Ақпарат жеткізушiлердiң ақпаратты беру тәртібіне қойылатын шарттар мен ең төменгi талаптар туралы, кредиттiк тарих субъектiлерiнiң олар туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға беруге келісімiн ресiмдеу, кредиттiк есептi беруге келісімдi ресiмдеу тәртібі туралы және кредиттiк есеп беру шарттары мен тәртібі туралы ереженi бекіту жөнiнде (2013.26.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 53 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттiгiнiң (бұдан әрi Агенттiк) Басқармасы қаулы етеді: 1. Ақпарат жеткізушiлердiң ақпаратты беру тәртібіне қойылатын шарттар мен ең төменгi талаптар туралы, кредиттiк тарих субъектiлерiнiң олар туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға беруге келісімiн ресiмдеу, кредиттiк есептi беруге келісімдi ресiмдеу тәртібі туралы және кредиттiк есеп беру шарттары мен тәртібі туралы ереже бекітілсiн. 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енедi. 3. Стратегия және талдау департаментi (Еденбаев Е.С.): 1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қолға алсын; 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны екiншi деңгейдегi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн. 4. Агенттiктiң қызметiн қамтамасыз ету департаментi (Несiпбаев Р.Р.) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсiн. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|