|
|
|
Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880 қаулысы (ҚР Үкiметiнiң 21.01.02 ж. N 72; 20.11.02 ж. N 1223 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. N 267 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Бұрынғы редакцияларды қара "Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1090 қаулысының 5-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн. 2. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880 қаулысымен бекiтiлген Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы Ереже I. Жалпы ережелер. 1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) "Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1090 қаулысына сәйкес құрылады. ҚР Үкіметінің 21.01.02 ж. N 72 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Комиссия құрамын, халықаралық iзгiлiк көмектi тартумен, алумен және пайдаланумен айналысатын Қазақстан Республикасының министрлiктерiнiң, өзге орталық атқарушы және жергiлiктi органдарының, басқа да мекемелерi мен ұйымдарының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Комиссияға басшылықты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi орынбасарларының бiрi жүзеге асырады. 3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық келiсiмдердi, басқа да шарттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 4. Комиссия заң тәртiбiмен тiркелген, халықаралық iзгiлiк көмектi тартумен, алумен және пайдаланумен айналысатын басқа ұйымдармен және қоғамдық бiрлестiктермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс iстейдi. ҚР Үкіметінің 21.01.02 ж. N 72 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді 5. Комиссияның жұмысшы органы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады (осы министрлiктердiң Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен штат саны шегiнде), оларға Комиссияның қызметiн ұйымдастыру және оның шешiмдерiнiң орындалуына бақылау жүктеледi. 6. Комиссияның тапсыруы бойынша халықаралық iзгiлiк көмек берушiмен дәрiлiк заттардың, жабдықтар мен медициналық бұйымдардың, емдеу-сауықтыру мекемелерiне арналған жабдықтардың тiзбесiн шешу және келiсiп алу құқығы Қазақстан Республикасында тек Денсаулық сақтау министрлiгiне ғана берiледi. ҚР Үкіметінің 21.01.02 ж. N 72 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді 7. Төтенше жағдайларда халықаралық iзгiлiк көмек көрсетiлгенде материалдық құндылықтарды бөлу жөнiндегi жедел шешiм қабылдау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгінiң өкiлiне жүктеледi. II. Комиссияның мiндеттерi мен қызметi 8. Комиссияның негiзгi мiндеттерi: шетелдiк iзгiлiк көмектi тартуға, алуға және пайдалануға байланысты мәселелердi жедел шешу; iзгiлiк көмектiң пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру болып табылады. 9. Негiзгi мiндеттердi орындау мақсатында Комиссия мынадай қызметтердi орындайды: халықаралық iзгiлiк көмек көрсету жөнiндегi ұсыныстарды қарайды; адресаттары көрсетiлмей жiберiлген халықаралық iзгiлiк көмек жүктерiн алушыларды айқындайды; алушылар арасында халықаралық iзгiлiк көмек жүктерiн бөлудiң лимиттерiн белгiлейдi. халықаралық iзгiлiк көмек жүктерiн алушылардың осы жүктердi мақсатты пайдалануын бақылау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады; Үкiметке қажетiнше халықаралық iзгiлiк көмек iсiнiң жайы туралы қорытындыланған мәлiметтердi, сондай-ақ өз өкiлеттiктерiн орындау үшiн қажеттi басқа да ақпаратты берiп отырады. III. Комиссияның құқықтары 10. Комиссияның: iзгiлiк жүк жiберiлген ұйымдардан оның мақсатқа сай пайдаланылғаны туралы ақпарат сұратуға; тексеру мақсатында iзгiлiк жүк сақталатын орындарға кедергiсiз кiруге; iзгiлiк жүктi сақтау және бөлу мәселелерi бойынша ұсыныстар мен түсiнiктер беруге; лауазымды адамдардың iзгiлiк жүктi сақтау және бөлу тәртiбiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы тиiстi орындарға ұсыныстар енгiзуге құқығы бар. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880 қаулысына қосымша Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссияның Құрамы ҚР Үкiметiнiң 21.01.02 ж. N 72; 20.11.02 ж. N 1223 (бұрынғы ред. қара) қаулыларымен құрам өзгертілді Мұхаметжанов Бауыржан - Қазақстан Республикасы Әлімұлы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға Белоног Анатолий - Қазақстан Республикасының Денсаулық Александрович сақтау вице-министрі, төрағаның орынбасары Өтеулина Хафиза - Қазақстан Республикасының Еңбек және Мұхтарқызы халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, төрағаның орынбасары Комиссия мүшелерi: Шәмшидинова Күләш - Қазақстан Республикасының Білім Ноғатайқызы және ғылым вице-министрі Жақыпов Қабиболла - Қазақстан Республикасының Көлік Қабенұлы және коммуникациялар бірінші вице-министрі Хамзин Рүстем - Қазақстан Республикасының Экономика және Назымбекұлы бюджеттік жоспарлау министрлігі Халықаралық экономикалық және қаржылық қатынастар департаментінің директоры; Сармұрзина Раушан - Қазақстан Республикасының Энергетика Ғайсақызы және минералдық ресурстар министрлігі Мемлекеттік активтерді технологиялық дамыту және басқару департаментінің директоры Ержанов Аманияз - Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау Қасымұлы агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Шығанбаев Ерғали - Қазақстан Республикасы Кедендік Әбдімомынұлы бақылау агенттігінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру департаменті бастығының орынбасары Ким Афанасий Григорьевич - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы департаментінің директоры, Астана қаласындағы өкілетті өкілі Оразбақов Ғалым - Қазақстан Республикасының Индустрия Ізбасарұлы және сауда вице-министрі Әбусейітов Қайрат - Қазақстан Республикасының Сыртқы Қуатұлы істер бірінші вице-министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |