|
|
|
Осы редакция ҚР 10.07.03 ж. N 483-11 Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2732 Заңы (ҚР 11.07.97 ж. N 154-I; 16.07.99 ж. N 436-I; 24.12.01 ж. N 276-II; 24.06.02 ж. N 329-II Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен) 1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 5-1 баптар) 2-тарау. Бухгалтерлік есепке алу жүйесi, бухгалтерлiк (6 - 11 баптар) құжаттама және iшкi бақылау 3-тарау. Қаржылық есеп берудің элементтерiн бағалау (13 - 15 баптар) мен есепке алу 4-тарау. Қаржылық есеп беру (16 - 18 баптар) 5-тарау. Қорытынды ережелер (19 - 21 баптар) ҚР 24.06.02 ж. N 329-II Заңымен тақырыбы және кіріспе жаңа редакцияда Осы Заң Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесiн айқындайды, бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзу мен қаржылық есеп берудi жасаудың принциптерін, негізгі сапалық сипаттамалары және жалпы ережелерiн белгiлейдi. 1-тарау. Жалпы ережелер ҚР 16.07.99 ж. N 436-1; 24.12.01 ж. N 276-11 Заңдарымен 1-бап өзгертілді; ҚР 24.06.02 ж. N 329-II Заңымен 1-бап жаңа редакцияда 1-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 1. Осы Заңның күші міндетті мемлекеттік тіркелуге жататын жеке кәсіпкерлерге (бұдан әрі - кәсіпкерлерге), Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген резидент еместердің филиалдары мен өкілдіктеріне (бұдан әрі - ұйымдарына) қолданылады. 2. Кәсіпкерлер мен ұйымдар осы Заңға, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жөнiндегi өзге де нормативтiк құқықтық актiлеріне, бухгалтерлік есепке алу стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуге және қаржылық есеп берудi жасауға міндетті. ҚР 24.06.02 ж. N 329-II Заңымен 2-бап жаңа редакцияда 2-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады. ҚР 24.06.02 ж. N 329-II Заңымен Заң жаңа 2-1-баппен толықтырылды 2-1-бап. Қазақстан Республикасындағы халықаралық қаржылық есеп беру стандарттары Қаржылық есеп берудi жасауды ұйымдар Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттары жөніндегі комитеттен оларды ресми аударуға және (немесе) Қазақстан Республикасында жариялауға жазбаша рұқсаты бар ұйым мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялаған халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес жүзеге асырады. Осы баптың ережесi мемлекеттiк мекемелерге қолданылмайды. ҚР 24.06.02 ж. N 329-II Заңымен 3-бап жаңа редакцияда 3-бап. Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесiн мемлекеттiк реттеу 1. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесiн реттеудi уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi уәкiлеттi орган) жүзеге асырады. 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен басқа, мемлекеттiк мекемелердегi бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесiн реттеудің ерекшелiктерi мемлекеттiк мекемелер үшін Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жөнiндегi нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесiн реттеудi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Директорлар Кеңесi (Директорат) жүзеге асырады. 4. Қызметін реттеу мен қадағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүктелген ұйымдардың бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесiн реттеудi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 5. Уәкілетті орган: 1) бухгалтерлiк есепке алудың стандарттары мен оларға әдiстемелiк ұсынымдарды әзiрлейдi және бекітеді, Қазақстан Республикасының халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарымен реттелмеген және оларға қайшы келмейтін бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін қабылдайды; 2) бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарлары мен оларға әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді; 3) өзге де мемлекеттік органдармен және бухгалтерлер мен аудиторлардың кәсіптік ұйымдарымен бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды; 4) бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру саласындағы өзге де функцияларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. 6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі: 1) қызметін реттеу мен қадағалауды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүктелген ұйымдар үшін: уәкілетті органның келісімімен халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарымен реттелмеген және оларға қайшы келмейтін мәселелер бойынша бухгалтерлік есепке алу стандарттарын, сондай-ақ оларға әдістемелік ұсынымдар әзірлейді және бекітеді; осы Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарларын әзірлейді және бекітеді; Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасы талаптарының және бухгалтерлік есепке алу стандарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 2) қызметін реттеу мен қадағалауды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүктелген аффилирленген тұлғалар үшін осы Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының қаржылық есеп беру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді. ҚР 24.06.02 ж. N 329-II Заңымен 4-бап жаңа редакцияда 4-бап. Бухгалтерлiк есепке алу стандарттары мен бухгалтерлiк есепке алу шоттарының үлгі жоспары 1. Бухгалтерлiк есепке алу стандарттары бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзудiң және қаржылық есеп берудi жасаудың жалпы ережелерi мен әдiстерiн белгiлейдi. 2. Бухгалтерлiк есепке алу шоттарының үлгі жоспары бухгалтерлiк есепке алудың синтетикалық шоттарының жүйеленген тiзбесiн білдіреді. ҚР 24.06.02 ж. N 329-II Заңымен 5-бап жаңа редакцияда 5-бап. Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп берудiң мақсаты Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп берудiң мақсаты мүдделі тұлғаларды (бұдан әрi - пайдаланушылар) кәсiпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi мен қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы толық және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. ҚР 24.06.02 ж. N 329-II Заңымен Заң жаңа 5-1 баппен толықтырылды 5-1-бап. Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп берудiң принциптерi мен негiзгi сапалық сипаттамалары 1. Бухгалтерлiк есепке алуды жүргізу мен қаржылық есеп берудi жасаудың принциптерi есептеу және үздiксiздiк болып табылады. 2. Қаржылық есеп берудің негізгі сапалық сипаты түсiнiктiлік, орындылық, сенімділік және салыстырмалылық болып табылады. ҚР 24.06.02 ж. N 329-II Заңымен тараудың тақырыбы жаңа редакцияда 2-тарау. Бухгалтерлік есепке алу жүйесi, бухгалтерлiк құжаттама және iшкi бақылау ҚР 24.06.02 ж. N 329-II Заңымен 6-бап өзгертілді 6-бап. Бухгалтерлiк есепке алу жүйесi 1. Бухгалтерлiк есепке алу Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасымен, бухгалтерлік есепке алу стандарттарымен, сондай-ақ ұйымның есеп саясатымен регламенттелген кәсiпкерлер мен ұйымдардың операциялары мен оқиғалары туралы ақпарат жинау, тіркеу және қорыту жүйесiн білдіреді. 2. Есеп саясаты ұйымның қажетіне және оның қызметiнiң ерекшелiктерiне орай, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасының талаптарына, бухгалтерлiк есепке алу стандарттары мен бухгалтерлiк есепке алу шоттарының үлгі жоспарларына сәйкес бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзу мен қаржылық есеп берудi жасау үшiн ұйым қабылдаған принциптердi, негiздердi, шарттарды, ережелер мен практиканы бiлдiредi. 4. Операциялар мен оқиғалар бухгалтерлiк есепке алу жүйесiнде көрiнiс табады, бұл ретте: 1) бухгалтерлiк жазбаларды бастапқы құжаттардың түпнұсқаларымен бiрдей етіп бекемдеудi және бухгалтерлiк жазбаларда барлық операцияларын және оқиғалардың көрсетiлуiн; 2) операциялар мен оқиғаларды хронологиялық ретпен және уақтылы тіркеуді; 3) әр айдың бiрiншi күнiндегi жағдай бойынша синтетикалық (жиынтық) есептердiң талдамалы (егжей-тегжейлi) есептермен сәйкестендірілуін қамтамасыз етеді. 7. Операциялар мен оқиғалар синтетикалық шоттарда қосарлы жазба жүргiзу әдiсiмен бухгалтерлiк есепке алу шоттарының жоспарына сәйкес көрсетiледi. Операциялар мен оқиғалардың талдамалық есебiн жүргiзу тәртiбiн кәсіпкер немесе заңды тұлғаның лауазымды адамдары (бұдан әрi басшылық) белгілейдi, олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне және құрылтай құжаттарына сәйкес ағымдағы басшылық пен iс жүргiзудi кәсiпкер мен ұйымның қажетiне орай жүзеге асырады. 8. Кәсiпкерлер мен ұйымдар бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзу мен қаржылық есеп берудi мемлекеттік тілде және (немесе) орыс тiлiнде жасауды қамтамасыз етедi. ҚР 24.06.02 ж. N 329-II Заңымен Заң жаңа 6-1-баппен толықтырылды 6-1-бап. Бухгалтерлiк құжаттама 1. Бухгалтерлiк құжаттама бастапқы құжаттарды, бухгалтерлiк есепке алудың тiркелiмдерiн, қаржылық есеп берудi және есеп саясатын қамтиды. 2. Бухгалтерлiк жазбалар бастапқы құжаттар негiзiнде жүргізiлуге тиiс. Бастапқы құжаттар - операциялардың жасалуын немесе оқиғалар фактiсiн тiркейтiн құжаттар. Электронды жеткiзiлген бастапқы құжаттың қағаз түрiнде ресiмделген бастапқы құжаттық күшi болады. 3. Операциялар мен оқиғаларды ресiмдеу үшiн қолданылатын бастапқы құжаттарға арналған нысандарды немесе оларға қойылатын талаптарды уәкiлеттi орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтедi. 4. Уәкiлеттi орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi нысандарын немесе оларға қойылатын талаптарды бекiтпеген, қағазға түсiрiлген және электронды жеткiзушiлердегi бастапқы құжаттарды кәсіпкерлер мен ұйымдар дербес әзiрлейдi және оларда мынадай деректемелер мiндеттi түрде қамтылуға тиiс: 1) құжаттың атауы (нысандар); 2) жасалған күнi, айы, жылы; 3) өзiнiң атынан құжат жасалған ұйымның атауы немесе кәсiпкердің тегi және аты-жөнi; 4) операцияның немесе оқиғаның мазмұны; 5) операцияның немесе оқиғаның өлшем бiрлiктерi (сандық және құндық көрсеткіштермен берiлген); 6) операциялардың жасалуы (оқиғаның расталуы) және оны ресiмдеудің дұрыстығы үшiн жауапты адамдардың лауазымы, тегi, аты-жөнi және қолы. Операцияның немесе оқиғаның сипатына, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерінің талаптарына және есепке алу ақпаратын өңдеу тәсiлiне қарай бастапқы құжаттарға қосымша деректемелер енгiзiлуi мүмкiн. 5. Бастапқы құжаттар операция жасалған немесе оқиға болған не олар тiкелей аяқталған кезде жасалуға тиiс. 6. Есепке алуға қабылданған бастапқы құжаттарда қамтылған ақпарат нысандарын немесе оларға қойылатын талаптарды уәкiлеттi орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтетiн бухгалтерлiк есепке алу тiркелiмдерiнде жинақталады және жүйелендiрiледi. Бухгалтерлiк есепке алу тiркелiмiнің деректерi топтастырылған түрде қаржылық есеп беруге көшiрiледi. 7. Бухгалтерлiк есепке алудың бастапқы құжаттары мен тiркелiмдерi электронды жеткiзушiлерде жасалған кезде, ұйымдар мен кәсiпкерлер операциялардың басқа қатысушылары үшiн, сондай-ақ осындай талап ету құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлген мемлекеттік органдардың талаптары бойынша мұндай құжаттардың қағазға түсiрiлген көшiрмелерiн дайындауға мiндеттi. 8. Кассалық және банктiк бастапқы құжаттарға түзетулер енгiзуге жол берiлмейдi. Қалған бастапқы құжаттарға түзетулер тиiсті операцияларға қатысушылардың келiсiмiмен ғана енгiзілуі мүмкiн, түзетулердi енгiзген күн, ай, жыл көрсетiліп, құжатқа қол қойған тұлғалардың қолдарымен расталуға тиiс. ҚР 24.06.02 ж. N 329-II Заңымен 7-бап өзгертілді 7-бап. Бухгалтерлiк есепке алуды ұйымдастыру 1. Басшылық: 1) есепке алу саясатын қалыптастырады; 2) бухгалтерлiк есепке алудың ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді. Есепке алу саясаты Қазақстан Республикасының заңнамасында және ұйымның жарғысында (ережесінде) белгiленген тәртiппен бекiтiледi. 2. Басшылық немесе кәсiпкер есепке алу жұмысының көлемiне қарай: 1) бас бухгалтер басқаратын құрылымдық бөлiмше ретiнде бухгалтерлiк қызметтi құрады; 2) штатқа бас бухгалтер лауазымын енгiзедi; 3) бухгалтерлiк есепке алу iсiн жүргiзудi шарттық негiзде мамандандырылған бухгалтерлiк ұйымға немесе маман бухгалтерге бередi; 4) бухгалтерлiк есепке алуды тiкелей өзi жүргiзе алады. 3. Бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзу мен қаржылық есеп берудi жасауға уәкiлеттi тұлғалар осы баптың 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасын, бухгалтерлiк есепке алу стандарттары мен бухгалтерлiк есепке алу шоттарының үлгi жоспарын сақтауға мiндеттi. ҚР 24.06.02 ж. N 329-II Заңымен 8-бап өзгертілді 8-бап. Iшкi бақылау 1. Ұйым Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасының, есепке алу саясатының сақталуын, активтердің сақталуы жөнiндегi, бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзу мен қаржылық есеп берудi жасау кезiнде ұрлық пен жаңсақтық жағдайларын болдырмау және анықтау жөнiндегi шараларды қоса алғанда, операциялардың тиімді жүргiзiлуiн қамтамасыз ету үшiн iшкi бақылауды ұйымдастыруға құқылы. 2. Iшкi бақылауды ұйымдастыруды басшылық қамтамасыз етедi. 3. Мемлекеттiк мекемелерден басқа ұйымдар iшкi бақылауды тәуелсiз аудиторларды немесе аудиторлық ұйымдарды тарту арқылы жүзеге асыруға хақылы. 5. Мемлекеттiк мекемелердi бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлетті органдар жүргiзедi. ҚР 24.06.02 ж. N 329-II Заңымен 9-бап өзгертілді 9-бап. Бухгалтерлiк құжаттарға қол қою құқығы 1. Басшылық немесе кәсіпкер басшысы бухгалтерлiк құжаттарға қол қою құқығы бар адамды айқындайды. Бұл орайда сол адамның атқаратын лауазымына, ақша сомасының мөлшерiне, iс-қимыл саласы мен операцияның мәнiне қарай қол қою құқығының бағыныңқылық тәртiбi белгiленуi мүмкiн. 2. Электронды қолтаңбаны пайдаланушы кәсiпкерлер немесе ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану құқығы мен электронды қолтаңбаға қол жеткiзуге қатысты сақтық пен бақылаудың тиiстi шараларын белгiлеуге тиiс. ҚР 24.06.02 ж. N 329-II Заңымен 10-бап жаңа редакцияда 10-бап. Бухгалтерлiк ақпараттың құпиясы 1. Бухгалтерлiк есепке алудың бастапқы құжаттары мен тiркелiмдерiнiң мазмұны коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат болып табылады, оған пұрсат басшылықтың немесе кәсiпкердің рұқсаты бар адамдарға ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына берiледi. 2. Аталған құжаттарға пұрсаты бар адамдар құжаттар иесiнiң келiсiмiнсiз ондағы ақпаратты жария етпеуге мiндеттi және оны жеке мүддесiне пайдалануға құқығы жоқ. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа пұрсаты бар адамдар оны жария еткенi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiне сәйкес жауапкершiлiкте болады. ҚР 24.06.02 ж. N 329-II Заңымен 11-бап жаңа редакцияда 11-бап. Бухгалтерлiк құжаттаманы сақтау Кәсiпкерлер мен ұйымдар бухгалтерлік есепке алудың бастапқы құжаттарын, қағазға түсiрiлген және (немесе) электронды жүргізушiлердегi бухгалтерлiк есепке алудың тiркелiмдерiн, қаржылық есеп берудi, есеп саясатын, есепке алу деректерiнiң электрондық өңдеу бағдарламасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген кезең iшiнде сақтауға мiндеттi. ҚР 24.06.02 ж. N 329-II Заңымен тараудың тақырыбы жаңа редакцияда 3-тарау. Қаржылық есеп берудің элементтерiн бағалау мен есепке алу ҚР 24.06.02 ж. N 329-II Заңымен 12-бап алып тасталды 12-бап. алып тасталды ҚР 24.06.02 ж. N 329-II Заңымен 13-бап жаңа редакцияда 13-бап. Қаржылық есеп берудің элементтері 1. Қаржылық жағдайды бағалауға байланысты қаржылық есеп беру элементтерi активтер, мiндеттемелер және өз капиталы болып табылады. Активтер - өткен операциялар немесе оқиғалар нәтижесiнде алынған мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен болашақта кiрiстер алу күтiлетiн құндық бағасы бар құқықтар. Мiндеттеме - өткен операциялар немесе оқиғалар нәтижесiнде туындаған және жеке тұлғаның немесе ұйымның пайдасына белгілі бiр iс-әрекет жасауға: мүлiк беруге, жұмыстар орындауға, ақша төлеуге және басқаларына, не өтелуi активтердi азайтуға әкеп соғатын белгiлi бiр iс-әрекеттен қалыс қалуға құндық бағасы бар мiндеттеме. Өз капиталы (таза активтер) - мiндеттемелер шегерiлген активтер. 2. Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелерін бағалауға тiкелей байланысты қаржылық есеп беру элементтерi кiрiстер мен шығыстар болып табылады. Кiрiстер - есептi кезең iшiнде активтердi көбейту немесе олардың құнын арттыру түрiнде экономикалық пайданы ұлғайту не меншiк иелерінің салымдарына байланысты емес өз капиталын көбейтуге әкеп соғатын мiндеттемелердi азайту. Шығыстар - есептi кезең iшiнде активтердi немесе олардың құнын азайту түрiнде экономикалық пайданы азайту не оны меншiк иелерiнiң арасында бөлуге байланысты емес өз капиталын азайтуға әкеп соғатын мiндеттемелердi көбейту. ҚР 24.06.02 ж. N 329-II Заңымен 14-бап жаңа редакцияда 14-бап. Қаржылық есеп берудің элементтерiн бағалау 1. Қаржылық есеп берудің элементтерін бағалау - ақша сомасын анықтау, ол бойынша осы элементтер танылады және бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беруде тiркеледi. Бағалауды қолдану әдiстерi мен тәртiбi Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасының талаптарына және бухгалтерлiк есепке алу стандарттарына сәйкес белгiленедi. 2. Қаржылық есеп беру элементтерi бағаланады және олар бойынша есеп берулер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргiзiледi. 3. Шетел валютасымен жасалған операциялар мен оқиғалар Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасында және бухгалтерлiк есепке алу стандарттарында белгiленген тәртiппен, валюта айырбасының нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен есептеледi. ҚР 24.06.02 ж. N 329-II Заңымен 15-бап жаңа редакцияда 15-бап. Қаржылық есеп беру элементтерiн есепке алу Есепке алудың әдiстерi және қаржылық есеп беру элементтерiн тану тәртiбi Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасының талаптарына және бухгалтерлiк есепке алу стандарттарына сәйкес белгiленедi. 4-тарау. Қаржылық есеп беру ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 24.12.01 ж. N 276-II Заңдарымен 16-бап өзгертiлдi ҚР 24.06.02 ж. N 329-II Заңымен 16-бап жаңа редакцияда 16-бап. Қаржылық есеп беру 1. Қаржылық есеп беру ұйымның қаржылық жағдайы, қызметiнің нәтижелерi мен қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы ақпарат болып табылады. 2. Мемлекеттік мекемелердің есеп беруiн қоспағанда, қаржылық есеп беру: 1) бухгалтерлік балансты; 2) кiрiстер мен шығыстар туралы есептi; 3) ақша қозғалысы туралы есептi; 4) өз капиталындағы өзгерiстер туралы есептi; 5) есепке алу саясаты туралы ақпаратты және түсiндiрме жазбаны қамтиды. Қаржылық есеп беру Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасының талаптарына және бухгалтерлiк есепке алу стандарттарына сәйкес басқа да материалдармен толықтырылуы мүмкiн. Қаржылық есеп берудi жасаудың тәртiбi Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасының талаптарына және бухгалтерлiк есепке алу стандарттарына сәйкес белгiленедi. 3. Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есеп беруінің көлемiн, нысандары мен тәртiбiн, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, уәкiлеттi орган айқындайды. 4. Акцизделетiн өнiмдердi (алкоголь және темекi өнiмдерiн бөлшек саудада өткiзудi қоспағанда) өндiрумен, ұқсатумен және өткiзумен, сондай-ақ қызметтің акцизделетін түрлерiмен айналысатын ұйымдардан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын кәсiпкерлер мен ұйымдар Қазақстан Республикасының мемлекет алдындағы салықтық міндеттемелердi орындауын салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн орталық атқарушы органның келiсiмiмен yәкілеттi орган бекiткен бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзу мен бухгалтерлiк есепке алу стандарттары бойынша қаржылық есеп берудi жасаудың оңайлатылған нысанын қолдануға құқылы. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын ұйымдар қаржылық есеп берудi жүргiзген кезде осы Заңның 2-1-бабының ережелерiн басшылыққа алуға құқылы. 5. Қаржылық есеп беруге ұйымның басшылығы және бас бухгалтерi (бухгалтерi) қол қояды. Бухгалтерлiк есепке алуды мамандандырылған бухгалтерлiк ұйым немесе маман бухгалтер жүргiзетiн ұйымдардың қаржылық есеп беруiне ұйымның басшылығы, сондай-ақ мамандандырылған бухгалтерлiк ұйымның басшылығы немесе маман бухгалтер қол қояды. ҚР 24.06.02 ж. N 329-II Заңымен Заң жаңа 16-1-баппен толықтырылды 16-1-бап. Шоғырландырылған қаржылық есеп беру Еншілес ұйымдары бар ұйымдар, негізгі ұйымның қызметі бойынша қаржылық есеп беруден басқа, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасына және бухгалтерлiк есепке алу стандарттарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есеп берудi жасауға және ұсынуға міндеттi. ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 17-бап өзгертiлдi 17-бап. Есептi кезең 1. Жылдық қаржылық есеп беру үшiн есептiк кезең 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан аралығындағы күнтiзбелiк жыл болып табылады. 2. Жаңадан құрылған ұйым үшiн бiрiншi есептi жыл оның мемлекеттiк тiркеуден өткен сәтiнен басталып, сол жылдың 31 желтоқсанымен аяқталады. ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; ҚР 24.06.02 ж. N 329-II Заңдарымен 18-бап өзгертiлдi 18-бап. Қаржылық есеп берудi табыс ету 1. Ұйымдар қаржылық есеп берудi: 1) құрылтай құжаттарына сәйкес меншiк иелерiне; 2) Қазақстан Республикасының статистика органдарында тiркелген жерi бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика органдарына; 3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының құзыретiне сәйкес соларға табыс етедi. 2. Ұйымдар жылдық қаржылық есеп берудi есептi жылдан кейiнгi жылдың 30 сәуiрiнен кешiктiрмей табыс етедi. 3. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген мерзiм шегiнде меншiк иесi қаржылық есеп беру мерзiмiн анықтауға, бiрақ жылына бiр реттен асырмай басқа мерзiм белгiлеуге хақылы. 4. Шоғырландырылған қаржылық есеп берудi табыс ету осы баптың 1-3-тармақтарына сәйкес жүргiзiледi. 5-тарау. Қорытынды ережелер ҚР 24.06.02 ж. N 329-II Заңымен 19-бап жаңа редакцияда 19-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiмен көзделген жауапкершiлікке әкеп соғады. ҚР 24.06.02 ж. N 329-II Заңымен 20-бап алып тасталды 20-бап. алып тасталды ҚР 24.06.02 ж. N 329-II Заңымен 21-бап алып тасталды 21-бап. алып тасталды Осы Жарлық 1996 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |