|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы (2011.30.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 363-ө өкіміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы № 95 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 363-ө өкіміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2006.29.06. № 600 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 2. «Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы баяндаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 1851 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы баяндамада: 48-тармақтың төртінші абзацындағы «2001» деген сандар «2007 жылғы 1-тоқсанда» деген сөздермен ауыстырылсын. 3. ҚР Үкіметінің 2011.30.06. № 742 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. ҚР Үкіметінің 2006.31.03. № 222 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 5. ҚР Үкіметінің 2007.02.02. № 79 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 6. ҚР Үкіметінің 2009.19.09. № 1411 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 7. «Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы баяндаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 1295 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы баяндамада: «Жалпы мәліметтер» деген 1-бөліктің «Ел және халық (негізгі гендерлік сипаттамалар)» деген 1-бөлімінің «Әйелдерге қатысты зорлық» деген кіші бөлімінің төртінші абзацындағы «2006 жылғы 2-тоқсанда» деген сөздер және «2005 - 2007» деген сандар тиісінше «2007 жылғы 1-тоқсанда» деген сөздермен және «2006 - 2007» деген сандармен ауыстырылсын. 8. «2004 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан әйелдерінің IV Форумында Қазақстан Республикасының Президенті қойған міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 363-ө өкімінде: көрсетілген өкіммен бекітілген 2004 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан әйелдерінің IV Форумында Қазақстан Республикасының Президенті қойған міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында: реттік нөмірі 25-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «2007 ж. І тоқсан».
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |