|
|
|
2004 жылғы 11 маусымдағы N 562-II Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған 3-баптың редакциясы ҚР 24.06.02 ж. N 329-II Заңымен 3-бап жаңа редакцияда; ҚР 10.07.03 ж. N 483-II Заңымен (бұр. ред. қара) 3-бап өзгертілді 3-бап. Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесiн мемлекеттiк реттеу 1. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесiн реттеудi уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi уәкiлеттi орган) жүзеге асырады. 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен басқа, мемлекеттiк мекемелердегi бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесiн реттеудің ерекшелiктерi мемлекеттiк мекемелер үшін Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жөнiндегi нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесiн реттеудi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Директорлар Кеңесi (Директорат) жүзеге асырады. 4. Қызметін реттеу мен қадағалау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүктелген ұйымдардың бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесiн реттеудi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 5. Уәкілетті орган: 1) бухгалтерлiк есепке алудың стандарттары мен оларға әдiстемелiк ұсынымдарды әзiрлейдi және бекітеді, Қазақстан Республикасының халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарымен реттелмеген және оларға қайшы келмейтін бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін қабылдайды; 2) бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарлары мен оларға әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді; 3) өзге де мемлекеттік органдармен және бухгалтерлер мен аудиторлардың кәсіптік ұйымдарымен бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды; 4) бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру саласындағы өзге де функцияларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. 6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі: 1) қызметін реттеу мен қадағалауды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүктелген ұйымдар үшін: уәкілетті органның келісімімен халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарымен реттелмеген және оларға қайшы келмейтін мәселелер бойынша бухгалтерлік есепке алу стандарттарын, сондай-ақ оларға әдістемелік ұсынымдар әзірлейді және бекітеді; осы Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарларын әзірлейді және бекітеді; 2) қызметін реттеу мен қадағалауды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүктелген аффилирленген тұлғалар үшін осы Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының қаржылық есеп беру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді. 3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңдарының талаптарын және бухгалтерлiк есепке алу стандарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |