|
|
|
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқарамысының 2002 ж. 23 желтоқсандағы N 509 қаулысы (ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.05.03 ж. N 180 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 417 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулық бекітілсін. 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді. 3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.): 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына жіберсін. 4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық компанияларды қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін. 5. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық және реттеуші есебін жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 455 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1094 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 27 наурыз-9 сәуірде жарияланған) және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық және реттеуші есебін жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 455 қаулысымен бекітілген Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық және реттеуші есебін жасау және ұсыну ережесіне өзгеріс енгізу туралы" 2000 жылғы 13 қазандағы N 388 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1335 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 18-31 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін. Ұлттық Банк
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 509 қаулысымен бекітілген Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулық 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы Нұсқаулық банк заңдарына сәйкес әзірленді және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі банктік емес ұйымдардың) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - Ұлттық Банк) қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесін, нысандарын және мерзімдерін белгілейді. 2. Есепті банк заңдарында көзделген операцияларды жүргізуге Ұлттық Банк берген лицензиясы бар барлық банктік емес ұйымдар береді. Осы Нұсқаулық кредиттік серіктестіктер және ипотекалық компаниялар беретін қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтерге қолданылмайды. 3. Осы Нұсқаулықтың мақсаты банктік емес ұйымдар Ұлттық Банкке беретін қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтерге қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеу болып табылады. 4. Банктік емес ұйымдардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтері Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп жөніндегі заңдарында және осы Нұсқаулықта белгіленген талаптарға сәйкес жасалады. 2-тарау. Есеп беру 5. Банктік емес ұйымдардың қаржылық есебіне: 1) бухгалтерлік баланс - N 1 нысан (осы Нұсқаулыққа 1-қосымша) және оған қосымшалар; 2) кірістер және шығыстар туралы есеп - N 2 нысан (осы Нұсқаулыққа 2-қосымша); 3) ақша қозғалысы туралы есеп - N 3 нысан (осы Нұсқаулыққа 3-қосымша) кіреді. 6. Банктік емес ұйымдардың қаржылық есебіне қосымша мәліметтерге: 1) берілген заемдар және қаржылық лизинг туралы есеп (осы Нұсқаулыққа 4-қосымша); 2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы туралы есеп (осы Нұсқаулыққа 5-қосымша); 3) қаржы активтері туралы есеп (осы Нұсқаулыққа 6-қосымша); 4) қаржыландыру көздері туралы есеп (осы Нұсқаулыққа 7-қосымша); 5) салымдар және ағымдағы шоттар туралы есеп (осы Нұсқаулыққа 8-қосымша); 6) ашылған ДЕПО шоттары туралы есеп (осы Нұсқаулыққа 9-қосымша); 7) клирингтік ұйымға түскен төлемдердің жалпы көлемі туралы есеп (осы Нұсқаулыққа 10-қосымша); 8) қабылданған аударымдарды орындау туралы есеп (осы Нұсқаулыққа 11-қосымша); 9) инкассация қызметінің жұмысы туралы есеп (осы Нұсқаулыққа 12-қосымша) кіреді. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.05.03 ж. N 180 қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара) 7. Банктік емес ұйымдар қаржылық есепке (бұдан әрі - есеп) N 1 нысанды, N 2 нысанды және қосымша мәліметтерді банктік емес ұйымның тұрған жеріндегі Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарына (бұдан әрі - Ұлттық Банктің филиалдары) тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей ұсынады. Ұлттық почта операторы N 1 нысанды және N 2 нысанды ай сайын және тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей Ұлттық Банктің филиалына ұсынады. Ұлттық почта операторы қаржылық есепке қосымша мәліметтерді тоқсан сайынғы есеппен бірге ұсынады. Жыл сайынғы есепті, оның ішінде N 3 нысанды ұсыну Ұлттық Банк Басқармасының жеке қаулысымен айқындалады. 8. Банктік емес ұйымның қызметіне қолданылмайтын қаржылық есепке қосымша мәліметтер нысандары толтырылмайды. 9. Банктік емес ұйымдар есепті Ұлттық Банктің филиалына электрондық және қағаз түрінде береді. 10. Қағаз түріндегі есеп электрондық тасымалдауышпен берілген есепке сәйкес келуі тиіс. 11. Қағаз түріндегі есеп үш дана етіп жасалады, мұндай жағдайда есептің екі данасы Ұлттық Банктің филиалына беріледі, үшінші данасы банктік емес ұйымда қалады. Қағаз түріндегі есепке бірінші басшы, бас бухгалтер немесе олардың қол қою құқығы бар орынбасарлары қол қояды және банктік емес ұйымның мөрімен расталады. 12. Есеп Ұлттық Банктің филиалына жіберілген кезде есептің барлық беттері нөмірленген болуы тиіс, олардың жалпы саны ілеспе хатта көрсетіледі. 13. Есептің деректері ұлттық валютамен - теңгемен көрсетіледі. 14. Есеп жасалған кезде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен көрсетіледі. Есепте бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді. 15. Түзетулері және өшірілгені бар қағаз түріндегі есепті Ұлттық Банктің филиалы қабылдамайды және қайтарылады. 16. Есепке өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажет болған жағдайларда банктік емес ұйым есеп берілген күннен бастап үш күндік мерзімде Ұлттық Банктің филиалына өзгерістерді және/немесе толықтыруларды енгізу қажеттігінің себебін түсіндіре отырып жазбаша өтініш жібереді. 17. Ұлттық Банктің филиалы қағаз түрінде берілген есептің дұрыс ресімделуін және толық болуын тексеруді жүзеге асырады, қағаз түріндегі есептердің банктік емес ұйым берген электрондық тасымалдауыштағы есептермен сәйкес болуын тексереді. 18. Ұлттық Банктің филиалы банктік емес ұйым берген есепті онда дәлсіздіктер немесе қателер анықталған жағдайда пысықтауға қайтаруға құқылы. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.05.03 ж. N 180 қаулысымен 19-тармақ жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара) 19. Ұлттық Банктің филиалы есептік айдан кейінгі айдың он сегізінен кешіктірмей (Ұлттық почта операторы бойынша - айдың жиырма алтысынан кешіктірмей) банктік емес ұйымдардың тексерілген есебінің қағаз жазбадағы бір данасын және электрондық тасымалдағыштағы есепті Ұлттық Банкке жібереді. 20. Ұлттық Банк өз құзыреті шегінде және өзінің бақылау және қадағалау функцияларын орындау мақсатында жекелеген күндерге тиісті қосымшаларымен және нысандарымен берілген есеп, сондай-ақ растау құжаттарын талап етуге құқылы. 21. Банктік емес ұйым есепті ұсынбағаны және осы Нұсқаулықтың 7-тармағында көзделген есеп беру мерзімін бұзғаны, сондай-ақ толық емес және шынайы емес ақпарат бергені үшін Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауап береді. 3-тарау. Қорытынды ережелер 22. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулыққа N 1 қосымша ───────────────┐ │РНН нөмірі │ │Тіркеу нөмірі │ ├Қызмет түрі │ │Орналасқан жері│ └───────────────┘ N 1 нысан "Бухгалтерлік баланс"________________________________________________________________ (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның толық атауы) "__" ________________________ жылғы жағдайы бойынша мың теңгемен
Бас бухгалтер: ______________________ М.О. орындаушы: ___________________ телефоны: ___________________ N 1 нысанға 1 қосымша ────────────────┐ │РНН нөмірі │ │Тіркеу нөмірі │ ├Қызмет түрі │ │Орналасқан жері │ └────────────────┘ Басқа дебиторлық берешекті ашып көрсету __________________________________________________________________ (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның толық атауы) "__" ________________________ жылғы жағдайы бойынша мың теңгемен
Бас бухгалтер: ______________________ М.О. орындаушы: ___________________ телефоны: ___________________ N 1 нысанға 2 қосымша ────────────────┐ │РНН нөмірі │ │Тіркеу нөмірі │ ├Қызмет түрі │ │Орналасқан жері │ └────────────────┘ Басқа кредиторлық берешекті ашып көрсету __________________________________________________________________ (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның толық атауы) "__" ________________________ жылғы жағдайы бойынша мың теңгемен
Бас бухгалтер: ______________________ М.О. орындаушы: ___________________ телефоны: ___________________ Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулыққа N 2 қосымша ───────────────┐ │РНН нөмірі │ │Тіркеу нөмірі │ ├Қызмет түрі │ │Орналасқан жері│ └───────────────┘ N 2 нысан "Кіріс пен шығыс туралы есеп"________________________________________________________________ (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның толық атауы) "__" ________________________ жылғы жағдайы бойынша мың теңгемен
Бас бухгалтер ___________________ орындаушы ___________________ телефоны Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулыққа N 3 қосымша ────────────────┐ │РНН нөмірі │ │Тіркеу нөмірі │ ├Қызмет түрі │ │Орналасқан жері │ └────────────────┘ N 3 нысан "Ақша қозғалысы туралы есеп"________________________________________________________________ (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның толық атауы) "__" ________________________ жылғы жағдайы бойынша мың теңгемен
Бас бухгалтер ___________________ орындаушы ___________________ телефоны Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулыққа N 4 қосымша ────────────────┐ │РНН нөмірі │ │Тіркеу нөмірі │ ├Қызмет түрі │ │Орналасқан жері │ └────────────────┘ Берілген заемдар мен қаржы лизингі туралы есеп ________________________________________________________________ (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның толық атауы) "__" ________________________ жылғы жағдайы бойынша мың теңгемен
М.О. Бас бухгалтер _______________ Орындаушы ___________________ телефон Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулыққа N 5 қосымша ────────────────┐ │РНН нөмірі │ │Тіркеу нөмірі │
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |