|
|
|
«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы (2014.26.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі», «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі», «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамдарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі № 668 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2013.29.05. № 530 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес қоғамның директорлар кеңесінің құрамына лауазымды тұлғалардың сайлануын қамтамасыз етсін; 2) екі ай мерзімде екі тәуелсіз директордың кандидатурасы бойынша ұсыныс енгізсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 14 шілдедегі № 1068 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.12.07. № 789 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.29.05. № 530 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.26.03. № 257 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 1102 қаулысымен бекітілген
«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамына сайланатын лауазымды тұлғалар
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |