|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы № 2688 Конституциялық Заңы (2023.01.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2024 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мәртебесi 2-бап. Республика Үкiметi қызметiнiң құқықтық негiзi 3-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрылуы, құрылымы және құрамы 3-1-бап. Қазақстан Республикасының Үкiметi мүшесiнiң ант беруi 4-бап. Республика Үкiметiнiң өкiлеттiк мерзiмi 5-бап. Республика Үкiметiнiң орнынан түсуi 6-бап. Республика Президентiнiң бастамасымен Республика Үкiметiнiң өкiлеттiгiн тоқтату 8-бап. Республика Үкiметiнiң құрамында болуға байланысты шектеулер II ТАРАУ. РЕСПУБЛИКА ҮКIМЕТIНIҢ ҚҰЗЫРЕТI, АКТIЛЕРI, ЕСЕПТIЛIГI ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШIЛIГI 9-бап. Республика Үкiметiнiң құзыретi 10-бап. Республика Үкiметiнiң актiлерi 11-бап. Республика Үкiметiнiң есептiлiгi мен жауапкершiлiгi III ТАРАУ. РЕСПУБЛИКА ҮКIМЕТIНIҢ МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ 12-бап. Республика Президентiмен қарым-қатынасы 13-бап. Республика Парламентiмен қарым-қатынасы 16-бап. Жергiлiктi атқарушы органдармен қарым-қатынасы IV ТАРАУ. РЕСПУБЛИКА ҮКIМЕТIНIҢ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ 18-бап. Республика Үкiметiнiң отырыстары 19-бап. Республика Премьер-Министрi 20-бап. Премьер-Министрдiң орынбасарлары және Республика Үкiметiнiң өзге де мүшелерi 22-бап. Республика министрлiгi 24-бап. Орталық атқарушы органның ведомствосы 26-бап. Республика Үкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар 27-бап. Осы Конституциялық заңның күшiне енгiзiлу тәртiбi
ҚР 06.05.99 ж. № 379-1 Конституциялық Заңымен тақырыбы мен кіріспе жаңа редакцияда Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретiн, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртібін белгiлейдi.
ҚР 2007.19.06. № 267-III Конституциялық Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мәртебесi Үкiмет алқалы орган болып табылады, азақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 2-бап өзгертілді 2-бап. Республика Үкіметі қызметiнiң құқықтық негiзi Үкiмет Республика Конституциясының, осы Конституциялық заңның, Республиканың заңдары мен өзге де нормативтiк актілерінiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды. ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 3-бап жаңа редакцияда 3-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң құрылуы, құрылымы және құрамы 1.Үкiметтi Республика Президентi Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртiппен құрады. 2. Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер-Министр тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде Республика Премьер-Министрi Республика Президентiне енгiзедi. ҚР 2017.15.06. № 75-VI Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Үкiметтiң құрылымын министрлiктер құрайды. 4. Үкiметтiң құрамына Үкiмет мүшелерi - Республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де лауазымды адамдары кiредi. ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен жаңа 3-1-баппен толықтырылды 3-1-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мүшесiнiң ант беруi ҚР 2017.15.06. № 75-VI Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мүшесi Қазақстан халқына және Президентiне мынадай мазмұнда ант бередi: «Қазақстан Республикасының халқы мен Президентi алдында өз Отаным - Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму iсiне барлық күш-жiгерiм мен білімiмдi жұмсауға, мемлекеттiң Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзiмнiң барлық iс-әрекетiмде заңдылық пен әдiлеттiк, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерiн ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елiмнiң мемлекеттiлiгi мен дүниежүзiлiк қоғамдастықтағы беделiн нығайта беруге салтанатты түрде ант беремiн. Ант етемiн.». 2. Үкiмет мүшелерiнiң антын Республика Президентi өзi белгiлейтiн тәртiппен қабылдайды. ҚР 2017.15.06. № 75-VI Конституциялық Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4-бап. Республика Үкiметiнiң өкiлеттiк мерзiмi 1. Республика Үкiметi Парламент Мәжілісінiң өкiлеттiк мерзiмi шегінде жұмыс істейді және жаңадан сайланған Республика Парламенті Мәжілісінiң алдында өз өкiлеттiгiн доғарады. 2. Үкiметтiң өкiлеттiкті доғаруы оның мүшелерiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. 3. Республика Үкiметiнiң жаңа құрамы бекiтiлгенге дейiн Республика Үкiметi өз мiндеттерiн атқара бередi. 4. Үкiмет осы Конституциялық заңның 5 және 6-баптарында көзделген Үкiмет орнынан түскен және өкiлеттiгiн тоқтатқан жағдайларда да өз өкілеттігін доғарады.
ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 5-бап өзгертілді 5-бап. Республика Үкіметінiң орнынан түсуi 1. Егер өздерiне жүктелген функцияларды одан әрi жүзеге асыру мүмкiн емес деп санайтын болса, Үкiмет және оның кез-келген мүшесi Республика Президентiне өзiнiң орнынан түсуi туралы мәлiмдеуге хақылы. Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған Үкiмет мүшелерi де орнынан түседi. ҚР 2007.19.06. № 267-III Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Республика Конституциясында көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісі немесе Парламент үкiметке сенiмсiздiк бiлдiретiн болса, Үкiмет өзiнiң орнынан түсуi туралы Республика Президентiне мәлiмдейдi. Республика Президентi орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселенi он күн мерзiмде қарайды. 3. Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң немесе оның тиiстi мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Премьер-Министрдiң орнынан түсуiн қабылдау бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. 4. Үкiметтiң немесе оның мүшесiнiң орнынан түсуi қабылданбаған ретте, Президент оған өз мiндеттерiн одан әрi жүзеге асыра берудi тапсырады.
ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 6-бап өзгертілді 6-бап. Республика Президентінің бастамасымен Республика Үкіметінiң өкiлеттiгiн тоқтату 1. Республика Президентi өз бастамасымен үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдауға және оның кез-келген мүшесiн қызметiнен босатуға хақылы. 2. Премьер-Министрдiң қызметiнен босатылуы бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. 2-1. Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған Үкiмет мүшелерi атқарып келген қызметiнен босатылуға тиiс. 7-бап. ҚР 2007.19.06. № 267-III Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8-бап. Республика Үкіметінiң құрамында болуға байланысты шектеулер Республика Үкіметі мүшелерiнiң: 1) өкiлдi органның депутаттары болуға; 2) оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерден басқа ақы төленетiн қызметтер атқаруға; 3) кәсiпкерлiкпен шұғылдануға; ҚР 2007.19.06. № 267-III Конституциялық Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) Үкімет шешімдерімен белгіленген жағдайларда жарғылық капиталына мемлекет қатысатын коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге хақы жоқ.
II Тарау. Республика Үкіметінің құзыреті, актілері, есептілігі және жауапкершілігі
ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 9-бап өзгертілді; ҚР 2014.29.09. № 238-V Конституциялық Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9-бап. Республика Үкіметінің құзыреті Республика Үкіметі: 1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, кауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады; 2) 2023.19.04. № 222-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мақұлдайды; 4) Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөніндегі шараларды тұжырымдайды; ҚР 2017.03.07. № 85-VI Конституциялық Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді; ҚР 2017.03.07. № 85-VI Конституциялық Заңымен 5-1), 5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылды 5-1) Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды; 5-2) Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жүйесін айқындайды; 5-3) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну тәртібін айқындайды; 6) Республиканың қаржы жүйесін нығайту жөніндегі шараларды әзірлейді және жүзеге асырады; мемлекеттік валюта, қаржы ресурстары мен материалдық ресурстарды жасақтау және пайдалану кезінде заңдылықтың сақталуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді; 7) 2023.19.04. № 222-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) мемлекеттік баға белгілеу саясатын тұжырымдайды; мемлекет реттейтін бағалар қолданылатын өнімдер, тауарлар және көрсетілетін қызметтер номенклатурасын белгілейді; 9) мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады, оны пайдалану жөніндегі шараларды тұжырымдайды және жүзеге асырады, мемлекеттік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз етеді; 10) еңбекке ақы төлеу, азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік сақтандыру жүйесін және шарттарын қалыптастырады; ҚР 2017.15.06. № 75-VI Конституциялық Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды 10-1) Республика Президентiмен келісу бойынша мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қаржыландырудың және қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді; 11) мемлекеттік өңірлік саясаттың негізгі бағыттарын тұжырымдайды; өңіраралық проблемалар мен өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді; 2023.19.04. № 222-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12) ғылым мен техниканы дамыту, жаңа технологияларды енгізу жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастырады; 13) табиғи ресурстар мен қоршаған табиғи ортаны ұтымды пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады; 14) құқықтық саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін, Республиканың қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін, Республиканың аумақтық тұтастығын және мемлекеттік шекараларының күзетілуін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлейді және іске асырады; 15) келіссөздер жүргізу және үкіметаралық келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдайды; Республиканың шет мемлекеттермен, халықаралық және өңірлік ұйымдармен өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етеді; сыртқы экономикалық саясатты іске асыру жөніндегі шараларды тұжырымдайды; сыртқы сауданы дамыту жөнінде шаралар қолданады; халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты және өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады; 16) өзіне Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 10-бап өзгертілді 10-бап. Республика Үкіметінiң актілері 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Республика Үкіметі Республика Конституциясының, заңдарының, Президент актілерінiң, өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзiнде және оларды орындау үшiн нормативтiк және жеке қаулылар шығарады. Халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпті сақтауға, елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларға жедел ден қою мақсатында заң жобалары Парламентке енгізілген жағдайда, Үкіметтің заң күші бар уақытша қаулыларын Республика Үкіметі өз жауапкершілігімен қабылдауға құқылы, олар Парламент қабылдаған заңдар күшіне енгенге дейін немесе Парламент заңдарды қабылдамағанға дейін қолданыста болады. ҚР 2007.19.06. № 267-III Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Үкімет қаулылары Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Үкімет қаулыларына Республика Премьер-Министрі қол қояды. Үкіметтің заң күші бар уақытша қаулылары Үкімет мүшелері жалпы санының үштен екісінің даусымен қабылданады. 3. Республика Премьер-Министрi өкiмдер шығарады. Премьер-Министрдiң өкiмдерi әкiмшiлiк-өкiмдiк, жедел және жеке-дара сипаттағы мәселелер бойынша шығарылады. 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4. Өздерiнiң құзыретi шегiнде қабылданған Үкіметтің заң күші бар уақытша қаулыларының, Үкiмет қаулылары мен Республика Премьер-Министрi өкiмдерiнiң Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады. 5. Үкiмет қаулылар мен Республика Премьер-Министрінің өкiмдерi Республика Үкіметінiң Регламентiнде белгiленген тәртiппен әзiрленедi және қабылданады. 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 5-1. Үкіметтің заң күші бар уақытша қаулылары «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, сондай-ақ Республика Үкіметінің актілерінде айқындалатын тәртіппен әзірленеді және қабылданады. ҚР 2017.15.06. № 75-VI Конституциялық Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6. Үкiмет қаулыларының күшiн Республика Үкiметi жоя алады. ҚР 2017.15.06. № 75-VI Конституциялық Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7. Премьер-Министр өкiмдерiнiң күшiн Республика Үкiметi және Премьер-Министрi жоя алады.
ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 11-бап өзгертілді 11-бап. Республика Үкіметінiң есептiлiгi мен жауапкершiлiгi ҚР 2017.15.06. № 75-VI Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Үкiмет өзiнiң қызметiнде Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгiленген нысандарда Республика Президентiнiң және Парламенттің алдында жауапты. 2. Үкiмет мүшелерi өз құзыретiнің шегiнде өз бетiнше шешiм қабылдайды, Республика Премьер-Министрінің алдында өздерiне бағынысты мемлекеттік органдардың жұмысы немесе өздерiне тапсырылған жұмыс аясы үшiн дербес жауап бередi. 3. ҚР 2017.15.06. № 75-VI Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4. Республика Конституциясының 57-бабының 6)-тармақшасында көзделген ретте Үкiмет мүшелерi Парламент Палаталарына есеп бередi. III Тарау. Республика Үкіметінің мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы
ҚР 2017.15.06. № 75-VI Конституциялық Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 12-бап. Республика Президентiмен қарым-қатынасы 1) Президент тапсырмаларының орындалуы және өз қызметiнiң басқа да бағыттары туралы Президентке тұрақты түрде ақпарат беріп отырады; 2) Республика Президентi актiлерiнiң орындалуын ұйымдастырады және оларды министрлiктер мен жергiлiктi атқарушы органдардың орындауын бақылауды жүзеге асырады. 2. Үкiмет Республика Президентiмен Үкiметтiң заң жобалау жұмыстарының жоспарларын келiседi. 3. 2023.19.04. № 222-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 13-бап өзгертілді 13-бап. Республика Парламентiмен қарым-қатынасы 1. Республика Үкіметінiң заң шығару бастамашылығы құқығы болады, ол тек қана Парламент Мәжілісiнде жүзеге асырылады. Заң актiсiнiң жобасын енгізу туралы шешiм Үкiметтiң тиiстi қаулысын шығару жолымен қабылданады. ҚР 2017.15.06. № 75-VI Конституциялық Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) Республика заңдарының орындалуын қамтамасыз етедi, оларды министрлiктердiң және жергiлiктi атқарушы органдардың орындауын бақылайды; 2) Парламентке республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептi табыс етедi; 3) мемлекеттік кiрiстi қысқартуды немесе мемлекеттік шығысты ұлғайтуды көздейтiн Республика заңдарының жобалары жөнiнде қорытындылар бередi; 4) Парламент депутаттарының сұрауларына жауап бередi. ҚР 2017.15.06. № 75-VI Конституциялық Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 14-бап. Министрліктермен қарым-қатынасы Республика Үкiметi: 1) министрліктердің қызметiне басшылықты жүзеге асырады, олардың Республика заңдарын, Президентiнің және Үкiметiнің актiлерiн орындауын қамтамасыз етеді; 2) министрлердiң ұсынуы бойынша министрлiктер туралы ережелердi, олардың аумақтық органдарындағы және өздеріне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, солардың штат санының лимиттерiн бекiтедi; 3) министрліктер актiлерiнiң толық немесе бір бөлiгiнде күшiн жояды немесе қолданылуын тоқтата тұрады; 4) сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерінің орынбасарларын қоспағанда, министрлердің ұсынуы бойынша олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
15-бап. ҚР 2007.19.06. № 267-III Конституциялық заңымен алы тасталды(бұр.ред.қара) 16-бап. Жергiлiктi атқарушы органдармен қарым-қатынасы 1. Республика Үкіметі: 1) мемлекеттік басқару мәселелерi жөніндегі Республика атқарушы органдарының қызметiне басшылықты жүзеге асырады, олардың Республика заңдарын, Президентi мен Үкіметінiң актілерін орындауын бақылайды; 2) жергiлiктi атқарушы органдар актілерінiң күшiн толығымен немесе бiр бөлiгiнде жояды не тоқтата тұрады, оларды жою не тоқтата тұру туралы Республика Президентінің қарауына ұсыныстар енгiзедi; 2. Тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарды басқаратын әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң әкiмдерi Республика Президентi мен Үкіметінiң өкiлдерi болып табылады және Республика Үкіметіне мемлекеттік басқару мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзедi. 17-бап. Республика Үкіметінiң республикалық бюджеттен қаржыландырылатын өзге де мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы Республика Үкіметі заңдарда белгiленген тәртiппен өзге де, соның iшiнде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметiн қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерiн шешедi. IV Тарау. Республика Үкіметінің Қызметін ұйымдастыру
18-бап. Республика Үкіметінiң отырыстары 1. Үкiметтiң отырыстары айына кемiнде бiр рет өткiзiлiп отырады. 2. Үкiметтiң отырыстарын Премьер-Министр не Республика Президентi шақырады. ҚР 2017.15.06. № 75-VI Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Үкiметтiң отырыстарында Премьер-Министр төрағалық етедi, ол болмаған кезде мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес Премьер-Министрдiң мiндетiн атқаратын Премьер-Министрдiң орынбасары төрағалық етедi. Үкiмет ерекше маңызды мәселелердi қараған кезде қажеттігіне қарай оның отырыстарында Республика Президентi төрағалық етедi. 4. Үкiмет мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi Үкiмет отырысына қатысса, отырыс құқылы болып саналады. Үкiмет мүшелерi оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады. 5. Үкiмет отырыстары ашық болады. Президенттiң не Премьер-Министрдiң бастамасымен Үкiметтiң жабық отырыстары өткiзiлуi мүмкiн. 6. Үкiмет отырыстарын әзiрлеу мен өткізу тәртібі Үкiмет Регламентiмен белгiленедi. ҚР 06.05.99 ж. № 379; 2007.19.06. № 267-III (бұр.ред.қара); ҚР 2014.29.09. № 238-V (бұр.ред.қара) Конституциялық заңдарымен 19-бап өзгертілді 19-бап. Республика Премьер-Министрi 1. Республика Премьер-Министрі: 1) Үкіметтің жұмысын ұйымдастырады және Үкімет мүшелерінің арасында функционалдық міндеттерді бөледі; 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) Республика Президентімен, Парламентпен, Конституциялық Сотпен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен және басқа да мемлекеттік органдармен қарым-қатынастарда Үкімет атынан өкілдік етеді немесе Үкімет атынан өкілдік етуді тапсырады; 3) халықаралық қатынастарда Үкімет атынан өкілдік етеді немесе Үкімет атынан өкілдік етуді тапсырады және үкіметаралық шарттар мен келісімдерге қол қояды; ҚР 2017.15.06. № 75-VI Конституциялық Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) Республика Президентіне: Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін қоспағанда, Парламент Мәжілісімен консультациялардан кейін Үкімет мүшелерін қызметке тағайындау үшін кандидатуралар жөнінде; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін қоспағанда, Үкімет мүшесін, оның ішінде Үкіметтің жүргізіп отырған саясатымен келіспейтін немесе оны жүргізбейтін Үкімет мүшесін қызметтен босату туралы ұсынулар енгізеді; ҚР 2017.15.06. № 75-VI Конституциялық Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) Республика Президентімен мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қаржыландырудың және қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін келіседі; ҚР 2017.15.06. № 75-VI Конституциялық Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6) Үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде және оның аса маңызды барлық шешімдері жөнінде Президентке және Парламентке баяндап отырады; ҚР 2017.15.06. № 75-VI Конституциялық Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7) Үкімет мүшелерінің және жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдайды; 8) Үкімет жанындағы консультациялық-кеңесші органдарды құрады және таратады; 9) Үкіметтің қызметін ұйымдастыруға және оған басшылық жасауға байланысты басқа да функцияларды орындайды. 2. Премьер-Министр болмаған жағдайда оның мiндеттерiн Премьер-Министр белгiлеген тәртiппен Премьер-Министрдiң орынбасарларының бiрi атқарады. ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 20-бап жаңа редакцияда; 2007.19.06. № 267-III Конституциялық заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 20-бап. Премьер-Министрдiң орынбасарлары және Республика Үкіметінiң өзге де мүшелерi 1. Премьер-Министрдiң орынбасарлары өз қызметiн Республиканың Премьер-Министрi белгiлейтiн мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес жүзеге асырады. 1) тиісті мемлекеттік органдарға басшылықты жүзеге асырады; 2) тиісті мемлекеттік органдардың қарауындағы мемлекеттік басқару салаларындағы (аясындағы) саясатты қалыптастырады; 3) заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді; 4) өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдауда дербес болады; 5) Республика Премьер-Министрінің алдында өздеріне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін дербес жауап береді; 6) тиісті мемлекеттік органдардың қарауындағы мемлекеттік басқару саласындағы (аясындағы) істің жайына және заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін жауапты. ҚР 2017.15.06. № 75-VI Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Министрліктердің басшылары болып табылмайтын Үкімет мүшелері өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін олар туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырады.
21-бап. ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен алып тасталды
21-1-бап. ҚР 2020.30.12. № 392-VI Конституциялық Заңын алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 06.05.99 ж. № 379; 2007.19.06. № 267-III (бұр.ред.қара); ҚР 2014.29.09. № 238-V (бұр.ред.қара) Конституциялық Заңдарымен 22-бап өзгертілді 22-бап. Республика министрлігі 2023.19.04. № 222-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Министрлік Республиканың тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) - басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органы болып табылады. Министрлік өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады. Министрлік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастырады. 2. Министрлiктi Республика Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша Республика Президентi құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание I ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мәртебесi2-бап. Республика Үкiметi қызметiнiң құқықтық негiзi3-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрылуы, құрылымы және құрамы3-1-бап. Қазақстан Республикасының Үкiметi мүшесiнiң ант беруi4-бап. Республика Үкiметiнiң өкiлеттiк мерзiмi5-бап. Республика Үкiметiнiң орнынан түсуi6-бап. Республика Президентiнiң бастамасымен Республика Үкiметiнiң өкiлеттiгiн тоқтату7-бап. Алып тасталды8-бап. Республика Үкiметiнiң құрамында болуға байланысты шектеулер II ТАРАУ. РЕСПУБЛИКА ҮКIМЕТIНIҢ ҚҰЗЫРЕТI, АКТIЛЕРI, ЕСЕПТIЛIГI ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШIЛIГI9-бап. Республика Үкiметiнiң құзыретi10-бап. Республика Үкiметiнiң актiлерi11-бап. Республика Үкiметiнiң есептiлiгi мен жауапкершiлiгi III ТАРАУ. РЕСПУБЛИКА ҮКIМЕТIНIҢ МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ12-бап. Республика Президентiмен қарым-қатынасы13-бап. Республика Парламентiмен қарым-қатынасы14-бап. Министрліктермен, Республика Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдармен қарым-қатынасы15-бап. Алып тасталды16-бап. Жергiлiктi атқарушы органдармен қарым-қатынасы17-бап. Республика Үкiметiнiң республикалық бюджеттен қаржыландырылатын өзге де мемлекеттiк органдармен қарым-қатынасы IV ТАРАУ. РЕСПУБЛИКА ҮКIМЕТIНIҢ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ18-бап. Республика Үкiметiнiң отырыстары19-бап. Республика Премьер-Министрi20-бап. Премьер-Министрдiң орынбасарлары және Республика Үкiметiнiң өзге де мүшелерi21-бап. Алып тасталды21-1-бап. Алып тасталды22-бап. Республика министрлiгi23-бап. Алып тасталды24-бап. Орталық атқарушы органның ведомствосы25-бап. Республика Премьер-Министрi мен Үкiметiнiң қызметiн ақпараттық-талдау және ұйымдық-құқықтық жағынан қамтамасыз ету26-бап. Республика Үкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар27-бап. Осы Конституциялық заңның күшiне енгiзiлу тәртiбi |