|
|
|
«Қазақстан Республикасында жүргiзiлетiн, басталған, жалғастырылып жатқан және аяқталған мемлекеттік құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды мемлекеттік тiркеудiң тәртібін бекіту туралы» (2013.23.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 31.08.04 ж. № 921 қаулысымен тақырыбы мен мәтіні өзгерілді (бұр. ред. қара)
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және ғылыми-техникалық ақпарат алмасуды, елдiң ғылыми-техникалық әлеуетiнiң жай-күйiн талдауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасында жүргiзiлетiн ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстардың негiзiнде арнаулы ақпарат қорларын құру, зерттеулер мен әзiрленiмдердiң қайталануын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында жүргiзiлетiн, басталған, жалғастырылып жатқан және аяқталған мемлекеттік құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды мемлекеттік тiркеудiң тәртібі (бұдан әрi - Тәртiп) бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы бір ай мерзiм iшiнде Тәртiптi iске асыру үшiн қажеттi нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттарды әзiрлесiн және бекiтсiн, мемлекеттік құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстар туралы ақпараттық құжаттардың мемлекеттік қорын құруды және орындаушы-ұйымдардың жүргiзiлiп жатқан және аяқталған мемлекеттік құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстар туралы мәлiметтердi уақтылы ұсынуына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн. ҚР Үкіметінің 2005.20.09. № 929 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Республиканың мемлекеттік құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды орындайтын министрлiктерi, ведомстволары және ұйымдары 1998 жылдың ақпаннан бастап мемлекеттік құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында қажеттi құжаттарды ұсынуды қамтамасыз етсiн. ҚР Үкіметінің 31.08.04 ж. № 921 қаулысымен 4-тармақ өзгерілді (бұр. ред. қара) 4. Салааралық ақпарат ғылыми-техникалық орталығы жыл сайын есептiден кейiнгi жылдың бірiншi тоқсанында, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, сондай-ақ олардың өз функциялық мiндеттерiн атқаруына байланысты министрлiктер мен ведомстволардың сұратуы бойынша мемлекеттік құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстар, елдiң бұл саладағы ғылыми-техникалық әлеуетi туралы есептi жылғы Мемлекеттік қордың ақпараттық құжаттармен толығуына талдаумен және Қазақстан Республикасында мемлекеттік құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар тақырып бойынша зерттеулер мен әзiрленiмдердi орындау жөніндегі жұмыстарды жетiлдiру жөніндегі ұсыныстармен қоса анықтамалар ұсынсын.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 11 наурыздағы № 198 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында басталған, жалғастырылып жатқан және аяқталған мемлекеттік құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды мемлекеттік тiркеудiң
ҚР Үкіметінің 31.08.04 ж. № 921 қаулысымен тақырыбы мен мәтіні өзгерілді (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2005.20.09. № 929 қаулысымен мәтіндегі сөздер өзгертілді (бұр.ред.қара)
I. Жалпы ережелер 1. Осы Тәртiп мемлекеттік құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды (бұдан әрi - ҒЗТКжЖТЖ) орындаудың барлық кезеңдерiнде тiркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға, олар бойынша есеп құжаттарын ұсынуға және Қазақстан Республикасында жүргiзiлетiн құпиялы ҒЗТКжЖТЖ туралы ақпарат дайындауға бірыңғай талаптарды белгiлейдi. 2. Қазақстан Республикасының барлық ұйымдары орындайтын қаржыландыру бюджеттiң қаражатын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын құпиялы ҒЗТКжЖТЖ мiндеттi тiркеуге жатады. ҚР Үкіметінің 31.08.04 ж. № 921 (бұр. ред. қара); 2005.20.09. № 929 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгерілді 3. Құпиялы ҒЗТКжЖТЖ мемлекеттік тiркеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» (бұдан әрi - ҚР ҰҒТАО) шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жүктеледi. 4. Осы Тәртiпте көзделген барлық тiркеу және есеп құжаттары ҚР ҰҒТАО-ға тегiн ұсынылады. Оларды дайындауға және жөнелтуге байланысты шығындар ҒЗТКжЖТЖ жүргiзуге арналып бөлiнген қаражаттың есебiнен атқарушы ұйымдарға жүктеледi. 5. Тiркеудiң негiзiнде ҚР ҰҒТАО Қазақстан Республикасында жүргiзiлген құпиялы ҒЗТКжЖТЖ туралы автоматтандырылған деректер банкiн жүргiзедi, белгiленген тәртiппен жүргiзiлiп жатқан және аяқталған ҒЗТКжЖТЖ туралы, сондай-ақ атқарушы ұйымдар туралы ақпараттарға рұқсат етiлуiн қамтамасыз етедi. 6. Құпиялы ҒЗТКжЖТЖ тiркеу және олар бойынша есептi құжаттар ұсыну үшiн Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы бекiткен тiркеу және ақпараттық карталардың нысандары, сондай-ақ оларды толтыруға және есептiк құжаттарды ресiмдеуге талаптар пайдаланылады. 7. Тiкелей орындаушы ұйым жабық ҒЗТКжЖТЖ тiркеу үшiн ҚР ҰҒТАО-ға жұмысты қаржыландыру басталған сәттен бастап 30 күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде екi данада белгiленген үлгiдегi тiркеу картасын жолдайды. ҒЗТКжЖТЖ бірнеше ұйым жүргiзген кезде (кешендi жұмыстар) әрбір атқарушы ұйым ҚР ҰҒТАО-ға жұмыстың дербес орындалатын бөлiгiне тiркеу картасын жолдайды. ҚР ҰҒТАО тiркеу картасы бойынша жұмысқа тiркеу нөмiрiн бередi және 20 күндiк мерзiмде тiркеу картасының бір данасын атқарушы ұйымға жолдайды. Атқарушы ұйым тiркелген жұмыстағы өзгерістер туралы мынадай: жұмыстың аяқталу немесе тоқтатылу мерзiмi өзгерген (жазбаша хабарлама жiберiледi); жұмыстың атауы өзгерген (атқарушы қайтадан ресiмдеген тiркеу картасы жолданады) жағдайларда 30 күндiк мерзiм iшiнде ҚР ҰҒТАО-ға хабарлауға мiндеттi. ҚР ҰҒТАО аталған жұмысқа бір мезгiлде бұрынғы нөмiрдi жою арқылы жаңа тiркеу нөмiрiн бередi. 8. Тiркелген ҒЗТКжЖТЖ атқарушы ұйым жұмыс (немесе оның кезеңi) аяқталған сәттен бастап 30 күннен аспайтын мерзiм iшiнде ҚР ҰҒТАО-ға белгiленген үлгiдегi ақпараттық карта жолдайды. Кешендi жұмыс аяқталғаннан кейiн барлық атқарушы ұйымдар (бас ұйым және қоса атқарушы ұйымдар) ҚР ҰҒТАО-ға дербес орындалған бөлiктер (кезеңдер) жөнiнде ақпараттық карталар ұсынады. ҚР Үкіметінің 2013.23.07. № 735 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 9. Аяқталған ҒЗТКжЖТЖ (немесе оның кезеңi) туралы ғылыми-техникалық есептi атқарушы ұйымның басшысы бекiтедi және ол осы ұйымның бірiншi бөлiмiнде сақталады. ҒЗТКжЖТЖ туралы ғылыми-техникалық есеп ҒЗЖ туралы есепті ресімдеудің құрылымы мен ережесін регламенттейтін ұлттық стандарттың (МЕМСТ 7.32-91) талаптарына сәйкес ресімделуі тиіс. 10. Дұрыс ресiмделмеген тiркеу және ақпараттық карталарды ҚР ҰҒТАО қайтарудың объективтi себептерiн көрсете отырып, түзету үшiн атқарушы ұйымға қайтарады. Атқарушы ұйым қайтарылған құжаттарды алған күннен бастап 20 күннен кешiктiрмей оларға түзету енгiзуге және ҚР ҰҒТАО-ға қайта жiберуге мiндеттi. ҚР ҰҒТАО-ға ұсынылатын құжаттардағы мәлiметтердiң толықтығы мен дұрыстығы, материалдарды ресiмдеудiң сапасы үшiн атқарушы ұйым жауапкершiлiкте болады. ҚР Үкіметінің 31.08.04 ж. № 921 қаулысымен 11-тармақ өзгерілді (бұр. ред. қара) 11. ҚР ҰҒТАО-да диссертация қорғалған мемлекеттік құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар тақырыптар бойынша диссертацияның белгiлi үлгiдегi есеп карточкасы (ДЕК) ұсынылады. 12. Тiркелген құпиялы ҒЗТКжЖТЖ туралы мәлiметтердi ҚР ҰҒТАО заңдарға сәйкес тапсырысшыларға ұсынады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |