|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 1996 және 2000 жылғы 7 қаңтардағы (2011.15.02. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыны (келiсудi) дайындау жөніндегі нұсқаулық туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 1996 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 58, 570-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыны (келiсудi) дайындау жөніндегі нұсқаулықта 2-тармақтың екiншi абзацындағы «Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігіне» деген сөздер «Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтың төртiншi абзацындағы, 3-тармақтың екiншi абзацындағы «Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне» деген сөздер, 4-тармақтың бiрiншi абзацындағы «Энергетика, индустрия және сауда министрлігі» деген сөздер тиiсiнше «Көлiк және коммуникациялар министрлігіне», «Көлiк және коммуникациялар министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) ҚР Үкіметінің 2011.15.02. № 141 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |