|
|
|
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (2009.03.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 18 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2009.03.03. № 237 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесі бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Мемлекет реттейтін баға қолданылатын әуежайлар қызметтерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1348 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 49, 562-құжат); 2) «Мемлекет реттейтін бағалар қолданылатын телекоммуникациялар қызметтерінің және телекоммуникациялар қызметтерін ұсынумен технологиялық байланысты қызметтердің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қазандағы № 1064 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 38, 503-құжат); 3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы № 1194 және 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1348 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қаңтардағы № 63 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 4, 34-құжат). 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 қаулысымен бекітілген
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесi
1. Мұнай және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау саласында: мұнайды магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау жөніндегі қызмет: 1) бірыңғай бағыттау бойынша операторлық қызмет; 2) мұнайды магистральдық құбыр жолының жүйесі арқылы қайта айдау; 3) мұнайды темір жол цистерналарынан құйып алу; 4) мұнайды темір жол цистерналарына құю; 5) мұнайды танкерлерге құю; 6) мұнайды автоцистерналардан құйып алу; 7) мұнайды автоцистерналарға құю; 8) мұнайды сақтау; 9) мұнайды ауыстырып құю; 10) мұнайды араластыру. 2. Газды немесе газ конденсатын магистральдық және (немесе) таратушы құбыр жолдары, газ таратушы қондырғыларды және оларға байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану арқылы сақтау, тасымалдау саласында: табиғи газды магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау; Қазақстан Республикасының тұтынушылары үшін табиғи газды таратушы құбыр жолдары арқылы тасымалдау; сұйылтылған көмірсутекті газды топтық резервуарлық қондырғыдан тұтынушының енгізу шығыранына дейін газ құбырлары арқылы тасымалдау; табиғи газды сақтау. 3. Электр энергиясын беру және (немесе) бөлу саласында: электр энергиясын беру және (немесе) бөлу. 4. Жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау саласында: жылу энергиясын өндіру; жылу энергиясын беру және бөлу; жылу энергиясымен жабдықтау; жылу энергиясын өндіру, беру және бөлу; жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау. 5. Электр энергиясын желіге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру саласында: электр энергиясын желіге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру. 6. Магистральдық темір жол желілері саласында: магистральдық темір жол желісін пайдалануға беру; жылжымалы құрамды магистральдық темір жол желісі арқылы өткізуді ұйымдастыру; магистральдық темір жол желісін пайдалануға беру және ол арқылы жылжымалы құрамды өткізуді ұйымдастыру. ҚР Үкіметінің 2009.03.03. № 237 Қаулысымен 5-1-тармақпен толықтырылды 5-1. Электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру саласында: электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру. ҚР Үкіметінің 2008 ж. 26 желтоқсандағы № 1281 қаулысымен 6-1 тармақпен толықтырылды 6-1. Концессия шарттары бойынша темір жол көлігі объектілері бар темір жолдар қызметін көрсету саласында: концессия шарттары бойынша темір жол көлігі объектілері бар темір жолдарын пайдалануға беру. ҚР Үкіметінің 2007.28.09. № 854 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Кірме жолдар саласында: бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру; бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда маневр жұмыстары, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды беру. ҚР Үкіметінің 2008.16.05. № 458 қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) ; ҚР Үкіметінің 2008 ж. 26 желтоқсандағы № 1281 қаулысымен 8 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 8. Аэронавигация саласында: 1) Қазақстан Республикасының аумағына коммерциялық емес мақсатта қонуды жүзеге асырмастан немесе жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, әуе кеңістігіндегі әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету; 2) Қазақстан Республикасының аумағына коммерциялық емес мақсатта қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, әуеайлақ маңындағы әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету. ҚР Үкіметінің 2007.28.09. № 854 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 9. Порттар, әуежайлар саласында: 1) теңіз портының қызметтері: теңіз портының күштерімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстары; кейіннен порттан шығып жүк операцияларын жүргізу және/немесе өзге мақсаттар үшін кеменің теңіз портына кіргені үшін (кеменің кіруі) қызметтер; ҚР Үкіметінің 2008.16.05. № 458 қаулысымен 2-тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) әуежайлардың қызметтері: әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету; авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; қону әуежайында өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (почталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін 3 сағаттан және жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған үлгілері үшін 6 сағаттан астам тұрақ орнын беру; әуе кемесіне базалық әуеайлақта тұрақ орнын беру; жолаушыларды тіркеуге арналған жұмыс орнын (алаңын) беру. 10. Телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерін қоспағанда, қызметтің осы түрлерін көрсетудің технологиялық мүмкін болмауы не экономикалық орынсыздығы себебінен бәсекелес байланыс операторы болмауы шартымен телекоммуникациялар саласында: байланыс операторларының телекоммуникациялар желілерін жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желісіне қосу: 1) жергілікті деңгейде; 2) аймақішілік және қалааралық деңгейде; 3) қалааралық және халықаралық деңгейде; мыналарды: 1) жергілікті телефон трафигін; 2) аймақішілік телефон трафигін; 3) қалааралық телефон трафигін; 4) халықаралық телефон трафигін; 5) ұялы операторлар желісінен/желісіне телефон трафигін қосылатын байланыс операторларының желісінен (желісіне) қосылатын байланыс операторларының телефон трафигін; ҚР Үкіметінің 2006.13.10. № 994 Қаулысымен 6) тармақшамен толықтырылды 6) ІР-телефония (Интернет-телефония) операторларының телефон трафигін. ҚР Үкіметінің 2009.03.03. № 237 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 11. Телекоммуникация желілерін жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желісіне қосуға технологиялық жағынан байланысты кәбілдік кәріздер мен өзге де негізгі құралдарды мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөніндегі салада: телефон кәрізін пайдалануға беру. 12. Су шаруашылығы және кәріз жүйелері саласында: су шаруашылығы жүйесінің қызметтері: 1) тіреуші гидротехникалық ғимараттардың көмегімен үстіңгі ағынды реттеу; 2) суды магистральдық құбыр жолдары арқылы беру; 3) суды таратушы желілер арқылы беру; 4) суды арналар арқылы беру; кәріз жүйесінің қызметтері: 1) сарқынды суды бұру; 2) сарқынды суды тазарту. 13. Почта байланысы қызметтері саласында: почта байланысының жалпыға қол жетімді қызметтері: 1) жай хаттарды жіберу; 2) жай почта карточкаларын жіберу; 3) жай бандерольдерді жіберу.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |