|
|
|
Астық туралы 2001 ж. 19 қаңтардағы N 143-II Қазақстан Республикасының Заңы (ҚР 11.07.01 ж. N 231-II; 13.10.03 ж. N 488-II Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Бұрынғы редакцияларды қара Осы Заң Қазақстан Республикасында астықты өндiру, сақтау және сату процесiнде пайда болатын қатынастарды реттейдi. 1-тарау. Жалпы ережелер ҚР 11.07.01 ж. N 231-11; 13.10.03 ж. N 488-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілді 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) агент - мемлекет жүз процент қатысатын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен құрылатын және өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк астық ресурстарын басқару жөнiндегi өкiлеттiктi жүзеге асыратын ұйым; 5) мемлекеттiк астық ресурстары - азық-түлiктiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және мемлекеттiк мiндеттемелердi орындау мақсатында, сондай-ақ астық рыногын қорғау мен реттеу үшiн жасалған мемлекеттiк астық запастары; 6) астық иесi - астық қабылдау кәсiпорнына сақтауға астық берген жеке (немесе) заңды тұлға; 7) астық қолхатын ұстаушы - астық иесi, астық қолхатымен индоссамент жасаған жағдайларда - индоссат; 7-1) қойма куәлiгiн ұстаушы - кепiлмен ауыртпалық жасалған астық иесi, қойма куәлiгiмен индоссамент жасалған жағдайларда - индоссат; 7-2) кепiл куәлiгiн ұстаушы - кепiл куәлiгiмен куәландырылған мiндеттемеде астықты кепiлге ұстаушы болып табылатын тұлға; 8) астық - тағамдық, тұқымдық, мал азығы және техникалық мақсаттар үшiн пайдаланылатын дәндi, дәндi-бұршақ және майлы дақылдардың өнiмдерi; 9) астық қолхаты - астық иесiнен астықты сақтауға қабылдағанын растап, астық қабылдау кәсiпорны беретiн қоймалық қос куәлiк; 10) астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пунктi) - астық сақтауға арнап мамандандырылған техникалық ғимарат; 11) астықтың сапасы - астықтың мемлекеттiк стандарттардың, техникалық жағдайлардың, санитарлық, ветеринариялық және фитосанитариялық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтер мен өзге де нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келуiн айқындайтын тұтыну қасиеттерiнiң жиынтығы; 12) астық рыногының мониторингi - астықты өндiрудi, сақтауды, қайта өңдеудi және сатуды қоса алғанда, астық рыногына қатысушылар жүзеге асыратын астықпен жасалатын операциялар туралы деректердi жинауға, өңдеуге және талдауға бағытталған тұрақты iс-шаралар жиынтығы; 13) жұмылдырушы дайындық - мемлекеттiк органдардың алуан түрлi дағдарысты жағдайларда ел халқын астық ресурстарымен қамтамасыз ету қабiлетi; 14) мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервiн жаңарту - оның бiр бөлiгiн сату және жаңа егiннiң астығы есебiнен мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервiнiң белгiленген көлемiн және қажеттi сапасын ұстап тұру мақсатында жаңа егiннiң астығын сатып алу; 14-1) мемлекеттiк астық ресурстарын ауыстыру - мемлекеттiк астық ресурстарын бiр астық қабылдау кәсiпорнынан басқасына тасу; 15) азық-түлiктiк қауiпсiздiк - сыртқы және iшкi жағдайларға қарамастан, тамақтанудың физиологиялық нормаларына сәйкес халықтың тамақ өнiмдерiне деген қажеттерiн қанағаттандыратын тиiстi ресурстармен, әлеуетпен және кепiлдiктермен қамтамасыз етiлген экономиканың, соның iшiнде оның агроөнеркәсiптiк кешенiнiң жай-күйi; 16) азық-түлiктiк астық - тағамдық мақсаттарға пайдаланылатын астық; 17) астық өндiру - астық өсiруге бағытталған агротехникалық iс-шаралар кешенi; 18) реттеушi орган - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағаны (тарифтердi) мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк орган; 19) тұқымдық астық (тұқым) - себу мақсаттарына пайдаланылатын әрi сорттылық және себу сапаларына қарай бөлiнетiн астық; 20) алып тасталды 21) алып тасталды 22) астық сапасының сертификаты - астық сапасының нақты көрсеткiштерiн және олардың стандарт талаптарына және (немесе) келiсiм-шарт талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын құжат; 22-1) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесi - астық қабылдау кәсiпорындарының өздерi берген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн орындамауынан астық қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған ұйымдық-құқықтық шаралар кешенi; 23) алып тасталды 24) алып тасталды 25) алып тасталды 26) уәкiлеттi орган - астық рыногы саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыруды, оған қатысушылардың қызметiн үйлестіру мен реттеуді, сондай-ақ мемлекеттiк астық ресурстарын басқаруды өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 27) астық рыногына қатысушылар - астықты өндiруге, сақтауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге және онымен сауда жасауға қатысушы жеке және заңды тұлғалар; 28) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қоры - астық қабылдау кәсiпорындарының өздерi берген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн орындамауынан астық қолхаттарын ұстаушылардың мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын заңды тұлға; 29) жемдiк астық - жануарлар мен құс азығына арналған астық; 30) астық қабылдау кәсiпорны - астық сақтау жүзеге асырылатын меншiк құқығындағы астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пунктi) бар заңды тұлға; 31) астықты сақтау - астық қоймасында (элеваторда, астық қабылдау пунктiнде) жүзеге асырылатын, астық қабылдауды, өлшеудi, кептiрудi, тазартуды, сақтауды және тиеп жөнелтудi қамтитын қызмет көрсетулердің технологиялық кешені; 32) астықтың сапасына сараптама жасау - көлік құралын (қойманы) зерттеуді, сынаманы іріктеу мен сынақтан өткізуді, сапа сертификатын ресімдеуді қамтитын астық сапасының нақты көрсеткіштерін белгілеу мен растауға бағытталған шаралар кешені. 2-бап. Астық туралы заңдар 1. Қазақстан Республикасының астық туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер болса, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 2-тарау. Астық рыногын мемлекеттік басқару мен реттеу 3-бап. Астық рыногындағы мемлекеттiк басқарудың мақсаттары Астық рыногын мемлекеттiк басқару мен реттеудiң мақсаттары: 1) Қазақстан Республикасының азық-түлiктiк қауiпсiздiгi мен жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету; 2) астық бағасының демпингіне жол бермеу; 3) астық өткiзу рыногын кеңейту; 4) астық сапасын қамтамасыз ету; 5) фитосанитариялық жағдайды қауiпсiз деңгейде ұстау; 6) табиғи-климаттық жағдайларды және рынок конъюнктурасын ескере отырып, астық өндiру құрылымын оңтайландыру және астықты өндiру, сақтау мен сату технологиясын жетілдiру; 7) жемдiк астықтың мемлекеттiк ресурстары көлемiнiң шегiнде мал шаруашылығы мен құс шаруашылығында азықтың ықтимал тапшылығын жою; 8) астық өндiру iсiнде инвестиция, кредит, салық және кеден саясатын қалыптастыру болып табылады. ҚР 13.10.03 ж. N 488-II (бұр. ред. қара) Заңымен 4-бап өзгертілді 4-бап. Астық рыногын мемлекеттiк реттеу нысандары Астық рыногына қатысушылардың қызметiн мемлекеттiк реттеу: 1) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн бiлiктiлiк талаптары негiзiнде астық сақтау жөнiндегi қызметтi лицензиялау; 2) Қазақстан Республикасының сертификаттау туралы заңдарына сәйкес астықты сертификаттау; 2-1) астықтың сапасына сараптама жасау жөнiндегi аккредиттелген зертханалардың қызметiн бақылау; 3) астық қолхаттарының айналысын құқықтық реттеу; 4) астық қабылдау кәсіпорындарының астық сақтау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын, астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу, астықты сақтау, астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу жөніндегі ережелерді сақтауын бақылау; 5) мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру және олардың сандық-сапалық жай-күйiн бақылау; 6) отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiне мемлекеттiк субсидия нысанында элиталық тұқымдардың құнын арзандату; 7) өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi жөнiндегi iс-шараларды мемлекеттiк қаржыландыру; 8) отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiне бюджеттiк бағдарламаларға сәйкес минералдық тыңайтқыштардың және жанар-жағар материалдардың құнын арзандату; 10) заң актiлерiнде көзделген өзге де нысандар арқылы жүзеге асырылады. ҚР 13.10.03 ж. N 488-II (бұр. ред. қара) Заңымен 5-бап толықтырылды 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi Қазақстан Республикасының Үкiметi: 1) Қазақстан Республикасының астық рыногы мен астық индустриясын дамыту стратегиясы - мемлекеттiк астық бағдарламасын әзiрлеп, iске асырады; 2) астық өндiрудi мемлекеттiк қолдау бағдарламасын бекiтедi, инвестициялар тарту үшiн қолайлы жағдай қалыптастырады және астық рыногын дамыту мен оның тұрақтылығын қолдау жөнiнде өзге де шаралар қолданады; 3) мемлекеттiк астық ресурстарының көлемiн, құрылымын, қалыптастырылу, сақталу және пайдаланылу ережелерiн бекiтедi; 4) астықпен жасалатын операцияларға байланысты үкiметаралық келiсiмдер жасасады; 5) астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесi арасындағы жария шарттардың үлгi нысанын бекiтедi; 6) астықты сақтау жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiнде бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi; 7) астықтың мемлекеттiк ресурстарымен және агенттiң жеке қаржы-шаруашылық қызметiмен жасалатын операцияларды жеке есепке алу бойынша бухгалтерлiк есептiң ережелерi мен стандарттарын әзiрлейдi және бекiтедi; 7-1) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларын құруға, олардың жұмыс iстеуі мен таратылуына қойылатын талаптарды, астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысу шарттарын, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) кепiлдiктер алу тәртiбiн, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi өтеу тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiң осындай қорларға қатысу нысаны мен тәртiбiн белгiлейдi; 8) Қазақстан Республикасының заң актiлерi мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде көзделген өзге де мiндеттердi орындайды. ҚР 13.10.03 ж. N 488-II (бұр. ред. қара) Заңымен 6-бап өзгертілді 6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi 1. Уәкiлеттi органның құзыретiне мыналар кiредi: 1) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген өкiлеттiк шегiнде мемлекеттiк астық ресурстарын басқару; 2) тиiстi бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеу және оларға әкiмшiлiк ету; 3) астықты сақтау жөнiндегi қызметтi лицензиялау, қызметтiң осы түрi бойынша бiлiктiлiк талаптарын әзiрлеу; 4) мемлекеттiк астық ресурстарын сақтау үшiн астық қабылдау кәсiпорындарын белгiленген тәртiппен таңдап алу; 5) астық рыногының мониторингiн жүзеге асыру; 6) ауыл шаруашылық техникасының лизингiн ұйымдастыру, селекция және тұқым шаруашылығын, дәндi дақылдарды өсiру, өсiмдiктердi қорғау мен олардың карантинiнiң технологиясын дамыту жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу; 7) астық қабылдау кәсіпорындарының астық сақтау жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу, астықты сақтау, астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу жөнiндегi ережелердi сақтауын бақылау; 8) Қазақстан Республикасының астық туралы заңдарын бұзу туралы нұсқамаларды беру, Қазақстан Республикасының әкiмшiлік құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау; 9) астық сапасын мемлекеттiк бақылау; 9-1) астықтың сапасына сараптама жасау жөнiндегi аккредиттелген зертханалардың қызметiн мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға қатысу; 9-2) стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкілеттi органмен келiсiм бойынша астықтың сапасына сараптама жасау және астықтың сапасына сертификат беру тәртiбiне талаптар әзiрлеу; 9-3) осы Заңның 28-бабының 2-тармағында көзделген негiздер болған жағдайда астық қабылдау кәсiпорнынан астықты көлiктiң кез келген түрiмен тиеп-жөнелтуге тыйым салу; 10) астықтың (тұқымның) сапасы бойынша стандарттарды, техникалық жағдайларды жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды, басқа да нормативтiк құжаттарды енгiзу; 11) астықтың сандық-сапалық есепке алынуы, сақталуы жөнiндегi, сондай-ақ астық қолхаттарын бepу, олардың айналымы жәнe оларды өтеу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу және бекiту; 12) алып тасталды 13) алып тасталды 14) алып тасталды 15) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де өкiлеттiктi жүзеге асыру. ҚР 11.07.01 ж. N 231-11; 13.10.03 ж. N 488-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 7-бап өзгертілді 7-бап. Астық сапасын мемлекеттiк бақылау 1. Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн астық санитариялық және фитосанитариялық ережелер мен нормаларға сәйкес болуға тиiс. 2. Астық сапасын мемлекеттiк бақылауды уәкiлеттi орган, оның аумақтық органдары жүзеге асырады. 3. Астық сапасын мемлекеттiк бақылау: 1) астық сапасы бойынша мемлекеттiк стандарттар, нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеудi, сондай-ақ техникалық жағдайларды бекiтудi; 2) астық қабылдау кәсiпорындары есеп беруiнiң, нұсқаулықтардың және басқа да нормативтiк актiлердiң үлгi нысандарын әзiрлеу мен бекiтудi; 3) астықтың, соның iшiнде астық қолхаттарымен қамтамасыз етiлген астықтың сандық-сапалық жай-күйiн бақылауды; 3-1) фитосанитариялық бақылауды қамтиды. ҚР 13.10.03 ж. N 488-II (бұр. ред. қара) Заңымен 8-бап жаңа редакцияда 8-бап. Астықтың сапасына сараптама жасау 1. Астықтың сапасына сараптама жасауды стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгілеген тәртiппен аккредиттелген зертханалар жүзеге асырады. 2. Астық сапасының сертификатынсыз, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес талап етiлетiн өзге де құжаттарсыз экспорттау мен импорттау кезiнде астық сатуға жол берiлмейдi. ҚР 13.10.03 ж. N 488-II (бұр. ред. қара) Заңымен 9-бап өзгертілді 9-бап. Астық тасу 1. Қазақстан Республикасының аумағында астық тасу тура және аралас қатынас жүйесi болып табылатын темiр жол, автомобиль, теңiз және iшкi су көлiгiмен жүзеге асырылады. 2. Уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк астық ресурстарын тиеп жөнелту мен тасуға (, ауыстыруға) бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттiк астық ресурстарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк ресурстардың астығын сақтайтын астық қабылдау кәсiпорындары мен аталған астық қабылдау кәсiпорындарынан астық әкетудi жүзеге асыратын көлiк ұйымдары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен кез келген мөлшерде астық тиеп жөнелтудi уәкiлеттi органмен келiсуге мiндеттi. 3. Көлiктiң кез келген түрiмен тасылуға тиiстi астық партиясына көлiктiң сол түрiмен жүк тасу ережелерiне сәйкес мынадай құжаттар: экспорттау мен импорттау кезiнде азық-түлiктiк және жемдiк астыққа - астық сапасының сертификаты; бiрiншi және кейiнгi репродукциялы тұқымға - тұқым куәлiгi; элиталық тұқымға - тұқым аттестаты қоса берiледi. 4. Астықты тасу және тиеп жөнелту жөнiндегi көлiк қызметiне жеңiлдiктi тарифтер беру тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. 3-тарау. Астық өндіру мен сатуды мемлекеттік қолдау ҚР 13.10.03 ж. N 488-II (бұр. ред. қара) Заңымен 10-бап өзгертілді 10-бап. Мемлекеттiк қолдаудың нысандары Астық рыногының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет астық өндiру мен сатуды қолдаудың мынадай нысандарын жүзеге асырады: 1) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiне элиталық тұқым құнын арзандату; 2) техника мен жабдықтардың лизингiлiк жеткiзiлiмiн ұйымдастыру; 3) мемлекеттiк бюджеттен өсiмдiк қорғау және оның карантинi жөнiндегi iс-шараларды жүргiзуге қаражат бөлу; 4) отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiнен мемлекеттiк астық ресурстарына астықты нарықтық бағамен сатып алу; 5) отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiне мемлекеттiк тұқым ресурстарынан тұқымдық несие беру; 6) мемлекеттiк бағдарламалар шеңберiнде мелиорация жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру; 7) селекция, тұқым шаруашылығы және топырақтың құнарлылығын сақтау жөнiндегi ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қаржыландыру; 8) астықты өндiру мен сақтаудың жаңа озық технологияларын енгiзуге жәрдемдесу; 9) отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiне мемлекеттiк жемдiк астық ресурстарынан жемдiк несие бөлу; 10) астық қолхаттарының тиiмдi айналысы үшiн жағдай жасау; 11) iшкi рыноктың мұнай өнiмдерiне деген қажеттерiн дер кезiнде қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қолдану; 12) ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiне республикалық және жергiлiктi бюджеттерде көзделген мөлшерде кредит беру жөнiндегi бiрлесiп қаржыландыру бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру; 13) агроөнеркәсiптiк кешен үшiн мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына сәйкес кадрлар даярлау; 14) аймақтарда астық өндiрушiлерге сертификаттық қызмет көрсету жөнiнде бәсекелестiк орта құру үшiн шаралар қолдану; 15) астық өндiрушiлердi қорғау жөнiнде демпингке қарсы шаралар әзiрлеу; 16) отандық ауыл шаруашылық машина жасау iсiн жаңғырту жөнiнде шаралар қолдану. 4-тарау. Мемлекеттік астық ресурстары ҚР 13.10.03 ж. N 488-II (бұр. ред. қара) Заңымен 11-бап өзгертілді 11-бап. Мемлекеттiк астық ресурстарының түрлерi 1. Мемлекеттiк астық ресурстары: 1) мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервiнен; 2) мемлекеттiк жемдiк астық ресурстарынан; 3) мемлекеттiк тұқым ресурстарынан; 4) мемлекеттiк сатылатын астық ресурстарынан тұрады. 2. Мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервi: 1) Қазақстан Республикасының жұмылдыру қажеттерiн; 2) Қазақстан Республикасының азық-түлiктiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге арналған. 3. Мемлекеттiк жемдiк астық ресурстары мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының азық жөнiндегi қажеттерiн қамтамасыз етуге арналған, сондай-ақ техникалық мақсаттар үшiн пайдаланылуы мүмкін. 4. Мемлекеттiк тұқым ресурстары - төтенше жағдайлар болғанда ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге көмек көрсету, Қазақстан Республикасының тұқым материалына деген қажеттерiн тұрақты қамтамасыз ету, сорт жаңартуды, сорт алмастыруды жүргiзу, мемлекетаралық келiсiмдердi орындауды қамтамасыз ету үшiн құрылған және соған арналған мемлекеттiк тұқым запасы. 5. Мемлекеттік сатылатын астық ресурстары - iшкi рынокты реттеу, астықты экспортқа шығаруды қамтамасыз ету, iшкi рынокта сату, гуманитарлық көмек көрсету және мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервiн, мемлекеттiк тұқым ресурстарын және мемлекеттiк жемдiк астық ресурстарын жаңарту үшiн құрылған және соған арналған астық запасы. 6. Мемлекеттiк астық ресурстарын сатып алу жөнiндегi шығыстар: 1) мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервi, мемлекеттiк сатылатын астық ресурстары үшiн - республикалық бюджет; 2) мемлекеттiк тұқым ресурстары, мемлекеттiк жемдiк астық ресурстары үшiн - Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындаған басқа да көздер есебiнен жүзеге асырылады. Мемлекеттiк астық ресурстарын сақтау және ауыстыру жөнiндегi шығыстар: 1) мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервi үшiн - республикалық бюджет; 2) мемлекеттiк тұқым ресурстары, мемлекеттiк жемдiк астық ресурстары үшiн - Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындаған басқа көздер есебiнен жүзеге асырылады. ҚР 13.10.03 ж. N 488-II (бұр. ред. қара) Заңымен 12-бап өзгертілді 12-бап. Мемлекеттiк астық ресурстарын басқару 1. Мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервiн, мемлекеттiк жемдiк және тұқымдық астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, ауыстыру және пайдалану ережелерiн, сондай-ақ мемлекеттiк сатылатын астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және сату ережелерiн, олардың құрылымы мен мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 2. Мемлекеттiк астық ресурстарын басқаруды Қазақстан Республикасының Үкiметi мен уәкiлеттi орган белгiлеген құзыретi шегiнде агент шарт негiзiнде жүзеге асырады. 3. Агенттiң мемлекеттiк астық ресурстарын басқаруына байланысты операциялардың есепке алынуын ол өзiнiң қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiн есепке алудан бөлек жүзеге асырады. ҚР 13.10.03 ж. N 488-II Заңымен 5-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара) 5-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындары және қырман шаруашылықтары ҚР 13.10.03 ж. N 488-II Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 13-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметi 1. Астық қабылдау кәсiпорындары жалпы пайдаланылатын тауар қоймасы деп танылады. Олардың астық сақтауға жасалатын шарттары (бұдан әрi - шарт) жария шарттар болып табылады. 2. Астық сақтау жөнiндегi қызметтi лицензия негiзiнде астық қабылдау кәсiпорындары жүзеге асырады. Заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен бiр немесе бiрнеше астық қоймаларында (элеваторларда, астық қабылдау пункттерiнде) астықты сақтау жөніндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия алуға құқылы. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметтiң осы түрi бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес астық сақтау жөнiндегi өз қызметiн жүзеге асыру едәуiр нашарлап кететiн немесе мүлде мүмкiн болмай қалатын негiзгi құралдарды иелiктен айыруына тыйым салынады. 3. Уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы жоқ бiрде-бiр тұлға: 1) қырман шаруашылықтарында жүзеге асырылатын қызметтi қоспағанда, негiзгi немесе қосымша қызмет ретiнде астық сақтау жөнiнде қызмет көрсетуге; 2) өз атауында, құжаттарында, хабарландырулары мен жарнамаларында "астық қабылдау кәсiпорны", "астық қоймасы", "астық қабылдау пунктi", "элеватор" деген сөздердi немесе ол астық сақтау жөнiндегi қызметтi жүзеге асырады деп ұйғарылатын, солардан туындайтын сөздердi пайдалануға құқылы емес. 14-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының мiндеттерi Астық қабылдау кәсiпорны: 1) астық сақтау тәртiбiн, сондай-ақ олардың саны мен сапасы жағынан белгiленген тәртiппен бекiтiлген нормативтiк құқықтық актiге сәйкес сақталуын қамтамасыз ететiн iс-шараларды сақтауға; 2) қажет болған жағдайларда белгiленген тәртiппен астық иелерiне оның сынамаларын iрiктеп алуды қамтамасыз етуге; 3) астық қолхатын ұстаушының алғашқы талап етуi бойынша астық қолхатына айырбастап, осы Заңның 31 және 40-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ астық қолхатымен қамтамасыз етілген астықты сақтағаны үшiн берешегi болмаса, шарт талаптарына сәйкес сақтаулы астықты толық көлемiнде босатуға мiндеттi. 15-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының астық сақтау жөнiндегi шығындарының орнын толтыру 1. Астық қабылдау кәсiпорнының астық сақтау жөнiндегi шығындарының орнын толтыру шартқа сәйкес жүзеге асырылады. 2. Астық қабылдау кәсiпорнының: 1) астық қолхатын ұстаушымен келiсе отырып, ақшалай не сақтаулы астықтың тиiстi мөлшерiн ұстап қалу жолымен оны кейiн астық рыногында еркiн өткiзу арқылы сақтау жөнiндегi шығындарын жабуға; 2) астық қолхатын ұстаушының мүдделерiн көздеп өзге де операциялар бойынша шартта көзделген немесе заң актiлерiнде белгіленген шығындардың орнын толтыруға құқығы бар. ҚР 13.10.03 ж. N 488-II Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 16-бап. Астық қолхаттары бойынша міндеттемелердi орындауға кепілдiк беру жүйесi және қоры (қорлары) 1. Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепілдік беру қорымен (қорларымен) жасалған шарттардың негiзiнде астық қабылдау кәсiпорындары ғана астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы болуы мүмкін.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |