Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларын бекіту туралы (2024.19.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018.06.06. № 226 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2021.11.08. № 284 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020.29.04. № 153 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 9) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018.06.06. № 226 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2021.11.08. № 284 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Қоса беріліп отырған Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидалары бекітілсін. 2. «Оралмандар мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 15 қарашадағы № 476 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6698 болып тіркелген, 2011 жылғы 12 қаңтарда № 78 «Казахстанская правда» газетінде жарияланған). 3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті (А.Ә.Сарбасов): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Қ.Егембердіге жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|