|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы (2016.21.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы» 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегі № 922 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір
1. «Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаның гигиенасы жөніндегі ұлттық iс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 9 маусымдағы № 878 қаулысына: 3-тармақта: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгi» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын; «Табиғи ресурстар және» деген сөздер алынып тасталсын, «қоршаған» деген сөз бас әрiппен жазылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаның гигиенасы жөніндегі ұлттық iс-қимыл жоспарында: құжаттың мәтiнiнде пайдаланылған қысқартулардың тiзбесіндегі мынадай жолдар: «ДСА - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгi AЭК - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Атом энергетикасы жөніндегі комитетi ТОҚМ - Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі ЭИСМ - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі» мынадай редакцияда жазылсын: «ДСМ - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі AЭК - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң Атом энергетикасы жөніндегі комитетi ҚОҚМ - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі ИСМ - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі»; қосымшада: «Жауапты орындаушы» деген бағанда реттiк нөмiрлерi 1.1, 1.2, 1.3, 1.4, 4.1, 5.3, 5.5, 6.1, 6.2, 6.4, 7.1, 7.2, 8.4-жолдарда, «ДСА», «ТОҚМ», «ЭИСМ», «ЭИСМ-нiң Атом энергетикасы жөніндегі комитетi» деген сөздер «ДСМ», «ҚОҚМ», «ИСМ», «ЭMPM-нiң Атом энергетикасы жөніндегі комитетi» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. ҚР Үкіметінің 2016.08.02. № 59 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3. ҚР Үкіметінің 2016.21.06. № 364 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 19.03.04 ж. № 345 қаулысымен 4-тармақтың күші жойылды 4. «Рио+10» тұрақты даму жөніндегі Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзiлiк Саммитiне дайындық және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртібін әзiрлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 15 сәуірдегі № 430 қаулысына: көрсетiлген қаулымен бекітілген «Рио+10» тұрақты даму жөніндегі Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзiлiк Саммитiне дайындық және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртібін әзiрлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамына мыналар енгiзiлсiн: орынбасар; Исекешов - Қазақстан Республикасының Әсет Өрентайұлы Индустрия және сауда вице-министрi; Асанов - Қазақстан Республикасының Әдiлет Жақып Қажманұлы вице-министрi; Жалғасбаев - Қазақстан Республикасының Сыртқы Нұрлан Аделұлы iстер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментiнiң директоры; Төлебаев - Қазақстан Республикасының Алмас Қажкенұлы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Халықаралық ынтымақтастық және мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламалар департаментiнiң директоры; Брагин - Қазақстан Республикасының Александр Геннадьевич Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаментiнiң директоры, хатшы; Ермекова - Қазақстан Республикасының Несiпбала Әбсағитқызы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң Салалық органдар шығыстарын жоспарлау департаментi директорының орынбасары.»; көрсетiлген құрамнан: Мәсiмов Кәрiм Қажымқанұлы, Шоқпытов Андар Мәулешұлы, Андрющенко Александр Иванович, Елекеев Ирак Қасымұлы, Қазыханов Ержан Хозеұлы, Кемелбеков Шамғон Нәмелбекұлы, Мешiмбаева Анар Ертiлеуқызы шығарылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген «Рио+10» тұрақты даму жөніндегі Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзiлiк Саммитiне дайындық және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртібін әзiрлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде: 5-тармақта «Табиғи ресурстар және» деген сөздер алынып тасталсын, «қоршаған» деген сөз бас әрiппен жазылсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |