Аудиторлық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы (2013.05.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 5 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті аудиторлық қызметті жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті орган - лицензиар (лицензиялар (оның ішінде телнұсқалар) беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру) ретінде айқындалсын. 3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Аудиторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі № 601 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 24, 282-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі № 601 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 мамырдағы № 639 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 22-23, 200-құжат); 3) «Аудиторлық қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі № 601 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 қарашадағы № 1318 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2, 29-құжат). 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2013.05.06. № 574 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қарашадағы № 1434 қаулысымен бекітілген
Аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|