|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2019.15.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2020 жылғы 21 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі - өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Уәкілетті ұйымның әлеуметтік жеке код беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16 қыркүйектегі № 1342 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 41, 388-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 және 1997 жылғы 16 қыркүйектегі № 1342 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 376 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 18, 210-құжат); 3) «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік Кәсіпорындар мен ұйымдардың ортақ жіктегішін енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 шілдедегі № 1130 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 31, 382-құжат). ҚР Үкіметінің 2007.07.25. № 628 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізілді) қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.26.02 № 220 қаулысымен (бұр. ред. қара) (2009.01.01 қолданысқа енгізілді); 2010.18.06. № 613 қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді 3. Осы қаулы 2007 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3, 4-тармақтарын, 2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 2-тармағын, өзгерістер мен толықтырулардың 1, 2, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 16, 17, 19, 20, 21, 23, 24, 25, 26 -тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 391 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1116 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3. ҚР Үкіметінің 2012.19.04. № 498 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. ҚР Үкіметінің 2013.26.08. № 852 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 5. ҚР Үкіметінің 2015.10.09. № 765 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 6. ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1325 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 7. ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 676 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 8. ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1332 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 9. ҚР Үкіметінің 2007.27.12. № 1301 қаулысымен күші жойылды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 10. ҚР Үкіметінің 2008.06.05. № 425 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 11. «Қазақстан Республикасының Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөміріне (сәйкестендіру нөміріне (бизнес-сәйкестендіру нөміріне) көшу бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 565 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 26, 247-құжат): тақырыпта және 1-тармақта «Жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөміріне (« деген сөздерден кейін «жеке» деген сөзбен толықтырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөміріне (сәйкестендіру нөміріне (бизнес-сәйкестендіру нөміріне) көшу бағдарламасында: тақырыбында «Жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөміріне (« деген сөздерден кейін «жеке» деген сөзбен толықтырылсын; бүкіл мәтін бойынша «СН» деген аббревиатура»«ЖСН» деген аббревиатурамен ауыстырылсын; «Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде: «Атауы» деген бөлімшеде «Жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөміріне (« деген сөздерден кейін»«жеке» деген сөзбен толықтырылсын; «Қысқаша мазмұны» деген бөлімшеде «Қысқаша мазмұны» деген бөлімшеде «жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер үшін» деген сөздерден кейін»«жеке» деген сөзбен толықтырылсын; «Мәселенің қазіргі жай-күйін талдау» деген 3-бөлімнің сегізінші абзацында «жүйесін» деген сөзден «жеке» деген сөзбен толықтырылсын; «Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері» деген 4-бөлімде: екінші абзацта «сәйкестендіру» деген сөздің алдынан»«жеке» деген сөзбен толықтырылсын; үшінші абзацта «сәйкестендіру» деген сөздің алдынан»«жеке» деген сөзбен толықтырылсын; сегізінші абзацта «Қазақстан Республикасында» деген сөздерден кейін»«жеке» деген сөзбен толықтырылсын; «Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері» деген 5-бөлімде: 1-бөлімшеде: үшінші абзацта «сәйкестендіру» деген сөз»«жеке сәйкестендіру» деген сөздермен ауыстырылсын; жетінші абзацта «СН құрылымына енетін мәліметтер өзгерген кезде» деген сөздерден кейін «жеке» деген сөзбен толықтырылсын; 5-бөлімше мынадай редакцияда жазылсын: «5. Бақылау разрядының мәнін есептеу алгоритмі ЖСН (БСН) құрамына бақылауды жүзеге асыру және онда клавиатуралық енгізу қателіктерін азайту мақсатында 12-бақылау разрядының болуы көзделеді, оны есептегенде екі циклда мынадай алгоритм пайдаланылады: a12=(а1*b1+а2*b2+а3*b3+а4*b4+а5*b5+а6*b6+а7*b7+а8*b8+а9*b9+а10* b10+а11*b11)mod 11, мұнда: аі - і-разрядтың мәні; bі - і-разрядтың салмағы. ЖСН разряды: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 разрядтың салмағы: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11. 1. Егер алынған сан 10-ға тең болса, онда бақылау разрядын есептеу салмақтың басқа кезегімен жүргізіледі: ЖСН разряды: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 разрядтың салмағы: 3 4 5 6 7 8 9 10 11 1 2. 2. Егер алынған сан тағы 10-ға тең болса, онда бұл ЖСН пайдаланылмайды. 3. Егер алынған санның мәні 0-ден 9-ға дейін болса, онда бұл сан бақылау разряды ретінде алынады.». 12. ҚР Үкіметінің 2013.02.10. № 1042 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 13. ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 18 қарашадағы № 1353 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 14. ҚР Үкіметінің 2013.21.01. № 20 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 15 ҚР Үкіметінің 2007.07.25. № 628 қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара) 16. «Әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 25, 323-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесінде: 11-тармақта: бірінші абзацта «әлеуметтік жеке кодын (бұдан әрі - ӘЖК)» деген сөздер «жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН)» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші абзацта «жеке тұлғаның ӘЖК алу үшін тіркеу карточкасына толтырған» деген сөздер алынып тасталсын; 12-тармақта «ӘЖК» деген аббревиатура «ЖСН» деген аббревиатурамен ауыстырылсын; 25-тармақтың он екінші абзацында «салық төлеушілердің тіркеу нөмірлері» деген сөздер «жеке сәйкестендіру нөмірлері» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген Ережеге 1 және 2-қосымшаларда «ӘЖК» деген аббревиатура «ЖСН» деген аббревиатурамен ауыстырылсын. 17. ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1307 қаулысымен күші жойылды (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 18.«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде: 10-тармақта: 1) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды және сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізуді»; 2) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасауды және жүргізуді, сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды, сондай-ақ өз құзыретінің шегінде сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін құру, жүргізу және пайдалану жөнінде нормативтік құқықтық актілер әзірлеуді;»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті туралы ережеде: 10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «өз құзыретінің шегінде сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін құру, жүргізу және пайдалану жөнінде нормативтік құқықтық актілер әзірлеуді; сәйкестендіру нөмірін қалыптастыруды орталықтандырып жүзеге асыруды әрі тіркеуші және басқа да мемлекеттік органдар мен өзге де мемлекеттік мекемелерге ақпарат ұсынуды; сәйкестендіру нөмірі бар құжаттардың дайындалуын ұйымдастыруды жүзеге асыруды; сәйкестендіру деректерінің, олардың құрылымдарының, құрамы мен форматының жіктемелері мен анықтамаларын жүргізу тәртібін белгілеуді;». 19. ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 676 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 20. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 6, 49-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу ережесінде: 1-тармақтың 7) тармақшасында «салық төлеушінің куәлігін, әлеуметтік жеке код берілгені туралы уақытша куәлікті,» деген сөздер алынып тасталсын. 21. ҚР Үкіметінің 2013.26.08. № 848 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 22. ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 613 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 23. ҚР Үкіметінің 2015.23.12. № 1034 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 24. ҚР Үкіметінің 2015.02.07. № 501 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 25. ҚР Үкіметінің 2019.15.10. № 766 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 26. ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1500 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 27 ҚР Үкіметінің 2009.26.02 № 220 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |