Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы (2011.09.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 18 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Түпнұсқада мазмұны жоқ
2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен кіріспемен толықтырылды Осы Заң қоғамнан уақытша оқшаулауды заңды негіздерде қамтамасыз ететін арнаулы мекемелер қызметінің құқықтық негіздерін айқындайды, сондай-ақ оларда ұсталатын адамдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
1-бап. 2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) арнаулы қабылдау орны - ішкі істер органдарының әкімшілік қамауға алынған адамдарды қабылдауға және ұстауға арналған арнаулы мекемесі; 2) арнаулы мекемелер - тергеу изоляторы, уақытша ұстау изоляторы, қабылдау-бөлу орны, арнаулы қабылдау орны; 3) әкімшілік қамауға алынған адам - өзіне қатысты сот әкімшілік қамауға алуды қолдану туралы қаулы шығарған адам; 4) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адам - Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген немесе тұрғын үйі жоқ адам; 5) бір адамдық камера - күзетке алынған бір адамды барынша толық және қатаң оқшаулау мақсатында ұстауға арналған арнаулы үй-жай; 6) жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу - белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамға қатысты, ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінде оны уақытша оқшаулаудан тұратын құқық бұзушылықтың жеке профилактика шарасы; 7) карцер - күзетте ұстаудың белгіленген тәртібін қасақана бұзған адамды ұстауға арналған бір адамдық камера; 8) қабылдау-бөлу орны - ішкі істер органдарының белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды, оның іс-әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылық және қылмыс белгілері болмаған кезде және олардың жеке басын өзге де тәсілдермен анықтау мүмкін болмаған кезде оларды қабылдауға және ұстауға арналған арнаулы мекемесі; 9) камера - қабылдау-бөлу орнына, арнаулы қабылдау орнына, уақытша ұстау изоляторына, тергеу изоляторына орналастырылған адамдарды ұстауға арналған үй-жай; 10) күзетте ұстау - адамдарды сот санкциясымен арнаулы мекемелерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақытша оқшаулау; 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 11) тергеу изоляторы - бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылған, қылмыстың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды, сондай-ақ шаруашылық қызметтер көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін қалдырылған, не түзеу мекемесінде құқық тәртібін қамтамасыз ету үшін жіберілген және Қазақстан Республикасы Қылмыстық атқару кодексінің 68-бабының тәртібімен ауыстырылған сотталғандарды ұстауға арналған арнаулы мекеме; 12) уақытша ұстау изоляторы - қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдарды күзетте ұстауға арналған арнаулы мекеме.
2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3-бап. Адамдарды арнаулы мекемелерде ұстау мақсаты Адамдарды арнаулы мекемелерде ұстау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды орындау мақсатында жүзеге асырылады.
2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 4-бап. Арнаулы мекемелерде ұстау принциптері Арнаулы мекемелерде ұстау заңдылық, кінәсіздік презумпциясы, азаматтардың заң алдындағы теңдігі, ізгілік, жеке бастың ар-намысы мен абыройын құрметтеу принциптеріне, халықаралық құқық нормаларына сәйкес жүзеге асырылады және қылмыс жасаған деп арнаулы мекемелерде ұсталушы сезіктілер мен айыпталушыларды тәни немесе рухани азапқа тарту мақсатындағы іс-әрекеттермен ұштаспауға тиіс.
2008.05.07. № 65-IV ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5-бап. Адамдарды арнаулы мекемелерге орналастыру негіздері Адамдарды арнаулы мекемелерге орналастыру негіздері: 1) бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылған, қылмыстың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды тергеу изоляторына орналастыру судьяның қаулысы бойынша жүзеге асырылады; 2) қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталғандарды уақытша ұстау изоляторына орналастыру тергеуші не анықтаушы толтырған ұстау хаттамасы бойынша жүзеге асырылады. Бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылған күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталушыларды уақытша ұстау изоляторына орналастыру алыс болуына немесе тиісті жол қатынасының болмауына байланысты тергеу изоляторына жеткізу мүмкін болмаған жағдайларда, судьяның қаулысы бойынша жүзеге асырылады; 3) әкімшілік қамауға алынған адамдарды арнаулы қабылдау орындарына орналастыру судьяның оларды қамауға алу туралы қаулысының негізінде жүзеге асырылады; 4) белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды қабылдау-бөлу орнына орналастыру ішкі істер органдарының сот санкциялаған қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6-бап. Арнаулы мекемелерде ұсталушы адамдардың құқықтық жағдайы 1. Арнаулы мекемелерде ұсталушы адамдар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген шектеулермен, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады. 2. Арнаулы мекемелерде ұсталушы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Конституцияда, заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады.
ҚР 16.07.01 ж. № 244-II; ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңдарымен; 2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді 7-бап. Қылмыстың жасалуына күдікті, айыпталушы адамдарды күзетте ұстау орындары 1. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау орындары: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторлары; 2) Қазақстан Республикасының iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының уақытша ұстау изоляторлары болып табылады. 2. Осы Заңда көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бас бостандығынан айыру түріндегі жазалауды атқаратын қылмыстық-атқару жүйелерінің түзеу мекемелері (бұдан әрі - жазалауды атқарушы мекеме) және гауптвахталар сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау орындары болып табылуы мүмкін. 3. Қылмыс жасады деген күдік бойынша қамауға алуды заңдарда белгіленген тәртіппен алыс сапардағы теңіз кемелерінің капитандары, шекара отрядтарының бастықтары жүзеге асырған жағдайларда сезіктілер аталған лауазымды адамдар белгілеген және осы мақсат үшін ыңғайластырылған үй-жайларда ұсталады. 4. Қылмыстық істі жүргізіп жатқан адам немесе орган Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес он екі сағат ішінде сезіктінің немесе айыпталушының туыстарының біріне оның күзетте ұсталу орны туралы немесе ол орнының өзгергені туралы хабарлауға міндетті. Сезікті немесе айыпталушы шетелдікті күзетте ұстау орны туралы немесе ол орнының өзгергені туралы хабарлама аталған мерзімде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Сыртқы істер министрлігіне, Әділет министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, сондай-ақ ол азаматы болып табылатын мемлекеттің елшілігіне, консулдығына немесе өзге де өкілдігіне жолданады.
2004.20.12 № 13-III Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 8-бап. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторлары 1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторлары (бұдан әрі - тергеу изоляторлары) өздеріне қатысты бұлтартпау шаралары ретінде қамауға алу қолданылған сезіктілер мен айыпталушыларды ұстауға арналған. 2. Тергеу изоляторлары заңды тұлға құқықтарына ие болады. Олар Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады. 3. Тергеу изоляторларын қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 9-бап өзгертілді 9-бап. Қазақстан Республикасының iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының уақытша ұстау изоляторлары 1. Ішкі істер органдарының уақытша ұстау изоляторлары олардың құрылымдық бөлімшелері болып табылады. Ішкі істер органдарының уақытша ұстау изоляторларын қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 2. Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының уақытша ұстау изоляторлары бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады. 3. Уақытша ұстау изоляторларын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдер олардың ведомстволық тиістілігіне қарай Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті белгілеген тәртіппен қабылданады.
2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды 9-1-бап. Ішкі істер органдарының қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары 1. Қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады. 2. Қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары қызметінің тәртібі мен ұйымдастырылуын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайды. 3. Қабылдау-бөлу орындарын және арнаулы қабылдау орындарын қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
10-бап. Жазаларды орындаушы мекемелерді, әкімшілік ұсталуға алынған адамдарды ұстау үшін арнайы жабдықталған үй-жайларды және гауптвахталарды сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау үшін пайдалану 1. Түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар басқа қылмыстың жасалуына сезікті болған немесе айыпталған жағдайда, олар осы мекемелерде, бірақ жазасын өтеп жатқан басқа сотталғандардан бөлек ұсталуы мүкін. 2. Мемлекеттік шекараны бұзуға байланысты қылмыс жасалуына сезіктілер мен айыпталушылар уақытша ұстау орындарына жеткізу жүзеге асырылғанға дейін әкімшілік ұсталуға алынған адамдарды ұстау үшін арнайы жабдықталған үй-жайларда ұсталуы мүмкін. 3. Өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылған сезіктілер мен айыпталушылар заңдарда көзделген негіздер бойынша сараптама тағайындау қажет болған жағдайда, сондай-ақ оларға медициналық көмек көрсетілген жағдайда осы Заңның 23-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен медициналық мекемелерге орналастырылады. 4. Сезікті және айыпталушы әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде, осы Заң мен өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша гауптвахталарда ұсталуы мүмкін.
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 11-бап өзгертілді 11-бап. Күзетте ұстау орындарының қызметкерлері 1. Күзетте ұстау орындарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының күзетте ұстау режимін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді атқаратын ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамындағы адамдар, ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері жатады. 2. Теңіз кемелерінің капитандары, түзеу мекемелерiнiң, шекара отрядтарының бастықтары, сондай-ақ олар уәкілдік берген адамдар күзетте ұстау режимін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді атқару кезеңінде күзетте ұстау орындарының қызметкерлеріне осы заңда берілген міндеттерді атқарады және құқықтарды пайдаланады. 3. Осы Заңда күзетте ұстау орындары әкімшілігінің басшылары болып: 1) тергеу изоляторларының бастықтары; 2) түзеу мекемелерінің бастықтары; 3) уақытша ұстау изоляторларының бастықтары; 4) қарауында уақытша ұстау изоляторлары бар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi бөлімдерінің командирлері; 5) қарауында гауптвахталар бар әскери бөлімдердің (корабльдердің) командирлері; 6) гарнизондық гауптвахталардың бастықтары ұғылады.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен 12-бап өзгертілді 12-бап. Тергеу изоляторларында ұсталушы сезіктілер мен айыпталушыларды уақытша ұстау изоляторларына ауыстырудың негіздемесі 1. Тергеу изоляторларында ұсталушы сезіктілер мен айыпталушылар тергеу изоляторлары орналасқан елді мекендерден тыс жерлерде тергеу іс-әрекеттерін, соттың істі қарауды жүргізуі үшін аталған іс-әрекеттер мен сот процесін орындау уақытына оларды күн сайын жеткізу мүмкін болмайтын қажетті жағдайларда уақытша ұстау изоляторларына ауыстырылуы мүмкін, бірақ ол отыз тәуліктен аспауға тиіс. 2. Мұндай ауыстыруға прокурордың, судьяның қаулысы, сондай-ақ тергеушінің немесе анықтаушының прокурор, оның орынбасары санкция берген қаулысы негіздеме болып табылады.
Сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау мерзімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексімен белгіленеді.
14-бап. Күзетте ұстау орындарындағы режим 1. Күзетте ұстау орындарында сезіктілер мен айыпталушылар құқықтарының сақталуын, олардың өз міндеттерін атқаруын, оларды оқшаулауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететін режим белгіленеді. 2. Режимді қамтамасыз ету күзетте ұстау орындарының әкімшілігіне, сондай-ақ қызметкерлеріне жүктеледі, олар қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін заңда белгілегендей жауап береді.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен 15-бап өзгертілді 15-бап. Күзетте ұстау орындарындағы ішкі тәртіп 1. Күзетте ұстау орындарында режимді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қорғаныс министрлігі Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау орындарындағы ішкі тәртіп ережелерін (бұдан әрі - Ішкі тәртіп ережелері) бекітеді. Ішкі тәртіп ережелерімен: 1) сезіктілер мен айыпталушыларды қабылдап алу және камералар бойынша орналастыру; 2) жеке тінтуді, саусақтарының таңбасын алуды, суретке түсіруді, сондай-ақ сезіктілер мен айыпталушылардың заттарын тексеруді жүргізу; 3) сезіктілер мен айыпталушылардан сақтауға және пайдалануға тыйым салынған нәрселерді, заттарды және тамақ өнімдерін алып қою; 4) сезіктілер мен айыпталушыларды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету; 5) сезіктілер мен айыпталушылардың тамақ өнімдерін, сондай-ақ ең қажетті нәрселер мен басқа да өнеркәсіп тауарларын сатып алу; 6) сезіктілер мен айыпталушылардың сәлемдемелер, сәлем-сауқаттар алу және жіберу; 7) сезіктілер мен айыпталушылардың жеделхаттар, хаттар, ақша аударымдарын алу және жіберу; 8) сезіктілер мен айыпталушылардың ұсыныстар, арыздар және шағымдар жолдау; 9) сезіктілер мен айыпталушылардың діни жоралар жасауы; 10) айыпталушыларды еңбекке тарту; 11) сезіктілер мен айыпталушылардың отбасылық-құқықтық қатынастарға және азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысуы; 12) айыпталушылардың газеттер мен журналдарға жазылуы; 13) сезіктілер мен айыпталушыларды медициналық-санитариялық қамтамасыз ету; 14) сезіктілер мен айыпталушылардың күн сайын серуенге шығарылуы; 15) сезіктілер мен айыпталушылардың осы Заңның 17-бабында аталған адамдармен жолығысуын өткізу; 16) сезіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың тергеу әрекеттері мен сот мәжілістеріне қатысуын қамтамасыз ету; 17) күзетте ұстау орындары әкімшілігі басшысының және ол уәкілдік берген адамдардың сезіктілер мен айыпталушыларды жеке қабылдауы; 18) күзетте ұстау орындарында қайтыс болған сезіктілер мен айыпталушылардың мәйіттерін беру; 19) сезiктiлер мен айыпталушыларға көтермелеу және жазалау шараларын қолдану; 20) сезiктiлер мен айыпталушыларды күзеттен босату тәртібі белгiленедi. 2. Ішкі тәртіп ережелерінде сол сияқты сезіктілер мен айыпталушылардың күзетте ұстау орындарындағы мінез-құлық ережелері, тамақ өнімдерінің, ең қажетті заттардың, аяқ киімдердің, киім-кешектердің және сезіктілер мен айыпталушылар өзінде ұстап, сақтап, сәлемдемелермен, сәлем-сауқаттармен алуына болатын және қолма-қол ақшасыз есеп айырысып сатып ала алатын басқа да өнеркәсіп тауарларының тізбесі мен мөлшері белгіленеді, сондай-ақ сезіктілер мен айыпталушыларға белгіленген ақылы қызмет түрлерінің тізбесі көрсетіледі. Қызмет атқаруды, уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын сезіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі нұсқаулықты қараңыз
2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-тарау. Қылмыстың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау
16-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың құқықтары 1. Сезіктілер мен айыпталушылардың күзетте ұстау орындарында болған кезеңде: 1) өздерінің құқықтары мен міндеттері, күзетте ұсталу режимі, тәртіптік талаптар, ұсыныстар, арыздар мен шағымдар беру тәртібі туралы ақпарат алуға; 2) күзетте ұстау орындарында жеке басының қауіпсіздігіне; 3) күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысына және күзетте ұстау орындарындағы қызметті бақылайтын адамдарға аталған адамдар оның аумағында болған уақыттарда өтініш жасауға; 4) қорғаушысымен жолығысуларға; 5) туыстарымен және осы Заңның 17-бабында аталған өзге де адамдармен жолығысуларға; 6) құқыққа қарсы мақсатта пайдаланылуы мүмкін немесе мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтері бар құжаттар мен жазбаларды қоспағанда, қылмыстық іске қатысты не өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру мәселелеріне байланысты құжаттар мен жазбаларды өзінде сақтауға; 7) өздерінің күзетте ұсталуының заңдылығы мен негізділігі және өздерінің заңды құқықтары мен мүдделерінің бұзылуы туралы мәселелер бойынша ұсыныстармен, арыздармен, соның ішінде сотқа жүгінуге; 8) хат жазысуға және жазу құралдарын пайдалануға; 9) тегін тамақ алуға, материалдық-тұрмыстық және медициналықсанитариялық жағынан қамтамасыз етілуге; 10) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өздерін іс жүргізуге және өзге де іс-әрекеттерге тартуға тыйым салынатын түнгі уақытта сегіз сағат ұйықтауға; 11) күн сайын ұзақтығы бір сағаттан кем емес серуендеуге; 12) өзінің жеке төсек-орын заттарын, сондай-ақ тізбесі мен саны Ішкі тәртіп ережелерінде белгіленетін басқа да заттар мен нәрселерді пайдалануға; 13) күзетте ұстау орындарындағы кітапханадан алынған не күзетте ұстау орындарының әкімшілігі арқылы сауда желісінен сатып алынған әдебиетті және мерзімді баспасөз басылымдарын, сондай-ақ стол үсті ойындарын пайдалануға; 14) Ішкі тәртіп ережелері және басқа сезіктілер мен айыпталушылар құқықтары сақталуы шартымен сезіктілер мен айыпталушылардың күзетте ұстау орындарында діни жоралар жасауға, өзінде діни әдебиет, ғибадат заттарын ұстауға; 15) өзінің білімін көтерумен шұғылдануға және арнайы әдебиетті пайдалануға; 16) сәлемдемелер мен сәлем-сауқаттар алуға; 17) күзетте ұстау орындары қызметкерлерінің тарапынан сыпайы арақатынасқа; 18) азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысуға; 19) заң актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 2. Тергеу изоляторларында ұсталушы сезіктілер мен айыпталушылардың сондай-ақ: 1) ақша аударымдарын алуға және жөнелтуге; 2) некеге отыруға және оны бұзуға, егер олар заңдарға қайшы келмеген жағдайда, өзге де отбасылық-құқықтық қатынастарға қатысуға; 3) тергеу орнындағы дүкеннен (дүңгіршектен) не күзетте ұстау орындарының әкімшілігі арқылы сауда желісінен тамақ өнімдері мен ең қажетті заттарды сатып алуға; 4) газеттер мен журналдарға жазылуға және оларды алуға; 5) әкімшіліктен қажет болған жағдайда күзетте ұстау орындарында киіп жүруге рұқсат етілген маусымдық киім-кешек алуға құқығы бар. 3. Күзетте ұсталушы сезіктілер мен айыпталушыларға тиісті жағдайлар болған кезде еңбек етуге мүмкіндік беріледі. 4. Сезіктілер мен айыпталушылардың жоғарыда аталған құқықтардан басқа Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген құқықтары бар.
2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 17-бап. Қорғаушыларымен, туыстарымен және өзге де адамдармен жолығысулар 1. Сезіктілер мен айыпталушыларға қамауға алынған кезден бастап қорғаушымен оңаша және құпия жолығысуға мүмкіндік беріледі. Жолығысулардың саны мен ұзақтығына шек қойылмайды. Мынадай жағдайларда: 1) адвокатураға қатыстылығын растайтын құжатын және адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттігін куәландыратын ордерінің екінші данасын көрсетуі бойынша қорғаушы ретінде іске қатысушы адвокатпен; 2) қорғаушы болып тағайындалғаны туралы қоғамдық бірлестіктің немесе оның басшы органының тиісті шешімін көрсетуі бойынша - қорғаушылар болып табылатын кәсіптік одақтардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен; 3) соттың қаулысын, тергеушінің немесе анықтаушының қаулысын, сондай-ақ өзінің жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі бойынша қорғаушылар ретінде іске қатысушы өзге де адамдармен жолығуға рұқсат беріледі. 2. Сезіктілер мен айыпталушыларға қылмыстық істі жүргізуші адамның немесе органның жазбаша рұқсаты негізінде туыстарымен және өзге де адамдармен жолығысуға айына әрқайсысының ұзақтығы үш сағатқа дейін екі реттен аспайтын, ал кәмелетке толмағандарға - үш реттен аспайтын рұқсат берілуі мүмкін. 3. Туыстарымен және өзге де адамдармен жолығысу күзетте ұстау орындары қызметкерлерінің бақылауымен жүзеге асырылады. Қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтауға кедергі келтіруі немесе қылмыс жасауға жәрдемдесуі мүмкін тыйым салынған нәрселерді, заттар мен тамақ өнімдерін не мәліметтерді сезікті мен айыпталушыға беруге әрекет жасалған жағдайда жолығысу мезгілінен бұрын тоқтатылады. 4. Егер заңдарға қайшы келмейтін болса, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының шешімі бойынша өзі өкілі болып табылатын мемлекеттің сезікті немесе айыпталушы шетелдік адамына шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері ресми өкілдерінің жолығысуына құқығы бар. 5. Жұқпалы ауруы бар (ВИЧ/ЖҚТБ (СПИД) және туберкулез) науқастарға жолығысулар саны мен ұзақтығы медициналық қызметкермен (дәрігермен) алдын-ала әңгімелесіп, ауруды жұқтыру мүмкіндігі туралы жазбаша хабарланғаннан кейін белгілеген тәртіппен беріледі.
18-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету Сезіктінің немесе айыпталушының өмірі мен денсаулығына қауіп төнген не басқа сезіктілер мен айыпталушылардың жеке басына қарсы қылмыс жасалу қаупі туындаған кезде күзетте ұстау орындарының қызметкерлері осындай қауіп төнген сезіктінің немесе айыпталушының жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде дереу шаралар қолдануға міндетті.
1. Сезіктілер мен айыпталушыларға туыстары мен өзге де адамдардан айына екі хат немесе жеделхат алуға және жөнелтуге рұқсат етіледі. Хатхабарларды жөнелту және алу сезіктілер мен айыпталушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 2. Сезіктілер мен айыпталушылардың хат жазысуы қылмыстық істі жүргізуші және цензура өткізуге тиіс адамның немесе органның рұқсаты бойынша күзетпен ұстау орнының әкімшілігі арқылы ғана жүзеге асырылады, бұған осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген жағдайлар қосылмайды. 3. Қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтауға кедергі келтіруі немесе қылмыс жасауға жәрдемдесуі мүмкін құпия жазумен, шифрмен жазылған, мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиялары бар хаттар адресатқа жіберілмейді, сезіктілер мен айыпталушыларға табыс етілмейді және қылмыстық істі жүргізуші адамға немесе органға беріледі. 4. Сезіктілер мен айыпталушылардың жазаны орындайтын мекемелерде ұсталушы адамдармен хат жазысуы қылмыстық істі жүргізуші адамның немесе органның рұқсатымен жүзеге асырылады. |