Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу (2006.02.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 4 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қылмыстық iс жүргiзу кодексiн күшiне енгізу туралы ҚР 1997.13.12. № 207-1 Заңын қара
Өзгерістер енгізу туралы 2006.16.01. № 122-III ҚР Заңын қара (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі)
Жалпы бөлім 1-бөлім. Негізгі ережелер (1 - 56 баптар) 1-тарау. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңдары (1 - 7 баптар) 2-тарау. Қылмыстық процестiң мiндеттерi мен принциптерi (8 - 31 баптар) 3-тарау. Қылмыстық iзге түсу (32 - 38 баптар) 4-тарау. Ақтау, қылмыстық процестi жүргiзушi органның заңсыз (39 - 47 баптар) iс-әрекетiмен келтiрiлген зиянды өтеу 5-тарау. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу (48 - 53 баптар) 6-тарау. iс жүргiзу мерзiмдерi (54 - 56 баптар) 2-бөлім. Қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік (57 - 114 баптар) органдар мен тұлғалар 7-тарау. Сот (57 - 61 баптар) 8-тарау. Қылмыстық iзге түсу функциясын жүзеге асыратын (62 - 67 баптар) мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар 9-тарау. Өз құқықтары мен мүдделерiн немесе өздерi бiлдiретiн (68 - 81 баптар) құқықтар мен мүдделердi қорғап процеске қатысушылар 10-тарау. Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар (82 - 88 баптар) 11-тарау. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысудың (89 - 97 баптар) мүмкiндiгiн жоққа шығаратын жағдай. Қарсылық бiлдiру 12-тарау. Қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауiпсiздiгiн (98 - 101 баптар) қамтамасыз ету 13-тарау. Өтiнiш жасау. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi (102 - 112 баптар) жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды 14-тарау. Қылмыстық процеске қатысушы адамдар туралы қорытынды (113 - 114 баптар) ережелер 3-бөлім. Дәлелдемелер және дәлелдеу (115 - 131 баптар) 15-тарау. Дәлелдемелер (115 - 123 баптар) 16-тарау. Дәлелдеу (124 - 131 баптар) 4-бөлім. Іс жүргiзулiк мәжбүрлеу шаралары (132 - 161 баптар) 17-тарау. Сезiктiнi ұстау (132 - 138 баптар) 18-тарау. Бұлтартпау шаралары (139 - 155 баптар) 19-тарау. Іс жүргiзушiлiк мәжбүрлеудiҢ өзге де шаралары (156 - 161 баптар) 5-бөлім. Қылмыстық процестегi мүлiктiк мәселелер (162 - 176 баптар) 20-тарау. Қылмыстық процестегi азаматтық талап (162 - 171 баптар) 21-тарау. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу барысындағы еңбекке (172 - 174 баптар) ақы төлеу және шығындарды өтеу 22-тарау. Іс жүргiзу шығындары (175 - 176 баптар) Ерекше бөлім 6-бөлім. Қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу (177 - 289 баптар) 23-тарау. Қылмыстық iс қозғау (177 - 190 баптар) 24-тарау. Алдын-ала тергеу жүргiзудiҢ жалпы шарттары (191 - 205 баптар) 25-тарау. Айыпталушы ретiнде жауапқа тарту (206 - 210 баптар) 26-тарау. Жауап алу және беттестiру (211 - 220 баптар) 27-тарау. Тексеру, эксгумация және куәландыру (221 - 227 баптар) 28-тарау. Тану (228 - 229 баптар) 29-тарау. Тiнту және алу (230 - 234 баптар) 30-тарау. Хат-хабарды тұтқындау. хабарламаларды жолдан ұстау. (235 - 237 баптар) сөйлесулердi тыңдау мен жазу 31-тарау. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау. (238 - 239 баптар) Тергеу экспериментi 32-тарау. Сот сараптамасы (240 - 255 баптар) 33-тарау. Сараптамалық зерттеу үшiн үлгiлер алу (256 - 264 баптар) 34-тарау. Алдын ала тергеудi тоқтата түру және қайта (265 - 268 баптар) Жалғастыру 35-тарау. Алдын ала тергеу барысында iстi қысқарту (269 - 272 баптар) 36-тарау. Айыптау қорытындысын жасау және қылмыстық iстi (273 - 284 баптар) сотқа жiберу 37-тарау. Алдын ала тергеу iсiн жүргiзу мiндеттi емес iстер (285 - 289 баптар) бойынша анықтау 7-бөлім. Бiрiншi сатыдағы сотта iс жүргiзу (290 - 395 баптар) 38-тарау. Қылмыстық iстердiң соттылығы (290 - 298 баптар) 39-тарау. Басты сот талқылауын тағайындау туралы мәселенi (299 - 310 баптар) шешу және соттың отырысына дайындық iс-әрекеттер 40-тарау. Басты сот талқылауының жалпы шарттары (311 - 330 баптар) 41-тарау. Басты сот талқылауыныҢ дайындық бөлiмi (331 - 344 баптар) 42-тарау. Сот тергеуi (345 - 363 баптар) 43-тарау. Сот жарыссөзi және сотталушының соңғы сөзi (364 - 367 баптар) 44-тарау. Үкiм шығару (368 - 388 баптар) 45-тарау. Жеке айыптау iстерi бойынша iс жүргiзу ерекшелiктерi (389 - 395 баптар) 8-бөлім. СоттыҢ заҢды күшiне енбеген үкiмдерi мен (396 - 423-3 баптар) қаулыларын қайта қарау 46-тарау. Апелляциялық шағымдар мен заңды күшiне енбеген сот (396 - 404 баптар) шешiмдерiне наразылық бiлдiру 47-тарау. Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша (405 - 423-3 баптар) iстердi қарау 9-бөлім. Сот шешiмдерiн орындау (447 - 457 баптар) 49-тарау. Сот үкiмдерi мен қаулыларын орындау (447 - 457 баптар) 10-бөлім. Соттың заңды күшiне енген шешiмдерiн қайта (458 - 479 баптар) қарау жөнiнде iс жүргiзу 50-тарау. Қадағалау сатысындағы iс жүргiзу (458 - 470 баптар) 51-тарау. Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты iс (471 - 479 баптар) бойынша iс жүргiзудi қайта бастау 11-бөлім. Қылмыстық iстердiҢ жекелеген санаттары бойынша (480 - 504 баптар) iс жүргiзудiҢ ерекшелiктерi 52-тарау. Кәмелетке толмағандардыҢ қылмыстары туралы iстер (480 - 495 баптар) бойынша iс жүргiзу 53-тарау. Артықшылықтары мен қылмыстық iзге түсуден (496 - 504 баптар) иммунитеттерi бар адамдардыҢ iстерi бойынша iс жүргiзудiҢ ерекшелiктерi 12-бөлім. Айрықша iс жүргiзу (505 - 541 баптар) 54-тарау. Ессiз күйдегi адамдарға медициналық (505 - 520 баптар) сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы iстер бойынша сот iсiн жүргiзу 55-тарау. Қылмыстық процестi жүргiзушi органдардың шет (521 - 536 баптар) мемлекеттердiҢ қылмыстық iстер бойынша құзыреттi мекемелерiмен және лауазымды адамдарымен өзара iс-қимылыныҢ тәртібі туралы негiзгi ережелер 56-тарау. Жазасын өзi азаматы болып табылатын мемлекетте (537 - 541 баптар) өтеу үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған адамды беру I-бөлім. Негізгі ережелер 1-тарау. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңдары 1-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртібін айқындайтын заңдар 1. Қазақстан Республикасы аумағына қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, конституциялық заңдарымен, Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына негiзделген Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiмен айқындалады. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртібін реттейтiн өзге заңдардың ережелерi осы Кодекске енгiзiлуге тиiс. 2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мен Жоғарғы Сотының қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртібін реттейтiн нормативтiк қаулылары қылмыстық iс жүргiзу құқығының құрамдас бөлiгi болып табылады. 3. Егер қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу барысында азаматтық немесе әкiмшiлiк құқықтарға сәйкес шешiлуi тиiс мәселенi қарау қажеттiгi туындаса, ол азаматтық немесе әкiмшiлiк iс жүргiзу тәртібімен шешiледi. 2-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуде басым күшi бар құқықтық нормаларды қолдану 1. Қазақстан Республикасы Конституциясының Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жоғары заң күшi болады және ол тiкелей қолданылады. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының Конституциясы ережелерiнiң арасында қайшылық болған жағдайда Конституцияның ережелерi қолданылады. 2. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының конституциялық заңы ережелерiнiң арасында қайшылық болған жағдайда конституциялық заңның ережелерi қолданылады. Осы Кодекс пен өзге де заңдар ережелерi арасында қайшылық болған жағдайда осы Кодекстiң ережелерi қолданылады. 3. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың осы Кодекстен басымдығы болады және халықаралық шартта оны қолдану үшiн заң шығару қажет екендiгi айтылған жағдайларды қоспағанда, тiкелей қолданылады. 3-бап. Қылмыстық iс жүргiзу заңының кеңiстiкте қолданылуы 1. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық сот iсiн жүргiзу қылмыс жасалған жерге қарамастан осы Кодекске сәйкес жүргiзiледi. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Кодекстiң кеңiстiкте қолданылуының өзгеше ережелерi белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 4-бап. Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттiң қылмыстық iс жүргiзу құқығының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттiң тергеу органдары мен сотының немесе олардың тапсырмасы бойынша қылмыстық процестi жүргiзушi органның шет мемлекеттiң қылмыстық iс жүргiзу құқығын, егер ол Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта көзделсе, қолдануға болады. 5-бап. Қылмыстық iс жүргiзу заңының уақыт тұрғысында қолданылуы 1. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу iс жүргiзу әрекетiн орындау, iс жүргiзу шешiмiн қабылдау кезiне дейiн күшiне енген қылмыстық iс жүргiзу заңына сәйкес жүзеге асырылады. 2. Жаңа мiндеттер жүктейтiн, процеске қатысушыларға тиесiлi құқықтардың күшiн жоятын немесе оларды кемiтетiн, оның пайдаланылуын қосымша шарттармен шектейтiн қылмыстық iс жүргiзу заңының керi күшi болмайды. 3. Дәлелдердiң жарамдылығы олар алынған кезде қолданылып жүрген заңға сәйкес айқындалады. 6-бап. Қылмыстық iс жүргiзу заңының шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылуы 1. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қылмыстық сот iсiн жүргiзу осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады. 2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген дипломатиялық немесе өзге де артықшылықтар мен иммунитеттерге ие адамдарға қатысты немесе олардың қатысуымен жүзеге асырылатын қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң ерекшелiктерi осы Кодекстiң 53-тарауына сәйкес айқындалады. 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 7-бап өзгертілді 7-бап. Осы Кодекстегi кейбір ұғымдардың түсiнiктемесi Осы Кодексте қамтылған ұғымдардың, егер заңда ерекше нұсқаулар болмаса, мынадай мағынасы бар: 1) "сот" - сот билiгi органы, Қазақстан Республикасының сот жүйесiне кiретiн, iстi алқалық немесе жеке қарайтын кез келген заңды түрде құрылған сот; 2) "бiрiншi сатыдағы сот" - қылмыстық iстi мәнi бойынша қарайтын сот; 3) "апелляциялық саты" - бiрiншi сатыдағы соттың заңды күшiне енбеген үкiмдерiне, қаулысына апелляциялық шағымдар (наразылықтар) бойынша iстi қарайтын екiншi сатыдағы сот; 5) "қадағалау сатысы" - тараптардың осы сатының алдындағы сот сатыларының заңды күшiне енген сот шешiмдерiне шағым, наразылығы бойынша iстi қадағалау тәртібінде қарайтын сот; 6) "судья" - сот билiгiнiң иесi; осы лауазымға заңда белгiленген тәртiппен тағайындалған немесе сайланған кәсiпқой судья (соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы, соттың мүшесi немесе тиiстi соттың басқа да судьясы); 7) "төрағалық етушi" - қылмыстық iстi алқалық немесе жеке қарау кезiнде төрағалық ететiн судья; 8) "басты сот талқылауы" - бiрiншi сатыдағы соттың қылмыстық iстi мәнi бойынша қарауы; 9) "процеске қатысушылар" - қылмыстық iзге түсудi және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өздерiнiң немесе өздерi бiлдiретiн құқықтар мен мүдделердi қорғайтын адамдар: прокурор (мемлекеттік айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы, сезiктi, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер, оның заңды өкiлi мен өкiлi, жәбiрленушi, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi мен өкiлдерi; 10) "қылмыстық процестi жүргiзушi орган" - сот, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iстi сотқа дейiн жүргiзу кезiнде прокурор, тергеушi, анықтау органы, анықтаушы; 11) "тараптар" - сот талқылауында бәсекелестiк пен тең құқықтылық негiзiнде айыптауды (қылмыстық iзге түсудi) және айыптаудан қорғауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар; 12) "айыптау тарабы" - қылмыстық iзге түсу органдары, сондай-ақ жәбiрленушi (жеке айыптаушы), азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi мен өкiлдерi; 13) "қылмыстық iзге түсу (айыптау)" - қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, соңғысының қылмыс жасаудағы кiнәлiлiгiн анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшiн айыптау тарабы жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi; 14) "қылмыстық iзге түсу органдары" - прокурор (мемлекеттік айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы; 15) "анықтау" - анықтау органдарының осы Кодекспен белгiленген өкiлеттiк шегiнде iстiң мән-жайының жиынтығын анықтау, белгiлеу, бекіту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейiнгi қызметiнiң iс жүргiзу нысаны; 16) "алдын ала тергеу" ("алдын ала iздестiру") - уәкiлеттi органдардың осы Кодекспен белгiленген өкiлеттiк шегiнде iстiң мән-жайының жиынтығын анықтау, белгiлеу, бекіту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейiнгi қызметiнiң iс жүргiзу нысаны; 17) "тергеуде болу" - осы Кодексте белгiленген, белгiлi бiр қылмысты тергеу белгiлi бiр алдын ала тергеу органының немесе анықтаудың құзыретiне жататын белгiлердiң жиынтығы; 18) "қорғану тарабы" - сезiктi, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер және оның өкiлi; 19) "қорғау" - қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген адамдардың құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету, айыптауды жоққа шығару немесе жеңiлдету, сондай-ақ заңсыз қылмыстық iзге түсуге ұшыраған адамдарды ақтау мақсатында қорғау тарабы жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi; 20) "мәлiмдеушi" - сотқа немесе қылмыстық iзге түсу органдарына қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртібімен өзiнiң (басқаның) нақты немесе жорамалды құқығын қорғау үшiн өтiнiш жасаған адам; 21) "өкiлдер" - заңның немесе келісімнiң күшiне орай жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң, азаматтық жауапкердiң заңды мүдделерiн бiлдiруге уәкiлдiк берiлген адамдар; 22) "заңды өкiлдер" - сезiктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары, сондай-ақ сезiктiнi, айыпталушыны немесе жәбiрленушiнi қорғап немесе асырап отырған ұйымдар мен адамдардың өкiлдерi; 23) "туыстар" - үлкен атасы мен үлкен әжесiне дейiн ортақ ата-бабалары бар туыстық байланыстағы адамдар; 24) "жақын туыстар" - ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, бiрге туған және бiрге тумаған туыс аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, атасы, әжесi, немерелерi; 25) "қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар" - сот отырысының хатшысы, аудармашы, куә, куәгер, сарапшы, маман, сот приставы; 26) "қылмыстық iс" - жасалды деп жорамалданған бiр немесе бiрнеше қылмыстар бойынша қылмыстық iзге түсу органы мен сот жүргiзетiн оқшауландырылған iс жүргiзу; 27) "iс бойынша iс жүргiзу" - қозғау, сотқа дейiнгi дайындау, сотта талқылау және соттың үкімін (қаулысын) орындау барысында нақты қылмыстық iс бойынша жүзеге асырылатын iс жүргiзу әрекеттерi мен шешiмдерiнiң жиынтығы; 28) "қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу" - қылмыстық iс қозғалған кезден бастап оны мәнi бойынша қарау үшiн сотқа жолдағанға дейiн қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу (анықтау және алдын ала тергеу), сондай-ақ қылмыстық iс бойынша жеке айыптаушы мен қорғау тарабының материалдар дайындауы; 29) "iстiң материалдары" - iстiң құрамдас бөлiгi болып табылатын немесе оған қосу үшiн ұсынылған құжаттар мен заттар, хабарлаулар, сондай-ақ iс бойынша жағдайды белгiлеу үшiн маңызы болуы мүмкiн құжаттар мен заттар; 30) "iс жүргiзу әрекеттерi" - осы Кодекске сәйкес қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында жүргiзiлетiн iс-әрекеттер; 31) "хаттама" - қылмыстық процестi жүргiзушi орган жасаған iс жүргiзу әрекетi көрсетiлетiн iс жүргiзу құжаты; 32) "iс жүргiзу шешiмдерi" - өз құзыреттерi шегiнде қылмыстық процестi жүргiзушi органдар шығаратын және осы Кодексте айқындалған нысанда көрiнiс табатын қылмыстық iс жүргiзу құқығын қолдану актілері - үкiмдер, қаулылар, қорытындылар, ұсыныстар, санкциялар; 33) "қаулы" - соттың үкiмнен басқа әртүрлi шешiмдерi, анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында қабылданған шешiмдерi; 34) "үкiм" - айыпталушының кiнәлiлiгi немесе кiнәсiздiгi және оған жаза қолдану немесе қолданбау туралы мәселе бойынша бiрiншi сатыдағы соттың басты сот отырысында немесе апелляциялық соттың талқылауында шығарылған сот шешiмi; 35) "қорытынды шешiм" - қылмыстық процестi жүргiзушi органның iс бойынша iс жүргiзудiң басталуын немесе жалғастырылуын болдырмайтын, сондай-ақ, түпкiлiктi болмаса да, iстi мәнi бойынша шешетiн әртүрлi шешiмдерi; 36) "санкция" - прокурордың, соттың сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында қылмыстық iзге түсу органы қабылдаған iс жүргiзу шешiмiн бекіту актiсi; 37) "түсiндiру" - процеске қатысушылар мен мәлiмдеушiлердiң өзiнiң дәмесiн немесе өздерi өкiлi болған адамдардың дәмесiн негiздеу үшiн келтiрiлген ауызша немесе жазбаша дәйектемесi; 38) "шағым, наразылық" - процеске қатысушылардың анықтау, алдын ала тергеу, прокурор немесе соттың iс-әрекетiне өздерiнiң құзыретi шегiнде және осы Кодексте белгiленген тәртiппен енгiзiлген көңiл аудару актiсi; 39) "өтiнiш жасау" - тараптың немесе мәлiмдеушiнiң қылмыстық процестi жүргiзушi органға арналған өтiнiшi; 40) "ғылыми-техникалық құралдар" - дәлелдердi анықтау, көрсету, алу және зерттеу үшiн заңды түрде қолданылатын аспаптар, арнаулы жабдықтар, материалдар; 41) "арнаулы білім" - адам кәсiби оқудың не белгiлi бiр мамандық бойынша жұмыс iстеуiнiң нәтижесiнде алған, қылмыстық сот iсiн жүргiзу мiндеттерiн шешу үшiн пайдаланылатын қылмыстық сот iсiн жүргiзудегi жалпы жұртқа белгiлi емес білім; 42) "баспана" - бiр немесе бiрнеше адамның уақытша немесе тұрақты тұруына арналған үй-жай немесе құрылыс, оның iшiнде: меншiктi немесе жалға алынған пәтер, үй, саяжай үйi, мейманхана нөмiрi, каюта, көп пәтерлi үйлердi қоспағанда, оларға тiкелей жалғасатын тұрғын үйлердiң верандалары, террасалары, галереялары, балкондары, жертөлесi және шатыры, сондай-ақ өзен немесе теңiз кемесi; 43) "түнгi уақыт" - жергiлiктi уақыт бойынша сағат жиырма екiден алтыға дейiнгi уақыт аралығы. 2-тарау. Қылмыстық процестiң мiндеттерi мен принциптерi 8-бап. Қылмыстық процестiң мiндеттерi 1. Қылмыстық процестiң мiндеттерi қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әдiл сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады. |