Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 25 желтоқсандағы № 132-II Конституциялық Заңы (2023.12.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 27 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2-бап. Мемлекеттiк билiктiң нышандары 1-тарау. АУДАНДЫҚ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ТЕҢЕСТIРIЛГЕН СОТТАР 6-бап. Аудандық және оларға теңестiрiлген соттарды құру 8-бап. Аудандық соттың өкiлеттiгi 9-бап. Аудандық соттың төрағасы 2-тарау. ОБЛЫСТЫҚ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ТЕҢЕСТIРIЛГЕН СОТТАР 10-бап. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды құру 11-бап. Облыстық соттың құрылымы мен құрамы 12-бап. Облыстық соттың өкiлеттiгi 14-бап. Облыстық соттың төрағасы 15-бап. Облыстық соттың сот алқасының төрағасы 16-бап. Облыстық соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстары 3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ СОТЫ 17-бап. Жоғарғы Соттың өкiлеттiгi 18-бап. Жоғарғы Соттың құрылымы мен құрамы 21-бап. Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы 22-бап. Жоғарғы Соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстары 1-тарау. СУДЬЯЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ 23-1-бап. Халықаралық соттардың Қазақстан Республикасынан жіберілген судьяларының мәртебесі 24-бап. Судьялардың ауыстырылмайтындығы 26-бап. Судья тәуелсiздiгiнiң кепiлдiктерi 27-бап. Судьяларға ешкiмнiң тиiспеуi 28-бап. Судьяға қойылатын талаптар 29-бап. Судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптар 29-1-бап. Судья лауазымына кандидатты медициналық куәландыру 30-бап. Сот судьясының, төрағасының, сот алқасы төрағасының лауазымына кандидаттарды іріктеу 30-1-бап. Судьяның кәсіби қызметін бағалау 31-бап. Судьяға өкiлеттiктер беру тәртiбi 33-бап. Судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұру 34-1-бап. Судья лауазымында болудың шекті жасы 35-бап. Судьяның орнынан түсуi 35-1-бап. Судьяны зейнетақымен қамсыздандыру 37-бап. Судьялар қоғамдастығы мен оның органдары 38-бап. Алып тасталды 38-2-бап. Жоғарғы Соттың жанындағы Сот төрелігі академиясы 2-тарау. СУДЬЯЛАРДЫҢ ТӘРТIПТIК ЖАУАПКЕРШIЛIГI 39-бап. Судьялардың тәртiптiк жауапкершiлiгiнiң негiздерi 40-бап. Судьяларға қатысты қолданылатын жазалардың түрлерi 41-бап. Алып тасталды 42-бап. Тәртiптiк iсті қарау мерзiмдерi 43-бап. Алып тасталды 44-бап. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешiмдері 44-1-бап. Сот жюриінің шешімдері 45-бап. Тәртiптiк жазаның қолданылу мерзiмi 46-бап. Алып тасталды 3-тарау. СУДЬЯЛАРДЫ МАТЕРИАЛДЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ 47-бап. Судьяларды материалдық қамтамасыз ету 48-бап. Алып тасталды 49-бап. Судьялардың жыл сайынғы демалыстары 50-бап. Көшкен кездегi өтемақы 51-бап. Тұрғын үймен қамтамасыз ету 52-бап. Судьяларды мантиямен қамтамасыз ету 53-бап. Судьяларға медициналық қызмет көрсету 55-бап. Жерлеуге жұмсалатын шығыстардың өтемақысы 55-1-бап. Судьяны материалдық және әлеуметтiк қамсыздандыру кепiлдiктерінен айыру 5-бөлiм. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР 58-бап. Күшi жойылды деп танылған заң актiлерi
1-бап. Сот билiгi 1. Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi. Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Соттың ерекше өкiлеттiгiн басқа органдарға берудi көздейтiн заң актілерін шығаруға тыйым салады. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкiлеттiгiн немесе сот билiгi функцияларын иеленуге құқығы жоқ. Сот iсiн қарау тәртібімен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды. 2. Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi. Әркiмге мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн кез келген заңсыз шешiмдерi мен iс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепiлдiк берiледi. Ешкiмдi де оның iсiн заңның барлық талаптары мен әдiлеттiлiктi сақтай отырып құзыреттi, тәуелсiз және алаламайтын соттың қарау құқығынан айыруға болмайды. Сот билiгi азаматтық, қылмыстық және заңда белгiленген өзге де сот iсiн жүргiзу нысандары арқылы жүзеге асырылады. 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 3 -тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) 3. Судьялар сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Судьялардың мәртебесi мен тәуелсiздiгiне нұқсан келтiретiн заңдарды немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға жол берiлмейдi. Соттың сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейді және заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Судьялар нақты істер бойынша есеп бермейді. Сот ісін жүргізудің белгіленген тәртібіне қарамастан берілген сот істері бойынша, сондай-ақ соттың құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша өтініштерді сот қараусыз қалдырады немесе тиісті органдарға жібереді. Сотқа немесе судьяға құрметтемеушілік білдіру заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. Сот актілері мен судьялардың өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезіндегі талаптарын барлық мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi. Сот актілері мен судьяның талаптарын орындамау заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соғады.
2-бап. Мемлекеттік билiктiң нышандары 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Соттар ғимараттарына және сот отырысы залдарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы орнатылады және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орналастырылады. 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Судьялар сот төрелiгiн судья мантиясын киiп жүзеге асырады, оның нысаны мен сипаттамасын Жоғарғы Соттың жалпы отырысы бекiтедi.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Қазақстан Республикасының сот жүйесiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті және басқа соттар құрайды. Қандай да болмасын атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берiлмейдi. 2. Жергiлiктi соттарға мыналар жатады: 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді); 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 1) тармақша өзгертілді 1) облыстық және оларға теңестiрiлген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары); 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2) аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық сот, ауданаралық сот). 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 3 -тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді); 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 3. Қазақстан Республикасында басқа соттар, оның ішінде мамандандырылған (әскери, қаржылық, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін. 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды 3-1. Мамандандырылған соттарды облыстық немесе аудандық сот мәртебесімен Қазақстан Республикасының Президенті құрады. 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 4 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа соттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мен өзiнiң атауы бейнеленген мөрi болады. 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 5. Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кірмейтін «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының ерекше мәртебесі болады.
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 4-бап өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-бап. Сот жүйесiнiң бiрлiгi Қазақстан Республикасы сот жүйесiнiң бiрлiгi: 1) Конституцияда, осы Конституциялық заңда, iс жүргiзу және өзге де заңдарда белгiленген, барлық соттар мен судьялар үшiн ортақ және бiрыңғай сот төрелiгi принциптерiмен; 2) сот билiгiн барлық соттар үшiн сот iсiн жүргiзудiң заңдарда белгiленген бiрыңғай нысандары арқылы жүзеге асырумен; 3) Қазақстан Республикасының барлық соттарының қолданыстағы құқықты қолдануымен; 4) заңдарда судьялардың бiрыңғай мәртебесiн баянды етумен; 5) заңды күшiне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында орындаудың мiндеттiлiгiмен; 6) барлық соттарды тек қана Республикалық бюджет есебiнен қаржыландырумен қамтамасыз етiледi. Осы бапта көзделген талаптар «Астана» халықаралық қаржы орталығының сотына қолданылмайды.
5-бап. Қазақстан Республикасындағы соттар қызметiнiң тәртібін және судьялардың мәртебесiн белгiлейтiн заңдар Қазақстан Республикасындағы сот құрылысы мен судьялар мәртебесi, сондай-ақ сот төрелiгiн iске асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және басқа да заң актілерімен белгiленедi.
1-тарау. АУДАНДЫҚ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ТЕҢЕСТIРIЛГЕН СОТТАР
2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6-бап. Аудандық және оларға теңестiрiлген соттарды құру 1. Аудандық және оларға теңестiрiлген соттарды (бұдан әрi - аудандық соттар) Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, қайта ұйымдастырады, қайта атайды және таратады. Қазақстан Республикасының Президенті бірнеше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте бiр аудандық сот немесе бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте бiрнеше аудандық сот құруы мүмкін. 2. Аудандық соттар үшiн судьялардың жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. 2022.30.12. № 176-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. Жоғарғы Сот Төрағасы сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсынуы негізінде Жоғары Сот Кеңесімен келісу бойынша әрбір аудандық сот үшін судьялардың санын белгілейді.
1. Аудандық сот Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен тағайындалатын төрағадан және судьялардан тұрады. Егер аудандық сотта штат бойынша бiр судья (бiрқұрамды сот) көзделсе, ол осы соттың төрағасы өкiлеттiгiн атқарады. 2. 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8-бап. Аудандық соттың өкiлеттiгi 1. Аудандық сот бiрiншi инстанциядағы сот болып табылады. 1) өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерiн және материалдарын қарайды; 2) 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
9-бап. Аудандық соттың төрағасы 1. Аудандық соттың төрағасы судья болып табылады және судья мiндеттерiн атқарумен қатар: 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) сотта сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді; 2) 2022.30.12. № 176-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) азаматтарды жеке қабылдауды жүргiзедi; 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1 тармақ 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) аудандық соттың жұмыс жоспарын бекітеді; 4) судья лауазымына кандидаттардың тағылымдамадан өтуiн ұйымдастырады; 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау және судья әдебі нормаларын сақтау жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді; 6) өкiмдер шығарады; 7) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Аудандық соттың төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда осы сот төрағасының өкімі бойынша төраға мiндеттерiн атқару осы сот судьяларының бiрiне жүктеледi. Аудандық сотта төраға, судьялар болмаған жағдайда, олардың міндеттерін атқару Жоғарғы Соттың Төрағасымен келісу бойынша облыстық сот төрағасының өкімімен басқа соттың судьяларына жүктеледі. Аудандық сот төрағасының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайда төрағаның міндетін уақытша атқару облыстық сот төрағасының өкімімен осы сот судьяларының біріне жүктеледі.
2-тарау. ОБЛЫСТЫҚ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ТЕҢЕСТIРIЛГЕН СОТТАР
2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10-бап. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды құру 1. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды (бұдан әрi - облыстық соттар) Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, қайта ұйымдастырады, қайта атайды және таратады. 2. Облыстық соттар судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. Әрбір облыстық сот үшiн судьялардың санын уәкiлеттi органның ұсынуы негізінде Жоғары Сот Кеңесімен келісім бойынша Жоғарғы Соттың Төрағасы белгiлейдi.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 11-бап. Облыстық соттың құрылымы мен құрамы 1. Облыстық сот төрағадан және судьялардан тұрады. 2. Облыстық сотта сот алқалары құрылады және мамандандырылған құрамдар құрылуы мүмкін. 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (2012 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.31.07. № 340-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3-тармақ жаңа редакцияда 3. Мыналар: 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара) 1) жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстар; 2) 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара) 3) азаматтық істер жөніндегі сот алқасы; 2021.20.03. № 19-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 4) қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы; 2021.20.03. № 19-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 5) әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы (Қазақстан Республикасының Әскери сотын қоспағанда) облыстық соттың органдары болып табылады. Сот алқасын осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын төраға басқарады. 4. Сот алқасының сандық және дербес құрамын облыстық сот төрағасының ұсынуы бойынша облыстық соттың жалпы отырысы белгілейді. 5. Мамандандырылған құрамдарды облыстық соттың төрағасы жасақтайды. 2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара) 6-тармақ өзгертілді 6. Судья лауазымына кандидаттардың моральдық-адамгершілік қасиеттерін бағалау үшін облыстық сот жанынан консультативтік-кеңесші орган - Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылады. Судья лауазымдарына кандидаттар бойынша қорытындыларды Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес Жоғары Сот Кеңесіне құжаттарды тапсыру мерзімі аяқталғанға дейін беруге тиіс. Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің қорытындысы ұсынымдық сипатта болады.
12-бап. Облыстық соттың өкiлеттiгi Облыстық сот: 1) өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерiн және материалдарын қарайды; 2) 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3) сот тәжiрибесiн зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды; 4) 2022.30.12. № 176-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
13-бап. 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 14-бап. Облыстық соттың төрағасы 1. Облыстық соттың төрағасы судья болып табылады және судья міндеттерін атқарумен қатар: 1) сотта сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді; 2015.31.07. № 340-V ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2) сот алқаларының отырыстарында төрағалық етуге құқылы; 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара) 3) облыстық соттың жалпы отырыстарын, кеңейтілген жалпы отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді; 2021.20.12. № 82-VII ҚР Конституциялық Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) тәртіптік іс жүргізу шеңберінде судьяның әрекеттерін тексеру үшін оған қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде облыстық соттың жалпы отырысының талқылауына шығаруды қамтамасыз етеді; 4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау және судья әдебі нормаларын сақтау жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді; 5) 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара) 6) облыстық соттың жұмыс жоспарын бекітеді; 7) сот практикасын зерделеуді ұйымдастырады; 8) өкімдер шығарады; 9) 2022.30.12. № 176-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді; 11) заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.31.07. № 340-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2-тармақ жаңа редакцияда 2. Облыстық сот төрағасының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайда төрағаның міндеттерін уақытша атқаруды Жоғарғы Сот Төрағасы облыстық соттың сот алқалары төрағаларының біріне жүктейді, ал сот алқаларының төрағалары болмаған жағдайда облыстық сот төрағасының міндеттерін уақытша атқару облыстық соттың судьясына жүктеледі. 2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.31.07. № 340-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3-тармақ жаңа редакцияда 3. Облыстық соттың төрағасы уақытша болмаған жағдайда мiндеттердiң атқарылуын облыстық соттың төрағасы облыстық соттың сот алқалары төрағаларының бiрiне жүктеудi жүзеге асырады, ал сот алқаларының төрағалары болмаған жағдайда облыстық сот төрағасының мiндеттерiн уақытша атқару облыстық соттың судьясына жүктеледі. 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) 4. Жоғарғы Соттың Төрағасы осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген міндеттер атқаруды жүктеудің күшін жоюға және облыстық сот төрағасының міндеттерін атқаруды осы облыстық соттың сот алқасының басқа төрағасына немесе судьясына жүктеуге құқылы.
2006.11.12. № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 15-бап өзгертілді; 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 15-бап. Облыстық соттың сот алқасының төрағасы 1. Облыстық соттың сот алқасының төрағасы судья болып табылады және судья мiндеттерiн атқарумен қатар: 1) сот алқасында сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді; 2) сот алқасының отырыстарында төрағалық етедi; 3) сот практикасын зерделеу және жинақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады; 4) соттың жалпы отырысына сот алқасының қызметi туралы ақпаратты ұсынады; 5) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 2015.31.07. № 340-V ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2. Сот алқасының төрағасы облыстық сот төрағасына сот алқасында мамандандырылған құрамдар қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді. 3. Сот алқасының төрағасы уақытша болмаған жағдайда сот төрағасы оның мiндетiн атқаруды алқа судьяларының бiрiне жүктейдi. Облыстық соттың сот алқасы төрағасының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайда облыстық соттың төрағасы оның міндеттерін уақытша атқаруды облыстық соттың тиісті сот алқасының судьясына жүктейді.
2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 16-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара) 16-бап. Облыстық соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстары 1. Облыстық сот қажетiне қарай, бiрақ жылына кемiнде екi рет жалпы отырыстар өткiзедi, оларда: 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1) тиісті сот алқасының сандық және дербес құрамын белгілейді; 2) 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) |
Содержание 1-бөлiм. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Сот билiгi2-бап. Мемлекеттiк билiктiң нышандары3-бап. Сот жүйесi4-бап. Сот жүйесiнiң бiрлiгi5-бап. Қазақстан Республикасындағы соттар қызметiнiң тәртiбiн және судьялардың мәртебесiн белгiлейтiн заңдар 2-бөлiм. СОТ ЖҮЙЕСI1-тарау. АУДАНДЫҚ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ТЕҢЕСТIРIЛГЕН СОТТАР6-бап. Аудандық және оларға теңестiрiлген соттарды құру7-бап. Аудандық соттың құрамы8-бап. Аудандық соттың өкiлеттiгi9-бап. Аудандық соттың төрағасы 2-тарау. ОБЛЫСТЫҚ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ТЕҢЕСТIРIЛГЕН СОТТАР10-бап. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды құру11-бап. Облыстық соттың құрылымы мен құрамы12-бап. Облыстық соттың өкiлеттiгi13-бап. Алынып тасталды14-бап. Облыстық соттың төрағасы15-бап. Облыстық соттың сот алқасының төрағасы16-бап. Облыстық соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстары16-1-бап. Алып тасталды 3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ СОТЫ17-бап. Жоғарғы Соттың өкiлеттiгi18-бап. Жоғарғы Соттың құрылымы мен құрамы19-бап. Алынып тасталды20-бап. Жоғарғы Сот Төрағасы21-бап. Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы22-бап. Жоғарғы Соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстары22-1-бап. Алып тасталды 3-бөлiм. СУДЬЯЛАР МӘРТЕБЕСI1-тарау. СУДЬЯЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ23-бап. Судья мәртебесi23-1-бап. Халықаралық соттардың Қазақстан Республикасынан жіберілген судьяларының мәртебесі24-бап. Судьялардың ауыстырылмайтындығы25-бап. Судьяның тәуелсiздiгi26-бап. Судья тәуелсiздiгiнiң кепiлдiктерi27-бап. Судьяларға ешкiмнiң тиiспеуi28-бап. Судьяға қойылатын талаптар29-бап. Судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптар29-1-бап. Судья лауазымына кандидатты медициналық куәландыру30-бап. Сот судьясының, төрағасының, сот алқасы төрағасының лауазымына кандидаттарды іріктеу30-1-бап. Судьяның кәсіби қызметін бағалау31-бап. Судьяға өкiлеттiктер беру тәртiбi32-бап. Судьяның ант беруi33-бап. Судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұру34-бап. Соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны қызметінен босату және олардың өкiлеттiктерiн тоқтату34-1-бап. Судья лауазымында болудың шекті жасы35-бап. Судьяның орнынан түсуi35-1-бап. Судьяны зейнетақымен қамсыздандыру36-бап. Жоғары Сот Кеңесi37-бап. Судьялар қоғамдастығы мен оның органдары38-бап.38-1-бап. Сот жюриi38-2-бап. Жоғарғы Соттың жанындағы Сот төрелігі академиясы38-3-бап. Аудандық сот төрағасы, облыстық сот төрағасы, сот алқаларының төрағалары және судьясы, Жоғарғы Сот судьясы және сот алқаларының төрағалары лауазымдарына кадр резерві 2-тарау. СУДЬЯЛАРДЫҢ ТӘРТIПТIК ЖАУАПКЕРШIЛIГI39-бап. Судьялардың тәртiптiк жауапкершiлiгiнiң негiздерi40-бап. Судьяларға қатысты қолданылатын жазалардың түрлерi41-бап.42-бап. Тәртiптiк iсті қарау мерзiмдерi43-бап.44-бап. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешiмдері44-1-бап. Сот жюриінің шешімдері45-бап. Тәртiптiк жазаның қолданылу мерзiмi46-бап. 3-тарау. СУДЬЯЛАРДЫ МАТЕРИАЛДЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ47-бап. Судьяларды материалдық қамтамасыз ету48-бап.49-бап. Судьялардың жыл сайынғы демалыстары50-бап. Көшкен кездегi өтемақы51-бап. Тұрғын үймен қамтамасыз ету52-бап. Судьяларды мантиямен қамтамасыз ету53-бап. Судьяларға медициналық қызмет көрсету54-бап. Судья мертiккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсiби ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайдағы өтемақы55-бап. Жерлеуге жұмсалатын шығыстардың өтемақысы55-1-бап. Судьяны материалдық және әлеуметтiк қамсыздандыру кепiлдiктерінен айыру 4-бөлім. СОТ ӘКІМШІЛІГІ5-бөлiм. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР |