|
|
|
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу ставкаларын бекіту (2005.30.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу үшiн алым төлеу ставкалары бекітілсiн. 2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу үшiн алым төлеу тәртібі туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1996 жылғы 19 қарашадағы № 1405 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 47, 457-құжат); 2) "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 19 қарашадағы № 1405 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 19 тамыздағы № 1264 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., № 37, 360-құжат); 3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 19 қарашадағы № 1405 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 15 мамырдағы № 640 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 18, 226-құжат). 3. Осы қаулы 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Yкіметінiң 2001 жылғы 19 желтоқсандағы № 1660 қаулысымен бекітілген Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу үшiн алым төлеу ставкалары ҚР Үкіметінің 2005.30.12 № 1324 Қаулыcымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1. Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін құру мен олардың қызметін тоқтатуды мемлекеттік (есептік) тіркеу (соның ішінде заңнамада көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде), қайта тіркеу кезінде заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу ставкалары: 1) заңды тұлғалардан, олардың филиалдары мен өкілдіктерінен осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында, сондай-ақ 2 және 3-тармақтарында көрсетілгендерді қоспағанда, 7600 теңгені құрайды; 2) шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардан, олардың филиалдары мен өкілдіктерінен 2280 теңгені құрайды; 3) саяси партиялардан, олардың филиалдары мен өкілдіктерінен 15960 теңгені құрайды. ҚР Үкіметінің 2005.30.12 № 1324 Қаулыcымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2. Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелерді, қазыналық кәсіпорындарды және үй-жай (пәтер) иелері кооперативтерін, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу ставкалары: 1) құруды мемлекеттік (есептік) тіркеу кезінде - алым төленген күнге қолданылатын бір айлық есептік көрсеткішті; 2) мемлекеттік қайта тіркеу (есептік) кезінде - осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген тиісті ставканың елу пайызын; 3) қызметі тоқтатылған кезде (соның ішінде заңнамада көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) - алым төленген күнге қолданылатын бір айлық есептік көрсеткішті құрайды. ҚР Үкіметінің 2005.30.12 № 1324 Қаулыcымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 3. Балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерін, олардың филиалдары мен өкілдіктерін, республикалық және өңірлік ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестіктер филиалдарын мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу ставкалары: 1) құруды мемлекеттік (есептік) тіркеу кезінде - алым төленген күнге қолданылатын екі айлық есептік көрсеткішті; 2) мемлекеттік қайта тіркеу - (есептік) кезінде - осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген тиісті ставканың елу пайызын; 3) қызметі тоқтатылған кезде (соның ішінде заңнамада көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) - алым төленген күнге қолданылатын бір айлық есептік көрсеткішті құрайды. ҚР Үкіметінің 2005.30.12 № 1324 Қаулыcымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 4. Заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқасын берген кезде заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу ставкасы 50 теңгені құрайды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |