Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен (2007.11.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 12 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 793 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1385 қаулысымен (бұр.ред. қара) ҚР Үкіметінің 13.05.04 ж. № 532 қаулысымен (бұр.ред. қара) тақырыбы және кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 793 қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы» 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығының 3-тармағының 1) тармақшасына, 2), 3) және 4) тармақшаларына «Әкімшілік реформаны одан әрі жүргізу жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы № 304 Жарлығының 5-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1385 қаулысымен (бұр.ред. қара); ҚР Үкіметінің 13.05.04 ж. № 532 қаулысымен (бұр.ред. қара) 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 793 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1385 қаулысымен (бұр.ред. қара) ҚР Үкіметінің 13.05.04 ж. № 532 қаулысымен (бұр.ред. қара) тақырыбына өзгеріс енгізілді; ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 793 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесі Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 13.05.04 ж. № 532 қаулысымен (бұр.ред. қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 793 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетi және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Әкімшілік реформаны одан әрі жүргізу жөніндегі кейбір шаралар туралы» 2007 жылғы 29 наурыздағы № 304 Жарлықтарына сәйкес лауазымдық (қызметтік) мiндеттерiн тиiсiнше орындағаны үшiн қызметкерлердi көтермелеу жүйесiн реттеу, сондай-ақ функциялары мен міндеттерін уақтылы әрі сапалы орындауда Қазақстан Республикасының органдары қызметкерлерінің материалдық мүдделілiгiн арттыру мақсатында әзiрлендi және олардың еңбегiне ақы төлеу Жарлықтың негiзiнде жүргiзiлетiн, мемлекеттік бюджеттің есебiнен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне қолданылады. ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1385 қаулысымен 1-1 тармақпен толықтырылды ; ҚР Үкіметінің 13.05.04 ж. № 532 қаулысымен (бұр.ред. қара) 1-1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 793 қаулысымен 1-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1-1. Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгiлеу бюджеттік бағдарламаны, (кішi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиісті көзделген мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына үстемеақылар сондай-ақ мемлекеттік органның және оның аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің штат санын қысқарту туралы шешім қабылданған жағдайда мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз етуге көзделген және штат санын қысқарту нәтижесінде босағандардың толық көлемдегі қаражаты есебінен жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1385 қаулысымен 1-2 тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2004.15.11.№ 1197 қаулысымен 1-2 тармақ өзгерді; ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 793 қаулысымен 1-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-2. Мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу: 1) мемлекеттік орган басшысы - республикалық бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) әкімшісінің не оны алмастыратын тұлғаның (егер осы мемлекеттік органда жауапты хатшының лауазымы енгізілмеген және жауапты хатшының өкілеттіктері белгіленген тәртіппен жүктелген лауазымды тұлға анықталмаған жағдайда); 2) жауапты хатшының орталық атқарушы органның басшысымен келісілген; 3) Қазақстан Республикасының Президенті жауапты хатшының өкілеттіктерін орындауға белгілеген лауазымды тұлғаның шешімі бойынша жүргізіледі деп белгіленсін. ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 793 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Осы Ереженің 1-2-тармағында санамаланған тұлғалар бұл ретте осы Ережені басшылыққа ала отырып, осы органдар қызметкерлеріне сыйлық беру туралы Ережені дербес әзірлеуге және бекітуге құқығы бар. 3. Сыйлық беруге құқық беретін, қызметкердің қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер: 1) мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтау; 2) белгілі бір кезең ішіндегі жұмыстың нәтижелері; 3) лауазымдық міндеттерді үлгілі орындау, мінсіз мемлекеттік қызмет, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындау және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін; 4) тұтастай алғанда, осы мемлекеттік органның немесе оның жекелеген бөлімшелерінің одан әрі қалыпты (үздіксіз) жұмыс істеуі оның шұғыл орындалуына байланысты болатын кезек күттірмейтін және алдын ала күтілмеген жұмыстарды орындау; 5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Іс-қимыл жоспарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстары жоспарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және Премьер-Министрінің кесімдері мен тапсырмаларының іс-шараларын уақытылы және сапалы орындау; 6) мерейтой, мереке күндері; 7) егер осы өкілеттіктер қызметкерлердің лауазымдық міндеттеріне кірмесе заң жобаларын, конвенцияларды, келісімдерді, шарттарды, нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын мемлекеттік тілде әзірлеу; 8) осы орган туралы Ережеге сәйкес тиісті органға жүктелген функциялар мен міндеттерді тиісінше орындау болып табылады. 1) оның алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде; 2) тиісті органда бір айдан кем жұмыс істеген болса; 3) сынақ мерзімінен өту кезеңінде сыйлық берілмейді. Лауазымдық жалақысына үстемеақылар белгілеу шарттары ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 793 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Қызметкердің лауазымдық жалақысына үстемеақылар белгілеу: 1) өзінің негізгі жұмысынан босамай, қысқартылған және/немесе уақытша болмаған қызметкерлердің функцияларын орындағаны; 2) оған міндеттердің кеңейтілген аясы жүктелгені, жоғары кәсіптік деңгеймен және құзыреттілікпен, оларды практикада табысты қолданумен ұштасатын жұмыста жеткілікті тәжірибесі (өтілі) және дағдысы, сондай-ақ басқа да көрсеткіштері; 3) функционалдық міндеттерін тікелей орындау кезінде мемлекеттік тілді қолданғаны. Бұдан басқа, лауазымдық жалақыға үстемеақы мемлекеттік құпиялардан тұратын мәліметтерді қамтитын құжаттармен жұмыстарды жүзеге асыратын қызметкерге олардың орындалған көлеміне қарай, сондай-ақ оның кейбір құқықтарына шек қойылғаны және қосымша жауапкершілігі үшін белгіленуі мүмкін. 6. Сондай-ақ, үстемеақылар қызметкерді ақиқатты жағдайларға байланысты төмен ақы төленетін лауазымға (неғұрлым жеңіл жұмысқа) ауыстыру (тағайындау) кезінде: 1) еңбек ету кезінде мертігу, кәсіби науқас немесе еңбек қабілеттігін қалпына келтіргенге не мүгедектік белгіленгенге дейін осы органда еңбек міндеттемелерін орындауға байланысты денсаулығының өзге де бұзылуы; 2) ауысқан (тағайындалған) күнінен бастап бір жыл ішінде органды басқару құрылымы өзгергенде белгіленуі мүмкін. 7. ҚР Үкіметінің 2004.15.11.№ 1197 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
Материалдық көмек көрсету ережелері ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1385 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара) 8. Қызметкерге материалдық көмек көрсету оның ауыр материалдық жағдайына байланысты мынадай: 1) оның отбасы мүшелерінің, жақын туған-туыстарының (зайыбының, ата-анасының, балаларының, асыраушыларының, асырап алынғандарының, толық туысты және толық туыс емес ағалары мен әпкелерiнiң, аталарының, әжелерiнiң, немерелерiнiң) немесе құда-жекжаттарының (ерлі-зайыптылардың ата-анасының, аға-інісінің, әпке-сіңлісінің, балаларының) қайтыс болуы; 2) некеге тұру; 3) бала туылған, бала асырап алған; 4) қосымша қаржылық шығындарды талап ететін емдеу жүргізілген (санаторийліктен басқа, стационарлық немесе амбулаторлық емдеудің 10 күнтізбелік күнінен астам); 5) оған қатысты құқыққа қарсы іс-қимылдар жасалуы, (тонау, ұрлық және т.б.), сондай-ақ, дүлей зілзала апаттары (өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және т.б.) салдарынан қызметкерге мүліктік зиян келтіру; 6) қызметкердiң зейнеткерлiкке шығуы жағдайларында жүзеге асырылады. Қызметкерлерге сыйлықты бекіту және төлеу, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу тәртібі ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 793 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 9. Қызметкерлерге сыйлық беру және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу дербес құрылымдық бөлімшелер басшыларының жазбаша ұсынысының негізінде осы Ереженің 1-2-тармағында санамаланған тұлғалардың бұйрығымен жүргізіледі. Құрылымдық (аумақтық) бөлімшелердің басшыларына сыйлық беру және үстемеақылар белгілеу орган басшының орынбасары ұсынысының негізінде не оған басшысының өзі дербес жүргізуі мүмкін*. ____________________ * Орталық мемлекеттік органдардың басшыларына (басшылардың орынбасарларына) сыйлық берудің өзге де ережелері көзделуі мүмкін. 10. Ұсыныста қызметкердің тегі және лауазымы, сыйлық (үстемеақы) беруге негіздеме мен мөлшері және тәртіптік жазасы жоқтығы туралы мәлімет көрсетіледі. ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 793 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 11. Қызметкерге материалдық көмек көрсету туралы бұйрықты қызметкердің жазбаша өтінішінің негізінде не осы органда құрылатын тиісті комиссияның қорытындысы бойынша осы Ереженің 1-2-тармағында санамаланған тұлғалар қабылдайды. ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1385 қаулысымен (бұр.ред. қара); ҚР Үкіметінің 13.05.04 ж. № 532 қаулысымен (бұр.ред. қара) 12-тармақ өзгертілді 12. Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беруге, материалдық көмек көрсетуге және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеуге мемлекеттік бюджет қаражатын бөлу Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің нормативтік құқықтық кесімдерімен айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасы органдарының бюджеттік бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу жолымен жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1385 қаулысымен (бұр.ред. қара) ҚР Үкіметінің 13.05.04 ж. № 532 қаулысымен (бұр.ред. қара) 13-тармақ өзгертілді 13. Сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу шығыстардың мынадай түрлері бойынша үнемдеу есебінен жүзеге асырылады: 1) жыл бойы үнемделген мемлекеттік бюджет қаражатының жалпы көлемінің 30%-ынан аспайтын, ал желтоқсанда - бір жылда үнемделген мемлекеттік бюджет қаражатының толық көлемінде: - ел ішінде іссапарлар және қызметтік барулар; - елден тыс жерлерге іссапарлар және қызметтік барулар; - үй-жайларды жалдауға ақы төлеу; - коммуналдық қызметтерге ақы төлеу; - байланыс қызметіне ақы төлеу; - көлік қызметіне ақы төлеу; - электр энергиясына ақы төлеу; - жылуға ақы төлеу; - ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды және басқа да негізгі құралдарды ұстау, қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу; - өзге де қызметтер; - ерекше шығыстар; - өзге де ағымдағы шығыстар; 2) үнемделген мемлекеттік бюджет қаражатының толық көлемінде: - негізгі жалақы; - өтемақы төлемдері; - әлеуметтік салық; - автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға арналған жарналар; - мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерінің жеке басын мемлекеттік міндетті сақтандыруға арналған жарналар; - өзге де тауарларды сатып алу; - қосымша ақшалай төлемдер. ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 793 қаулысымен 13-1-тармақпен толықтырылды 13-1. Үстемеақылар сондай-ақ мемлекеттік органның және оның аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің штат санын қысқарту туралы шешім қабылданған жағдайда мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз етуге көзделген және штат санын қысқарту нәтижесінде босағандардың толық көлемдегі қаражаты есебінен жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 13.05.04 ж. № 532 қаулысымен (бұр.ред. қара) 14-тармақ өзгертілді 14. Шығыстардың қалған түрлері бойынша мемлекеттік бюджет қаражатын үнемдеуден сыйлық беруге, материалдық көмек көрсетуге және үстемеақылар белгілеуге жол берілмейді. ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1385 қаулысымен тараумен және 15-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 13.05.04 ж. № 532 қаулысымен (бұр.ред. қара) тақырыбы өзгертілді Мемлекеттік органдар орталық аппараттарының мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілерiне бюджеттік бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиiстi органды ұстауға көзделген мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен сыйлықақы төлеу тәртібі 15. Сыйлық берудiң мөлшерi мен мерзiмдiлiгiн тиiстi органды ұстауға арналған бюджеттік бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарына сәйкес тоқсандар бөлiгiнде тең үлестермен орталық мемлекеттік органның басшысы - бюджеттік бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) әкiмшiсi белгiлейдi.
|