|
|
|
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің Ережесі туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тіркеу қызметі комитетінің 1999 жылғы 23 сәуірдегі N 66 бұйрығы (ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің төрағасының 21.09.99 ж. N 202; 27.01.00 ж. N 16; 11.04.00 ж. N 61; 25.05.00 ж. N 109; 07.01.03 ж. N 01 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті Төрағасының 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 286 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заң күші бар Жарлығын орындау үшін бұйырамын: Қоса беріліп отырған Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің Ережесі бекітілсін.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті Төрағасының 1999 жылғы 23 сәуірдегі N 66 бұйрығымен бекітілді Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің Ережесі 1. Жалпы жағдайлар 1. Осы Ереже республика аумағында орналасқан құрылатын, қайта құрылатын және таратылатын заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркеуi, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң есептiк тiркеуi бойынша Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрлiгiнiң Тiркеу қызметi Комитетi мен аумақтық басқарма органдарының (бұдан әрi - тiркеушi органдар) әрекетiн реттейдi. 2. Мемлекеттiк тiркеу субъектiлерге заңды тұлға мәртебесiн беру тәсiлi болып табылады. Заңды тұлға туралы деректердi заңды тұлғалардың регистрiне енгiзу және әдiлет органдары беретiн мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк субъектiнiң заңды тұлға құқықтарын иемденгенiнiң ресми айғағы болып табылады. 3. Тiркеу барысында заңды тұлға құрудың, филиалдың немесе өкiлдiгiнiң ашылуының жөндiлiгi назарға алынбайды, бақылауды жүзеге асыру және оның өндiрiстiк-шаруашылық және қаржылық қызметiне араласу мақсаты көзделiнбейдi. Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 11.04.00 ж. N 61 бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді 4. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуi және олардың республика аумағындағы филиалдары мен өкiлдiктерiнiң есептiк тiркеуi: заңды тұлғаны, филиалдар мен өкiлдiктердi құру, қайта құру және тарату фактiсiн растау; құрылған, қайта құрылған және таратылатын заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкiлдiктердiң есепке алуын, сондай-ақ заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк тiзiмiн және филиалдары мен өкiлдiктерiнiң реестрiн жүргiзу; заңды тұлғалардың, олардың филиалдар мен өкiлдiктердiң құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкестiгiн тексеру; заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы ақпаратты (қызмет немесе кәсiпкерлiк құпиясы болып табылатын ақпаратты қоспағанда) мүдделi тұлғаларға келiсiмдi шартпен өткiзу мақсатымен жүзеге асады. Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 11.04.00 ж. N 61 бұйрығымен 5-тармақ өзгертілді 5. Тiркеушi органдар құрылған, қайта құрылған және таратылған заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы деректерге ие заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк регистрiн (бұдан әрi - Регистр) филиалдары мен өкiлдiктердiң реестрiн (бұдан әрi - Реестр) жүргiзедi. Регистр және Реестр жүргiзу тәртiбiн заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк регистрiн және филиалдары мен өкiлдiктерiнiң реестрiн жүргiзу тәртiбi туралы Нұсқаулық анықтайды. Тiркеушi органдар бiрыңғай әдiстемелiк және бағдарламалық-технологиялық қағидаларға негiзделген бiрыңғай деректер банкiн жүзеге асырады. Тiркеу қызметi Комитетi құрылған, қайта құрылған және таратылатын заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы тiркеушi органдардан модемдi байланыс арқылы, қажет болған кезде қағазда немесе электронды қондырғыда (дискеталарда) алынған деректер негiзiнде бiрыңғай электронды деректер банкiн қалыптастыруды жүзеге асырады. Аймақтық электронды деректер банкiн жергiлiктi тiркеушi органдар қалыптастырады. 2. Тiркеу алымы 6. Құрылған, қайта құрылған және өз қызметiн тоқтатқан заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкiлдiктердiң мемлекеттiк тiркеуден өткенi үшiн жинақ қаржысына төлем төлеуi мен аудару тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңдары бойынша реттеледi. 3. Заңды түлғаларды мемлекеттiк тiркеу тәртiбi ҚР ӘМ Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 07.01.02 ж. N 01 бұйрығымен 7-тармақ толықтырылды 7. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуiне құрылатын заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгiн тексеру, тiркеу нөмiрiн бере отырып оларға белгiлi бiр үлгiдегi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi беру, Регистрге заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi енгiзу жатады. Саяси партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдар мен өкiлдiктердiң) саяси партия мүшелерiнiң қажеттi саны бар екендiгiн растайтын құжаттарын берудi талап етуге немесе оларға қол жеткiзуге тiркеушi органдардың құқығы бар. Заңды тұлғаларды тiркеу немесе қайта тiркеу үшiн ұсынылатын құжаттарды тексеру кезiнде тiркеушi орган орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдармен, соның iшiнде құқық қорғау және бақылаушы органдармен, сондай-ақ лауазымды тұлғалармен де өзара iс-қимыл жасайды. 8. Республика аймағында құрылатын барлық заңды тұлғаларға олардың құрылу мақсаттарына, олардың әрекетiнiң жайы мен түрiне, қатысушылардың құрамына қарамастан мемлекеттiк тiркеу мiндеттi болып табылады. Заңды тұлға қайта құрудың мынадай жағдайларында тiркеуге жатады. Өзгеру барысында заңды тұлға өзiнiң түрiн (ұйымдастыру-құқықтық нысаны) өзгертедi. Өзгеру арқылы қайта құрылатын заңды тұлға тiркеуден өтедi, бұл жағдайда тiркеушi органға өткiзу құжаты ұсынылады. Өз әрекетiн тоқтатқан (өзгерген) ұйым заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк регистрiнен шығарылуға тиiс, ол туралы жаңадан құрылған заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеуi туралы бұйрықта көрсетiледi. Бұл жағдайда өз әрекетiн тоқтатқан заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының және мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiгiнiң түпнұсқалары алынады. Қосу барысында бiр және бiрнеше заңды тұлғалар таратылып, өткiзу құжатына сәйкес қосылған заңды тұлғалардың мiндеттерi мен құқықтарын иемденетiн заңды тұлғаның iрiленуi жүзеге асады. Қосылған заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк регистрден шығарылуға тиiс, бұл туралы мемлекеттiк қайта тiркеу туралы бұйрықта бiрден көрсетiледi. Егер қосылу нәтижесiнде заңды тұлға қайта тiркеуге тиiстi болмаса, онда тiркеушi орган қосылу туралы шешiм мен беру актiсiнiң негiзiнде қосылған заңды тұлғаларды бiрыңғай мемлекеттiк тiзбеден шығару туралы бұйрық шығарады. Бұл жағдайларда соңғылардың құрылтай құжаттарының және мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiгiнің түпнұсқалары алынады. Бұйрықта қосылған заңды тұлғалардың және оларды қосып алған заңды тұлғаның толық атаулары көрсетiлуге тиiс. Бөлу барысында заңды тұлға таратылып, оның базасында екi және одан да көп заңды тұлғалар құрылады. Жаңадан құрылған заңды тұлғалар әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өтуге тиiс. Бөлiнетiн заңды тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi бөлу балансына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға берiледi. Өз әрекетiн тоқтатқан ұйым заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк регистрiнен шығарылуға тиiс, ол туралы жаңадан құрылған заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеуi туралы бұйрықта бiрден көрсетiледi. Өз әрекетiн тоқтатқан заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарының және мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiгiнің түпнұсқалары тiркеушi органға өткiзiледi. Бөлiп шығару барысында бiр заңды тұлғаның құрамынан бiр және бiрнеше заңды тұлғалар бөлiніп шығады. Бұл жағдайда алғашқы заңды тұлғаның әрекетi тоқтатылмайды, ал бөлiнiп шыққан (жаңадан пайда болған) заңды тұлғалар мемлекеттiк тiркеуден өтедi. Қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен мiндеттерi одан бөлiнiп шыққан әрбiр заңды тұлғаға бөлу балансына сәйкес берiледi. Қайта ұйымдасу нәтижесiнде пайда болған заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеудi тiркеушi органдар осы заңды тұлғаны қайта ұйымдастырушы-қатысушыларға талап қою үшiн берiлген мерзiмнiң өтуiне қарай жүргiзедi. 9. Занды тұлғаны тiркеу үшiн мыналар: белгiленген үлгiдегi мемлекеттiк тiркеу туралы арыз. Мемлекеттiк кәсіпорындар, мемлекеттiк мекемелер, мекемелер және мемлекеттің үлес қатысы бар шаруашылық серiктестiктер, акционерлiк қоғамдар (бұдан әрi мемлекет қатысуымен заңды тұлға) мемлекеттiк кәсiпорындардың, мемлекеттiк мекемелердiң, мемлекеттiң үлес қатысы бар шаруашылық серiктестiктердiң Реестр ұстау қызметiн жүзеге асырушы өкiлеттi органның (бұдан әрi реестрұстаушы) белгi соққан арызы; құрылтайшы және басқа да құжаттардың пакетi (құжаттардың тiзiмi 1 қосымшаға тiркеледi) ұсынылады. 10. Жоғарыда көрсетiлген құжаттар ұсынылғаннан кейiн тiркеушi орган: ұсынылған құжаттар пакетінің толықтығын және олардың дұрыс құрастырылғанын, дайындалғанын тексередi; құрылтай құжаттары заңдарға сәйкес болғанда заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеуi туралы бұйрық (бұйрық жобасын заңды тұлғаның құжаттарын қарастырған тiркеу қызметiнiң маманы екi данада дайындайды және оған осы маман, сонымен қатар тiркеу бөлiмiнiң бастығы немесе оның орынбасары қолын қояды, содан соң тiркеушi органының бастығына немесе оның орынбасарына қол қоюға ұсынады.); Регистрге, сол сияқты электронды банкке зиянды тұлға туралы берiлген мәлiметтердi енгiзедi; заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы белгiленген нысандағы куәлiк бередi. Заңды тұлғаға тiркеу нөмiрiн беру тәртiбi Заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк регистрiн және заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi реестрiн жүргiзу тәртiбi туралы Нұсқаулық анықтайды; iстi дайындап болғаннан кейiн (тиiстi штамптар мен мөр қойылғаннан кейiн) құрылтай құжаттардың түпнұсқасы өкiлеттi адамға қайтарылады. ҚР ӘМ Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 27.01.00 ж. N 16 бұйрығымен 11-тармақ өзгертілді 11. Жүргiзiлген тiркеуден кейiн тiркеушi орган: Комитеттiң бекiткен кестесi бойынша Тiркеу қызметi Комитетiне модем байланысы бойынша, қажет болған кезде қағазбен немесе электронды тасымалдаушы (дискетада) арқылы тiркелген, қайта тiркелген және тараған заңды тұлғалар туралы ақпарат жолдайды; 10 күн iшiнде статистика органдарын (2 қосымша), сол сияқты реестрұстаушыны (3 қосымша) мемлекеттiк тiркеуден өткен заңды тұлға туралы хабардар етедi. 4. Филиалдарды және өкiлдiктердi есептiк тiркеу тәртiбi 12. Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан филиалдар (өкiлдiктер) заңды тұлға құқықтарын иемденусiз есептiк тiркеуге алынады. Оларға өзiн құрған заңды тұлғаның мүлкi берiледi және заңды тұлға бекiткен ережелер негiзiнде әрекет етедi. Филиалдардың (өкiлдiктердiң) есептiк тiркеуiне өзiне филиалдар (өкiлдiктер) туралы ережелердiң республика заңдарына сәйкестiгiн тексеру, тiркеу нөмiрiн бере отырып оларға есептiк тiркеу туралы куәлiктi беру, филиалдар (өкiлдiктер) туралы мәлiметтi Реестрге енгiзу кiредi. ҚР ӘМ Тіркеу қызметі комитетінің төрағасының 21.09.99 ж. N 202 бұйрығымен 13-тармақ өзгертілді 13. Филиал (өкiлдiк) туралы ережеде мыналар анықталады: филиалдың (өкiлдiктiң) атауы және тұрған жерi; филиалды (өкiлдiктi) құрған заңды тұлғаның атауы және тұрған жерi; филиалдың (өкiлдiктiң) қызмет мерзiмi; филиалдың (өкiлдiктiң) қызметiнiң мақсаты; коммерциялық емес ұйымдар филиалдары (өкiлдiктерi) қызметiнiң пәнi; филиалды (өкiлдiктi) басқару; филиалды (өкiлдiктi) тоқтатудың шарты. Ережеде заңға қайшы келмейтiн басқа да мәлiметтер болуы мүмкiн. Филиал (өкiлдiк) туралы ереже заңды тұлғаның өкiлеттi органымен бекiтiледi, заңды тұлғаның мөрi басылады. 14. Филиалды (өкiлдiктi) тiркеу үшiн мыналар: белгiленген үлгiдегi филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеу туралы арыз; филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеу үшiн қажеттi белгiленген үлгiде толтырылған құжаттардың пакетi ұсынылады (4 қосымша). 15. Жоғарыда көрсетiлген құжаттар ұсынылғаннан кейiн тiркеушi орган: ұсынылған құжаттар пакетiнiң толықтығын және олардың дұрыс құрастырылғанын тексередi; филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеу туралы бұйрық шығарады; Тiзiмге, сол сияқты электронды банкке филиал (өкiлдiк) туралы берiлген мәлiметтердi енгiзедi; филиалға (өкiлдiкке) белгiленген үлгiдегi есептiк тiркеу туралы куәлiктi бередi. Филиалға (өкiлдiкке) тiркеу нөмiрiн беру тәртiбi Заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк регистрiн және заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi реестрiн жүргiзу тәртiбi туралы Нұсқаулық анықтайды; құжаттардың бiр-бiр данасынан тұратын iс дайындауға мiндеттi. Iс дайын болғаннан кейiн (тиiстi штамптар мен мөр қойылғаннан кейiн) филиал (өкiлдiк) туралы ереженiң түпнұсқасын өкiлеттi тұлғаға қайтарылады. ҚР ӘМ Тіркеу қызметі комитетінің төрағасының 27.01.00 ж. N 16 бұйрығымен 16-тармақ өзгертілді 16. Аумақтық тiркеушi органдар Тiркеу қызметi Комитетiне Комитеттiң бекiткен кестесi бойынша тiркелген, қайта тiркелген және тараған филиалдар (өкiлдiктер) туралы мәлiметтердi модем байланысы бойынша, қажет болса қағазбен немесе дискета арқылы жолдауға мiндеттi. 5. Заңды тұлғаны қайта тiркеу ҚР ӘМ Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 21.09.99 ж. N 202; 25.05.00 ж. N 109 бұйрықтарымен 17-тармақ өзгертілді 17. Заңды тұлға келесi жағдайда: 1) мемлекеттік кәсіпорынның, шаруашылық серіктестігінің жарғылық капитал мөлшерiнiң және акционерлiк қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшерi азайғанда; 2) атауы өзгергенде; 3) шаруашылық серiктестiктерiндегi және жабық акционерлiк қоғамдарындағы қатысушылардың құрамы өзгергенде қайта тiркеуден өтуге тиiс. Өкiлеттi орган шешiмi қабылданған сәттен бастап бiр айдың iшiнде заңды тұлға тiркеушi органға қажеттi құжаттар пакетiмен қоса ұсына отырып қайта тiркеу туралы арыз беруге мiндеттi. Қатысушылар құрамының өзгеруi, атауының өзгеруi немесе жарғылық капиталының азаюы негiзiнде заңды тұлғаның қайта тiркеуi қайта құрудың келесi жағдайларында болуы мүмкiн. Қосу барысында бiр және бiрнеше заңды тұлғалар таратылып, өткiзу қажетiне сәйкес қосылған заңды тұлғалардың мiндеттерi мен құқықтарын иемденетiн бiр заңды тұлғаның iрiленуi жүзеге асады. Қосылған заңды тұлғалар Регистрден шығарылуға тиiс, бұл туралы мемлекеттiк қайта тiркеу туралы бұйрықта бiрден көрсетiледi. Егер қосылу нәтижесiнде заңды тұлға қайта тiркеуге тиiстi болмаса, онда қосылатын заңды тұлғаның тiркелуiн (қайта тiркелуiн) тiркеудi жүзеге асырған тiркеушi орган қосылу туралы шешiмi мен беру актiсiнiң негiзiнде қосылған заңды тұлғаларды Регистрден шығару туралы бұйрық шығарады. Тiркеушi органға кредиторларды хабардар ету тәсiлi, сондай-ақ заңды тұлғаның қайта құрылуы туралы хабарлама жарияланған бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылған күнi мен нөмiрi көрсетiлген еркiн түрдегi жазбаша өтiнiш берiледi. Егер қайта құру нәтижесiнде қосып алушы заңды тұлға қайта тiркеуге жатса, онда қосылатын заңды тұлғаны Регистрден шығаруды қайта тiркеуге құжаттар пакетi тапсырылған тiркеушi орган жүзеге асыра алады. Осы жағдайда заңды тұлғаны қайта тiркеу және қосылған заңды тұлғаны Регистрден шығару туралы бұйрықтың көшiрмесi бұрынғы тiркеушi органға жiберiлуi тиiс. Бұл жағдайларда соңғылардың құрылтай құжаттарының және мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiгінiң түпнұсқалары алынады. Регистрден шығару заңды тұлғаның қызметiнiң тоқтатылғаны туралы жазба бойынша жүргiзiледi. Бұйрықта қосылған заңды тұлғалардың және оларды қосып алған заңды тұлғаның толық атаулары көрсетiлуге тиiс. Бөлiп шығару барысында бiр заңды тұлғаның құрамынан бiр және бiрнеше заңды тұлғалар бөлiнiп шығады. Бұл жағдайда алғашқы заңды тұлғаның әрекетi тоқтатылмайды, ал бөлiнiп шыққан (жаңадан пайда болған) заңды тұлғалар мемлекеттiк тiркеуден өтедi. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) 42 бабы 6 тармағында көрсетiлген негiздер бар болған жағдайда алғашқы заңды тұлға қайта тiркеледi. Қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен мiндеттерi бөлiнген әрбiр заңды тұлғаға бөлу балансына сәйкес берiледi. Ұйымдардың кейбiр түрлерінің қайта құруы заңдар қарастыратын ерекшелiктердi есепке ала отырып жүзеге асады. ҚР ӘМ Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 11.04.00 ж. N 61 бұйрығымен 18-тармақ толықтырылды 18. Заңды тұлғаны қайта тiркеу үшiн тiркеушi органға мыналар: заңды тұлғаны қайта тiркеу туралы белгiленген үлгiдегi арызы. Заңды тұлғалар мемлекет қатысуымен реестрұстаушының белгiсi бар арызды тапсырады; құрылтай құжаттарына өзгерiстер (толықтырулар) енгiзу туралы өкiлдi органның мөрi қойылған шешiмi немесе шешімнің көшірмесі; өзгерiстер (толықтырулар) енгiзiлетiн құрылтай құжаттар. Мұнда өзгерiстер (толықтырулар) енгiзу екi тәсiлмен жүргiзiлуi мүмкiн: жаңа редакцияда құрылтай құжаттарды жасау немесе өзгерiстердi (толықтыруларды) бұрынғы құрылтай құжаттарға қосымша түрiнде белгiлеу; бұрынғы құрылтай құжаттарды түпнұсқалары; мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктің түпнұсқасы және статистика карточкасының көшiрмесi; қайта тiркеу үшiн алымның төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi ұсынылады. Көрсетiлген құжаттардың тiзiмi қайта тiркеудің барлық жағдайларын өткенде ұсынылады. ҚР ӘМ Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 21.09.99 ж. N 202 бұйрығымен 19-тармақ өзгертілді 19. Қайта тiркеудiң негiздерiне қарай заңды тұлға Қазақстан Республикасы заң актiлерiне сәйкес тiркеушi органға басқа құжаттарды ұсынуы тиiс. Шаруашылық серiктестігінен және жабық акционерлiк қоғам құрамынан шыққан жағдайда, құрылтайшылар құрамынан (акцияның ауысуы, үлестiң көшуi) қатысушының шыққандығын дәлелдейтiн құжат ұсынылады. Заңды тұлға қайта құрылғанда тiркеушi органға осы Ереженiң 18 тармағында аталған құжаттардан басқа қайта құрылған заңды тұлғаның мiндеттерi бойынша құқықтық мүрагерлiк туралы ереже (мәлiмет) көрсетiлген бөлу балансы немесе өткiзу акт ұсынылады. 20. Құжаттар ұсынылғаннан кейiн тiркеушi орган: ұсынылған құжаттар пакетінің толықтығын және олардың дұрыс құрастырылғанын, дайындалғанын тексередi; мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы бұрынғы куәлiктiң күшiн жою туралы және қолданымдағы заңдар бұзылмаған жағдайда осы Ереженiң 10 тармағында қаралған тәртiпке сәйкес заңды тұлғаны қайта тiркеу туралы бұйрық шығарады; Регистрге, сол сияқты электронды банкке заңды тұлға туралы берiлген мәлiметтердi енгiзедi; Заңды тұлғаны қайта тiркеу туралы белгiленген үлгiдегi куәлiк бередi. Заңды тұлғаға тiркеу нөмiрiн беру тәртiбi Заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк регистрiн және заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi реестрiн жүргiзу тәртiбi туралы Нұсқаулық анықтайды; iстi жаңа құрылтай құжаттармен немесе бұрынғы құрылтайшы құжаттарға қосымша ретiнде енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулармен, сол секiлдi бұрынғы куәлiктің түпнұсқасымен, статистикалық карточканың көшiрмесiмен және заңды тұлғаның басқа құжаттарымен толықтырады. Iс қалыптастырылып болғаннан кейiн (тиiстi штамптар қойылғаннан кейiн) құрылтай құжаттардың түпнұсқасын өкiлеттi адамға қайтарылады. он күн iшiнде заңды тұлғаның мемлекеттiк қайта тiркелгенi туралы статистика органдарына (5 қосымша) және заңды тұлғаның мемлекет қатысуымен қайта тiркеуi болған жағдайда реестрұстаушыны (3 қосымша) хабардар етедi. 21. Заң актiлерiнде көзделген негiз бойынша заңды тұлғаның қайта тiркелуiнсiз құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер жарамсыз болып табылады. 6. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгертулер мен толықтырулар енгізудiң тәртiбi 22. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлуi қайта тiркелуге апарып соқпайтын және алымды төлемей-ақ жүзеге асатын басқа мәлiметтердің өзгеруi туралы хабарлауға тиiстi (тұрған жерiнiң ауысуы, филиалдар немесе өкiлдiктердiң ашылуы және т.б.). Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына мұндай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетiн жағдайда заңды тұлға бұл жайлы бiр ай мерзiм iшiнде тiркеушi органға хабарлауға тиiс. ҚР ӘМ Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 21.09.99 ж. N 202 бұйрығымен 23-тармақ өзгертілді 23. Қайта тiркелуге әкелiп соқпайтын өзгерiстер мен толықтыруларды құрылтай құжаттарына енгiзу үшiн тiркеушi органға келесi құжаттар: өз еркiмен жазылған (мемлекет қатысуымен заңды тұлға реестрұстаушының белгiсi бар арыз) арыз; құрылтай құжаттарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңды тұлғаның өкiлдi органының мөр басылған шешiмi немесе одан жасалған үзiндi; бұрынғы құрылтай құжаттарына қосымша ретінде немесе құрылтай құжаттары жаңа редакция түрінде рәсімделуі мүмкін болатын заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулардың екі данасы. Егер заңға сәйкес құрылтай құжаттарды нотариалды куәландыру қажет болса, онда оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар да нотариалды тәртіпте куәландырылуы қажет; бұрынғы құрылтай құжаттарының түпнұсқаларын ұсынады. ҚР ӘМ Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 21.09.99 ж. N 202; 27.01.00 ж. N 16 бұйрықтарымен 24-тармақ өзгертілді
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |