|
|
|
Мұнай туралы 1995 жылғы 28 маусымдағы N 2350 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы (ҚР 13.06.97 ж. N 122-I; 11.08.99 ж. N 467; 07.04.03 ж. N 403-II; 16.05.03 ж. N 416-II Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция 2004 ж. 1 желтоқсандағы N 2-III ҚР Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Бұрынғы редакцияларды қара 1-тарау. Жалпы ережелер (1-4 баптар) 2-тарау. Мемлекеттiк басқару органдарының Мұнай (5-7 баптар) операцияларын жүргiзу саласындағы құзыры 3-1-тарау. Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқық (8-1 - 8-3 баптар) 5-тарау. Контрактiлер (25 - 29 баптар) 6-тарау. Мұнай операцияларын жүргiзу (30 - 36 баптар) 6-1-тарау. Теңiзде және iшкi су қоймаларында Мұнай (36-1 - 39 баптар) операцияларын жүргiзу 7-тарау. Мердiгердiң құқықтары мен мiндеттерi (40 - 41 баптар) 8-тарау. Арналы труба құбыры көлiгi (42 - 45 баптар) 9-тарау. Айналадағы ортаны қорғау, халықтың (46 - 49 баптар) және қызметкерлердiң қауiпсiздiгi 10-тарау. Коммерциялық шарттар (50 - 52 баптар) 11-тарау. Құқықтық шарттар (53 - 59 баптар) "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес, Мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасының мүддесiн және оның табиғи ресурстарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында осы Жарлықты шығарамын. 1-тарау. Жалпы ережелер ҚР 11.08.99 ж. N 467-1; 07.04.03 ж. N 403-II (бұр. ред. қара); 16.05.03 ж. N 416-II Заңдарымен 1-бап өзгертілді 1-бап. Негiзгi ұғымдар мен терминдер Осы Жарлықта: "Блок" дегенiмiз - Қазақстан Республикасында толық немесе iшiнара орналасқан және арнайы жасалған блоктар картасында Блок ретiнде көрсетiлген құрлықтағы және судағы кез келген аумақ. "Iшкi су тоғандары" дегенiмiз - көлдер, жасанды су қоймалары мен басқа да жер бетiндегi су ресурстары. "Өндiру" дегенiмiз - жер бетiне Мұнай шығарумен байланысты кез келген операциялар және бұлар соның iшiнде: жер астындағы және жер үстiндегi өнеркәсiптiк жабдықтар мен ғимараттарды салуды әрi пайдалануды; жер бетiне Мұнай шығаруды, пайдаланылатын скважиналарда жұмыс процесiн ұйымдастыру мен демеп отыруды; Мұнайды өңдеу мен тазартуды; Мұнайдан Iлеспе құраластар алуды, сондай-ақ Табиғи және Мұнай газын кәдеге жарату мен сұйылтуды қамтиды. "Құзырлы орган" дегенiмiз - Қазақстан Республикасының Үкiметi Контрактiлер жасасумен тiкелей байланысты құқықтар беретiн мемлекеттiк орган. "Контракт" дегенiмiз - Мұнай операцияларын жүргiзуге Мердiгер мен Құзырлы орган арасындағы шарт. операцияларын жүргiзуге құқылы Геологиялық және (немесе) Тау-кендiк бөлумен айқындалған аумақ. "Коммерциялық табу" дегенiмiз - Контрактi аумағынан игеру үшiн рентабельдi бiр немесе бiрнеше Кен орындарын табу. "Теңiз" дегенiмiз - судың бетi мен қалың қабаты, Қазақстан Республикасының шегiнде оның өн бойының жағалау ернеуiнен басталып, Қазақстан Республикасы мен Жағалаудағы мемлекеттер арасындағы келiсiмдер негiзiнде белгiленген оның сыртқы теңiз шекарасына дейiн созылатын Каспий мен Арал теңiздерi (көлдерi) түбiндегi табанының үстiңгi бетi. "Теңiз ғылыми зерттеулерi" дегенiмiз - Теңiзде Мұнай операцияларын жүргiзуге байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстары. "Кен орны" дегенiмiз - кез келген үлгiдегi геологиялық резервуарда көмiр сутегiнiң бiр немесе бiрнеше мәрте табиғи түрде жинақталуы. "Арналы труба құбыры" дегенiмiз - желiлiк бөлiк пен соған қатысы бар жер бетiндегi объектiлерден, коммуникациялардан, телебасқару мен байланыстан тұратын, Мұнайды Өндiру (ұқсату) орнынан көлiктiң басқа түрiне қотаратын орынға дейiн тасымалдауға, ұқсатуға немесе тұтынуға арналған инженерлiк құрылыс. Құрастырмалы коллектор режимiнде жұмыс iстейтiн труба құбыры арналы труба құбырына жатпайды. "Мұнай операциялары" дегенiмiз - құрлықта өзендер, көлдер және өзге де iшкi су қоймаларының шектерiнде жүргізiлетiн Барлау, Өндiру, Мұнай жерасты сақтау қоймалары мен резервуарларын салу және оларды пайдалану Мұнай-газ құбырларын салу және оларды пайдалану жөнiндегi жұмыстар, сондай-ақ Теңiздегi мұнай операциялары; "Мердiгер" дегенiмiз - Құзыреттi органмен (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) Мұнай операцияларын жүргiзуге Контракт жасасқан жеке немесе заңды тұлғалар. "Кен орындарын игерудiң оңтайлы тәжiрибесi" дегенiмiз - Мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде ұтымды, қауiпсiз, тиiмдi және қажеттiлiк ретiнде топтастырылатын Мұнай операцияларын жүргiзудiң жалпы қабылданған әлемдiк практикасы. "Мұнай кен орындарын игерудiң оңтайлы тәжiрибесi" дегенiмiз әлем елдерiнде Мұнайды Барлау және Өндiру iсiмен шұғылданатын адамдардың Мұнай операцияларын орындау кезiнде ұтымды, қауiпсiз, тиiмдi және қажеттi тәжiрибе ретiнде әдеттегiдей қолданатын тәжiрибе. "Мұнайдағы iлеспе құраластар" дегенiмiз - Мұнайда және Кен орны қабаттарының суында болатын алуан тектес металды және басқа да қосындылар. "Қолданылатын құқық" дегенiмiз - егер бұл заң актiлерiнде тiкелей көзделсе немесе егер Контракт шарттарында Қолданылатын құқық белгiленбеген болса, Қазақстан Республикасының құқығы. Басқа реттерде Контракт шарттарына байланысты Қолданыс құқығы ретiнде Қазақстан Республикасының құқығы немесе басқа елдiң құқығы пайдаланылуы мүмкiн. "Табиғи газ" дегенiмiз - қою газды, құрғақ газды, iлеспе газды, сұйық көмiр сутегiлерiн қою газдан айырудан немесе бөлуден кейiн қалып қойған сұйық немесе газ тектес көмiр сутегiлерiмен бiрге шығарылған көмiр сутегi емес газды қосқанда, қалыпты атмосфералық температура мен қысым кезiнде газ тектес сатысында болатын көмiр сутегiлерi. "Барлау" дегенiмiз - Мұнайды iздестiрумен және Барлаумен байланысты кез келген операциялар және бұлар: геологиялық-геофизикалық зерттеулердi; құрылымдық бұрғылауды; iздестiру және барлау скважиналарын бұрғылауды, сондай-ақ Барлауға алынған Кен орындарындағы өнеркәсiптiк тәжiрибе жұмыстарын қамтиды. "Шикi мұнай" дегенiмiз - табиғи сұйылту жолымен Табиғи газдан пайда болған сұйық өнiм немесе конденсат деген атаумен белгiлi сұйық көмiр сутегiлерiн қосқанда, олардың үлес салмағына қарамастан қалыпты атмосфералық температура мен қысым кезiнде жер қойнауынан сұйық күйiнде алынатын кез келген көмiр сутегiлерi. "Жағалау сызығы" - су айдынының ең көп мөлшерде көтерiлуi (судың толығуы) нәтижесiнде пайда болған жағалау сызығы. Нақты жағалаулық сызықты Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi. "Теңiздiң ластануы" - теңiз аясына материалдардың, заттардың, энергияның, шудың, тербелiстiң келiп түсуi, сондай-ақ адамдардың денсаулығына, жанды ресурстарға және теңiздiң экожүйесiне зиян келтiретiн не келтiруге қабiлеттi не теңiзде не оның жағалауында заңды қызметтi жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлғаларға залал келтiретiн не залал келтiруге қабiлеттi кедергiлер тудыратын сәулелер мен өрiстердiң түрлi үлгiлерiнiң пайда болуы. "Теңiз құрылыстары" дегенiмiз - Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған жасанды аралдарды, бөгеттердi, қондырғыларды, қозғалмайтын және жүзбелi жабдықты қоса алғанда, теңiздегi кез келген жасанды құрылыстар. "Теңiз қорғаныштық аймақтары" немесе "қауiпсiздiк аймағы" дегенiмiз - адамдардың, теңiздiң жанды ресурстарының, қоршаған ортаның, сондай-ақ кеме қатынасының, балық аулау шаруашылығының және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес теңiзде жүзеге асырылатын басқа да заңды қызметтің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiмен айқындалатын Теңiз құрылыстарының төңiрегiнде белгiленетiн аймақ. "Теңiзде қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi ең үздiк тәжiрибе" дегенiмiз - теңiздiң Ластануының барынша төмен деңгейiн жасайтын не теңiздiң Ластануын толық болдырмайтын, теңiзде Мұнай операцияларын жүргiзудiң жалпыға бiрдей қабылданған халықаралық практикасы. "Мұнайгаз құбырлары" дегенiмiз - Мұнайды тасымалдауға арналған труба құбырлары, оның iшiнде Арналы труба құбырлары, жинау коллекторының режимiнде жұмыс iстейтiн труба құбырлары, сондай-ақ труба құбырлары жүйесi арқылы не оны бақылау жүйесiнiң жекелеген бөлiктерi арқылы тасымалданатын заттарды тазалау, айыру және сұйылту жөнiндегi жабдық пен тетiктер, бақылау және оқшаулар жүйесi, электр химиялық қорғаныс жүйесi және осындай труба құбырларына қызмет көрсетуге арналған өзге де жабдық. "Теңiз мұнай операциялары" дегенiмiз - Барлау, Өндiру, сондай-ақ Теңiзде жүзеге асырылатын Мұнайгаз құбырларын Салу және пайдалану. "Шекара маңындағы кен орны" дегенiмiз - Қазақстан Республикасы аумағының немесе бөлiгi басқа шектес немесе қарсы жатқан мемлекеттiң заңды құзыретiндегi аумақта орналасқан теңiздiң шектерiндегi кен орны. "Сақтық аймағы" дегенiмiз - теңiздiң жағалау сызығынан Қазақстан Республикасының аумағындағы құрлық жағына қарай 5 километрге созылып жатқан аймақ. "Мұнайгаз құбырларын салу және пайдалану" дегенiмiз - құрлықта, өзендерде, көлдерде, теңiзде және өзге де iшкi су тоғандарында Мұнайгаз құбырларын салу, төсеу және пайдалану мақсатында жүргiзiлетiн кез келген жұмыс (операция). "Мұнайдың жерасты сақтау қоймалары мен резервуарларын салу жәнеоларды пайдалану" дегенiмiз - мұнай мен газдың жерасты сақтау қоймалары мен резервуарларын салу мен пайдалануға байланысты кез келген жұмыс. "Ұлттық компания" дегенiмiз - акцияларының жүз процентi мемлекетке тиесiлi, Қазақстан Республикасында тiкелей, сондай-ақ Контрактiлерге үлестiк қатысуы арқылы Мұнай операцияларын басқару үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен құрылған жабық акционерлiк қоғам. "Бiртұтас деректер базасы" - мердiгерлер Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен беретiн ақпараттың негiзiнде қалыптастырылатын мұнай өндiрудiң және (немесе) оның айналымының көлемі туралы электрондық деректер базасы. ҚР 11.08.99 ж. N 467-1 заңымен 2-бап өзгертілді 2-бап. Жарлықты қолдану саласы 1. Осы Жарлық Қазақстан Республикасының қарамағындағы аумақта, соның iшiнде Теңiздегi және Iшкi су тоғандарындағы аумақта Мұнай операцияларын жүргiзген кезде туындайтын қарым-қатынастарды реттейдi. 2. Осы Жарлық Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы заң күшi бар Жарлығымен және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiмен ұштастырылып қолданылады. 3. Осы Жарлық пен Қазақстан Республикасының басқа заң актiлерi арасында Мұнай операцияларын реттеуге қатысты қайшылықтар болған жағдайда осы Жарлықтың нормалары қолданылады. 4. Егер Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шартпен осы Жарлықта баяндалғаннан өзге ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 5. Осы Жарлық күшiне енгiзiлгенге дейiн берiлген лицензиялар мен жасалған Контрактiлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының соларға байланысты барлық актiлерi өз күшiн сақтайды. 5-1. Мұнай операцияларын жүргiзу жөнiндегi қатынастарға жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдардың принциптерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы заң күшi бар Жарлығымен белгiленген терминдер мен анықтамалар қолданылады. 3-бап. Мұнайға меншiк құқығы 1. Қазақстан Республикасының жер қойнауындағы табиғи жайылған Мұнайдың бәрi де тек қана Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылады. 2. Жер бетiне шығарылған Мұнайдың меншiк иесi Контрактiмен айқындалады. Жер бетiне шығарылған Мұнайға иелiк ету құқығы, егер Контрактiде өзгеше көзделмеген болса, меншiк иесiне берiледi. 3. Сақтау үшiн жер қойнауына қайтарылған Мұнай жер бетiне шығарылған Мұнай ретiнде қарастырылады және оның меншiк иесi Контарктiмен айқындалады. 4-бап. Мұнай операцияларын жүргiзудiң жариялылығы Барлық мүдделi адамдар Лицензиялық органда мыналармен: 1) инвестициялық бағдарламалардың конкурсын (тендерiн) өткiзудiң шарттарымен және оның нәтижелерi туралы шешiмнiң мазмұнымен; 2) тараптар құпия деп таныған баптарын қоспағанда, Лицензия мен Контрактiнiң мазмұнымен; 3) Контрактi аумағының картасымен және Блоктарымен танысуға құқылы. 2-тарау. Мемлекеттiк басқару органдарының Мұнай операцияларын жүргiзу саласындағы құзыры ҚР 11.08.99 ж. N 467-1; 07.04.03 ж. N 403-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 5-бап өзгертілді 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыры Қазақстан Республикасының Үкiметi: 1) Мұнай ресурстарын пайдаланудың, ұдайы өндiру мен одан әрi ұлғайту қарқынының стратегиясын әзiрлейдi; 2) жер қойнауын пайдалану мен оны қорғау ережелерiн, мұнай мен газ Кен орындарын игерудiң бiрыңғай ережелерiн белгiлейдi; 3) Мұнай қорларының республикалық балансын жасауды бақылайды, жер қойнауының (Блоктарының) зерттеуiне мемлекеттiк есеп жүргiзудi ұйымдастырады; 4) Мұнайдың стратегиялық қорларын қалыптастыруды және олардың республика аумағында орналастырылу есебiн жүргiзудi қамтамасыз етедi; 5) ұлттық қауiпсiздiктi, айналадағы табиғи ортаны қорғауды, халықтың қауiпсiздiгiн және болашақ ұрпақтың мүддесiн қамтамасыз ету мақсатында жекелеген учаскелер жер қойнауын пайдалануға шектеулер енгiзедi, сондай-ақ Кен орындарын игерудi тоқтатады; 6) баға саясатын белгiлейдi; 6-1) мұнай экспортын реттейдi, оның iшiнде акциздердiң, кедендiк, қорғау, демпингке қарсы және өтем баждарының ставкаларын, мұнай экспортына квоталарды бекiту (өзгерту) жолымен реттейдi; 6-2) мұнайды көлiктiң әр түрлерiмен тасымалдауға сандық шектеулер (квоталар) белгiлейдi; 6-3) мұнай өндiрудiң және оның айналымының бiртұтас деректер базасын жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi; 6-4) мұнай өндiрудiң, сақтаудың және оның айналымының технологиялық процесiне қойылатын қауiпсiздiк талаптарының сақталуын бақылау жүйесiн ұйымдастырады; 9) Мұнай операциялары саласында Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен өзiне берiлген өзге де өкiлеттiктi жүзеге асырады. 9-1) жыл сайын Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы Учаскелерiнiң (Блоктарының) тiзбесiн бекiтедi. ҚР 11.08.99 ж. N 467-1; 07.04.03 ж. N 403-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 6-бап өзгертілді 6-бап. Құзырлы органның функциялары 1. Құзырлы органның функцияларына: 1) Контрактiнiң шарттары туралы Мердiгермен келiссөздер жүргiзу және Мердiгермен бiрлесе отырып Контрактiнiң жобасын әзiрлеу; 2) контрактiлiк құжаттардың жобаларына тәуелсiз сараптама жүргiзудi ұйымдастыру; 3) Контрактiге қол қою; 6) Контрактiнiң орындалу барысы туралы Үкiметке жыл сайын есеп берiп отыру; 7) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруы бойынша Контрактiнi орындау, Мұнайды экспорттау үшiн олардың аумағында труба құбырларын салу мен пайдалану, тасымалдаудың басқа да құралдарын жасау мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн басқа мемлекеттердiң тиiстi органдарымен келiссөздер жүргiзу және келiсiмдер жасасу енедi. 7-1) инвестициялық бағдарламалардың конкурсын дайындау мен ұйымдастыруды жүзеге асырады және Барлауға, Өндiруге, бiрлесiп Барлау мен Өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану Құқығын беруге келiссөздер жүргiзедi; 7-2) осы Жарлыққа және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы заң күшi бар Жарлығының 14 және 15-баптарына сәйкес Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықтарды беруге рұқсат етедi; 7-3) жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органмен және Ұлттық компаниямен бiрлесiп Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған Контракт шарттарының сақталуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады; 7-4) кен орнын әзiрлеу жобасына сәйкес мұнай өндiрудi, сондай-ақ оның айналымын мемлекеттiк реттеудi жүзеге асырады. 2. Құзырлы орган: 1) Қазақстан Республикасының мүддесiн сақтауды қамтамасыз етуге; 2) Кен орнының қорларын мемлекеттiк органның сараптау бағасынан кейiн ғана Өндiруге Контрактiлер жасасуға мiндеттi. 7-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыры Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар: 1) Контракт жасалғаннан кейiн Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес Мердiгерге жер бөлiгiн бередi; 2) аймақтың экономикалық және экологиялық ерекшелiктерiн ескере отырып өз аумағында Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыруға қатысады; 3) өздерiне заң актiлерiмен берiлген құзыры шегiнде Мұнай операцияларын жүргiзу үшiн бөлiнген жер және су учаскелерiнiң қорғалуына, экологиялық қауiпсiздiк ережелерiнiң сақталуына, археологиялық ескерткiштер мен басқа да тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң қорғалуына бақылауды жүзеге асырады; 4) халық әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық мүдделерiн сақтаумен байланысты мәселелердi шешу үшiн Мердiгермен келiссөздер жүргiзуге қатысады. ҚР 11.08.99 ж. N 467-1 заңымен жаңа 7-1-баппен толықтырылды 7-1-бап. Ұлттық компанияның мiндеттерi Ұлттық компанияның мiндеттерi: 1) ұдайы өндiру қарқынын пайдалану және мұнай ресурстарын одан әрi арттыру стратегиясын әзiрлеуге қатысу; 2) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен Контрактiде мiндеттi үлестiк қатысу арқылы мұнай операцияларын жүзеге асыратын Мердiгерлермен жасалған Контрактілерде мемлекеттiк мүдденi бiлдiру; 3) Қазақстан Республикасының аумағында, Каспий және Арал теңіздерi секторын қоса алғанда, Мұнай операцияларына конкурстар ұйымдастыруға қатысу; 4) Мұнай операцияларымен байланысты жаңа жобаларды әзiрлеу және iске асыру болып табылады. ҚР 11.08.99 ж. N 467-1 Заңымен 3-тарау және 8-14-баптар алып тасталды ҚР 11.08.99 ж. N 467-1 Заңымен жаңа 3-1-тараумен толықтырылды 3-1-тарау. Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқық 8-1-бап. Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықтың пайда болуы 1. Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқық: 1) Осы Жарлыққа сәйкес Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықты беру; 2) Осы Жарлықпен белгiленген шектерде Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықты беру; 3) әмбебап құқық мирасқорлығы тәртiбiмен Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықтың ауысуы арқылы пайда болады. 2. Жер қойнауын пайдалану Құқығының пайда болуы үшiн белгiленген заңдардың нормалары осы Жарлықпен өзгеше белгiленген жағдайларды қоспағанда, Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықтың пайда болуымен тең дәрежеде қолданылады. 8-2-бап. Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықты беру 1. Мұнай операцияларын жүргiзу құқығы конкурссыз негiзде басым тәртiппен Ұлттық компанияға берiледi, ал өзге жер қойнауын пайдаланушыларға Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы заң күшi бар Жарлығымен белгiленген тәртiппен Контракт жасасу жолымен конкурс өткiзу нәтижелерi негiзiнде берiледi. 2. Жерасты қоймалары мен Мұнай резервуарларын Салуға және пайдалануға арналған құқық Құзыреттi органмен (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) тiкелей келiссөздер жүргiзудiң негiзiнде берiледi. 3. Теңiзде Мұнайгаз құбырларын Салуға арналған құқық тиiстi мемлекеттiк органның рұқсаты арқылы берiледi. 4. Теңiзде Мұнайгаз құбырларын пайдалануға арналған құқық Құзыреттi органның (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) тиiстi рұқсаты арқылы берiледi. 8-3-бап Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықтарды беру 1. Барлау, Өндiру, бiрлесiп Барлау жүргiзу мен Өндiруге арналған, сондай-ақ жер асты қоймалары мен Мұнай резервуарларын Салуға және пайдалануға арналған құқықтарды беруге Контарктiге тиiстi өзгерiстер енгiзу арқылы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы заң күшi бар Жарлығымен белгiленген тәртiпте жол берiледi. 2. Теңiзде Мұнайгаз құбырларын Салуға және оларды пайдалануға арналған құқықты беруге жол берiлмейдi. ҚР 11.08.99 ж. N 467-1 Заңымен 4-тарау және 15-24-баптар алып тасталды 5-тарау. Контрактiлер ҚР 11.08.99 ж. N 467-1 Заңымен 25-бап өзгертілді 25-бап. Контрактiлердiң түрлерi 1. Мұнай операцияларын жүргiзу үшiн Контрактiлердiң мынадай түрлерi: 1) Барлау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған Контракт; 2) Барлау және Өндiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған Контракт; 3) өнiмдi бөлу туралы Контракт; 4) Өндiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу туралы Контракт; 5) жерасты қоймаларын және Мұнай резервуарларын Салуға және (немесе) пайдалануға арналған Контракт қолданылады. 2. Нақты Мұнай операцияларының шарттарына және басқа жағдайларға қарай Контрактiлердiң құрастырылған және өзге де нысандарына рұқсат етiледi. ҚР 11.08.99 ж. N 467-1 Заңымен 26-бап жаңа редакцияда 26-бап. Контрактiнiң қолданылу шарты мен мерзiмi 1. Барлауға арналған Контракт алты жыл мерзiмге жасалады. Мердiгердiң Контрактiнiң қолданылу мерзiмiн Контрактiде және тиiстi жұмыс бағдарламаларында айқындалған мiндеттемелердi Мердiгер орындаған жағдайда ұзартуға құқығы бар. Контрактiнiң қолданылу мерзiмi әрбiр кезеңi екi жылға дейiн ұзақтықпен екi рет ұзартылуы мүмкiн. Мұнай табылған жағдайда Мердiгердiң Контрактiнiң қолданылу мерзiмiн Коммерциялық табуды бағалау үшiн қажеттi кезеңге ұзартуға құқығы бар. 2. Өндiруге арналған Контракт 25 жылға жасалады. Кен орындарында қоры 100 миллион тоннадан асатын Шикi мұнайды және (немесе) 100 миллиард текше метрден асатын Табиғи газды алуға арналған Өндiру Контрактiсi 40 жылға дейiн мерзiмге жасалуы мүмкiн. Өндiруге арналған Контрактiнiң мерзiмi, егер Мердiгер мерзiмдi ұзартуға Контрактiнiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн 12 айдан кешiктiрмей өтiнiш жасаған болса, Мердiгер мен Құзыреттi органның (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) өзара келiсiмi бойынша Өндiруге арналған Контрактiнiң мерзiмi ұзартылуы мүмкiн. 3. Бiрлесiп Барлау мен Өндiруге арналған Контракт ұзартудың мүмкiн мерзiмдерi ескерiле отырып, Барлау мен Өндiру мерзiмiн қамтитын мерзiмге жасалады. Бұл ретте мерзiмдердi ұзартуға осы баптың 1-тармағымен белгiленген ережелер қолданылады. 4. Контрактiнiң қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiм ол Құзыреттi органға (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) келiп түскен күннен бастап 3 айдан кешiктiрiлмей қаралуы тиiс. Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) оң шешiм қабылдаған жағдайда Контрактiге тиiстi өзгерiстер енгiзiледi. 5. Контракт шарттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келуi тиiс. Контракт жасау кезiнде Контрактiнiң қолданылып жүрген заңдарға қайшы келетiн шарттары Контракт жасалған кезден бастап жарамсыз деп есептеледi. 6. Контракт шарттары тараптардың өзара келiсiмiмен Үлгiлiк контрактiнiң ережелерi ескерiле отырып айқындалады. 7. Контракт тараптарының арасында мiндеттi түрде келiсуге жататын Контракт шарттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. ҚР 11.08.99 ж. N 467-1 Заңымен жаңа 26-1-баппен толықтырылды 26-1-бап. Контрактiнiң қолданылуының аумақтық аясы 1. Қазақстан Республикасының аумағы, Блоктардың шекарасы Қазақстан Республикасының шекарасымен түйісетін жағдайларды қоспағанда, тiк бұрыш нысанындағы Блоктарға бөлiнедi. Әрбiр блогының өзiнiң реттiк нөмiрi және географиялық координаттары бар Блоктардың картасын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 2. Контракт аумағы өзiне бiр Блокты немесе бiр-бiрiмен аралас, сондай-ақ бөлек-бөлек Блоктар жүйесiн қамтиды. Контракт аумағы ретiнде бөлiнетiн Блок (Блоктар) белгiлi бiр тереңдiкпен шектелiне алады (шектелiнуi мүмкiн). Теңiзде Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықты беру кезiнде Контракт аумағы оның шекараларының географиялық координаттары көрсетiле отырып, Контрактiде көрсетiлген қызметке рұқсат етiлетiн шектердегi теңiз табанының алаңымен айқындалады. 3. Егер Мұнай операцияларының процесiнде Кен орындары жерлерiнiң географиялық шекаралары Контракт аумағының шегiнен шығып кеткендiгi анықталса, онда оны кеңейту туралы мәселенi Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) қосымша шешуi тиiс. 4. Контракт аумағын қайтарудың тәртiбi Контрактiде айқындалады. 5. Контракт аумағының бөлiктерiн қайтару Контракт аумағынан қайтарылатын бөлiктердi қоспағанда, Геологиялық бөлудi қайта ресiмдеу жолымен жүзеге асырылады. Аумақтарды қайтаруға байланысты ресiмделетiн геологиялық бөлудi жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк орган дайындайды және бередi. ҚР 11.08.99 ж. N 467-1 Заңымен 27-бап өзгертілді
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |