|
|
|
Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі кешенiн мемлекеттік ҚР Үкіметінің 2005.22.06. № 614 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсiбi кешенiн мемлекеттік басқару жүйесiн әрi қарай жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсiбi кешенi мәселелерi жөніндегі комиссия құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсiбi кешенi мәселелерi жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Yкіметінiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 43 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсiбi кешенi мәселелерi жөніндегі комиссияның құрамы ҚР Үкіметінің 20.05.03 ж. № 467; 08.11.03 ж. № 1117 қаулыларымен құрам өзгертілді Мыңбаев - Қазақстан Республикасы Премьер- Сауат Мұхаметбайұлы Министрінің орынбасары, төраға Мәсiмов - Қазақстан Республикасы Кәрiм Қажымқанұлы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға Мамин - Қазақстан Республикасы Индустрия Асқар Ұзақбайұлы және сауда бiрiншi вице-министрi, төрағаның орынбасары Андрющенко - Қазақстан Республикасының Индустрия Александр Иванович және сауда бiрiншi вице-министрi, төрағаның орынбасары Жиенбаев - Қазақстан Республикасының Индустрия Ринат Сұлтанұлы және сауда министрлігі Қорғаныс өнеркәсiбi комитетiнiң төрағасы, хатшы Коржова - Қазақстан Республикасының Экономика Наталья Артемовна және бюджеттік жоспарлау вице- министрi Әбусейiтов - Қазақстан Республикасының Қайрат Қуатұлы Сыртқы iстер бiрiншi вице-министрi Рақымбеков - Қазақстан Республикасының Боран Ғизатұлы Әдiлет бiрiншi вице-министрi Божко - Қазақстан Республикасының Ұлттық Владимир Карпович қауiпсiздiк комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары (келісім бойынша) Жәмішев - Қазақстан Республикасының Болат Бидахметұлы Қаржы бiрiншi вице-министрi Қасымов - Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Әлiбек Хамитұлы Кеңесi Хатшысының орынбасары (келісім бойынша) Отто - Қазақстан Республикасының Иван Иванович Iшкi iстер вице-министрi Поспелов - Қазақстан Республикасы Николай Николаевич Қорғаныс министрінің орынбасары Комаров - Қазақстан Республикасы Қаржы Геннадий Григорьевич министрлiгінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары Метте - "Қазақстан-инжиниринг" ұлттық Виталий Леонидович компаниясы ААҚ-ның президентi, хатшы Меркель - Қазақстан Республикасының Иоган Давидович Әдiлет бiрiншi вице-министрi Өзбеков - Қазақстан Республикасының Қаржы Ғани Нұрмаханбетұлы вице-министрi Өтембаев - Қазақстан Республикасының Ерік Мылтықбайұлы Қауiпсiздiк Кеңесi Хатшысының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк Кеңесi Хатшылығының меңгерушiсi (келісім бойынша) Сүлейменов - Қазақстан Республикасы iшкi Қайырбек Шошанұлы әскерлерiнiң қолбасшысы - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Iшкi әскерлер комитетiнiң төрағасы Нұриманов - Қазақстан Республикасының Ұлттық Мақсұт Әнуарбекұлы қауiпсiздiк комитетi төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Оразбақов - "Қазақстан инжиниринг" ұлттық Ғалым Iзбасарұлы компаниясы" ашық акционерлік қоғамының президентi (келісім бойынша), хатшы; Үкіметінiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 43 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының корғаныс-өнеркәсiбi кешенi мәселелерi жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ І. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсiбi кешенi мәселелерi жөніндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелерiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсiбi кешенiн (бұдан әрi - ҚӨК) дамытудың негiзгi бағыттарына қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесушi орган болып табылады. 2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулыларын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. II. Комиссияның негiзгi мiндеттерi 3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi: 1) Қазақстан Республикасының өзiндiк, сондай-ақ сыртқы саяси, экономикалық және әскери мүдделерiн негiзге ала отырып, Қазақстан Республикасының ҚӨК қызметiн және дамуын жандандыруға және оны мемлекеттік басқару жүйесiн жетiлдiруге жәрдемдесу; 2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныс тапсырысын, бюджеттік қорғаныс бағдарламаларын iске асыруға, шет мемлекеттермен әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытуға, әскери мақсаттағы өнiмдердi экспорттық берудi арттыруға жәрдемдесу болып табылады. ІІІ. Комиссияның негiзгi функциялары 4. Комиссияның негiзгi функциялары: 1) ҚӨК-тi дамытуда мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын жетiлдiру, әзiрлеу және iске асыру жөнiнде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне ұсыныстар дайындау; 2) Қазақстан Республикасының ҚӨК қызметiн реттейтiн заңнамасын жетiлдiру жөнiнде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне ұсыныстар дайындау; 3) Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әскери мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында ҚӨК-те (соның iшiнде әскеритехникалық ынтымақтастық саласында) жағдайды талдау және болжау; 4) қару-жарақ және әскери техника жасау саласында мемлекеттік бағдарламалар жобаларын белгiленген тәртiппен қарау; 5) әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы проблемаларды қарау және оларды шешу жөнiнде ұсыныстар дайындау; 6) халықаралық әскери-техникалық ынтымақтастық саласында нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар дайындау; 7) ҚӨК қызметiнiң, халықаралық әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы бақылау тиiмдiлiгiн арттыруға және осы салада мемлекеттік реттеудiң басқа мiндеттерiн шешуге бағытталған ұсыныстар дайындау болып табылады. IV. Комиссия қызметiн қамтамасыз ету 5. Комиссия өзiнiң негiзгi функцияларын орындау үшiн: 1) орталық және жергiлiктi мемлекеттік өкiмет органдарынан, сондай-ақ мекемелерден, ұйымдардан және лауазымды тұлғалардан қажеттi материалдар мен ақпарат сұратуға және алуға; 2) белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Премьер- Министрi Кеңсесiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттік билiк органдарының дерек банктерiн пайдалануға; 3) мемлекеттік, соның iшiнде үкiметтiк байланыс және коммуникациялар жүйесiн пайдалануға; 4) жұмыс үшiн қажеттiлiгiне қарай Комиссияға сарапшылар тартуға; 5) белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президентi, Әкiмшiлiгiмен, Парламент Мәжілісi мен Сенатының аппараттарымен, Премьер-Министр Кеңсесiмен, Конституциялық Кеңес, Жоғарғы Сот аппараттарымен, Бас прокуратурамен, орталық және мемлекеттік атқарушы билiктiң жергiлiктi органдарымен, сондай-ақ олардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұйымдармен және лауазымды тұлғалармен өзара iс-қимыл жасау болып табылады. 6. ҚӨК-ке жетекшiлiк ететiн Премьер-Министрдiң орынбасары Комиссия төрағасы, Комиссия төрағасының орынбасары, Комиссия хатшысы, оның мүшелерi құрамындағы Комиссия құрылады. Комиссия құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысымен бекітіледi. 7. Комиссия төрағасы және Комиссия құрамына кiретiн өзге де тұлғалар өз қызметiн қоғамдық негiзде жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 20.05.03 ж. № 467 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді 8. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады. 9. Комиссия жұмысы Комиссия төрағасы бекiтетiн жоспарлар бойынша жүзеге асырылады. 10. Комиссия отырысын Комиссия төрағасы, ол болмаған жағдайда Комиссия төрағасының орынбасары жүргiзедi. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыспен қабылданады және оған комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе, қабылданды деп есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi. Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiрге құқығы бар, ол бiлдiрiлген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуы және Комиссия хаттамасына тiркелуi тиiс. Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелерi бойынша, оның отырысқа қатысқан мүшелерi қол қоятын хаттама жасалады және оны Комиссия төрағасы бекiтедi. 11. Комиссия өз қызметiн заңнамада көзделген негiздер бойынша тоқтатады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |