Аудиторлық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы (2018.05.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № 65 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін. ҚР Үкіметінің 2018.05.05. № 246 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті аудиторлық қызметті жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті орган -лицензиар (лицензиялар (оның ішінде телнұсқалар) беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру) болып айқындалсын. 3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Аудиторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі № 601 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 24, 282-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі № 601 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 мамырдағы № 639 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 22-23, 200-құжат); 3) «Аудиторлық қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі № 601 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 қарашадағы № 1318 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2, 29-құжат). 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2013.05.06. № 574 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қарашадағы № 1434 қаулысымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|