Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы (2017.25.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 16 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2017.24.03. № 128 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2010.19.03. № 219 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.06.03. № 294 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.11.10. № 1087 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.07.10. № 1058 Қаулысымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.12.10. № 822 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.07.10. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.24.03. № 128 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.25.09. № 587 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Фильтрлі, фильтрсіз 20 (жиырма) сигаретке және папиростарға: 1) 2017 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін үш жүз жиырма теңге; 2) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін үш жүз қырық теңге; 3) 2018 жылғы 1 шілдеден бастап 2018 жылғы 31 қаңтарды қоса алғанға дейін үш жүз алпыс теңге; 4) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап үш жүз сексен теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағалары белгіленсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап жиырма күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
|