«Шаруашылық субъектілердің қызметінде жүргізілетін барлық тексерулердің ҚР Бас Прокурорының 2004 ж. 1 наурыздағы № 12 бұйрығымен күші жойылды Барлық мүдделі ведомстволармен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылдың 31 желтоқсанындағы № 4189 Жарлығын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Шаруашылық субъектілерінде жүргізілетін барлық тексерулердің бірыңғай статистикалық есебін енгізу туралы" 1999 жылғы 1 қыркүйектегі № 1286 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" заң күші бар, жарлығының 11-бабын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. «Шаруашылық субъектілерінің қызметінде жүргізілетін барлық тексерулердің алғашқы есеп құжаттарын ұсыну және тіркеу тәртібі туралы» Ереже бекітілсін және 2002 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енсін. 2. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2000 жылдың 29 желтоқсанындағы № 66 бұйрығының күші жойылды деп табылсын. 3. Құқықтық статистика және ақпарат орталығына (Ә.Б. Ағманов) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіп бойынша Ережені тіркесін. 4. Осы бұйрық және оған тіркелген Ереже барлық облыс және оларға теңестірілген прокурорларға, Астана мен Алматы қалаларының прокурорларына орындау үшін жолдансын. 5. Құқықтық статистика және ақпарат орталығына (Ә.Б.Ағманов) ресми бұқаралық ақпарат құралдарында осы Ережені жарияласын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|