" автожолын қайта жаңарту жобасын дайындау" кiшi бағдарламасында "100 000" деген сан "86 000" деген санмен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 038-кiшi бағдарламамен толықтырылсын: "038 "Бейнеу - Ақжiгiт - Өзбекстан шекарасы" автожолын қайта жаңарту жобасын дайындау 14 000"; 2) "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 122 қаулысына: көрсетiлген қаулының 7-қосымшасында: 5-тармақта "Сырдария өзенi арқылы көпiрдi салу" деген сөздерден кейiн ", Оңтүстiк Қазақстан облысындағы Бағыс ауылына автожол салу "Бейнеу Ақжiгiт - Өзбекстан шекарасы" автожолын қайта жаңарту" деген сөздермен толықтырылсын; 6-тармақ осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 7-тармақта: 3) тармақшада: "62" деген сан "22" деген санмен ауыстырылсын; "жол бетiн салу - 4 км" деген сөздер алынып тасталсын; 4) тармақшада "17" деген сан "10" деген санмен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын: "5) Оңтүстiк Қазақстан облысындағы Бағыс ауылына автожол салу, оның iшiнде: жобалау-iздестiру жұмыстары; жер төсемiн салу - 86,6 мың м3; жол бетiн салу - 8 км; жасанды құрылыстар салу - 33 дана; көпiрлер салу - 2 дана; 6) "Бейнеу - Ақжiгiт - Өзбекстан шекарасы" автомобиль жолын қайта жаңарту: - жер төсемiн салу - 47,1 мың м3."; көрсетiлген қаулының 23-қосымшасында: 6-тармақ осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 7-тармақтың екiншi абзацы "жолдарын қайта жаңарту" деген сөздердiң алдынан "Бейнеу - Ақжiгiт - Өзбекстан шекарасы" автожолын қайта жаңарту жобасын дайындау" деген сөздермен толықтырылсын. 2. Бiр көзден алу тәсiлiмен мыналар бас мердiгер болып анықталсын: Оңтүстiк Қазақстан облысындағы Бағыс ауылына автомобиль жолын салу және "Бейнеу - Ақжiгiт - Өзбекстан шекарасы" автомобиль жолын қайта жаңартуды бастау бойынша - "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсiпорны; "Бейнеу - Ақжiгiт - Өзбекстан шекарасы" автомобиль жолын қайта жаңарту жобасын дайындау бойынша - "Қазжолжоба" ААҚ (Астана қ.). 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 994 қаулысына 1-қосымша "6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 994 қаулысына 2-қосымша "6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |