ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.21.11. № 588 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 тамыздағы № 528 бұйрығына 3-қосымша
ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.12.05. № 196 бұйрығымен күші жойылды
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірде № 212 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11260 тіркелген) «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес (бұдан әрі - Стандарт), «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру қызметі: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорациясы) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: Стандарттың 1- қосымшасына сәйкес нысандағы аккредиттеу туралы куәлік, ғылыми және шарттары мен талаптарына сәйкес еместігіне байланысты дәлелді бас тарту жауабы, сонымен қатар мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде. 4. Көрсетілген қызметті алушының арызы түскен мезеттен мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) заңды тұлғаларға - күнтізбелік 30 (отыз) күннің ішінде; 2) жеке тұлғаларға - күнтізбелік 10 (он) күннің ішінде; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|