|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдеріне өзгерістер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 тамыздағы N 891 қаулысы Осы редакция 2004 ж. 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметінің кейбiр шешімдерiне енгізiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 тамыздағы N 891 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер 1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншiктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегі N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада: реттік нөмiрлерi 21-28 ("Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" ЖАҚ) және 111-жолдарда "ЖАҚ" деген аббревиатура "AҚ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын; реттік нөмiрi 123-29-жол мынадай редакцияда жазылсын: "123-29 "Мектеп" баспасы" ЖШС". 2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына: көрсетілген қаулыға қосымшада: "Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгіне" деген бөлiмде: реттiк нөмiрлерi 223, 224-16-жолдарда "ЖАҚ" деген аббревиатура "АҚ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын; реттік нөмiрi 224-4-жол мынадай редакцияда жазылсын: "224-4 "Мектеп" баспасы" ЖШС". 3. "Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың 2003-2004 жылдарға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 9 сәуiрдегі N 344 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 16, 164-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралардың 2003-2004 жылдарға арналған жоспарында: 4-бағанда, реттiк нөмiрлерi 37 және 41-жолдарда "ҚР ТРК" ЖАҚ" және "Xaбap" агенттiгi" ЖАҚ" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан" PTPК" АҚ" және "Xaбap" агенттігi" AҚ" деген сөздермен ауыстырылсын. 4. "Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1180 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 44 480-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi туралы ережеде: 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "7. Министрлiктің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, "Тransport tower" ғимараты."; көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде: "Полиграфия ұйымдары" деген бөлiмде: "Мектеп" баспасы ЖАҚ" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Мектеп" баспасы ЖШС"; "Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ұйымдар" деген бөлiмде: "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" ЖАҚ" "Xaбap" агенттігі" ЖАҚ" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан" Республикалық Телерадиокорпорациясы" АҚ" "Хабар" агенттiгі" АҚ". 5. "Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 9 сәуiрдегi N 398 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 16, 209-құжат): 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Осы Бағдарламаның iске асырылу барысын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.С.Әйтімоваға жүктелсiн."; көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасында: мәтіндегі "Хабар" агенттігі" ЖАҚ" деген сөздер "Xaбap" агенттігі" АҚ" деген сөздермен ауыстырылсын; "Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде: 7-бағанда, реттік нөмiрлерi 3.1. және 3.9-жолдарда "Қазақстан" РТРК" ЖАҚ" деген сөздер "Қазақстан" РТРК" AҚ" деген сөздермен ауыстырылсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |