|
|
|
Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысы (16.06.04 ж. берілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 14 маусымдағы N 663 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: ҚР Үкіметінің 27.07.00 ж. N 1151, 14.10.00 ж. N 152; 16.06.04 ж. N 660 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 1. Мыналар: "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялаудың тәртiбi(1-қосымша); экспорты Қазақстан Республикасының Үкiметi рұқсатының негiзiнде лицензия бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тiзбесi (2-қосымша); импорты Қазақстан Республикасының Үкiметi рұқсатының негiзiнде лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тiзбесi (3-қосымша); экспорты лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тiзбесi (4-қосымша); импорты лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тiзбесi (5-қосымша); экспорты Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiне сәйкес лицензия бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тiзбесi (6-қосымша) бекiтiлсiн; экспорты Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiне сәйкес лицензиялар бойынша Еуропалық Одақтың елдерiне ғана жүзеге асырылатын тауарлардың тiзбесi (6-1-қосымша); экспорты Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес экспортқа арналған құжаттар бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесі (8-қосымша). ҚР Үкіметінің 29.12.98 ж. N 1351; 27.07.00 ж. N 1151; 03.09.03 ж. N 893 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді 2. Ұйымдастыру-құқықтық нысандары мен тiркелген жерiне қарамастан, шетелдiктердi қоса алғандағы Қазақстан Республикасының барлық заңды және жеке тұлғалары үшiн мiндеттi тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) (бұдан әрi - тауарлар) экспорты мен импортының тәртiбi белгiленсiн. Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялаудың тәртібі этил спиртi мен алкогольді өнімдердің (сырадан басқа) импорты, есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың экспорты мен импорты лицензиялауға қолданылмайды. ҚР Үкіметінің 27.01.98 ж. N 39 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 29.12.98 ж. N 1351; 14.10.00 ж. N 1526; 06.04.01 ж. N 451; 03.09.03 ж. N 893 (бұр. ред. қара); 12.09.03 ж. N 929 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді 3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi осы қаулыға 2-6, 8-қосымшаларға сәйкес белгiленген номенклатура бойынша тауарлардың экспорты мен импортына (этил спиртi мен алкогольді өнімдердің (сырадан басқа) басқа) лицензиялар, экспортқа құжаттар берсiн. 27.01.98 ж. N 39 қаулысымен 4-тармақпен толықтырылды, 4-6-тармақтар тиiсiнше 5-7-тармақтар болып саналды; ҚР Үкіметінің 29.12.98 ж. N 1351 қаулысымен 2, 3, 4-тармақтар өзгертілді; ҚР Үкіметінің 19.01.99 ж. N 31; 28.11.00 ж. N 177; 22.01.03 ж. N 72 қаулыларымен 4-тармақ өзгертілді 4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi этил спирті мен алкогольді өнімдердің (сырадан басқа) импортына лицензиялар берсін. ҚР Үкіметінің 09.03.98 ж. N 186 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді 5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 4 желтоқсандағы N 548 өкiмiне: 1-тармақтағы "Қазақстан Республикасындағы тауарлардың (жұмыстар, қызмет көрсетулер) экспорты мен импортының тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 наурыздағы N 298 қаулысына сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын. 6. 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған еп танылсын. 7. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап бiр айдан кейiн күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялаудың тәртiбi 1. Осы Тәртіп Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялаудың тәртiбiн айқындайды. ҚР Үкіметінің 27.07.00 ж. N 1151 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Осы Тәртіптiң күшi ұйымдастыру-құқықтық нысандары мен тiркелген жерiне қарамастан, шетелдiктердi қоса алғандағы Қазақстан Республикасының барлық заңды және жеке тұлғаларына (бұдан әрi өтiнiм берушi) қолданылады. ҚР Үкіметінің 27.07.00 ж. N 1151 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Лицензиялар берудi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдар (бұдан әрi Лицензиар) жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 17.06.02 ж. N 666 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді 4. Лицензиялар белгiлеген нысандағы бланкiлерде (3, 4 қосымшалар) ресiмделедi. Лицензиялар бланкiлерiнiң ұсынушыға бағалы қағаздардың деңгейiнде қорғалу дәрежесi, сондай-ақ есептiк сериясы мен номерi болады және қатаң есептiлiк құжаты болып табылады. Лицензиялардың бланкiлерiн алуды, оларға есеп жүргiзудi және сақтауды Лицензия берушi жүзеге асырады. Болат және тоқыма өнімдерінің экспортына арналған лицензия белгіленген нысандағы бланкілермен (5 және 6-қосымшалар) ресімделеді. 5 және 6-қосымшалардағы экспортқа арналған лицензия мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жасалады. Болат және тоқыма өнімдерінің экспортына арналған лицензиялармен бірге Еуропа Қоғамдастығының уәкілетті органы талап ететін нысан бойынша экспортқа арналған құжат беріледі. ҚР Үкіметінің 10.11.00 ж. N 1693; 09.01.02 ж. N 13; 02.04.02 N 389 19.08.02 N 924; 03.09.03 ж. N 893 (бұр. ред. қара); 12.09.03 ж. N 929 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 5-тармақ өзгертілді 5. Лицензияларды ресiмдеу үшiн өтiнiм берушi Лицензиарға: а) лицензия алуға арналған белгiленген үлгiде өтiнiш (1, 2-қосымшалар); б) сыртқы сауда мәмiлелерiне қатысушылардың арасындағы сатып алу-сату келiсiм-шартының (шартының) немесе иелiктен шығарудың өзге де шартының көшiрмесi мен салыстыру үшiн түпнұсқаны; в) егер өтiнiм берушi ретiнде делдал қатысса, тауарды экспорттаушы және өндiрушi немесе импорттаушы және тұтынушы арасындағы шартты; г) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi: заңсыз тұлғалар үшiн - мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк; жеке тұлғалар үшiн - дербес кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк (патент); д) лицензиялық алымды төлегендiгiн растайтын құжатты; е) қызметтiң белгiлi бiр түрлерiн жүзеге асыруға арналған тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясын; ж) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органның осы қаулыға 2-5 қосымшаларға сәйкес тауарлардың жекелеген түрлерi бойынша рұқсатын; з) тауар шығарылған елдiң құзыреттi органы берген тауардың шығу сертификатын ұсынады; к) ұсынылатын құжаттардың тiзiмдемесiн; "в", "д", "г", "e", "ж" тармақшаларында көрсетiлген құжаттар түптелген, мөрмен және бiрiншi басшының немесе оны алмастыратын адамның қолымен расталуы тиiс көшiрме түрiнде беріледi. Ұсынылған мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн жауаптылық өтiнiм берушiге жүктеледi. ҚР Үкіметінің 09.01.02 ж. N 13 қаулысмен 6-тармақ жаңа редакцияда 6. Өтiнiш Лицензиардың деректер банкiнде тiркеуге жатады. Лицензия немесе лицензия беруден бас тарту туралы дәлелдi шешiм барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн он күн мерзiмнен кешiктiрiлмей берiледi. ҚР Үкіметінің 09.01.02 ж. N 13; 12.09.03 ж. N 929 (бұр. ред. қара); 16.06.04 ж. N 660 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді 7. Лицензия 10 мәндi кодты көрсете отырып, Евразиялық экономикалық қоғамдастығының сыртқы экономикалық қызметiнiң тауарлық номенклатурасына сәйкес, болат өнiмдерi экспортына арналған лицензияны қоспағанда, келiсiм-шартқа (шартқа) енгiзiлген тауар атауларының санына қарамастан, тауардың бiр ғана түрiне ресiмделедi. Еуропалық Одақтың елдерiне әкелiнетiн болат өнiмдерiнiң экспортына арналған лицензия 10 мәндi кодты көрсете отырып, Еуропалық Одақтың Құрамдастырылған номенклатурасына сәйкес ресiмделедi. Лицензия ол берiлген күннен бастап бiр күнтiзбелiк жылдан артық емес мерзiмге бiр мәмiле бойынша экспорттық немесе импорттық операцияларды жүзеге асыру үшiн берiледi. Лицензияның қолданылу мерзiмi келiсiм-шарттық мiндеттемелердi орындауды аяқтағанға дейiн бiрақ, бiр күнтiзбелiк жылдан асырылмай ұзартылуы мүмкiн. Лицензияның қолданылу мерзiмiн ұзарту үшiн оның иесi Лицензиарға жазбаша нысанда себебi көрсетiлген өтiніштi лицензияның қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн ұсынады. Лицензияның қолданылу мерзiмiн ұзартуды лицензияға қолымен және мөрiмен расталған тиiстi қосымша жазба енгiзу жолымен Лицензиар жүзеге асырады. Лицензиар кеден органдарының назарына лицензияны растайтын уәкiлеттi адамдар қолының үлгiлерi мен мөрлерiнiң таңбасын ұсынады. ҚР Үкіметінің 27.07.00 ж. N 1151 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді 8. Лицензияны беруден бас тарту, оның қолданылуын тоқтату, лицензияларды керi қайтарып алу және тоқтата тұру "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 Заңына сәйкес жүзеге асырылады. 9. Лицензия бөлектенбейтiн, яғни лицензиаттың тарапынан басқа жеке және заңды тұлғаларға берiлмейтiн болып табылады. Лицензия тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) бiр түрiнiң экспорты мен импортына онда көрсетiлген мерзiмдерге рұқсат болып табылады және лицензияланған тауарды кедендiк ресiмдеу үшiн негiз болады. 10. Тауардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) бiр түрiн бiр мемлекетке шығаруға берiлген лицензия бұл тауарды (жұмысты, қызмет көрсетудi) басқа мемлекетке шығару үшiн пайдаланыла алмайды. 11. Лицензиар: лицензиат тиiстi өтiнiш берген; лицензиат лицензиядағы талаптарды орындамаған; лицензиат Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған; лицензиар лицензияның қолданылуын тоқтата түрған себептер жойылмаған; лицензиатқа оның жүзеге асыруға лицензиясы бар қызметтiң түрiмен айналысуға сот тыйым салған жағдайларда тоқтата тұрудың себептерiн көрсете отырып, лицензияның қолданылуын алты айға дейiн мерзiмге тоқтата тұруға құқылы. Берiлген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiм лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш күндiк мерзiм iшiнде жазбаша нысанда лицензиат пен кеден органына хабарланады. 12. Лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған себептер жойылғаннан кейiн, лицензия жаңартылады. Лицензиар үш күндiк мерзiм iшiнде лицензиат пен кеден органына жазбаша нысанда хабарланатын шешiм қабылданғаннан кейiн, лицензия жаңартылған болып саналады. 13. Лицензияның қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн, оның түпнұсқасы бар кеден органы 10 күндiк мерзiм iшiнде Лицензиарға мөрмен және бiрiншi басшының қолымен расталған, оның атқарылғандығы туралы тиiстi белгiмен бiрге лицензияның көшiрмесiн жолдайды. 14. Лицензиялық алымның мөлшерi мен оны төлеудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. 15. Лицензиардың тауарлардың экспортын/импортын лицензиялауға байланысты шешiмi мен iс-әрекетiне сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн. ҚР Үкіметінің 09.01.02 ж. N 13 қаулысымен тәртіп 16-тармақпен толықтырылды 16. Лицензия жоғалған кезде лицензиаттың телнұсқаны алуға құқығы бар. Лицензиар лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша он күн iшiнде лицензияның телнұсқасын берудi жүргiзедi. Бұл ретте лицензиат қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына алым төлейдi. ҚР Үкіметінің 12.09.03 ж. N 929 қаулысымен тәртіп 17-тармақпен толықтырылды 17. Мемлекеттiк органдар Лицензиарға лицензияға өтiнiштi келiсетiн уәкілеттi тұлғалардың мөр бедерлерi мен қолдарының үлгiлерiн ұсынады және уәкiлеттi тұлғалар өзгерген жағдайда Лицензиарды 3 күн iшiнде хабардар етуге мiндеттi. ҚР Үкіметінің 27.07.00 ж. N 1151; 02.04.02 ж. N 389 қаулыларымен 1-қосымша өзгертілді; ҚР Үкіметінің 12.09.03 ж. N 929 қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялаудың тәртібіне 1-қосымша Экспорт лицензиясына өтініші ┌─────────────────────────────────────────────────────────────────────┐ │1. N Лицензия │ ├─────────────────────────────────────────────────────────────────────┤ │2. Өтініш беруші ұйым, оның │ │мекен-жайы, телефоны, СТТН, │ │КҰЖК коды │ ├────────────────────────────┬────────┬──────────────────────┬────────┤ │3. Тапсырма бойынша (ұйым, │ │ 7. Сатып алушы, │ │ │кәсіпорын, мекен-жайы, └────────┤ оның мекен-жайы └────────│ │тел.) │ │ ├────────────────────────────┬────────┤──────────────────────┬────────┤ │4. Әзірлеуші (ұйым, │ │ 8. Сатып алушының │ │ │кәсіпорын, мекен-жайы, └────────│ елі └────────│ │тел.) │ │ ├────────────────────────────┬────────┤──────────────────────┬────────┤ │5. Баратын елі │ │ 9. Лицензияның │ │ │ └────────│ әрекет ету └────────│ │ │ мерзімі │ ├────────────────────────────┬────────┤──────────────────────┬────────┤ │6. Кеден │ │ 10. Мәміле сипаты └────────┤ │ └────────│──────────────────────┬────────┤ │ │ 11. Төлем │ │ │ │ валютасы └────────│ ├─────────────────┬───────────────────┼────────────┬──────────────────┤ │12. Тауардың │ 13. СЭҚ ТН бойынша│ 15. Өлшем │ 17. Тауардың │ │атауы мен толық │ тауардың коды │ бірлігі │ жалпы құны │ │сипаттамасы │───────────────────┼────────────┤ (мың): │ │ │ 14. Бақылау │ 16. Саны │ төлем │ │ │ тізімдері │ │ валютасында: │ │ │ бойынша тауар коды│ │ │ │ │ │ │ теңге: │ │ │ │ │ USD долларымен │ ├─────────────────┴───────────────────┼────────────┴──────────────────┤ │18. Лицензия сұрау үшін негіздер │ 20. Лицензия беру туралы │ │(ҚР Үкіметі қаулысының, │ шешімдерге келісетін ҚР-ның │ │келісім-шарт, шарт, инвойс N, │ мемлекеттік органдары │ │оған қол қойылған күні) │ │ │ │ Аты-жөні: │ │ │ Лауазымы │ │ │ Қолы, МО күні │ ├─────────────────────────────────────┼───────────────────────────────┤ │19. Өтініш беруші ұйымнан │ 21. Қазақстан Республикасының │ │ │ Индустрия және сауда │ │Аты-жөні │ министрлігі │ │Лауазымы │ 200___ ж. "__"__________ │ ├Қолы, МО күні │ өтініш қарауға қабылдады │ ├─────────────────────────────────────┴───────────────────────────────┤ │22. Есеп айырысу (валюталық) шоттардың нөмірлері, өтініш беруші │ │ұйымның банк бөлімдерінің атауы │ ├─────────────────────────────────────────────────────────────────────┤ │23. Лицензияның ерекше шарттары │ └─────────────────────────────────────────────────────────────────────┘ ҚР Үкіметінің 27.07.00 ж. N 1151; 02.04.02 ж. N 389 қаулыларымен 2-қосымша өзгертілді; ҚР Үкіметінің 12.09.03 ж. N 929 қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялаудың тәртібіне 2-қосымша Импорт лицензиясына өтініш ┌─────────────────────────────────────────────────────────────────────┐ │1. N Лицензия │ ├─────────────────────────────────────────────────────────────────────┤ │2. Өтініш беруші ұйым, оның │ │мекен-жайы, телефоны, СТТН, │ │КҰЖК коды │ ├───────────────────────────┬──────────┬────────────────────┬─────────┤ │3. Тапсырма бойынша (ұйым, └──────────┤7. Сатушы, └─────────┤ │кәсіпорын, мекен-жайы, │оның мекен-жайы │ │тел.) │ │ ├───────────────────────────┬──────────┼────────────────────┬─────────┤ │4. Тұтынушы (ұйым, └──────────┤8. Сатушының └─────────┤ │кәсіпорын, мекен-жайы, │елі │ │тел.) │ │ ├───────────────────────────┬──────────┼────────────────────┬─────────┤ │5. Шығу елі └──────────┤9. Лицензияның └─────────┤ │ │әрекет ету │ │ │мерзімі │ ├───────────────────────────┬──────────┼────────────────────┬─────────┤ │6. Кеден └──────────┤10. Мәміле сипаты └─────────┤ │ │────────────────────┬─────────┤ │ │11. Төлем └─────────┤ │ │валютасы │ ├─────────────────┬────────────────────┼───────────┬──────────────────┤ │12. Тауардың │ 13. СЭҚ ТН бойынша │ 15. Өлшем │ 17. Тауардың │ │атауы мен толық │ тауардың коды │ бірлігі │ жалпы құны │ │сипаттамасы ├────────────────────┼───────────┤ (мың): │ │ │ 14. Бақылау │ 16. Саны │ төлем │ │ │ тізімдері │ │ валютасында: │ │ │ бойынша тауар коды │ │ │ │ │ │ │ теңге: │ │ │ │ │ USD долларымен │ ├─────────────────┴────────────────────┼───────────┴──────────────────┤
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |