|
|
|
Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін (2007.13.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 30 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі; 2) жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 544 қаулысымен бекітілген
Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы, «Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы, «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі, «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңдарына сәйкес әзірленді. 2. Ереже темір жол, теңіз, өзен көлігімен жолаушылар тасымалдауға лицензиялар берудің тәртібін белгілейді. ҚР Үкіметінің 2007.13.11. № 1078 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Теңіз, өзен көлігімен жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияларды және (немесе) лицензиялардың қосымшаларын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - лицензиар) береді. Темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі - лицензиар) береді. 4. Лицензиялардың түрлері мен қолданылуын мынадай белгілері бойынша ажырату қажет: субъектілер бойынша: 1) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына берілетін; 2) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға және халықаралық ұйымдарға берілетін лицензиялар. Субъектілердің біліктілік деңгейі осы Ереженің талаптарына сәйкес болуы тиіс; қызмет көлемі бойынша: 1) бас қызмет - қолданылу мерзіміне шек қойылмай қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға берілетін; 2) біржолғы - рұқсат етілген мерзім, көлем, салмақ немесе мөлшер шегінде белгілі бір шаруашылық операциясымен айналысуға (заттай не ақшалай түрде) берілетін лицензиялар.
2. Лицензиялауға жататын қызмет
5. Көлік саласында лицензиялауға жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызмет жатады, ол мынадай қызметтің кіші түрлерін қамтиды: 1) жолаушыларды темір жол көлігімен тасымалдау; 2) жолаушыларды теңіз көлігімен тасымалдау; 3) жолаушыларды өзен көлігімен тасымалдау.
6. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны жеке немесе заңды тұлғаның тіркелу орны бойынша лицензиар береді. 7. Лицензияны және лицензияға қосымшаны алу үшін жеке және заңды тұлғалар мынадай құжаттарды: 1) белгіленген үлгідегі өтінішті; 2) заңды тұлға үшін - Жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелерін; 3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін; 4) жеке кәсіпкер үшін - өтініш берушінің жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін; 5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін; 6) жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты; 7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды ұсынады. 8. Лицензиясы бар қызмет түрі шеңберінде лицензияға қосымшаны алу үшін мынадай құжаттар қажет: 1) белгіленген үлгідегі өтініш; 2) лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі; 3) біліктілік талаптарына (қызметтің кіші түріне) сәйкес мәліметтер мен құжаттар. Қызметтің кіші түрлері көрсетілген лицензияға қосымша лицензияның ажырамас бөлігі болып табылады. 9. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру туралы шешімді лицензиар барлық қажетті құжаттармен қоса өтінішті алған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей қабылдайды. 10. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартқан жағдайда лицензияны және (немесе) қосымшаны беру үшін белгіленген мерзімде бас тартудың себептерін көрсете отырып, өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі. 11. Егер лицензиар белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген не лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту себептері туралы өтініш берушіні жазбаша түрде хабардар етпеген жағдайда, мерзімдер өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң өтініш беруші лицензиарды өзі өтініш берген қызметтің түрін және (немесе) кіші түрін жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді. 12. Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруі қажет. 13. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көрсетілген мемлекеттік органның құжаттарды қабылдаған күні туралы белгісі бар көшірмесі өтініш берушіге жіберіледі (табыс етіледі).
4. Лицензияның бар екендігін растайтын құжаттарды ресімдеу
14. Әрбір көлік құралына лицензияны ресімдеумен бір мезгілде жолаушылар тасымалдауға лицензияның бар екендігін растайтын құжат (бұдан әрі - есептік құжат) ресімделеді. Есептік құжат, сондай-ақ осы көлік құралын лицензияланатын қызметке пайдалануға рұқсат беретін куәлік болып табылады. 15. Бір тұлғаға қызметтің екі түріне лицензия берген кезде - көлік құралына берілген лицензияға сәйкес келетін екі есептік құжат ресімделеді. Есептік құжаттарды беру ақысыз жүзеге асырылады.
5. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, телнұсқаларын беру, қолданылуын тоқтату және тоқтата тұру
16. Лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасы жоғалған, бүлінген жағдайда лицензиат лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алуға құқылы. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалған, бүлінген бланкілері лицензиат лицензиарға жазбаша өтініш (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп есептеледі. Лицензиар өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында»«Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын береді. 17. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құру нысанында заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, атауы өзгерген, сондай-ақ қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің атауы өзгерген кезде, егер мұндай өзгеріс қызмет түрі және (немесе) қызметтің кіші түрі шеңберінде орындалатын операциялар мәнінің өзгеруіне әкеп соқпаса, лицензиат отыз күнтізбелік күн ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы өтініш беруі қажет. Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдейді. 18. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы мынадай жағдайларда: 1) лицензияның берілген мерзімі аяқталғанда; 2) жүзеге асырылуына лицензия берілген тасымалдар толық көлемде жасалғанда; 3) лицензия алып қойылғанда; 4) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бірігу, біріктіру, бөліну, немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда; 5) лицензия және (немесе) лицензияға қосымша лицензиарға ерікті түрде қайтарылғанда; 6) лицензияланатын қызмет түрлері тізбесінен қызметтің жекелеген түрі және (немесе) кіші түрі алып тасталса тоқтатылады. 19. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтаруы қажет. 20. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2007.13.11. № 1078 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қатаң есептілік бланкі болып табылады, бағалы қағаз деңгейінде қорғаныс дәрежесі, есептік сериясы, нөмірі бар және баспаханалық әдіспен дайындалады. Оның заңды тұлғаға берілуі сенімхат бойынша, ал жеке тұлғаға - жеке куәліктің көшірмесі негізінде жүзеге асырылады. 22. Лицензиялар тізілімін жүргізуді лицензиар жүзеге асырады. Лицензиар тізілімі мынадай мәліметтерді қамтиды: лицензиардың атауы; лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның берілген күні және нөмірі; дара кәсіпкер үшін - жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжатының деректері, сондай-ақ жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген жағдайда куәліктің нөмірі және оның берілген күні; заңды тұлға үшін - атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері; қызмет түрі және (немесе) қызметтің кіші түрлері; лицензияның қолданылу мерзімі; салық төлеушінің тіркеу нөмірі; төлем тапсырмасының нөмірі және лицензиялық алым төленген күн; лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу негіздері және күні; лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау негіздері және күні; лицензияның қолданылуын тоқтату негіздері және күні. ҚР Үкіметінің 2007.13.11. № 1078 Қаулысымен 23-тармақпен толықтырыылды 23. Лицензиар лицензиаттың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады. Лицензиар өз құзыреті шеңберінде лицензиаттан тиісті құжаттарды ұсынуын талап етуге және бақылау функцияларын орындау үшін қажетті ақпарат алуға құқылы.
ҚР Үкіметінің 2007.13.11. № 1078 Қаулысымен біліктілік талабы өзгертілді (бұр.ред.қара) Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 544 қаулысымен бекітілген
Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде өтініш берушіге қойылатын біліктілік талаптары: темір жол көлігімен: 1) аттестатталған мамандардың (мамандардың тізбесін, аттестаттауды жүргізу тәртібін және қажетті білім көлемін көлік саласындағы уәкілетті орган белгілейді); 2) жолаушылар тасымалдауға арналған, тасымалдау үдерісі қауіпсіздігінің техникалық талаптарына сәйкес келетін жеке меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі жылжымалы құрамның; 3) лицензиялық қызметті жүзеге асыруға көлік құралының жарамдылығы туралы санитарлық және өрт қадағалау қорытындыларының; 4) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шарттың 5) жылжымалы құрамның паркін және басқа да өндірістік активтерді қалпына келтіру және жаңарту жөніндегі инвестициялық бағдарламалардың; 6) жолаушылар тасымалдау кезінде авариялық жағдайлардың алдын-алу, сондай-ақ авариялардың салдарын жою үшін қажетті құралдар мен ұтқыр бөлімшелердің (оның ішінде шарт бойынша) болуын қамтиды. теңіз және өзен көлігімен: 1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тиісті біліктілігі бар жүзбелі көлік құралының жинақталған кеме экипажының; 2) жолаушылар тасымалдауға арналған жеке меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі жүзбелі көлік құралдарының; 3) жүзбелі көлік құралымен жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру мүмкіндігін растайтын кеме қатынасы тіркелімі немесе біліктілік қоғамы қорытындысының; 4) лицензиялық қызметті жүзеге асыруға көлік құралының жарамдылығы туралы санитарлық және өрт қадағалау қорытындыларының; 5) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шарттың болуын қамтиды.
Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 544 қаулысына Қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Қазақстан Республикасындағы теңіз және өзен көлігінде жолаушылар мен жүк, қауіпті жүктер тасымалын лицензиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 мамырдағы № 885 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 23, 203-құжат). 2. «Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды және жүктерді, қауіпті жүктерді тасымалдауды лицензиялау туралы тәртіпті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы № 29 шілдедегі 714 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 24, 212-құжат). 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан Республикасында көліктегі қызметті лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 тамыздағы № 1095 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 30, 388-құжат). 4. «Қазақстан Республикасында көліктегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері»туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 шілдедегі № 794 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., 22, 243-құжат). 5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қарашадағы № 1165 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 44, 474-құжат). 6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 тамыздағы № 842 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 29, 393-құжат). 7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 мамырдағы № 885 және 1998 жылғы 29 шілдедегі № 714 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1450 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 669-құжат). 8. «Автомобиль көлігі саласында лицензиялау ережесін, соның ішінде лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 қаңтардағы № 29 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 2, 12-құжат). 9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 және 2002 жылғы 17 шілдедегі № 794 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қыркүйектегі № 893 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 34, 464-құжат).
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |